Жаңалықтар

Құттықтау

10.10.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің ұжымы

География ғылымдарының докторы ЕВГЕНИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ ТАЛАНОВТЫ «Селдер қауымдастығының» жоғары марапаты – С.М. Флейшман атындағы медалімен

және Еуразияның таулы аймақтарында селдің қалыптасу жағдайларын зерттеудегі еңбек қызметінің 45 жылдық мерейтойымен

ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Ары қарай оқу >>

Метеорологтарды даярлайтын жалғыз кафедра

21.05.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еліміздің алдынғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірегейі болып есептелінеді. Жетекші ұлттық университетке әл-Фараби есімінің берілуі бұрынғы ата-бабаларымыздың мәдениеті мен тарихи ғибраттарын студент жастарды тәрбиелеуде және барлық жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілік рухында білім беруде аса зор мәнге ие.      

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығының лауреаты «Сапа саласындағы жетістіктері үшін», Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер пен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы.

Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндіруші негізіне ие. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы.     

Университетіміздегі сол үздіктердің бірі География және табиғатты пайдалану факультетінің, метеорология және гидрология кафедрасы.

Метеорология кафедрасы 1961 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі ф-м.ғ.к., доц. Коженкова З.П. болды. «Метеорология» мамандығына алғашқы студенттерді қабылдау 1961 жылы жасалды, ал 1965 жылы алғашқы инженер-метеорологтар түлегі бітірді.

           Метеорология кафедрасы, Қазақстандық жалғыз метеоролог мамандарын даярлайтын жалғыз оқу орны ретінде, ауа райының кейбір қауіпті құбылыстарының – найзағай, конвективті бұлттылықтар, қатты желдер, экстремалды температура мен жауын-шашындар - жағдайларын үйренуден бастап, Қазақстан территориясындағы ластану потенциалын бағалау, климаттың өзгеру тенденциясы, күн энергиясының кедергісіз потенциалына дейін; экстремальды ауа температурасының алабын қалыптастыратын термикалық режим мен макроциркуляциялық жағдайлардың ерекшеліктерін  зерттеу; Қазақстан территориясындағы мол жауын-шашындарды және басқа қауіпті құбылыстарды туғызатын оңтүстік циклондардың сипаттамаларын, сонымен қатар жайылымдағы агроклиматтық потенциалды зерттеу туралы ғылыми жұмыстар  жүргізеді. Кафедраның ғылыми жұмыстары «Қазгидрометтің» ғылыми және өндірістік бөлімшелерімен тығыз байланыста өтеді.

         Метеорология кафедрасы шет елдердің ЖОО-мен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаруда. Кафедрада INSPIRE «International Strategic Partnerships in Research and Education» («Международное стратегическое партнерство в области исследований и образования») атты халықаралық ғылыми-білімді жоба іске асып жатыр. Кафедра Ресей федерациясы мен Қазақстан мемлекетінің экономикалық қарым қатынасы арасындағы 2008–2011 жж. білім және ғылым саласы бойынша бағдарламаларына қатысып жатыр. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ресей гидрометеорологиялық университеті (РГГМУ) арасында келісім шартқа қол қойылды.  

         Мәскеу мемлекеттік университетінің метеорология және климатология кафедрасымен, Қазан, Санкт-Петербург,  Қиыр Шығыс,Томск, Қырғыз-Славян университеттерімен, Одесса гидрометеорология институтымен  тығыз байланыста. Сонымен қатар метеорология кафедрасы Қазгидрометпен, Қазақ аэронавигациялық орталығымен (Қазавиамет), Қазақ климат және экология ғылыми-зерттеу институтымен, география, сейсмология, космостық зерттеу институттарымен және бірқатар ірі фирмалармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

         Метеорология кафедрасын бітірген түлектердің 80%-ы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Себебі Қазақстанда жалғыз метеоролог қызметкерлерін даярлайтын оқу орны болғандықтан бітірушілерге сұраныс көп. 14 облыс пен, 2 маңызы бар Алматы мен Астанада біздің кафедра түлектері жұмыс жасайды. Түлектеріміз тек Қазақстанда ғана емес сонымен қатар шет елдердің метеорологиялық орталықтарында қызмет атқаруда. Соның бірі - 1995 жылы бітірген түлегіміз Дмитрий Данчук  Антарктида материгінің «Кейси» станциясынан кафдерамызға өз алғысын айтып, алдағы уақытта оқу және ғылым саласында жетістікке жетуімізге тілектестігін білдіріп хат жолдаған.

Ары қарай оқу >>

Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық қызметтерімен ынтымақтастық бойынша семинар

21.05.2018

Алматы қаласында төтенше жағдайлар және зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығында  фин-қырғыз жобасы  ФИНКМЕТ аясында: "Орталық Азиядағы гидрометеорологиялық қызметтер мен қашықтықтан білім беру мамандарын кәсіби дамытуға қолдау көрсетудің бірлескен тәсілін құру" гидрометеорологиялық қызметтерімен бірлесе отырып, Орталық Азия елдерінің (Қырғызстан Республикасының, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан) атты семинар өтті.

Семинардың мақсаты бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу, одан әрі ынтымақтастық мәселелері бойынша бірлескен оқыту курстарының гидрометеорология саласында адам ресурстарын басқару кадр саясаты, Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық қызметі (ҰГМҚ ОА) болып табылады. Семинарға Орталық Азия елдерінің Гидрометеорологиялық қызметінің мәселелерімен айналысатын біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту жүйесін (Республика Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан) және сарапшылар Фин метеорологиялық институты мамандары қатысты. Семинарды ұйымдастырушы: Фин метеорологиялық институты, гидрометеорология жөніндегі Агенттігі ТЖМ жанындағы КР. Семинар барысында қатысушылар жұмыс топтарына бөлініп, семинар жұмыстарын талқылады. Семинар өте нәтижелі өтті. Семинар қатысушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау базасындағы қашықтықтан білім беру бойынша Гидрология Орталығымен танысты.

Ары қарай оқу >>