«Kmlab» Коnica Мinolta озық технологиялар зертханасы

2013 жылы 19 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде «Қазақ университеті» баспасының қолдауымен «Kmlab» Коника Минолта  озық технологиялар зертханасы ашылды.

Konica Minolta Holdings, Inc. жапониялық холдингі баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы базасында KMlab зертханасын жабықтап отыр. Жаһандық баспа индустриясы алыбы - Konica Minolta компаниясының қолдауымен 219 аудитория жабдықталды.

Журналистика мамандығы бойынша негізгі оқу жоспарына осы аталған дағдыларға баулитын 3 сатылы таңдамалы оқу курсын енгізуде. Білім беру бағдарламасының  басты мақсаты - шығармашылық үдерісті технологиялық басқаруға дағдыландыру. Студенттер «Озат технологиялардың Академиялық мотивациясы  трансұлттық компания КМ:  кейс сатысы  KMlab», « Konica Minolta тұсаукесеріне», «Ақпараттық технологиялардың дамуы (IT) және оның адам өміріне ықпалы», «Mplus & compass (Konica Minolta модульдік жүйесінің үздіксіз білім беру)», «МФУ (көпфункционалды құрылғы)», «CRD (Басып шығарудың корпоративті бөлімі)» және  т.б курстарды тыңдады. 

Журналистика факультетінің «Коника Минолта» компаниясы мен «Қазақ университеті» баспасында тәжірибеден өткен ең үздік студенттеріне арнайы шәкіртақы табыс етілді, «Журналист» оқу-тәжірибелік газеті  шығару теориялық білімнің практикалық дағдысына айналды.  «KMLab»  оқу сабақтары ағылшын тілінде жүргізіледі; тыңдаушылар толыққанды басып шығару технологиясы жайлы жоғары білім ала отырып, IT-саласы мен басып шығарудың тәжірибесін үйренеді. 

«Konica Minolta» – әлем бойынша суреттің көшірмелерін жасайтын, факс аппараттарын, лазерлі принтерлерді, медициналық фотожабдықтар, оптикалық компонеттер мен өлшеу құрылғыларын өндіретін жапондық танымал холдинг.

«Konica Minolta» компаниясының негізгі бағыты бизнес-технологиялар болып табылады. Суретті түсіруді дамыту барысында көшбасшы болып келе жатқан «Konica Minolta»  құжаттарды басқару мен білім беру салаларындағы мекемелерде бизнес- шешімдер мен толық қанды басылымдардың сәйкестігіне ерекше назар аударады.  

 

Kmlab меңгерушісі Гулмира Серікбайкызы Сұлтанбаева, саяси ғылымдарының докторы, профессор, тел: 7(727)2211492; +77011527488

Konica Minolta -2.jpg

Konica Minolta foto.jpg