Ұлы Жылдарға тағзым!

30.04.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматыда алғашқылардың бірі болып Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгін жетекші университет Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтаған болатын. 9 мамыр қарсаңында дәстүрге айналған шарада ҚазҰУ қала және университет ардагерлерімен жыл сайын бас қосып отырады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Университетін ұйымдастыру жөнінде Меморандумға қол қойды

30.04.2010

Қазақ ұлттық университеті ШЫҰ университетінің қатысушыларының базалық координаторлық жоғары оқу орыны ретінде 2010 ж. 26 сәуір күні Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәджік Республикасының жоғары оқу орындары арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Университетін ұйымдастыру жөнінде ынтымақтастық Меморандумға қол қойды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасы Ресеймен кітапханаралық байланысты нығайтпақшы

30.04.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы аймақтық кітапхана Ассоциациясымен (АРБИКОН, Ресей) бірлесе отырып «Ресейдің коорпоративтік кітапханалық жоба» атты семинарын өткізді.

Ары қарай оқу >>

MADE IN KAZAKHSTAN

30.04.2010

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетінде студенттер арасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша республикалық олимпиада өтті.

Ары қарай оқу >>

XXV халықаралық студенттік ғылыми конференция "Жер - біздің ортақ үйіьіз" (Алматы, 2010)

29.04.2010

2010 жылдың 29 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңшетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің 25 жылдығына арналған"Жер - біздің ортақ үйіміз" атты XXV халықаралық студенттік ғылымиконференциясы отті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Жеңіс, естеліктер, Отаншылдық» республикалық байқаудың нәтижелері шықты

29.04.2010

28 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жеңіс, естеліктер, Отаншылдық» тақырыбына арналған республикалық байқаудың нәтижелері шықты. Аталмыш байқауға жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларының соғыс жылдарына арналған үздік шығармалары қатысты. Шығарма жазуда фотосуреттер мен материалдар негіз болды. Республикалық байқау 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2010 жылдың 31 наурызы аралығында өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың құрама командасы Ұлттық студенттік SIFE-Қазақстан бизнес-жобасы чемпионатында табысқа қол жеткізді

28.04.2010

28 сәуірде Алматы қаласында «SIFE» халықаралық студенттік ұйымының Ұлттық чемпионаты өткізілді (Students In Free Enterprise). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрама командасында экономика және бизнес, механика және математика және халықаралық қатынастар факультеттерінің 25 студенті бар. Команда капитаны экономика және бизнес факультетінің студенті Құрманғалиев Рауан.

Ары қарай оқу >>

Студенттер арасындағы республикалық «Ұлы жылдарға тағзым!» атты байқауы

26.04.2010

19 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлы Отан соғысының 65-жылдық мерейтойына арналған студенттер арасындағы республикалық «Ұлы жылдарға тағзым!» атты сахналанған әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.

Байқауда республика бойынша 12 жоғары оқу ордаларының көркемөнерпаздар ұжымы бақ сынасты. Атап өтер болсақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ медициналық университеті, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана), С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Қазақ-Американ университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған), Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (Шымкент) студенттері.

Ары қарай оқу >>

Студенттік медиа форум

26.04.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 21 сәуір 2010 жылы ІХ Евразиялық МедиаФорумның қарсаңында жаңа медиа жобаның І студенттік медиа-форумның тұсауы кесілді. І студенттік медиа-форум Студенттік баспасөз орталығының азаматтық және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға бастама алаңы, университет студенттерінің БАҚ эксперттерімен коммуникациясының жаңа форматы, сонымен қатар баспасөз саласының зерттеушілерімен ашық әрі тиімді диалог орталығы болды.

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фараби» олимпиадасының жеңімпаздары ҚазҰУ студенттері атанды

26.04.2010

Олимпиаданың 42 жүлдегері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері атанатын болды. ҚазҰУ-да өткен «әл-Фараби» олимпиадасының қортындысы осылай деп шешілді.

