әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде ҚР Конституциясының 15 жылдық мерейтойына арналған «Ата заң және бүгінгі Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті

31.08.2010

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде ҚР Конституциясының 15 жылдық мерейтойына арналған «Ата заң және бүгінгі Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті. Философия және саясаттану факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Ақтолқын Құлсариева алғы сөз алып, қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа негізгі Ата Заңы бойынша, азаматтардың өз құқықтарын жүзеге асыру үшін және қоғамды әрі қарай демократияландыруға жаңа сапалы құқықтық кеңістік қалыптасты. Бүгінде 15 жылды еңсеріп отырған ата заң еліміздің өркендеуі мен қауіпсіздігінің артуына кепіл болып отыр.

Осы орайда саясаттану кафедрасының меңгерушісі с.ғ.д., профессор Ләйлә Мұрзалықызы: “ҚР егемендік жариялаған жылдардан бастап өзінің ресми саяси бағыты ретінде демократия мен құқықтық мемлекет және нарықтық экономика құруға бағытталған қоғамдық және мемлекеттік қатынастарды реформалауды таңдады. Осы уақыттан бастап елде кеңестік саяси жүйеден жаңа мемлекеттілікке өту бағыттары анықталды. Оның негізі ретінде демократиялық қағидалар басшылыққа алынды. Қазіргі таңда отандық сарапшылар «Қазақстандық феномен» туралы айтуда. Оның мәні қазақстандық саяси даму үлгісі, ал мазмұны Қазақстанның саяси тарихи факторлары. Олар елдің тұтастығының кепілі мен саяси реформалардың сәттілігі болып табылатын мемлекеттің унитарлық сипаты; халықшаруашылық кешенінің әлеуметтік-экономикалық модернизациясы және Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы; саяси тұрақтылық және этникааралық келісім; ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы мәселелеріне объективті және уақытылы жауап беру; көпвекторлы сыртқы саясат және Қазақстанның жаңа геосаяси шынайылығы мен халықаралық аренада дербес субъект ретінде құрылуы” – , деген пікір айтты.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы

31.08.2010

30.08.2010 / 14:31

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жаңа оқу жылы «Көшбасшылар дәрісімен» басталады

АЛМАТЫ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Қыркүйектің 1-індегі жаңа оқу жылы еліміздің бас оқу орны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Көшбасшылар дәрісімен» басталады, деп хабарлайды оқу орнынының баспасөз қызметі.

Басты дәрісті Студенттер сарайында оқу орнының ректоры Бақытжан Жұмағұлов оқиды. Дәріске 750 «Алтын белгі» иегері, 150-ден астам халықаралық олимпиада мен конкурстардың жеңімпаздары, 1000-ға жуық мемлекеттік грант иегерлері, 90 ректор грантының иегері, ұстаздар мен студенттер қатысады.

Ары қарай оқу >>

Визит профессора А. Griewank на механико-математический факультет КазНУ.

29.08.2010

С 31 августа на механико-математическом факультете профессором Andreas Griewank из университета Гумбольдта (Берлин, Германия) читается курс лекций, посвященный численным методом оптимизации. Лекции читаются студентам, магистрантам и учащимся по программе PhD различных специальностей. Это направление, находящиеся на стыке теории оптимального управления и вычислительной математики, чрезвычайно важное как с теоретической, так и с практической точки зрения, является одним из ведущих и бурно развивающихся направлений современной прикладной математики. Помимо этого проводятся консультации для студентов и преподавателей факультета. Профессор Griewank предоставляет также механико-математическому факультету учебно-методическую литературу и программное обеспечение к своему курсу. Можно не сомневаться, что визит нашего гостя из Германии будет полезен студентам и преподавателям факультета.

