"KazNU-Intel" орталығы

2014 жылдың 26 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов пен Intel корпорациясының Ресей және СНГ бойынша кәсіпкерлікті дамыту жайлы департаментінің директоры А.В. Авдеев арасында іскерлік туралы келісім шартқа қол қойылған. Бұл жоба білімнің жинақталуына, дамуына және таратылуына, Intel корпорациясының жоғары өнімді есептеуіш және мобильді қосымшаларға арналған кадрлар даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттауға бағытталған білім беру бағдарламаларын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық eниверситетінің механика – математика факультеті мен математика және механика ғылыми зерттеу институтының ұсынысы бойынша ашылған жоғары өнімді есептеулер KazNU-INTEL орталығының негізгі мақсатының бірі – Intel корпорациясының мамандарының қатысуымен ашық дәрістердің, семинарлардың өткізілуі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Intel компаниясының бірлескен жұмысы университетіміздің заманауи білім беру технологияларын дамытуда және жас мамандардың біліктілігін арттыруда үлкен рөл атқармақ.