Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы

05.04.2018

Көрулер: 797

2018 жылдың 4 сәуірінде V халықаралық Фараби оқулары шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, Еуропалық ақпараттық орталық Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25-жыл толуына орай және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуропалық ақпараттық орталықтың 20-жылдығына арналған «Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы: қазіргі таңдағы үрдістері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізді.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен өткізілді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Елші Траян Христеа, Герман Федеративтік Республикасының Бас консулы Йорн Розенберг, Венгрияның Бас консулы Юдит Ланг ханым, Алматыдағы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Өкілдігінің басшысы Руслан Бультриков, шетелдік зерттеушілер – Пьер Шабаль, Ұлыбританиядан Роджер Макдермотт, Түркиядан Гулчен Айдын, қазақстандық ғылыми-зерттеу және академиялық мекемелердің (Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар Институты, ҚР Президенті жанындағы ҚЗСИ, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты, Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық зерттеу институты, Қазақстан-Неміс Университеті, Алматы Менеджмент Университеті, Шакарим атындағы Семей мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) сарапшылары қатысты.

Аталмыш конференция шеңберінде дипломатиялық корпус өкілдері және сарапшылар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, оның ішінде бірыңғай экономикалық кеңістік құру мәселесі, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық, азаматтық қоғамды дамыту және т.б. мәселелер талқыланды.