Ары қарай оқу >>

Оқу жылы қазақстандық және отандық көшбасшы кәсіпкерлік қоғамдастығының дәрісімен басталады

28.08.2010

2010 жылдың 1 қыркүйегі. Еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биылғы оқу жылы көшбасшылық дәрістерімен басталады. Оқу жылын мемелекетте және шет елде кәсіби шеберлігімен танылған тұлғалардың дәріс оқуы жылдан-жылға дәстүрге айналып барады.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 23.08.2010-09.08.2010

28.08.2010

  1. ҚазҰУ-дың химия факультетінде заманауи лабораториялардың тұсаукесері өтті.
  2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың корейтану кафедрасы туралы
  3. ҚазҰУ-дың заң факультетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл: теория мен тәжірибенің мәселелері» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.
  4. ҚазҰУ-ға Түркия үкіметінің серіктестік және даму агенттігінің (TIKA) өкілдері келіп қайтты.
  5. ҚазҰУ-да Бейрут университетінің сыртқы аймақтық бағдарламалар бойынша вице-президенті Хасан Диабтың басшылығымен американдық Бейрут университетінің (Ливан) өкілдері кездесті.
  6. ҚазҰУ-дың ректорлық гранттары берілді.
  7. ҚазҰУ-да ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжоу Ли болып қайтты.
  8. ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Ата заң және бүгінгі Қазақстан» тақырыбында ҚР Конституциясының 15-жылдық мерейтойын арналған «дөңгелек үстел» өтті.
  9. Конституцияның 15-жылдық мерейтойы
  10. Имидждік жарияланымдар
  11. ҚазҰУ ғалымдарының авторлық жарияланымдары
  12. Біздің сарапшылар
  13. ҚазҰУ ғалымдары туралы
  14. ҚазҰУ түлектері туралы
  15. ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Казахстанская правда» общенациональная ежедневная газета Казахстана

28.08.2010

28 августа 2010 года

Получили ректорский грант

Студенческие ряды КазНУ им. Аль-Фараби пополнили 90 обладателей ректорских грантов. Вуз возглавил список лидеров приемной кампании 2010 года – по итогам конкурса на учебу приняты 3200 обладателей государственных грантов.

При этом далеко не все талантливые выпускники с высокими баллами смогли попасть в престижный вуз, потому руководство университета решило дать шанс еще 90 парням и девушкам.

Ары қарай оқу >>

«Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

28.08.2010

28 тамыз, 2010 жыл

Ректор гранты табыс етілді

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор грантының иегерлері анықталды. Биыл оған үміткерлер саны былтырғыға қарағанда бес есе көп. Өткен бейсенбіде оқу орны басшысының грантын жеңіп алған 90 талапкер ҚазҰУ студенті атанды.

Биыл 3200 мемлекеттік білім гранты иегерін оқуға қабылдаған ҚазҰУ жетекші білім ордасы ретінде отандық білім кеңістігіне жанашырлық танытып, тағы 90 балаға ректор грантын тапсырып отыр. Олардың арасында 64 “Алтын белгі” иегері қалғаны – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Талапкерлерге грант тапсыру рәсімінде оқу ордасының ректоры Бақытжан Жұмағұлов: «Бұл үміткерлер мемлекеттік байқау кезінде таңдаған мамандықтарына грант бөлінбей қалғаны үшін жазықты емес. Сол үшін біз – университет ғалымдары, декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы ақылдаса келіп осындай ұйғарымға келдік. Оларға университет жыл сайын 67 млн. қаржы бөледі”, - деген пікірін жеткізді.

Ары қарай оқу >>

«Экспресс-Казахстан» ежедневная общественно-политическая республиканская газета

28.08.2010

28 августа 2010 года

Отдам грант в хорошие руки

90 казахстанских выпускников получили гранты ректора КазНУ имени аль-Фараби. Так вуз решил поддержать абитуриентов, которые, набрали высокие баллы на ЕНТ, но немного не дотянули до заветных цифр, дающих право на бесплатное обучение. В счастливчики записались обладатели «Алтын белгі», победители международных, республиканских олимпиад и научных проектов.

Казахский национальный университет возглавил список лидеров приемной кампании этого года, уже приняв на обучение 3200 обладателей государственных грантников.

