Конференциялар

Жалпы университетімізде 2015 жылы 139 ғылыми іс -шаралар өткізілді. Оның ішінде жоспарланған: 26 халықаралық және 3 республикалық ғылыми конференциялар; жоспардан тыс: 29 халықаралық және 18 республикалық ғылыми конференциялар, 6 халықаралық және 27 республикалық дөңгелек үстел, 8 халықаралық және 22 республикалық ғылыми семинарлар.

Идеал емес плазма физикасы бойынша 15-ші Халықаралық конференция, 30 тамыз – 4 қыркүйек 2015 жыл.

Конференцияға Белоруссия, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қытай, Корея, Нидерландия, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Франция, Чехия елдерінен 150-ден аса ғалымдар қатысты.

Конференцияға 230 баяндама мәлімденген болатын. Баяндамалар халықаралық бағдарлама комитетімен олардың жаңалығы, өзектілігі мен ерекшілігіне негізделініп таңдалды. Арнайы шақырылған баяндамашылар: М.Бонитц (Германия), В.Фортов (Ресей), И.Иосилевский (Ресей), В.М.Hegelich (АҚШ), Р.Магияр (АҚШ), Н.Неттелманн (Германия), О.Петров (Ресей), И.Ткаченко (Испания), А.С.Давлетов (Қазақстан). Конференцияның құрметті қонақтары қатарында плазма физикасы аясындағы атақты профессорлар болды, атап айтсақ: Германиядан Вернер Эбелинг, Ресейден Владимир Фортов және Франциядан Клод Дойч.

Конференциядағы негізгі баяндамалар Thomson Reuters мәліметтер қорындағы импакт-факторы 0,838-ке тең  «Contributions to Plasma Physics» журналында жарияланды.

Халықаралық конференция «Ғылым, техника мен білім берудегі есептеуіш және ақпараттық технологиялар», 24-27 қыркүйек 2015 жыл.

Конференцияға  түрлі мемлекеттерден 160 адам қатысты, оның 50 ден астамы шетелдік ғалымдар. Бұл конференцияның үлкен жетістігінің бірі  Springer баспасының «Communications in Computer and Information Science» сериясында, «Технологиялық процестерді математикалық модельдеу» ғылыми бағыты бойынша 20   баяндамалардың жариялануы болып табылады.

ISOCARD «Жібек жолы түйелері: тұрақты даму үшін камелидтерді зерттеу» 4 халықаралық конференциясы, 8-12 маусым 2015 жыл.

Конференция жұмыстарына бес құрлықтан, әлемнің 38 ғалымдары қатысты. Зерттеудің ғылыми нәтижелерін ауызша және стендтік баяндамалар түрінде 255 баяндамашы, 8 кілттік спикерлерді ұсынды. Атқарушы комитетінің отырысында конференция нәтижесінде қабылданған ұсынымдар тыңдалды.