Информатика кафедрасы жанындағы «Computer Science» орталығы

 

 

Орталықтың толық атауы:

Информатика кафедрасы жанындағы «Computer Science» орталығы

 

Құрылған жылы:

2017

 

Орталық қызметінің мақсаты мен міндеттері:

  • Заңды және жеке тұлғалармен шаруашылық келісімшарттарды жасасу арқылы кафедра/факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерінен жинақталған ғылыми-зерттеу әлеуетін жүзеге асыру;
  • бизнес-құрылымдармен, индустриалды және басқа кәсіпорындармен ынтымақтастықта оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық жұмыстарды, консалтингтік және басқа да қызмет түрлерін жүргізу;
  • ҒЗТКЖ (НИОКР) нәтижелерін апробациялау және елдің білімге негізделген экономикаға кезең-кезеңмен көшуін қамтамасыз ету;
  • біліктілікті жоғарылату курстары бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;
  • оқу топтарын қалыптастыру және сабақтарды жоспарлау;
  • оқушылар үшін пәндік олимпиада өткізу;
  • қолданбалы есептерді шешу үшін компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу;
  • орталықтың сертификатын беру.

 

Орталық қызметінің негізгі ғылыми бағыттары:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • ақпараттық технологиялар;
  • бағдарламалау;
  • Веб-технологиялар.

 

Орталықтың серіктестері және халықаралық ынтымақтастық:

  •   UNINETTUNO халықаралық телематика университеті (Рим қ., Италия);
  •   Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі университеті (София қ., Болгария);
  •   Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  •   М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
  •   Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

 

Орталық басшысының байланыс көздері:

Макашев Ерлан Прмагенбетұлы, ф.-м.ғ.к.,  Информатика кафедрасының доценті м.а.,

тел. 3850114 (ішкі 1579), моб. 87012450064, Erlan.Makashev@kaznu.kz, Makashev.Yerlan70@gmail.com