– У нас прекрасный набор на первый курс. Но, увы, еще немало талантливых ребят школ осталось за бортом, не попав в наш вуз, о котором мечтали. А ведь это «самородки», и разбрасываться такими талантами было бы крайне неблагоразумно, – считает ректор Бакытжан Жумагулов.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

27.08.2010

24.08.2010 / 18:26

Қазақстан Ата заңының 15 жылдығы - бұл үлкен тарихи оқиға - С. Сартаев

АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл: теория мен тәжірибенің мәселелері» атты тақырыпта алқалы жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында еліміздің жетекші заңгерлері мен саясаткерлері Конституция Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің кепілі, Конституцияны жетілдіру мәселелері, Еңбек теориясы мен тәжірибесі туралы конституциялық қалып, Адам құқығы мен бостандығын конституциялық тұрғыдан қамтамасыз ету және тағы басқа тақырыптар бойынша пікір алмасып, талқылады.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының акдемигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаевтың айтуынша, Қазақстан Ата заңының 15 жылдығы - бұл үлкен тарихи оқиға. «Бұл жерде Елбасының рөлінің маңыздылығын атап өткім келеді, өйткені 15 жыл бұрын халықаралық кеңістіктегі Қазақстан жайлы ешкім айтпаған. Сондықтан тап бүгінгі деңгейге елді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шығарды деп санаймын», дейді С.Сартаев.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

27.08.2010

24.08.2010 / 19:12

Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттігінің (TIKA) делегациясы ҚазҰУ-да болды

АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде жақында Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттігінің (TIKA) делегациясы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш Басқарманың әлемнің 20 елінде бөлімшелері бар. Олар Африка, Азия, Еуропа елдерінде жұмыс істеуде.

Келген делегация құрамында Қазақстандағы TIKA жетекшісі әрі бағдарлама үйлестірушісі Омер Коджаман, Бас басқарманың минералды ресурстарды зерттеу және іздеу жұмыстары бойынша жетекшісі Мехмет Узер және тағы басқалар бар.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

27.08.2010

24.08.2010 / 19:27

Бейрут университетінің өкілдері ҚазҰУ-ға келді

АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін ҚазҰУ-ге Бейрут университетінің өкілдері келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейрут университеті өкілдері қатарында аталмыш оқу орынның сыртқы аймақтық бағдарламалар бойынша вице-президенті Хасан Диаб пен оның көмекшісі Джордж Фараг және медицина факультетінің деканы Гассан Химаде бар.

Қонақтарды ҚазҰУ-дың Оқу жұмысы жөніндегі проректоры Мұрат Орынханов қарсы алып, оларды еліміздегі үздік жоғары оқу орынның жеткен жетістіктерімен таныстырып, ерекшеліктері жайында баяндап берді.

Ары қарай оқу >>

Ректор гранты табыс етілді

27.08.2010

26 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор грантының иегерлері анықталды. Биыл ректор грантының иегері былтырғыдан қарағанда бес есе артып, 90 балаға ҚазҰУ ректорының гранты табыс етілді.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

25.08.2010

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

24 тамыз, 2010 жыл

Қарашаңырақта жаңа оқу зертханасы ашылды

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жақында ғана ашылған химия факультетінің жаңа зертханасының тұсауы кесілді. Зертхананы ашқан университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов қарашаңырақ ұстаздары мен студенттерін осы бір мерейлі іс-шарамен құттықтады.

-Биыл талапкерлерді қабылдау науқанында ҚазҰУ 3200 мемлекеттік білім грантын иеленіп, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында рекордтық нәтиже көрсетті. Ал химия факультеті оқуға 405 білімгерді мемлекеттік білім гранты негізінде қабылдады. Оның 36-сы «Алтын белгі» иегері. Бір айтарлығы, бұл факультет кейбір мамандықтар бойынша жалпы мемлекеттік тапсырыстың  50 пайызына ие. Еліміздің жетекші университетінің ендігі бағындырмақ белесі -  қазақстандық жоғары оқу орындары арасында бірінші болып әлемдік үздік рейтингке ену, - деп атап өтті ректор тұсаукесер салтанатында.

Ары қарай оқу >>

Конституция – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі

25.08.2010

24 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы, мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедралары бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл: теория мен тәжірибенің мәселелері» атты тақырыпта алқалы жиын өткізді. Алқалы отырысты ҚазҰУ-дың Даму және құқықтық мәселелері жөніндегі проректоры Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы басқарды. Жиында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми академиясының академигі, з.ғ.д.., профессор С.С.Сартаев, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми академиясының академигі, з.ғ.д.., профессор С.Н.Сабикенов бастаған отандық жетекші заңгерлер мен саясаткерлер ата заң төңірегінде пікір алмасып, ой бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетінде 1 курсқа түскен студенттермен және ата-аналарымен кездесу болды.

