Химия саласынан Нобель сыйлығының иегері Азиз Санжар факультетке келді

17.04.2018

Көрулер: 551

2018 жылдың 17 сәуірінде химия саласынан Нобель сыйлығының 2015 жылғы иегері, түрік-американдық көрнекті биохимик ғалым, Солтүстік Каролина университетінің профессоры Азиз Санжар химия және химиялық технология факультетіне келді. Азиз Санжар дезоксирибонуклеин қышқылын (ДНҚ) қайта қалпына келтіру механизмдерін зерттеу жұмысындағы жетістіктері үшін 2015 жылы химия саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталған. Ғалым факультет зертханаларымен және біздің ғалымдардың әзірлеген медициналық препараттарымен танысып, өз пікірін білдірді.