Салтанатты жабылу рәсімінде ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов болашақ студенттер мен қатысушыларды алғы сөзбен қарсы алды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 19.04.2010 – 24.04.2010

26.04.2010

  • ҚазҰУ-да республикалық әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.
  • ҚазҰУ-дың студенттік құрылыс жасағы 28 жауынгер-панфиловшылар паркінде сенбілік өткізді.
  • ҚазҰУ-дың І-ші студенттік Медиа форумы (журфак).
  • І-ші Инновациялық форум.
  • «Қазақстан Республикасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуы.

Ары қарай оқу >>

Студенттік медиа форум

24.04.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 21 сәуір 2010 жылы ІХ Евразиялық МедиаФорумның қарсаңында жаңа медиа жобаның І студенттік медиа-форумның тұсауы кесілді. І студенттік медиа-форум Студенттік баспасөз орталығының азаматтық және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға бастама алаңы, университет студенттерінің БАҚ эксперттерімен коммуникациясының жаңа форматы, сонымен қатар баспасөз саласының зерттеушілерімен ашық әрі тиімді диалог орталығы болды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

22.04.2010

Бүгін, 22 сәуірде Алматыда Қабылдау үйінде Қазақстандағы президенттік институттың құрылғанына 20 жыл толуына байланысты «Қазақстан Республикасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Студенттер арасындағы республикалық «Ұлы жылдарға тағзым!» атты байқауы

20.04.2010

19 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлы Отан соғысының 65-жылдық мерейтойына арналған студенттер арасындағы республикалық «Ұлы жылдарға тағзым!» атты сахналанған әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.

Ары қарай оқу >>

ЫҚШАМ – АҚПАР

20.04.2010

2010 жылдың 21 сәуірі сағ. 11.00 – 13.00. VIII Халықаралық Еуразия Медиа Форумының қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚазҰУ-дың студенттік медиа форумы» атты жаңа медиа жобаның тұсауы кесіледі.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласының І Инновациялық конвенті

19.04.2010

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚР пермьер-министрдің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, жоғары оқу ордалары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, өндірістік орындар мен бизнес қауымдастықтардың қатысуымен І Инновациялық конвент өткен еді.

Ары қарай оқу >>

ЖЕҢІСТІҢ 65 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН СЕНБІЛІК

19.04.2010

20 сәуір күні сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Құрылыс жасағы мен студенттер ұйымдарының ұйымдастыруымен 28 гвардиялық панфиловшылар паркінде Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған «Ардагерлерге тағзым» атты әлеуметтік іс-шаралар аясында сенбілік өтеді.

Ұлы Отан Соғысының 65 жылдығына орай Университетіміздің барлық факультеттерінде 2010 жылдың қаңтарынан бастап «Ардагерлерге тағзым» атты әлеуметтік іс-шаралар басталған болатын. Осы іс-шаралар аясында студенттер өз факультеттерінде Ұлы Отан Соғысы тақырыбына арналған дөңгелек үстелдер, ардагерлермен кездесулер, отырыстар, ардагерлер үйлеріне қайырымдылық концерттер ұйымдастырды.

20 сәуір күні өтетін сенбілік аталған іс-шаралардың жалғасы болып табылады.

Апталық дайджест 12.042010 – 17.04 2010

19.04.2010

  • «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы.
  • ҚазҰУ-дың экономика және бизнес факультетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша республикалық олимпиада өтті.
  • ҚазҰУ-дың заңгер студенттері Жеткіншектерді мерзімді бас бостандығынан айыру, адаптациялау және қалпына келтіру орталығына барып қайтты.
  • Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы бір үзік сыр.

Ары қарай оқу >>

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы: жауынгер тәлімі

15.04.2010

14 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мұражайында ардагерлердің қатысуымен Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған «Жауынгер тәлімі» атты бас қосу рәсімі өтті.
Емен ағашының тамырындай тереңге бойлаған қарашаңырақ - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы мен ҚазҰУ ардагерлер кеңестерінің мүшелері қонақтап қайтты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Студенттік өмір» интернет-порталы іске қосылды

15.04.2010

14 сәуірде мемлекеттің жетекші оқу ордасының бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері «Студенттік өмір» интернет-порталын іске қосты.