25.08.2010

25.08.2010ж. сағ. 14:00 механика-математика факультетінде 1 курсқа түскен студенттермен және ата-аналарымен кездесу болды. 421 мемлекеттік грант иегерлерінің ішінде 76 «Алтын белгі» иегері, 26-сы халықаралық олимпиада және ғылыми жобаның иегері.

Грант иегерлерін механика-математика факультетінің деканы Бектемесов Мақтағали Әбдімажітұлы оқуға түсулерімен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар 1 курс студенттері эдвайзерлерімен танысып, оқу үрдісі жөнінде талқылады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ға Бейрут университетінің өкілдері келді

24.08.2010

24 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне американдық Бейрут университетінің өкілдері келді. Олардың қатарында Бейрут университетінің сыртқы аймақтық бағдарламалар бойынша вице-президенті Хасан Диаб пен оның көмекшісі Джордж Фараг және медицина факультетінің деканы Гассан Химаде бар. Шетелдік әріптестерді ҚазҰУ-дың Оқу жұмысы жөніндегі проректоры Орынханов Мұрат Кәдесұлы қарсы алды.

Ары қарай оқу >>

Заманауи зертханалар әлемдік маман қалыптастырады

23.08.2010

23 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінде заманауи үлгідегі 15 шақты оқу зертханасының тұсауы кесілді.

2010 жылы «ҚазҰУ-дың Үздік факультеті» байқауында жеңімпаз атанған химия факультеті 2010-2011 оқу жылын да толағай жетістікпен бастады.

Аталмыш факультет мемлекеттік білім гранты негізінде оқуға қабылдаған 405 білімгердің 36-сы «Алтын белгі» иегері. Сонымен қатар факультет кейбір мамандықтар бойынша жалпы мемлекеттік тапсырыстың 50 пайызын иеленді.

Былтыр ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев химия факультетінің жаңа оқу ғимаратының тұсауын кескен болатын. Ал бұл жылғы жаңа оқу үдерісінде химия факультеті соңғы үлгіде жабдықталған заманауи 20 шақты ғылыми-оқу зертхананың ашылуына куә болды.

Осы орайда университет ректоры, академик Бақытжан Тұрсынұлы:

- «Химиялық зерттеулер үшін қолайлы болып табылатын жаңа құралдармен жабдықталған бұл факультет жаңа мыңжылдықта бәсекеге қабілетті маман-кадрлар дайындап шығатынына сенімдіміз. Заманауи үлгідегі зертханалар мен аудиториялар Интеллектуалды ұлтты дайындауға да өз үлесін қосады деп ойлаймын. Біздің еліміздің әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін біз мықты мамандар дайындауымыз керек. Ендеше бүгін химия факультетінде ашылып отырған зертханалар химия саласының мықты ғалымдары мен мамандарын дайындауға себеп болады», деген пікірін ортаға салды.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттік делегациясы келді (TIKA)

21.08.2010

19 тамызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттік делегациясы келді. (TIKA). Ынтымақтастық және дамыту жөніндегі Түркиялық ірі Басқарманың әлемнің 20 елінде бөлімшелері бар. Олар Африка, Азия, Еуропа елдерінде жұмыс істейді.

Делегацияны Қазақстандағы TIKA жетекшісі, бағдарлама үйлестірушісі Омер Коджаман, Бас басқарманың минералды ресурстарды зерттеу және іздеу жұмыстары бойынша жетекшісі Мехмет Узер және оны орынбасары Джошар Юсуф Зия, сонымен бірге аталмыш басқарманың жетекші инженері Сумер Энгин Онджу басқарды.

Ары қарай оқу >>

“Ана тілі” Ұлт газеті

19.08.2010

19 тамыз, 2010 жыл

Қазақ ғылымының Құралайы

Отбасын гүлдендірген әрі өзін де, қазіргі заман тілімен айтқанда, тұлға ретінде таныта білген әйелдер некен-саяқ. Замана көшінен қалмай, іскерліктің үдесінен шыққан сондай жанның бірі – жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі, профессор Құралай Аққошқарова. Әрине, бүгінде алпысқа аяқ басқан қағілез апайымыздың өмірлік жолына көз жіберген болсақ, талай тәлім-тәрбие алар тұстарды тапқан болар едік.

