Академиялық мобильділік және сынақ мерзімін өткізу

Магистранттардың Мәскеу қаласындағы тағылымдамасы, Наурыз, 2017 ж.

13.04.2017

2017 жылдың 13-22 наурыз аралығында медико-профилактикалық іс мамандығының  магистранттары Баймаханов Б., Орғанов Б., Байтенова А., Омарова А., Елекенова Г.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен И.М.  Сеченов атындағы

Ары қарай оқу >>

ЭӘДҰ (ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ДАМУ ҰЙЫМЫ) БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»

07.04.2017

2017жылы 7 сәуірде  Астана қ EXPO-2017 бүкіл әлемдік көрмеге арналған  IV халықаралық фараби оқулары аясында Әл Фараби  кітапханасының 408 аудиториясында «Қоршаған орта қауіпсіздігі мен денсаулық. Заттардың қауіпсіздігі: ЭӘДҰ (экономикалық әріптестік және даму ұйымы) бағдарламалық бағыттарын  жүзеге асыру»  мультидисциплинарлық секция ЭӘДҰ бағдарламасының сарапшысы Хамидуллина Х.Х. (Ресей)  және  Санитарлық эпидемиологиялық сараптау және бақылау Ғылыми практикалық  орталығының  басшысы Нажметдинова А.Ш., Ұлттық нанотехнологиялық  зертхананың  жетекші мамандары,  биотехнология кафедрасының  мамандары мен әл Фараби атындағы ҚазҰУ  эпидемиология және гигиена кафедрасының  мамандарының қатысуымен өтті.  

Ары қарай оқу >>

Біліктілікті жоғарылатудың халықаралық циклі 2017 ж.

03.04.2017

2017 жылдың 3-8 сәуір аралығында  әл Фараби атындағы ҚазҰУ  эпидеиология және гигиена кафедрасында  университет пен  ресей медициналық академиясы арасындағы әріптестік жөніндегі келісім шарт аясында «Ресей тұтынуды бақылау «Ресей потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттарды тіркеу»  ДДБМ (Денсаулық  сақтаудың дербес бюджеттік мекемесі) директоры,   Ресей Денсаулық Министрлігі ҚКББ ДМБМ (қосымша кәсіби білім беру  дербес мемлекеттік бюджеттік  мекемесі), «Токсикологиялық жаршы» ғылыми тәжірибелік журналының бас редакторының  орынбасары,  «Ресей үздіксіз білім берудің  медициналық академиясы» гигиена кафедрасының профессоры, м.ғ.д., Хамидулина Халидя Хизбулаевнаның қатысуымен  54 сағат көлемінде «Химиялық қауіпсіздік  аумағында  қоғамдық денсаулықты  қорғау органдарының жұмысының негізгі бағыттары»  тақырыбында   халықаралық біліктілікті жоғарылату курсы өтті.

Ары қарай оқу >>

2016 Ж. БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЦИКЛ

12.12.2016

2016 жылдың  12-15 желтоқсан аралығында  эпидемиология және гигиена кафедрасында  Ресей Федерациясының  Қорғаныс  Министрлігі, С.М. Киров атындағы Әскери- медициналық академиясы,  госпитальды жұқпаларға  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы,  медицина ғылымдарының докторы, профессор  визитинг–профессор Колосовская Елена  Николаевнаның қатысуымен «Жұқпаны бақылаудың өзекті мәселелері» тақырыбында  біліктілікті жоғарылатудың халықаралық  циклі өтті.  Циклға  ТҚҚБД және ТҚҚБ дәрігер–эпидемиологтары, госпитальды эпидемиологтар,  жұқпаны бақылау комитетінің мүшелері, бактериологтар,  вирусологтар,  мемлекеттік  және жеке меншік емдік профилактикалық мекемелердің дәрігерлері,  Қазақстанның әртүрлі облыстарынан ЖИТС пен күресу бойынша орталықтарының мамандары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан: медициналық көмекті көрсетумен байланысты жұқпалармен күрес;

12.04.2016

2016 жылы 14 желтоқсанда  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан, Ресей және Әзербайжан елдерінің  денсаулық сақтау саласы мен  медициналық білім беретін мекемелерінің  мамандарының басын қосқан халықаралық  дөңгелек үстел іс шарасы өтті. 60-тан астам өкілдердің, атап айтқанда, Қазақстанның емдік алдын алу мекемелерінің, тұтынушылар құқығын қорғау басқармаларының мамандары, С.М. Киров атындағы  Әскери медициналық академиясы, әл-Фараби атындағы Қаақ ұлттық университеті мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің   профессорлық-оқытушылар құрамы,  Қазақ медициналық  үздіксіз білім беру цниверситетінің қызметкерлері, Әзірбайжан елінің  медициналық ассоцациясының өкілдерінің басы біріккен  бұл шарада  «Медициналық көмекті  көрсетумен байланысты жұқпа қоздырғыштарына бақылау жүйесін ұйымдастыру» тақырыбы талқыланды.

 Дөңгелек үстел  онлайн қатысушылары  еліміздің ірі 15 мекемелеріің медициналық қызметкерлері, оның ішінде  ШҚО ДҚ «Ана мен бала орталығы» ММК қызметкерлері қатысып отырды.

Еліміздегі жұқпалы аурулардың деңгейі  соның ішінде медициналық көмек көрсетумен байланысты  жұқпалардың саны (МККБЖ)  «Ұлттың денсаулық деңгейінің көрсеткішін» сипаттайтын  индикаторлық компоненттерінің бірі болып табылады.

МККБЖ  барлық әлем бойынша  шешуді талап ететін өзекті мәселенің бірі болып табылады.  Отандық және шет елдік зерттеуші  мамандардың мәліметтері бойынша   МККБЖ   емдік алдын алу мекемесіне келіп түскен  науқастардың 5-12 % болады. Бұл сан  амбулаторлық көмекті алып отырған және инвазивтік  диагностикалық  тексеруден өтіп отырған  науқастардағы  МККБЖ  зақымдалуын  есептемейді.  Алдын алу шараларының тиімділігінің жеткіліксіздігі  әлеуметтік  медициналық және экономикалық  мәселелердің  бірі болып табылады.

 Жиналғандарды  әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ медициналық факультетінің деканы,  м.ғ.д., профессор Қалматаева Жанна Амантай қызы қарсы алып, алғы сөз сөйледі.    Дөңгелек үстел модераторлары  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  эпидемиология және гигиена кафедрасының  меңгерушісі,  м.ғ.д., профессор  Табаева Әлия Әбілқызы  және  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  эпидемиология кафедрасының  құрметті  профессоры, м.ғ.д.,  Әміреев Сәкен Әміре ұлы  болды.  

Ары қарай оқу >>