ҚазҰУ жастарының интернет-порталы – бұл біздің «Сыныптастар», «Байланыста» және т.б. әлеуметтік желілерге деген жауабымыз дейді студенттер.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласының І Инновациялық конвенті

14.04.2010

2010 жылдың 15 сәуірінде сағ. 10.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында І Инновациялық конвенті өтеді. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың интеллектуалдық ұлт құру қажеттілігі жөніндегі идеясы арқау болды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстанда Орыс тілі мен әдебиетінің фестивалі өтті

14.04.2010

2010 жылдың 12 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың халықаралық білім беру орталығы, ҚазҰУ-дың шетелдік азаматтарға арналған дайындық және филология факультеттерінің ұйымдастыруымен «ТМД және Балтық елдерінің орыс тілі және мәдениет фестивалі» өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да математика, механика, информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша республикалық студенттік олимпиада өз мәресіне жетті

14.04.2010

2010 жылдың 11 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде математика, механика, информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу мамандықтары бойынша студенттер арасында республикалық олимпиада аяқталған еді. Мұндай шараларды ұйымдастырудағы басты мақсат – жастарды білім мен ғылымға баулу.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 05.04.2010 – 10.04.2010

14.04.2010

  • Қазақстанның белгілі ғалымы Д.В. Сокольскийдің 100-жылдық мерейтойы (химфак).
  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Сталиндік кезеңдегі Қазақстанның бірінші басшылары» атты кітаптың тұсаукесері.
  • ҚазҰУ түлегі академик Қ. Құлажанов студенттер шәкіртақысын тағайындады.
  • ҚазҰУ-да «Студенттік отбасы» байқауы өтті.
  • Ұлы Жеңістің 65-жылдық мерейтойы.

Ары қарай оқу >>

Донор күні

14.04.2010

2010 жылдың 14-16 сәуірінде Мемлекеттік қан орталығы мен ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі бірлесе отырып Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Донор күні» акциясын өткізеді.

Үш күн бойы ҚазҰУ-дың Студенттер сенаты кабинетінде (экономика және бизнес факультеті, 3 қабат) студенттер өз еріктерімен қан тапсыра алады. Статистика бойынша еліміздегі ауыр науқастарға күн сайын 100 литрдай қан қажет. Азаматтарымыздың түсінушілігі мен көрсетіп жатқан көмектеріне қарамастан қаншама науқастарға өмірлік қажетті қан жетпей жатады. Донор өткізген әр тамшы қан бір адамның өмірін құтқарып қалуы мүмкін емес пе. Салауатты өмір салтын әрдайым ұстанатын ҚазҰУ студенттері әрқашан әлеуметтік акцияларға белсене ат салысып келеді. Сондықтан студенттеріміз осындай маңызды шарадан тыс қалмай, өз еріктерімен донор қатарына қосылуда.

Семинар «АРБИКОН жобалары: МАРС және ЭПОС»

13.04.2010

2010 жылдың 22 сәуірінде сағат 10-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында АРБИКОНмен (Ресей) бірігіп «АРБИКОН жобалары: МАРС және ЭПОС» семинары өтеді. Семинарға түрлі ведомстволардан кітапхана мамандары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қызметкерлері және мұғалімдері шақырылады.

Мекен жайымыз: Алматы қаласы, әль-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ГУК 6, 2-ші қабат, биология факультетінің үлкен залы.

Семинарға қатысушыларға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасына ақпарат (Аты-жөні, лауазымы, мекеменің атауы) жіберуіңізді сұраймыз.

Байланыс: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, т. 377-33-35 (1272);

Мұсағалиева Гүлжан Мұсаевна, е-mail: mgm07@mail.ru, т. 377-33-37 (1276);

Шомаева Мейркул Турдышовна, е-mail: Meirkul.Shomaeva@kaznu.kz , т. 377-33-36 (1276).

Ары қарай оқу >>

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы және ҚазҰУ Спорт клубының 60 жылдық мерейтойына арналған, «Азиада - 2011» қолдау мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың факультеттері арасында спорт жарыстары өтеді

08.04.2010

2010 жылдың 11 сәуірінде сағ. 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттері арасында спартакиада өтетін болады.