Әлқисса, өткен жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 75 жылдық мерекенің құрметіне дүбірлі думандарды бірінен соң бірін өткізгені белгілі. Сондағы ең бірінші “акорд” университет көлемінде үздік оқытушылар шеруімен басталған-ды. Яғни үздік оқытушыларға университет ректоры өз қолымен әл-Фараби атындағы Үлкен алтын медаль мен “Университетке сіңірген ерен еңбегі үшін” күміс медалін табыстады. Олардың арасында еліміздің ардақты ақсақалдары Сұлтан Сартаевтың, Тұрсынбек Кәкішевтің Әбілфайыз Ыдырысовтың, Уахит Шәлекеновтің болуы – заңды құбылыс. Ал осындай әрқайсысы асқар таудай ағалардың арасында қазақтың дарынды үш қызы Мая Шығаева, Гүлнар Надирова және Құралай Аққошқарова да болған еді.

Ары қарай оқу >>

18 тамыз – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Бақытжан Жұмағұловтың туған күні.

18.08.2010

Құрметті Бақытжан Тұрсынұлы!

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Сізді шын жүректен туған күніңізбен құттықтайды!!!

Сіздің жетекшілігіңізбен соңғы аз ғана уақытта университет түбегейлі өзгеріп жаңа белеске көтерілді. Университет сенімді түрде жалпыұлттық, институтаралық және тәуелсіз рейтингтердің көшін бастап келеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да оқуға жаңа мүмкіншілік

14.08.2010

Биыл ҚазҰУ-дың студенттері мен талапкерлері Мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша Қаржы орталығы ұсынған білім беру несиелерімен пайдалана алады.

Қаржы орталығының бөлімшелер желісі арқылы кез-келген студент, талапкер республиканың барлық аймақтарында білім беру несиесін ала алады. Ұзақ мерзімді несиені түгелдей оқу мерзімінде оқу үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» немесе БҰТ-та 50 балдан кем емес көрсеткішке қол жеткізген талапкерлер, күндізгі бөлімде ақылы түрде білім алып жатқан студенттер мен магистранттар пайдалана алады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ Корея Республикасының жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік байланыста

13.08.2010

13 тамыз 2010 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Кореяның Мокпо ұлттық университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында аталмыш университеттің электро энергия факультетінің профессоры Ли Джин, Пак Су Ен; IT технология және электроника факультетінің деканы Со Сун Юль, электоро энергия факультетінің профессоры Ким Чанг сан, электро энергия факультетінің деканы Шин Хен-ын, Алматыдағы Корея Республикасы Елшілігінің жетекшісі, Бас Консул, елшіліктегі экономикалық департаменттің директоры Джун Ен-куон бар.

Мокпо ұлттық университеті 1946 жылы құрылған. Университетте 6 факультет бар, бұл факультеттерде 9000-нан аса бакалавр білімгері мен 785 магистрант білім алуда. Сонымен қатар, Макпо ұлттық университеті 13 шетелдік жоғары оқу орынымен әріптестік байланыс орнатып, студенттерді алмасып оқыту бағдарламасын жүзеге асырады. Шетелдік студенттер құжаттарын бакалавр жүйесіне, магистр академиялық дәрежесіне немесе кәріс тілін оқу курстарына тапсыра алады. 1946 жылдың қазан айында Мокпо педагогикалық метебі ашылды. Соңғы бірнеше жылдар ішінде бұл мектеп Мокпо педагогикалық институты деңгейіне дейін көтерілді.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

13.08.2010

11 тамыз, 2010 жыл

ҚазҰУ - тағы да алда

Бір ғана жоғары оқу орнындағы 3200-ге жуық грант – қазақстандық білім кеңістігіндегі бұрын-соңды болмаған үздік көрсеткіш.

Қазақстандық мыңдаған мектеп түлектерін екі айға жуық мазалаған сұрақ «қай оқу орнынан білім алу?» еді. Өмірлерінде ең маңызды қадамға шешім қабылдай отырып, жастар білім сапасына, ЖОО беделіне, сонымен қатар болашақта жұмысқа бірден орналаса алу мүмкіндігі сияқты талаптарға терең мән береді. Бұл жылы мемлекеттік грант иегерлері болып табылатын белсенді жастардың басты таңдаулары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне бұрды.

