Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

Университетте оқу туры 29.09.2017

Білім қуып келген білімді де әдепті студенттерімізбен, өздері оқуға түскен, мемлекетіміздің ең бірінші қатарлы және үздік университетімізді таныстыру барысында Куратормен барған алғашқы экскурсиямыздың бірі.

Ұйымдастырушы: Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Бөрібаев Бақыт кураторлық тобымен.

Әбілхан Қастеев мұражайына экскурсия 11.11.2017

Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы, қазақтың бетке ұстар қайраткерлердің бірі - Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында.

Ұйымдастырушы: Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Бөрібаев Бақыт кураторлық тобымен.

Медеу мұз айдынында конькимен жүгіру 02.12.2017

Дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені, Қазақстанның көркем де әсем Алматы қаласында орналасып, қаладан 18 км жерде және теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан Медеу мұз айдынында.

Ұйымдастырушы: Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Бөрібаев Бақыт кураторлық тобымен.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауына арналған кураторлық сағат. 22.01.2018

Тобымыздың белсенділері Аида мен Тоғжанның Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы халыққа жолдаған жолдауын студенттерге таныстыстыруға арналған кураторлық сағаттан көріністер.

Ұйымдастырушы: Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Бөрібаев Бақыт кураторлық тобымен.

«Махаббат хаттары» қойылымы
10.02.2018

Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік академиялық
балалар  мен  жасөспірімдер  театры «Махаббат хаттары» қойылымында.

Ұйымдастырушы: Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Бөрібаев Бақыт кураторлық тобымен.

 Халықаралық әйелдер күні
 07.03.2018

Тобымыздың сері жігіттері тобымыздың сұлу да сымбатты аруларымызға 8-наурыз Халықаралық әйелдер мен қыздар мерекесіне арнап дайындаған кішігірім дастарханы.

Ұйымдастырушы: Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Бөрібаев Бақыт кураторлық тобымен.

 
Музыкалық аспаптар мұражайына бару 14.04.2018

1980 жылдан бері тарихы мен қырықтан астам қазақтың музыкалық халық аспаптары қойылған Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптарының мұражайына сәуір айының      14 – жұлдызында барған сәттен.

Ұйымдастырушы: Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Бөрібаев Бақыт кураторлық тобымен.

"Айналанды нұрландыр"

жобасы

 05.03.2018

Айналанды нұрландыр жобасы аясында Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Самбетбаева А.Қ 4-курс студенттерімен бірге 8-жатақханада «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» тақырыбында іс-шара өткізді

Ұйымдастырушы: Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Самбетбаева А.Қ
 
Гринкампус жобасы  14.04.2018 Гринкампус жобасы аясында Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Самбетбаева А.Қ студенттерімен бірге қалалық сенбілікте студенттер сарайының айналасын тазалады.  
"Айналанды нұрландыр" жобасы 14.04.2018 Айналанды нұрландыр жобасы аясында Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Самбетбаева А.Қ АЖ-17-3б тобымен М.Әуезов театрындағы "Бейбарыс Сұлтан " қойылымына барды.

Алтын доп

19.04.2018

Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен факултеттік деңгейде волейболдан ұлдар арасында жарыс өткізілді. Жарысқа МКМ, информатика және ЕТжБҚ мамандығының студенттерінен құралған 5 команда қатысты. Ойын тартысты өтіп, 1- орынға ЕТжБҚ 17-4 тобы, 2 және 3-орынды ЕТжБҚ 17-3 және ЕТжБҚ 17-2 тобы ие болды. 1- орын иеленген командаға алтын доп беріліп, командалар сыйлықтармен марапатталды. Ал қатысушы командаларға ынталандыру сыйлығы табысталды.

Өткізілген орныны және уақыты: ҚазҰУ-нің спорт көмплексі, 19.04.2018

Жауаптылар: информатика кафедрасы


"Махаббат қызық мол жылдар" ашық кураторлық сағаты 28.04.2018  100 кітап жобасы аясында Самбетбаева А.Қ АЖ-17-2 тобымен "Махаббат қызық мол жылдар" ашық кураторлық сағатын өткізді.
"Жыр алыбы-Жамбыл Жабаев" атты ашық кураторлық сағаты 28.04.2018 100 кітап жобасы аясында Самбетбаева А.Қ АЖ-17-3Б тобымен "Жыр алыбы-Жамбыл Жабаев" атты ашық кураторлық сағатын өткізді.
"Айналанды нұрландыр" жобасы 30.04.2018 Айналанды нұрландыр жобасы аясында Ақпараттық жүйелер кафедрасының куратор-эдвайзері Самбетбаева А.Қ АЖ-17-2 тобымен «Ер есімі - ел есінде» атты іс-шараны өткізді.
Алма-Арасан шатқалына саяхат 05.05.2018 Бізді қоршаған орта, барлық тірі жандардың өмір сүру ортасы, Алла Тағаламыздың бізге берген сыйы бұл – Табиғат. Табиғат өзінің әсем көрінісімен кез-келген көздерді баурап алады. Оған дәлел Тәуелсіз еліміздің кереметтей табиғатының бір көрінісі – Алматы қаласы маңында орналасқан Іле Алатауының шырша жамылғысымен жабылған Алма-Арасан шипажайына тобымызбен шыққан саяхат.
28 саябақшы Панфилов паркке барады 07.05.2018

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңындағы

Ауданы 18 гектарды құрайтын, тарихымыздан ойып тұрып орын алатын және республикамыздың көркем де сұлу табиғаты мен көзге түсерлік әдемі жерлері бар Алматы қаласында орналасқан 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа барғандағы сәттер
"...ДАЛАНЫҢ ДАУСЫ БОЛЫП ЖЕТКЕН АҚЫН" 01.12.2017

Өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту мақсатында механика-математика факультетінде дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын тау тұлғалармен кездесу әлі де жалғасын тауып келеді. Бірінші желтоқсан күні механика-математика факультетінің оқытушысы Әбенов Болат Құсайынұлының бастауымен, Қ.Аманжолов атындағы әдебиет және өнер бірлестігі мен әл-Фараби кітапханасының атсалысуымен ақын, жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Жақыппен "...ДАЛАНЫҢ ДАУСЫ БОЛЫП ЖЕТКЕН АҚЫН" әдеби-сазды керемет кеш өтті. Бауыржан Жақыптан бөлек елімізге танымал ақындар мен әнші-күйшілер де келді. Түрлі естеліктер мен жастарға тәрбие берер ақыл-кеңестер айтты.

Тіл - халық жаны 26.09.2017 «Тіл - тірегіміз, тоқтап тұрған - жүрегіміз» атты іс-шара факультет деңгейінде тілдер күніне арналған.

Ұйымдастырушылар: Информатика кафедрасының 1 курс эдвайзерлері