Журналистика факультеті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Қазақстандағы журналистер дайындайтын бірден-бір жетекші оқу орны. Әйгілі университет – 1934 жылы Қазақстандағы ең алғашқы оқу орындарының бірі ретінде құрылған, сонымен қатар журналистика факультеті ТМД елдері бойынша ең іргелі факультеттердің бірі. 80 жылдық тарихы бар қарашаңырақ оқу ордасының журналистика факультетінен оқып түлеп ұшқан 16 мыңнан астам түлегі бүгіндееліміздің зиялы қауым өкілдерінің санатында, республикалық және өңірлік Бұқаралық ақпарат құралдарында жетекші, журналист, халықаралық баспсөздерде тілші және Президент әкімшілігі, әр саладағы министрліктерде, еліміздегі жетекші партиялардың идеология саласында жауапты қызметтер атқарып жүр. Үкімет салаларында қызмет етуде. Солардың қатарында халық қалаулысы Қ.Сұлтанов, мемлекеттік хатшы қызметіне дейінгі лауызымдарды қызметтерді атқарған, бүгінде "Нұр Отан" партиясы төрағасының Бірінші орынбасары қызметін атқарып жүрген М. Құл-Мұхаммед, С. Абдрахманов, Е. Бекхожин, Ж. Кенжалин, Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев бастаған  бүгінде ірі тұлғаларға айналып үлгерген азаматтарды мақтанышпен атап өтуімізге болады. Сонымен қатар, факультет түлектері әртүрлі саладағы компаниялардың баспасөз қызметінде де жемісті жұмыс істеп келеді. 

Қазақ журналистикасының ғылыми негізін қалаған Х. Бекхожин, Т.Амандосов, Т. Қожакеев, М.Барманқұлов, М. Дмитровский, Ю. Крикунов т.с.с. ғалымдар еңбектерін негізгі құндылық ретінде алып шәкірт тәрбиелеп келе жатқан факультетіміздің бүгігі оқытушы-профессорлық құрамыда тәжірибелі мамандардан құралған, болашқ жуналистерді тәрбиелеу ісіне машыққан, әрбір талапты жастың арманына жол ашатын білікті ұстазадардан, ақпарат құралдарыныда жемісті жұмыс істеп жүрген журналистерден құралған.