14 факультет арасында өтетін спартакиада биылғы Ұлы Жеңістің 65-жылдығына, ҚазҰУ Спорт клубының 60 жылдық мерейтойы мен «Азиада - 2011» олимпиадасын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Жеңістің 65 жылдығына орайластырылған спорттан факультетаралық жарыс өтеді

08.04.2010

2010 жылдың 11 сәуірінде ҚазҰУ Студенттер сенаты ҚазҰУ спортклубы мен Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының қолдауымен «ҰОС Жеңісінің 65 жылдығына», «Спортклубтың 60 жылдығына» және «Азиада – 2010» орайластырылған факултетаралық спорттан жарыс өткізеді. Аталған іс-шараның мақсаты – студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, факультетаралық қарым-қатынасты одан ары жақсарту, факультеттегі студенттерде командалық рухты көтеру, студенттердің патриоттық сезімдерін ояту, студенттердің демалыс күндерін тиімді өткізуін қамтамасыз ету.

Студенттер өзара ұзындыққа секіру, қол күрестіру, арқан тарту, эстафета сияқты спорт түрлерінен сайысқа түседі. Жеңген командаларды жарысты ұйымдастыру комитеті мақтау грамоталарымен және құнды сыйлықтармен марапаттайды. Турнирлер арасында және жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен кейін ҚазҰУ-дың көркемөнерпаздар клубының студенттері өздерінің өнерлерін көрсетеді.

Жарыс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде 11 сәуір күні сағат 9.00-ден 13.00 –ге дейін өтеді.

«Салауатты ұрпақ» атты жастар акциясы

07.04.2010

Жастар – елдің болашағы, дені сау жастар – жарқын болашақтың гаранты. Дені сау ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске асыру жолында жастардың салауатты ұлт қалыптастыруына деген қарым-қатынасы да маңызды рөл атқарады. Осы себепті де, Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сенаты мен Қазақстан студенттері Альянсы бірлесе отырып, Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, 7-сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Салауатты ұрпақ» атты акция өткізді. Аталған акцияның мақсаты жастар, әсіресе, студенттердің арасында салауатты, белсенді өмір салтын насихаттау. ҚазҰУ-дың спорт кешенінде өткен акцияға Университетіміздің 300-ден аса студенттері қатысып, салаутты өмір салтын ұстану өздерінің өмірлік ұстанымдары екендігін дәлелдеді.

Аңдатпа

07.04.2010

2010 жылдың 12-13 сәуірде Алматы қаласы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «ТМД және Балтық елдерінің орыс тілі және мәдениет фестивалі» өтеді.

Фестивальды Ресей Федерациясының білім беру жөніндегі федеральды агенттігі, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың халықаралық білім беру орталығы, ҚазҰУ-дың шетелдік азаматтарға арналған дайындық және филология факультеттері ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ түлегі студенттерге шәкіртақы бөлді

06.04.2010

Мемлекеттің жетекші жоғары оқу орны, білім және ғылым саласының «қарашаңырағы» атауына талай жылдар бойы лайық атанып келе жатқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бүгінгі таңда Қазақстанның дамуына үлес қосып жатқан белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ұстаздар, топ-менеджерлер мен бизнесмендер түлеп ұшты. Қазақстан мен шетелдегі ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының барлық мүшелері туған университетінің беделін арттыруда жан-жақты қарым-қатынастарды орнатып, нығайтуда атсалысып келеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Фотопублицистер клубы» ашылды

06.04.2010

2010 жылдың 2 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің Баспа ісі және редакциялау кафедрасы салтанатты түрде «Фотопублицистер клубының» тұсауын кесті. Кәсіби мамандардың көпжылдардағы шығармашылық жемістері факультеттегі фотокөрмеде көрініс тапты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 29.03.2010 – 03.04.2010

06.04.2010

  • 2020 жылға қарай ҚазҰУ әлем университеттерінің рейтингісінде жетекші орынды алады деп күтілуде.
  • ҚазҰУ-дың заң факультетінде “Қазіргі кездегі қылмыстық саясат: интеграциялық үдерістер аясындағы оның негізгі бағыттары мен басымдылығы” атты халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференциясы өтті.
  • ҚазҰУ-дың нанотехнологиялық лабораториясы.
  • Мысырда ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының бөлімшесі ашылды.