Еліміздің жетекші университеті тағы бір кезек өзінің білім тереңдігін дәлелдеп, беделін паш етті. Оқуға түсушілер санының рекордтық көрсеткіші – Қазақстан университеттері үшін жаңа бастама тәрізді. 3200-ге жуық грант иегерлерін оқуға қабылдаған ҚазҰУ көшбасшылыққа жетті. Сонымен бірге ҚазҰУ оқуға 700-ге жуық «Алтын белгі» иегерін және 150-ден астам халықаралық олимпиада жеңімпазын қабылдады. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Бұл - ҚазҰУ ел сенімі мен үмітін ақтайтын, бәсекеге қабілетті маман-кадрлар дайындайтын қазақстандық жетекші білім ордасы екендігінің тағы бір көрінісі.

Ары қарай оқу >>

"Литер" Республиканская ежедневная газета

13.08.2010

11 август, 2010 год

КазНУ снова впереди

Более 3200 грантов в одном вузе – новый рекорд казахстанского образования

В течение двух летних месяцев вопрос, куда пойти учиться, не давал покоя тысячам казахстанских абитуриентов. Принимая жизненно важное решение, молодежь выбирает качество образования, престижность ВУЗа и гарантии трудоустройства. В этом году абсолютное большинство «золотой молодежи» - обладателей государственных грантов – отдали предпочтение Казахскому национальному университету имени аль-Фараби.

Главный вуз страны в очередной раз подтвердил свое звание. Рекордные показатели по количеству поступивших на грант абитуриентов – новая планка лучшего университета Казахстана. Лидирующие позиции КазНУ занял с отрывом от ближайшего преследователя почти в 1000 грантников. Кроме того, КазНУ принял на обучение около 700 обладателей «Алтын белги» и свыше 150 призеров международных олимпиад.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ – мемлекеттік оқу гранты бойынша да көшбасшы!

11.08.2010

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 3200 білім гранты иегерін, оның ішінде 700-ге жуық «Алтын белгі» және 150-ден жоғары халықаралық олимпиада жеңімпаздарын оқуға қабылдап, бұл жылы да қабылдау науқанының көшбасшысы танылды. Қазақстандық жоғары оқу орандары тарихында бұрын сонды мұндай жетістік кездеспеген...

Ары қарай оқу >>

«Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)» Ұлттық компаниясы

10.08.2010

09.08.2010 / 19:36

Мемлекеттік білім гранттарына ие болуға өтініштер қабылдау нәтижелері бойынша ҚазҰУ көштің басында келеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - ҚазҰУ гранттар саны бойынша көштің басында келеді. Биылғы жылы ҚазҰУ-да мемлекеттік гранттар бойынша 3104 студент білім алады. Оның ішінде 500-і - «Алтын белгі» иегерлері, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Ары қарай оқу >>

«Ана тілі» Ұлт газеті

06.08.2010

ҚазҰУ олимпиадасы - республикалық мәртебеге ие

Өткен жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2586 мемлекеттік білім гранты иегерін оқуға қабылдап, қабылдау науқанының көшбасшысы танылған болатын. Олардың басым көпшілігі - «Алтын белгі» иегерлері және ерекше үлгідегі аттестат пен халықаралық олимпиада жеңімпаздары. Биылғы жылы да ҚазҰҰ қабылдау науқаны қортындысында өте сәтті көрсеткішке жетіп, былтырғы көшбасшылық беделін сақтап қалар деп үміттенуге болады. Еліміздегі ЖОО арасында бірінші болып ҚазҰУ Қазақстан үшін жоғары оқу орындарына сапалы студенттерді тарту концепциясын қолға алған болатын. Студенттік контигентті тарту үшін жаңа стратегия жасалынды. Осы бастама аясында осымен екінші кезек Қазақстанның 14 облысында ҚазҰУ-дың «әл-Фараби» пәндік олимпиадасы өтті. Бұл кезде арнайы жасақталған көшпелі комиссия университетке ең дарынды, ең қабілетті мектеп бітіруші түлектерді тарту үшін аянбай еңбек етті. Бір айта кетерлігі, осы жылдан бастап «әл-Фараби» олимпиадасы республикалық мәртебе иеленіп, олимпиада жеңімпаздарының табысы халықаралық беделді олимпиада жеңісімен теңелді.

