«Бейбітшілік, тұрақтылық және Нидерланды мемлекетінің Ауғанстан соғысына қатысуы» тақырыбында ашық іс-шара

05.02.2018

Көрулер: 934

Қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері бойынша Институт ақпанның 5 жұлдызында өтетін «Бейбітшілік, тұрақтылық және Нидерланды мемлекетінің Ауғанстан соғысына қатысуы» тақырыбына байланысты ашық іс-шараға шақырады. Іс-шара ағылшын тілінде өткізілбек.

Дәрісті Утрехт Университетінің Қақтығыстарды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Нилс Терпстра мырза скайп арқылы оқиды. Сонымен қатар, ол Нидерландының Ауғанстанда өткен операцияларын зерттеу туралы, және Кундуз аумағында өткізілген соңғы полицияны оқыту миссиясының аяқталуымен байланысты Нидерландының саясаты жөнінде талқылайды. Дәріс аяқталуымен, деректі фильм көрсетіліп, ерікті түрде дискуссия орын алады.

Модератор болып Нидерландының Радбауд университетінен келген, Эразмус Мундус бағдарламасына қатысушы, студент-магистрант Оливер Корталс Алтес болады.

 

Іс-шараға ағылшын тілінде оқитын студенттерді шақырамыз!

  

Уақыты5 ақпан 2018 ж.

Сағаты15.30-17.00 

Орны: Халықаралық қатынастар факультеті, 218 аудитория, 2 этаж 

Организатор: Қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері бойынша Институт (Жауапшы: Байзақова Ж.И)