Ары қарай оқу >>

«WarCraft DOTA» киберспортынан қалалық турнир өтті

05.04.2010

2010 жылдың 4-сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жастар интернет орталығында ҚазҰУ Студенттер сенаты жанындағы Стратегиялық даму орталығының ұйымдастыруымен, «FAB//S» жастар киім үлгісі мен «Legalny» хип-хоп киім дүкенінің қолдауымен «WarCraft DOTA» ойыны бойынша ЖОО арасында калалық сайыс өткізілді. Сайысқа Алматы қаласындағы ЖОО-дан 16 команда қатысты: АЭБИ, Еуразиялық нарық институты, ҚазККА, ҚазҰМУ, Гете атындағы Қазақстан-неміс университеті, Қазақстан қоғамдық университеті, ҚМЭБИ, Халықаралық Бизнес Академиясы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, UIB.

«Блютус» орталығы.

05.04.2010

Әр жұма сайын сағат 19.00-де ҚазҰУ-дың ең алдыңғы қатарлы жастары Жастар интернет орталығында "Блютус" орталығындажиналады. Бұл жерде КТК стденттерінің қалжыңдары, жанды концерттер, ойындар мен кездесулер, конкурстар мен көңіл көтеру шоулары үздіксіз орын алуда. Блютус орталығының құрылғанынан кейін барлық факультеттің әртүрлі курстарының студенттері қатысқан бірнеше кеш ұйымдастырылды. Олар Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған клубтың салтанатты тұсау кесер кеші, Наурыз мейрамы, күлкі күніне арналған көңілді және ән мен қалжынға толы кештер, бұл тек бастамыс ғана екенін де атап өтеміз. «Блютус» орталығының мақсаты ҚазҰУ-дың барлық жастарын біріктіру, студенттерді жақындастыру, жаңа таланттарды ашу, студенттердің бос уақыттарын көңілді өткізулеріне жағдай жасау.

Ары қарай оқу >>

«Блютус» орталығы.

05.04.2010

Әр жұма сайын сағат 19.00-де ҚазҰУ-дың ең алдыңғы қатарлы жастары Жастар интернет орталығында, "Блютус" орталығының кешіндежиналады. Бұл жерде КТК стденттерінің қалжыңдары, жанды концерттер, ойындар мен кездесулер, конкурстар мен көңіл көтеру шоулары үздіксіз орын алуда. "Блютус" орталығының құрылғанынан кейін барлық факультеттің әртүрлі курстарының студенттері қатысқан бірнеше кеш ұйымдастырылды. Олар Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған клубтың салтанатты тұсау кесер кеші, Наурыз мейрамы, күлкі күніне арналған көңілді және ән мен қалжынға толы кештер, бұл тек бастамыс ғана екенін де атап өтеміз. «Блютус» орталығының мақсаты ҚазҰУ-дың барлық жастарын біріктіру, студенттерді жақындастыру, жаңа таланттарды ашу, студенттердің бос уақыттарын көңілді өткізулеріне жағдай жасау.

Ары қарай оқу >>

«Көңіл-күйді 25%-ға көтер!» атты флеш-моб акция!