Абитуриенттер таңдауына оң бағыт беру үшін әр факультетте кеңес орталығы ашылған. Сонымен қатар, декан сағаты, факультеттер тұсаукесері ұйымдастырылуда. Бұл шара барысында болашақ студенттер факультет декандарымен кездесіп, өздерін қызықтырған сан түрлі сауалдарына жауап алып, университет тынысымен толық таныса алады. Сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтың қызығы мен студенттерге жасалынған жағдайлар жайымен хабардар болып, ҚазҰУ-дың студенттік өмірімен танысады. Сонымен қатар, ҚазҰУ-ға құжат тапсырған қазұулық талапкерлер Алматыдағы үлкен интернет орталығы болып саналатын университеттің 300 заманауи компьютер техникаларымен, компьютер бағдарламаларымен жабдықталған интернет жастар ораталығында күніне 1 сағат интернет желісін өз қажетіне тегін пайдалана алады.

Ары қарай оқу >>

«Түркістан» халықаралық саяси апталық басылым

06.08.2010

5 тамыз, бейсенбі, 2010 жыл

Кездесу

Соңғы күндерi ашық болған Алматының аспаны таңертеңнен берi қобалжыған көңiл-күйiмдей түнерiп тұрып алды. Осыдан екi апта бұрын жиырма жыл бұрын бiрге оқыған курстастар жиналып, 18-маусымда кездесуге уағдаласып, оны қалай өткiзетiнiмiздi талқылағанымызда iшiмнен қатты толқып едiм. Қалай толқымайсың? Толқымайтын, толқытпайтын сәт пе, бұл...

Студенттiк шақ адамның өмiрiнде екiншi рет қайталанбайтын дариға-дәурен ғой, шiркiн! Нұрлы шуақ сыйлаған сол жылдардағы достарыңмен кездесiп, "махаббат қызық мол жылдарды" еске алғаннан артық ғанибеттiң жоқ екенiн шын жүрегiммен сезiнгендеймiн. Әдеттегiдей ерте тұрып, университеттiң алдына белгiленген уақыттан бiр сағат бұрын келдiм. Уақыт өткiзу үшiн сол маңдағы саябақта сүт пiсiрiм уақыттай серуендедiм. Бiр әдемi самал жел есiп, гүлдердiң хош иiсi келедi. Жанымды бiр сағыныш сезiмi кернейдi.

Ары қарай оқу >>

Оқу жылы қазақстандық және халықаралық бизнес-қоғамдастық көшбасшыларының дәрісімен басталады

05.08.2010

Еліміздегі жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу жылы 1 қыркүйекте – қазақстандық және халықаралық бизнес-қоғамдастықтың жетекші көшбасшыларының дәрісімен басталады, деп хабарлайды Мансап Секторы. Бұл айтулы дәріс көшбасшылыққа жету, басқару, көшбасшылық келбеті сияқты түрлі тақырыптармен ерекшеленбек.

Ары қарай оқу >>

Литер неделя

05.08.2010

КазНУ им. аль-Фараби приглашает лучших!

С 10 по 25 августа в Казахском национальном университете имени аль-Фараби идет подготовка к зачислению первых студентов. В первый приказ о зачислении войдут обладатели знака «Алтын белгi», победители олимпиады «Аль-Фараби», международных и республиканских олимпиад, научных конкурсов и соревнований.

Ведущий национальный университет всегда поддерживает и дает шанс целеустремленной и талантливой молодежи, всем обладателям знака «Алтын белгi» предоставляется грант на обучения в КазНУ. Это в очередной раз подтверждает, что в КазНУ ведется качественный подбор студенческого контингента.

Ары қарай оқу >>

АЙҚЫН апта

05.08.2010

ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жұмысының маңызды бағыттарының бірі – ШЫҰ мүшелерінің білім беру саласындағы реформа мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуы қарастырылған интеграциялық үдерістерді қолдау мен дамыту, мемлекеттік үлгідегі білім беру құжаттарының эквивалентін орындау мен мойындау механизмдерін құру. Оқу орындары арасындағы арнайы келісім аясында дамып отырған білім беру саласындағы ынтымақтастық.

