"Биофизика және биомедицина проблемалары" үйірмесі

Биология мұражайына саяхат

08.11.2018

08 қараша 2018 ж. «5В060700-Биология» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен Биология мұражайының экспозияция залдарына экскурсия жасалды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология мұражайы 1936 жылы биология факультетінің зоология кафедрасының жанынан зоология, ал 1949 жылы биология мұражайы болып ашылған. Мұражайдың қазіргі экспозициялық залы 1984 жылы университеттің 50 жылдық мерейтой қарасаңында ашылған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология мұражайы республика аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД жоғарғы оқу орындарының арасында теңдесі жоқ бірегей мұражай!!!

Экскурсия мақсаты: білім алушыларды Қазақстан Республикасының флора және фауна өкілдерінің алуантүрлілігімен таныстыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу, студенттердің биология саласындағы білімдерін кеңейту.

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ.

Ары қарай оқу >>

"1 курс студенттерінің ЖОО-на бейімделуінің психологиялық аспектілері"

27.10.2018

25 қазан 2018 ж. 14.00 сағ. биофизика және биомедицина кафедрасында «Президенттің Қазақстан халқына кезекті жолдауы» аясында кафедра деңгейінде «1-курс студенттерінің ЖОО бейімделунің психологиялық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Тәрбиелік шара барысында 1 курс студенттеріне ЖОО-на кездесетін негізгі қиыншылықтары мен оларды шешуде кеңестер берілді.

Ұйымдастырушылар: Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Қайрат Б.Қ., және "5В060700 Биология" мамандығының 3 курс студенттері

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби кітапханасымен танысу

04.09.2018

2018 жылдың 4 қыркүйегінде «5В060700 Биология» мамандығының 1 курс студенттері әл-Фараби кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында кітапхана қызметкерлері студенттерге ҚазҰУ кітапханасының инфрақұрылымы мен қызметі жайлы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер оқырман ережелерімен танысып, кітапханадағы оқырман залдарын аралап шықты.

әл-Фараби кітапханасы қазіргі таңда университеттің ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы, университеттің білім бағдарламаларына сәйкестендіріліп жинақталған бай кітап қорымен және заманауи ақпараттық электронды ресурстарымен қамтамасыз етілген университетіміздің мақтанышы.

Ұйымдастырушы: биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Қайрат Б.Қ.

 

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»

14.12.2017

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина            кафедрасында 2017 жылы 14 желтоқсан күні 427

аудиторияда 15.00 сағатта «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» тақырыбында

іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушы: «Биофизика және биомедицина проблемалары» студенттік үйірмесі хронобиология орталығы және кафедра ұжымы

Ары қарай оқу >>

«Алматы - арман қала»

05.11.2017

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина   кафедрасында 2017 жылы 5 қараша күні 214 аудиторияда 15.00 сағатта «Алматы- арман қала» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушы: «Биофизика және биомедицина проблемалары» студенттік үйірмесі және кафедра ұжымы

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби мұражайына саяхат

04.10.2017

4 қазан 2017 ж. биофизика және биомедицина мәселелері студенттер үйірмесінің мүшелері мен 1 курс студенттерінің қатысуымен әл-Фараби кітапханасындағы мұражайға саяхат жасалды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мұражайына саяхат

04.10.2017

4 қазан 2017 ж. "Биофизика және биомедицина мәселелері" студенттер үйірмесінің мүшелері мен 1 курс студенттерінің қатысумен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне экскурсиялық танысу іс-шарасы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Мемлекеттік тіл - менің тілім»

22.09.2017

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина            кафедрасында 2017 жылы 22 қыркүйек күні №7 жатақханада 19.00 сағатта «Мемлекеттік тіл менің тілім» тақырыбында

іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушы: «Биофизика және биомедицина проблемалары» студенттік үйірмесі , хронобиология орталығы және кафедра ұжымы

Ары қарай оқу >>