Әл-Фараби атындағы CISCO «KazNU Information Technologies Academy» Академиясы

Бүкіл әлемде компанияларға 21 ғасырдағы Интернет-экономика жағдайындағы кәсіпорынның қызметін қанағаттандыратын білікті мамандар қажет.

• «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында 2008 жылдан бері Cisco Желілік локальдық академия жұмыс істейді;

 • Академия IT-мамандықтары бойынша: «Ақпараттық технологиялар негіздері» (IT Fundamentals), CCNA S&R  оқу курстарын өткізеді;

• Академияда сертификатталған инструкторлар жұмыс істейді. Олар  Джомартова Ш.А., Сапакова С.З., Рахимова Д.Р., Абдрахманова М., Көпбосын Л.С.

Зертханалық сабақтарды өткізу үшін 6 маршрутизатордан және 6 коммутатордан тұратын құралдар сатып алынды. Бағдарламаның мақсаты студенттерге кез келген уақытта кел келген жерде өз беттерімен оқу үрдісінің қарқынын таңдау арқылы білім алуларына мүмкіндік беретін кешенді білім беру ортасын жасау.

2013 жылғы ақпан айынан KazNU Академиясына академияны қолдау  Орталығы мәртебесі берілді. Орталыққа Қазақстанның 17 желілік академия кіреді.

2008-2017 жылдар аралығында 1000 аса тыңдаушы  білім алды.  

2011 жылы 6 шілдеде механика-математика факультетінде желілік технология бойынша Cisco бірінші Қазақстандық студенттік олимпиадасы өтті.

2014 жылғы 28 мартта желілік технология бойынша Cisco екінші Қазақстандық студенттік олимпиадасы өтті. Оған әл-Фараби ат. ҚазҰУ, ХАТУ, ҚазҰТУ, АЭБУ, ЕҰУ, С. Демирель ат. Университет  және Тұран университеті студенттері қатысты.