Жаңалықтар

Халықаралықаралық бағдарлама бойынша екі университет арасындағы ынтымақтастық

28.05.2019

Жақында «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» Мемлекеттік бағдарлама бойынша ғылыми іс-сапардан (Италия, Рим) дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, т.ғ.д., РҒЗО директоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі Қ.Т. Жұмағұлов келді. La Sapienza  Universita di Roma тарих, антропология және дін департаментінде профессор Қ.Т. Жұмағұлов және профессорлар Fabio Grassi мен Gaetano Lettieri магистрлар мен студенттердің Халықаралық қос диплом бағдарламасы бойынша тәжірибелік дайындықтарын талқылады. Бұл бағдарлама Қазақстан мен Италия университеттері арасында алғаш рет 2015 жылдан бастап сәтті жүзеге асып келеді.

Ары қарай оқу >>

Tribes and religion " дөңгелек үстелі"

27.05.2019

Профессор Сұлтанғалиева Г. С. СЕТОВАС (Франция, Париж) ұйымдастырған "Tribes and religion" дөңгелек үстеліне қатысып, "Kazakh tribes within Empire: Berkimbaevs from tribal leadership to Russian centry"атты баяндамасын оқыды.


Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы

Профессор Султангалиева Г. С.

Ары қарай оқу >>

Профессор Сұлтанғалиева Г.С. DEA (Associate Research Directors) бағдарламасының грантының иегері

10.05.2019

Профессор Сұлтанғалиева Гүлмира Сәлімжанқызы белгілі француз тарихшысы Фернанд Бродельдің негізін қалаған DEA (Associate Research Directors) бағдарламасының грантының иегері атанды. Қазір Париждегі The Fondation Maison des sciences de l ' homme бағдарламасы бойынша зерттеулер жүргізуде.

 

http://www.fmsh.fr/fr/chercheur/gulmira-sultangalieva 

Ары қарай оқу >>

Профессор Сұлтанғалиева Г. С. және PhD докторант Тулешова У. халықаралық форумда қатысуы

28.04.2019

2019 жылдың 25-28 сәуірінде профессор Сұлтанғалиева Г. С. және PhD докторант  Тулешова У.  «Орынбор перспективасы: Үлкен Еуразияның орталығында Ресей мен Қазақстанның жас тарихшылары» атты халықаралық форумға қатысты.
Қазақстандағы Хоккайдо университетінің елшісі, профессор Сұлтанғалиеваның Г.С. мақаласын «Litterae populi» журналында көрсетілген сілтеме бойынша көруге болады  https://www.hokudai.ac.jp/pr/litterae_vol.62.pdf

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы

Сұлтанғалиева Г.С.

Ары қарай оқу >>

«ХІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

26.04.2019

Тарих, археология және этнология факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі және «Таңбалы» мемлекеттік қорық-музейімен бірлесіп ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы даланың жеті қыры және Еуразия археологиясы мен этнологиясының өзекті мәселелері» атты «ХІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Конференцияға археология, этнология жəне музей ісі саласының Ресейден, Əзірбайжаннан, Украина жəне тағы басқа мемлекеттерден келген ғылыми қызметкерлер, магистранттар мен студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Архив ісі және құжаттану» оқу-өнідірістік кафедрасының тұсаукесері

12.04.2019

ҚР тұңғыш Президенті Н. Назабаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында  көрсетілген «Архив-2025» бағдарламсының негізгі  бағыттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің  12 сәуір 2019 жылы  Қазақстан Республикасының Президент Архивінде «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша  «Архив ісі және құжаттану» оқу-өнідірістік кафедрасының салтаннаты ашылуы өтті.

Ары қарай оқу >>

IV қалалық студенттік олимпиада

12.04.2019

2019 ж. 12 сәуірде ҚР Президентінің Архивінде IV қалалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада Жастар жылы және «Архив – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді және мақсаты  студенттердің шығармашылық қабілетімен қатар, архившы және құжаттанушы мамандығының маңыздылығын арттыруға бағытталған.

Ары қарай оқу >>

Фараби оқуларының қорытындысы

12.04.2019

"Мұрағаттану және құжаттану" мамандығының 4 курс студенті Сыдыкова Гүлжан "Фараби әлемі" атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында 1-орынға ие болды.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы
Алпысбаева Н.К.

Ары қарай оқу >>