Білім саласында қойылған міндеттерді шешуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университеті құрылды. Білім ордасының негізгі мақсаты – ШЫҰ барлық елдерінде бес қажетті мамандықтар «Аймақтану», «Энергетика», «Экология», «Нанотехнология» және «Ақпараттық технологиялар» бойынша мамандардың жаңа ұрпағын дайындау болып табылады.

Біздің университет Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті экология, нанотехнология, аймақтану бағыты бойынша базалық жоғарғы оқу орны ретінде танылды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)» Ұлттық компаниясы

05.08.2010

ҚазҰУ-дің грант бөлімінде білім алатын талапкерлер саны өткен жылдағыдан артып отыр

АЛМАТЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылы ҚазҰУ-діңгрант бөлімінде оқуға талап білдіргенқұжат тапсырушылардың саны өткен жылдағыдан анағұрлым артып, 5277 адамға жетті.

Бұл жайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекеттік кабылдау комиссиясының төрағасы Зулфұхар Ғайыпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ға іс-сапармен Малайзия технологиялық университетінің делегациясы келді

04.08.2010

2010 ж. 28 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға іс-сапармен Малайзия технологиялық университетінің делегациясы келді. Делегация құрамында халықаралық байланыс және академиялық сұрақтар бойынша проректордың орынбасары профессор, д-р Мохд Азрая Касим; академиялық маркетинг жөніндегі директор орынбасары доцент, д-р Нордин Яхайя болды. ҚазҰУ тарапынан оқу жөніндегі проректор Орынханов М., халықаралық ынтымақтастық департаментінің директор қ.а. Болатхан М., биология факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ережепов А. қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылуға дайындық

04.08.2010

ҚазҰУ студенттерінің қатарына қосылуға дайындық тамыздың 10-20 күндері аралығында өтеді. ҚазҰУ студенттерінің қатарына ену бойынша бұйрыққа алғашқы болып «Алтын белгі» иелері, «Әл-Фараби», халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары кіреді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың студенттері Грецияда да дипломдарды иеленуде.

03.08.2010

Өткен демалыста Кипарисияда (Греция) университеттердің волонтерлары арасында жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық турнир өтті. Турнирдың димпломын экономика және бизнес факультетінің 4 курс студенті Ермұрат Жамалбаев жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық салық салу саласында жұмыс істеу үшін ҚазҰУ-дың ең үздік түлектері керек.

03.08.2010

Халықаралық салық салу саласында жұмыс істеу үшін ҚазҰУ-дың ең үздік түлектері керек. Бұл туралы KPMG компаниясының HR–маманы Дариға Кенбаева экономика және бизнес факультеті деканының орынбасарымен кездесу барысында хабарлады.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 26.07.2010 – 31.07.2010

02.08.2010

  • Құжат қабылдау жұмысы қызып тұр!
  • Жыл сайынғы VII онкүндік «АҚШ, НАТО және Орта Азия елдерінің аймақтық қауіпсіздік саласындағы әріптестігі» жазғы мектебі өз жұмысын бастады.
  • Беспорное лидерство. Рейтинги вузов: КазНУ им. Аль-Фараби лучший из лучших!
  • ҚазҰУ ғалымдарының авторлық жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Мен – ҚазҰУ-дың түлегімін!» фотобайқауы мәресіне жетті.

02.08.2010

«Мен – ҚазҰУ-дың түлегімін!» фотобайқауы қортындыланды. Фото байқаудың жұмысы қайталанбас ерекшелік, эксклюзив, күрделілік, ойдың аяқталуы бойынша бағаланды. Кәсіпқой карьера бойынша автордың әуесқой қолтаңбасы ескерілді. Байқау жұмыстары 2010 жылы шілденің 9-21 күндері аралығында сұрыпталды. Байқауға қатысу үшін 200 мәлімдеме қабылданған. Мәлімдемелерге мансап секторы төрағалық жасап, жеңімпаздарды анықтады.

Ары қарай оқу >>

Pages