Сандық құқық

06.04.2018

Көрулер: 242

Сандық құқық

6 сәуір 2018 жылы ҚазҰУ заң факультетінде «Сандық құқық: қазақстандық модельдің ерекшелігі және дамудың жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. V халықаралық Фараби оқулары аясында цифрландыру мен осы саладағы құқықтық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін кәсіби түрде заңдармен халықаралық және ұлттық деңгейде қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Конференцияға Ресей, Финляндия, Испания, Франция және басқа елдердің ғалымдары қатысты.

Мемлекеттік басқаруды электрондық цифрландырудың практикалық сұрақтары (Электрондық үкімет) Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бөлім бастығы А. Байханова мен Әділет департаменті басшысының орынбасары К.Б. Базарбаевтардың баяндамаларында көрініс тапты. 

Қазақстан ақпараттандырудың маңызды сатысынан өтті, компьютерлік Электрондық үкіметін енгізді, талшықты-оптикалық желілер арқылы интернет желісін кеңінен тарату мен бірге осы саладағы басқа да жетістіктерді қол жеткізді. Мемлекеттің әлемдік жүйедегі орны көбінесе киберқауіпсіздік ахуалымен анықталады және экономиканың ақпараттық секторын дамыту үкімет деңгейінде түбегейлі қадамдар жасау қажеттілігін анықтайды. Осы үдерістің келесі кезеңі экономиканы цифрландыру әлемдік деңгейде қажеттілігін қанағаттандырады. 

Ғылыми әдебиеттерде цифрландыру саясатын әлеуметтік және экономикалық құқықтар жүйесіне оң және теріс әсері туралы әртүрлі болжау бар. Ұлттық қауіпсіздік субъектілеріне әсер ететін киберқауіпсіздік ұғымының пайда болуы құқықтық ғылым алдында жаңа тапсырмалар қояды. Мемлекеттік органдарға жеке тұлға мен қоғамның мүдделеріне (жеке мемлекеттің азаматтық ұйымдары мен жалпы азаматтық қоғамдардың) шынайы және мүмкін қауіп төндіретін жағдайларға әсер ететін басты міндеттер жүктеледі. Әлеуметтік желілер арқылы туындайтын кері әсерден қоғамдық сананы қорғау, превентивті әсер ету мәселелері, жеке мәліметтер мен заңмен қорғалатын өзге құпия ақпараттарды қорғау, сонымен қатар ақпараттық тасымалдауыштарды бұзатын әрекеттерден қорғау өзектілік алады.  

Бұл мәселелерді шешу бірінші кезекте техникалық, содан кейін құқықтық аспектілерді қозғайды, олар ол кезегінде осы техникалық және басқа да ұйымдастырушылық қорғау құралдарын пайдалану мүмкіндігін реттейді. Сәйкесінше, құқық ақпараттандыру үрдісін, сандық және қорғау механизмін қамтамасыз етеді.

Конференция барысында ғалымдар мен тәжірибе қызметкерлері ғарыштық құқықтың, генетикалық құқықтың, сандық идентификация мен роботизация құқығының теориялық мәселелеріне, сонымен қатар ақпараттық құқықтың заманауи мәселелеріне, Ғаламтор кеңістегімен байланысты конституциялық құқықтық, азаматтық құқықтық, әкімшілік құқықтық, қаржылық құқықтық қатынастарды реттеу мәселелеріне, ақпараттық саладағы заңды жауапкершілік мәселелеріне үлкен көңіл бөлді.

Ғылыми пікір талас нәтижесінде бірқатар ұсыныстар, соның ішінде қолданбалы сипаттағы нәтижелер жасалды. Мемлекеттің сандық экономика дамуындағы құқықтық көмегі екі бөлімнен тұратындығы белгілі. Біріншісі – жаңа шынайылыққа сәйкестендірілген заңшығармашылық база, сонымен қатар өндірісті және ұйымдарды құқықтық қорғау құралдарының дұрыс тіркеу тәсілдері. Екіншісі – өндірісті ақпараттандыру жолымен келе жатқан компаниялар үшін жақсы жағдайлар жасау.