Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретіндегі қызметінің нәтижелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел

06.02.2018

Көрулер: 1026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматыдағы өкілдігі Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретіндегі қызметінің нәтижелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Дөңгелек үстел 2018 жылдың 6 ақпанында әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде өтеді.

Дөңгелек үстелде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жж. Тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның негізгі бастамалары мен қызметіне қатысты мәселелер қарастырылады. Атапайтқанда, Қауіпсіздік КеңесініңОрталық Азия және Ауғанстан үшін қабылданған құжаттар.

18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаппайқырып-жоятын қаруды таратпау: сенімді нығайту шаралары» тақырыбында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары деңгейдегі брифингі өтті. 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Қ. Әбдірахмановтың төрағалығымен  «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігі үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық құру» тақырыбында пікірталас өтті.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық міндетті атқарушылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік құрылымның өкілдері, академиялық және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

 

Кездесуорны : Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95А, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті.

 

Жұмыс уақыты: 10.00-13.00.

 

Байланыс ақпараты:  

Деловарова Лейла Федоровна, БҰҰ жәрдемдесу орталығы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  8 701 365 88 08,

 Александров Виталий Русланович, ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің Алматыдағы өкілдігі 8 778 948 37 00.