Жаңалықтар

Швейцария елшісінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келуі

29.05.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне Дипломатиялық аударма кафедрасының арнайы шақырумен Қазақстандағы және Тәжікстандағы Швейцария Конфедерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмид және Швейцария елшілігінің мәдени байланыстар жөніндегі үйлестірушісі П.Иванов келді.

Кездесуге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры А.Қ. Хикметов, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы А.Е.Жолдыбекова, кафдера меңгерушіліері, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор С.Ж. Айдарбаев алғы сөз сөйлеп, факультет туралы ақпарат берді. Өз кезегінде Қазақстандағы және Тәжікстандағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмид Қазақстан мен Швейцария арасындағы мәдени, экономикалық, халықаралық, ғылыми байланыстар жөнінде мәлімет беріп, білім саласындағы профессорлар тарапынан жасалып жатқан бастамаларға ризашылығын білдіріп, қай салада болмасын қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Кездесу барысында Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С. Сейдикенова сөз сөйлеп, кітап туралы ақпарат беріп, «Дипломатиялық сөздіктің» тұсаукесері жасалды. Іс-шараның соңында мәртебелі қонақтардың қатысуымен «Ілеспе аудармашылар» даярлайтын жаңа лингафон кабинетінің ашылу рәсімі болды. Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С. Сейдикенова лингафон кабинетімен, болашақ қызметімен таныстырып, алдағы жоспарлары жөнінде айтып, Женева университетінің «Аудармашылар мектебімен» алғашқы байланыс жасалғанын және аталған университетпен бірлескен ғылыми жоба жасап жатқаны туралы мәлімдеді.

Кездесу жоғары деңгейде өтті, мәртебелі қонақтар профессор құрамының жұмысына сәттілік тіледі.

Ары қарай оқу >>

ЕЭК Коллегия мүшесінің ашық дәрісі

23.05.2019

23 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика бойынша Коллегия (Министр) мүшесі Валовая Татьяна Дмитриевнаның ашық дәрісі өтті. 2019 жылы мамырда Алматыда өткізілген XVI Еуразиялық Медиа Форумының аясында ЕК министрінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сапары болды.

Ары қарай оқу >>

ҮЗДІК АУДАРМАШЫ ҚазҰУ да

09.05.2019

Әріптесімізбен мақтанамыз!

Аударма – мәдениеттер арасында көпір салатын негізгі құрал. Кез келген тілші аудармашы бола алмайды. Аудармашы мамандығы тіл мен мәдениетті жетік білумен қатар, жылдамдықты, шешендікті талап етеді. Осындай қасиеттерді бойына жиған, қарапайымдылығымен, білімімен тіл білімі саласындағы мамандарға үлгі болып жүрген әріптесіміз ф.ғ.к., доцент Айтқали Тайжанұлы Бақытов. Ол студенттік кезінен-ақ өзінің ерекше қабілетімен көзге түсіп, Францияда, Швейцарияда білім алып, француз тілін ана тілінің деңгейінде білетіндігін растайтын сертифткаттарға ие болған. Францияның Қазақстандағы елшілігінде, Қазақ-француз “Катко” уран өндіретін компанияның аудармашысы болып жұмыс атқарған. Сонымен қатар, бірнеше сөздіктердің авторы. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында қазақ ақын-жазушыларының шығармасын француз тіліне аударды. Ол шығармалар “Қазақ ақын-жазушыларының онтологиясына еніп, Канада, Франция, Бельгия, Буркина-Фасо, Швейцария, Мали елдерінде таралуда. Айтқали Тайжанұлының аудармаларын Францияның белгілі әдеби сыншысы Альберт-Фишлер жоғары бағалаған.

Осындай білімді де білікті маманның, біздің кафедрамызда болуы үлкен мақтаныш.

Әріптесімізге шығармашылық табыс, қызықты аударматілейміз.

Ары қарай оқу >>

Республикалық пәндік олимпиада

27.04.2019

27 сәуір 2019 жылы КазГЮУ-де (Нұр-Сұлтан қ.) Қазақстан Республикасы ЖОО-ның халықаралық құқық мамандығы бойынша оқитын студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиада өтті. 3-курс студенті Турсынбаева Айнур 2-орынды иеленді, сонымен қатар олимпиадаға Турсунбаева Айсана мен Жақсылықбаева Асем қатысты.

Ары қарай оқу >>

IV Еуразиялық xалықаралық конференция

25.04.2019

2019 жылдың 25-26 сəуір аралығында Халықаралық қатынастар факультетінде құқық жəне саясат мəселелері бойынша IV Еуразиялық халықаралық конференция өткізілді: «Белдеу жəне жол бастамасы: Еуразияның құқықтық жəне саяси жүйесіндегі қиындықтар». Конференцияны шетелдік əріптес университеттердің көмегімен Халықаралық құқық кафедрасы ұйымдастырды.

Конференцияға халықаралық құқық саласындағы жетекші шетелдік ғалымдар қатысты: проф. П. Чабал, М.Бранно, Ф.Гаст (Ле Гавре университеті, Франция), проф. Гольчен, А.Кайол, Ф. Ройер (Францияның Кан-Нормандия университеті), проф. Siok Woo Lee, Тай Юк Чунг, Р.Титирига (ИнКа Университеті, Корея), проф. Бинг Чен (Нанкай университеті, Қытай), проф. И.М. Lifshits (Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы, Ресей), Yang Yong-ho (Еуразиялық іскерлік қауымдастығы, Корея). 

Ары қарай оқу >>

"Ашық есік күні"

20.04.2019

2019 жылдың 20 сәуірінде Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсушілер үшін «Ашық есік күні» өткізді. Талапкерлер  «Халықаралық құқық» мамандығы туралы естіп қана қоймай, сондай-ақ кафедра, Еуропалық құқық орталығын көру мүмкіндігіне ие болды.

Ары қарай оқу >>

Ғашықтар күні

18.04.2019

2019 жылдың 15-ші сәуір күні Халықаралық қатынастар факультетінде Халықаралық қатынастар және Шетел филологиясы мамандығының 1-курс студенттері Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушылары Карипбаева Г.А, Макишева М.К, Даирбекова А.М, Уалиханұлы А. бастамасымен «Ғашықтар күні» атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Аталған мереке факультетте 10 жылдан астам уақыт бойы тойыланып, дәстүрге айналған мерекелердің бірі. Биыл студенттер Ғашықтар күнін ерекше тәсіілмен ұйымдастырды. М.Мақатаевтың “Махаббат диалогы” атты өлеңінен бастап, сахнаға шыққан студенттердің флэшмобымен аяқталды. “Сакураның гүлденуі” атты Жапон-Кәріс текті махаббат қойылымы бағдарламаның ерекшелігі болды. Сонымен қатар, көрермендермен түрлі уақыттағы махаббат туралы әндер мен фильмдердің саундтректерін білуге арналған ойындар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Көктем мейрамы Наурызды тойлау

17.04.2019

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Наурыз мейрамын тойлау әрқашан ең жарқын және жақсы естеліктер қалдырады. Бұл жаңару мен бірліктің ерекше мерекесі. Көктем әр үйге бейбітшілік, бақыт пен гүлденуді әкелсін.

Ары қарай оқу >>