Кафедра тарихы

    Жасанды Интелект және BigData кафедрасы өзінің бастауын 1973 жылы ашылған «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» кафедрасынан алады. Кафедраның алғашқы меңгерушісі физика-математика ғылымдарының докторы Қ.А.Қасымов болды.

   1989 жылы «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» және «Математикалық кибернетика» мамандықтарымен «ЭЕМ және кибернетика» кафедрасы ашылды. Осы кезде кафедра меңгерушісі қызметін техника ғылымдарының докторы, доцент Т.Н.Бияров атқарды.

    1997 жылы, яғни «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау» және «Математикалық кибернетика» кафедраларының бірігуінен кейін кафедра «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика» деп аталды. Ал, кафедра меңгерушісі болып конкурс бойынша физика-математика ғылымдарының докторы, доцент Т.Н.Бияров таңдап алынды. Еңбек нарығында туындаған сұраныстарға сәйкес кафедрада «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» деп аталатын жаңа мамандық ашылды.

    2001жылдың қараша айында «ЭЕМ-ді математикалық жабдықтау және математикалық кибернетика» кафедрасы «Математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер» және «Информатика» кафедрасы болып екіге бөлінді.

    2002 жылдың қазанынан бастап математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Данаев болды.

    2003 жылдың сәуір айының аяғынан бастап кафедраны техника ғылымдарының докторы, профессор У.А.Тукеев басқарды. Сол кезден бастап математикалық кибернетика және ақпараттық жүйелер кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы болып өзгертілді.

    2018 жылы 15 қаңтардан бастап, "Ақпараттық жүйелер" кафедрасынан жаңа "Жасанды Интеллект және BigData" кафедрасы бөлініп шықты.

 

Автоматтандыру және басқару мамандығы

     5B070200 «Автоматтандыру және басқару» , 6M070200 «Автоматтандыру және басқару» , 6D070200 – «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша білім беру бағдарламалары технологиялық үдерістер және өндірісті автоматты басқару облысында бакалавр, магистранттарды және докторанттарды дайындауға бағытталған.

   Кәсіби қызмет саласы

   Бітірушілер өндірістің барлық саласында басқару үшін ақпараттарды өңдеумен байланысты әдістер мен құрылғыларды қолданатын техникалық жүйелерде автоматтандыру, ақпараттандыру және басқару облыстарында жұмыс жасау үшін дайындалады.

Кәсіби қызмет объектілері

   Бітірушілердің кәсіби қызмет объектісі болып әртүрлі өндірістердің, автоматтандырылған ақпаратты - басқару жүйелері, қабылдаудың, өңдеудің және мәліметтерді берудің ақпараттық жүйелері, технологиялық үдерістері бар автоматтандырылған басқару жүйелері табылады.