«Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы: қазіргі таңдағы үрдістері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

19.03.2018

Көрулер: 1146

Аталмыш шара Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен өткізіледі.

Конференцияның мақсаты -  Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде экономикалық, энергетикалық, саяси ынтымақтастық, көлік саласындағы, адам құқықтары, қауіпсіздік және т.б. салалардағы ынтымақтастық бойынша пікір алмасу болып табылады.  

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасындағы аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, шетелдік және қазақстандық зерттеушілер, академиялық және сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысады. 

Барлықтарыңызды қатысуға шақырамыз. Өздеріңіздің қатысуларыңызды 2018 жылдың 12 наурызына дейін растап, баяндамаларыңыздың тақырыбын жіберулеріңізді сұраймыз. 

Қатысушылардың баяндамалары мен пікірталастырушылардың сөздерінің негізінде конференцияның жинағы басылып шығарылады. 

 

Өткізілу орны: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі 95, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультеті.

Өткізілу уақыты: 2018 жылдың 4 сәуірі

 

Ұйымдастыру мәселелері бойынша Еуропалық Ақпараттық Орталықтың үйлестірушісі Байкушикова Гульнара Серикбаевнаға хабарлассаңыздар болады:

тел. +7 (727) 243-83-27, e-mail: gulnara.baikushikova@gmail.com