Студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы "Фараби әлемі"

25.03.2019

Көрулер: 488

Халықаралық қатынастар факультеті 2019 жылдың 8-10 сәуір аралығында өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты ғылыми халықаралық конференциясына қатысуға шақырады.

 

Конференцияға Қазақстан Республикасының, шетелдің және ТМД елдерінің студенттері, магистранттары және жас ғалымдары шақырылады.


Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

1) студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеушілік пен оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру;

2) студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту;

3) студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты, әрі дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету;

4) студенттердің интелектуалды мүмкіншіліктерін дамытуға ықпал ету.

Конференцияға қатысты шығындарды қатысушылар өздері төлейді.

    Конференцияда қазіргі халықаралық қатынастардағы экономика мен құқықтың өзекті мәселелері талқыланады.

   Халықаралық конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

    Конференцияда 2019 жылдың 8 -10 сәуір аралығында төмендегідей іс-шаралар өткізіледі:

• Секциялық отырыстар (8 сәуір)

• Дөңгелек үстелдер, соның ішінде халықаралық және онлайн дөңгелек үстелдері

• Пікірталас (дебат)

• Эссе байқауы

• Халықаралық олимпиадалар

• Дипломатиялық корпустың өкілдерімен, көрнекті ғалымдармен, саясаткерлермен, заңгерлермен және экономистермен кездесулер.

Ұйымдастыру комитетіне келіп түскен тезис мәтіндері конференцияның жинағында басылып шығады.


 

 

 

 

 

2 бөлім  - "G-Global: жағдайы және даму перспективалары"

10 бөлім  "Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы мен салыстырмалы құқықтанудың өзекті мәселелері" жас ғалымдар секциясы

11 бөлім  "Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының және салыстырмалы заңның өзекті мәселелері"


12 бөлім  "Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысындағы халықаралық құқықтың өзекті мәселелері"


13 бөлім  "Сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық құқықтың өзекті мәселелері"





Конференцияға дөңгелек үстелдер, эссе байқауы, плакат конкурсы және бизнес-ойын кіреді.


 

 

 

Конференцияға қатысушыны тіркеу қағазы:

Аты-жөні (толық): ____________________________________________________

Оқу  немесе жұмыс істеу орны: ______________________________________________

Қызметі  (студенттер үшін - курс), ғылыми дәрежесі: ________________________

Байланыс ақпараты: ________________________________________________

Электронды мекен-жай  (E.mail): ______________________________________

Конференция жинағын жіберу мақсатында мекен-жайды көрсетіңіз:

____________________________________________________________________

Конференция секциялары: _________________________________________________

Баяндама түрі:стенд баяндама немесе ауызша хабарлама:  _________________________________________________________________________

Баяндаманы көрсетуге қажетті техникалық құралдар: ____________

Студенттер үшін ғылыми жетекшінің аты жөні, ғылыми дәрежесі

 

Тіркеу қағазы мен тезистердің электронды нұсқасын 2019 жылдың 10 наурызына  дейін конференция хатшылары қабылдайды.

 

Ұйымдастыру комитетіне келіп түскен материалдар конференцияның жинағында басылып шығады, сондай-ақ ҚазҰУ-дың ресми сайтында Интернетте басылып шығады.



Тезистер келесі түрде рәсімделу керек:

Тезис көлемі: 1 бетке дейін;

• Бағдарлама Windows 98/2000 / XP; Microsoft Word 2003

Бет параметрлері: жоғары - 2 см, төменгі - 2 см, сол жақ - 3 см, оң жақ- 1,5 см.

Шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman - 12pt

Жоларалық интервал – бірлік, абзац - 1 см; кітаптық бағдар; беттер қойылымсыз және колонтитулсыз болуы тиіс; мәтін ені бойынша туралануы қажет;

• Тезистерде графиктер, кестелер, суреттер немесе фотосуреттер болмауы керек

Материалдарға қосымша, сондай-ақ автор (өтінім) туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті негізгі бағыттар мен негізгі талаптарға жауап бермейтін тезистерді баспаға ұсынбауға құқылы.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды өңдеу мен түзету жұмыстарын орындамайды.

Әрбір автордан тек үш тезис қабылданады.

Қосымша ақпаратты baitukaeva_dana@mail.ru алуға болады