HP зертханасы

HP зертханасында ақпараттық технологиялар бойынша курстар оқытылады. 2016 жылы 500-ден астам студент (ҚазҰУ ПОҚ, докторанттар, магистранттар) HP курсын сәтті аяқтау туралы сертификаттар алды. Информатика кафедрасымен бірге зертханада профессор У.А. Тукееваның басшылығымен  «Қазақ тіліне арналған машиналық аударма жүйелерін зерттеу» және М.Е. Мансұрованың жетекшілігімен «Жартылай құрылымдалған деректерді өңдеуге арналған зияткерлік жоғары сапалы ақпараттық-талдамалық іздестіру жүйесін жасау» тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Орталық - жас ғалымдар, докторанттар мен шетел профессорларының белсенді  ғылыми зертханасы болып табылады.