mezgil.kz: Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі заманғы Шығыс

06.04.2019

Көрулер: 200

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында жатқан VІ Халықаралық Фараби оқуларының «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі заманғы Шығыс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті мен  Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университеттерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференцияға «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шахат Абдулхамид Мухаммад аль-Жинди, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар қажы Дербісәлі, «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры, PhD Хасан Хусейн Матари (Қазақстан-Египет), «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университетінің профессоры, PhD Мадих Абдулла Абду-л-Джауад, PhD, Уиссен университетінің басшысы, профессор,PhD Тунжай Севиндик (Швейцария), Уиссен университетінің құрылтай мүшесі профессор, PhD Мустафа Инан (Швейцария), оқытушы доктор Сабри Муаз Сулейман (Иордания), әл-Фараби мұрасын зерттеуші ғалым, атақты аудармашы Клара Таджикова сонымен қатар басқа да университет пен институттардың оқытушы-профессорлық құрамы мен осы ғылыми бағыттағы ізденуші ғалымдар қатысты.

Аталған конференцияның мақсаты - ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің бай рухани мұрасын насихаттау мен бүгінгі тәуелсіз еліміздің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын белгілеу бағытындағы жұмыстарды үйлестіруге үлес қосу, әл-Фараби мұрасының әлемде зерттелуіне серпін беру, әл-Фараби мұраларын түпнұсқадан қазақ тіліне тікелей аударудың мәселесін күн тәртібіне қою болып табылады. 

Конференция бірнеше секцияда жұмыс істеді. Бұл секцияларда Шығыстың дәстүрлі және заманауи мәдениетін, әл-Фараби мұрасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлін қарастырылды.

Конференцияда әл-Фараби еңбектерінде көрініс берген және қазіргі кезеңде жүзеге асырылып жатқан дін мен әлеуметтік құрылымды модернизациялауға қатысты және Шығыс елдерінің мәдениеті мен экономикасына ықпал етуші идеялары ұсынылды.

Конференция барысында «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шахат Абдулхамид Мухаммад аль-Жинди мырза «Әл-Фараби өткеннің ғалымы ғана емес, бүгіннің де, болашақтың да ғалымы болып табылады. Оның көтерген тақырыптары бүгінгі қоғам үшін де, келер қоғам үшін де өзекті болып қала бермек»-,деген тезистік ой айта отырып, өте жоғары бағалайтындығын жеткізді. Сөз соңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің жақсы бастамалары жалғаса беретіндігіне сенім білдірді.

http://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1%26id=2904