Ғылыми кеңестер

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-техникалық кеңесі университеттің жарғысына, ғылыми-техникалық, ғылыми-ұйымдастырушылық және зерттеу қызметін басқару органы ғылым және инновациялық қызмет бойынша департаментінің ережесіне сәйкес құрылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми техникалық кеңесінің негізгі міндеттері мен қызметтері:

  • Университеттің ғылыми-техникалық, ғылыми-ұйымдастырушылық және зерттеу қызметін дамыту стратегиясын жасау және іске асыру;
  • Техникалық-жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы іргелі, қолданбалы-ізденушілік, инновациялық ғылыми зерттеулердің жүргізілуін ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Университетте ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін өндіріске, ғылыми зерттемелер менеджменті мен маркетингісіне енгізу бойынша ҚР индустиралды-инновациялық дамыту Стратегиясын іске асырудың негізгі бағыттарын анықтау;
  • Ғылым мен білімді қолдау үшін халықаралық қорлармен, өндірістік кәсіпорындармен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланысты ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру үшін диссертиациялық қорғауды талдау;
  • Зерттеу үдерісіне студенттерді тарту әдістері және формаларды жандандыру, университеттегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Университеттің ғылыми жетістіктерін тарату және насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру (көрмелер, басылым қызметі);
  • Ғылыми-зерттеу институттары, орталықтар, технопарк қызметтерін бақылау және үйлестіру.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҒТК құрамына: төраға- ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор, төрағаның орынбасары- ғылым және инновациялық қызмет бойынша департамент директоры, ҒЗИ директорлары, ғалым хатшы, университет факультеттерінің ұсынылған жетекші ғалымдар, ғылыми-инновациялық қызмет бойынша декан орынбасарлары, ғылыми-зерттеу қызметі бөлімінің бастығы, инновациялық қызмет бойынша бөлім бастығы, ғылыми мамандарды даярлау және аттестациялау бөлімінің бастығы кіреді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҒТК отырысы тоқсанда бір реттен кем емес болады және хаттамамен сүйемелденеді. Хаттамаларға кеңестің төрағасы және ғалым хатш қойылады.