Үнді мәдени орталығының директоры Санджай Гарг мырзамен кездесу

2018 жылдың 4 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре мырза ҚР Үндістан Республикасының жанындағы Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры Санджай Гарг мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Үндістанның Республика күніне арналған “Үндістан күндері” атты фестиваль бойынша ұйымдастыру сұрақтары талқыланып, іс-шараның бағдарламасы құрастырылды, және фестиваль 4 күнге бөлінді. Бұл фестивальдің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультетіндегі Махатма Ганди атындағы орталықта өткізілетіндігі шешілді. Мәдени іс-шара бағдарламасы бойынша, бірінші күні үнді поэзиясы мен болливуд әндері, екінші күні Mehndi design competition, үшінші күн Үнді халқының тәуелсіздігі үшін күрескен “Ұлт Әкесі” Махатма Гандиге арналса, фестивальдің соңғы күнінде Fashion Show, үнді дәстүрі Raksha Bandhan және үнді халқының билері көрсетіледі.

Кездесу соңында үндітану бөлімінің студенттері мен оқытушылары үнді мәдени орталығының директоры Санджай Гаргпен естелік суретке түсті.