02.04.2010

Елбасының шәкіртақыны 25%-ға өсіру талабы жүзеге асты. Бүгін Арбатта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Алматы қалалық Қазақстан студенттері Альянсының студенттері үкімет билігіне, ҚР Президентінің ЖОО студенттеріне көрсетіп жатқан үздіксіз қамқорлығы үшін алғыс білдіру мақсатында жастардың «Көңіл-күйді 25%-ға көтер» атты флеш-моб акциясын өткізді. Бүгінгі таңда республикамыздың 98 мың шәкіртақы иегерлері 25 %-ға өскен шәкіртақыны алды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Халықаралық хинди тілінің күні өтті

02.04.2010

31 наурызда ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Үндістан Республикасының мемлекеттік тілі – Халықаралық хинди тілінің күнін атап өтті.
Арнайы шақырылған қонақтардан Қазақстандағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ашок Саджанхар, Үндістан Республикасының Елшілігі жанындағы Үнді мәдени орталығының директоры Винод Кумар, Алматы қаласындағы Үндістан Республикасының Бас консулы Ракеш Кумар Верма қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да қылмысты саясаттың өзекті мәселелері талқыланды

02.04.2010

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қылмыспен күрес мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы мен Қазақстан Криминология ассоциациясының бірлесіп ұйымдастыруымен “Қазіргі қылмыстық саясат: интеграциялық үдерістер аясындағы негізгі бағыттары мен басымдылығы” атты халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Шылым шегуге тыйым салынды

02.04.2010

2010 жылдың 1-сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың Университеттің барлық оқу корпустарында, ғимараттарында және бөлмелерінде шылым шегуге тыйым салатын бұйрығын қолдау мақсатында акция өткізілді. Акцияны ҚазҰУ Студенттер сенаты мен экономика және бизнес факультетінің белсенді студенттері ұйымдастырды. Акцияны өткізу барысында студенттерге Ректордың шылым шегуге тыйым салатын бұйрығының мәтіні бар брошюралар таратылып, Университеттің барлық ғимараттарында салауатты өмір салтын және шылым шегуден бас тартуды насихаттайтын плакаттар ілінді.

Мысырда ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының бөлімшесі ашылды

01.04.2010

Жақында Араб Республикасының астанасы Мысырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығы ашылды. Шетелде қауымдастық бөлімшесінің ашылуы – Каирге ҚазҰУ өкілдерін бастап барған ректор Бақытжан Жұмағұловтың Мысырда білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық студенттермен кездесудің жемісі деп білеміз. Кездесуге Мысырдан, Сирия мен Мороккодан келген ҚазҰУ-дың 50-ден астам студенті Қазақстанның сыртқы және ішкі саяси мәселелерін, тұрмыстық жағдайы мен оқу жүйесін сөз етті.

Ары қарай оқу >>

«Студенттік көктем - 2010» фестивалі

01.04.2010

26 наурызда Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Студенттік көктем - 2010» көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтті. Ректор Бақытжан Жұмағұлов 28 шығармашылық бағытта өнерімен тәнті еткен үздіктерді дипломмен және сыйлықтармен марапттады. Сондай-ақ, фестивальға қатысқан талантты студенттердің шығармашылығын жоғары бағалап, аталмыш шараның ұйымдастырушыларына шексіз алғысын білдірді.

Ары қарай оқу >>

Ярмарка вакансий КазНУ

01.04.2010

19 марта во Дворце студентов У.А. Джолдасбекова состоялась Ярмарка вакансий КазНУ. Желающих найти перспективную работу, познакомиться с потенциальными работодателями, оставить сведения о себе оказалось много. Ярмарку вакансий КазНУ, где были представлены 56 ведущих казахстанских и международных компаний, активно привлекающих на временную и постоянную работу молодых специалистов, посетили более 4000 студентов со всех вузов Алматы.

Ары қарай оқу >>

Совет работодателей КазНУ

01.04.2010

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби, в пятницу, 19 марта, состоялось первое заседание Совета работодателей КазНУ, председателем которого назначен президент НАК «Казатомпром» Владимир Школьник.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 22.03.2010 – 27.03.2010

01.04.2010

  • ҚазҰУ студенттері Алматы облысы Қызылағаш ауылының Ақсу ауданында су тасқынынан жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсетті.
  • Қала әкімі ЖОО ректорларымен жастар мәселесін талқылады.
  • «Студенттік көктем-2010» фестивалі.
  • ҚазҰУ кубогына арналған Брейн-Ринг ойыны бойынша турнир өтті (химия факультеті).
  • ҚазҰУ және «Алматы» баскетбол клубы достасты.

Ары қарай оқу >>

Pages