Жұмыс берушілердің Foundation – Онлайн курстары

31.01.2011

Құрметті ҚазҰУ түлегі, студенті! ҚазҰУ Жұмыс берушілерінің - Foundation - Онлайн курстар жаңа жобасы басталады. Online K-Foundation жоба арқылы үш ай аралығында ірі халықаралық компания жұмысына дайындық жүргізіледі. Қажеттілік – Интернет желісіне шығу мүмкіндігі.

«K-Foundation» Бағдарламасы келесі блоктардан тұрады:

  • · МСФО-ға кіріспе, батыс есебі және қазақстандық салық салу негіздері;
  • · қаражаттық талдау және бірлескен қаржы;
  • · іскер ағылшын тілі;
  • · іскер хат, презентация өткізу дағдылары, уақытпен басқару, іскер дресс-код және т.б.;

Online K-Foundation-ға қатысу тегін.

Оқыту Интернет желісінде ғашықтан өтеді.

Бағдарлама үш айға созылады. Сіздерге уақытыңызды жүйелі қолдану мақсатымен оқытылатын курстардың күнтізбелік жоспары ұсынылады.

Ары қарай оқу >>

Национальная компания «Казахское информационное агентство (Казинформ)»

31.01.2011

Такое открытие Азиады должно подвигнуть наших спортсменов на победу - заслуженный тренер РК О. Андарбаев

АЛМАТЫ. 31 января. КАЗИНФОРМ /Сара Мустафина/ - Открытие Азиады-2011, проведенное на таком высочайшем уровне, должно повлиять на настрой наших спортсменов, подвигнуть их на достижение высоких результатов. Об этом корреспонденту Казинформа сказал доцент кафедры физвоспитания КазНУ им аль-Фараби, заслуженный тренер РК по мини-футболу Олжабек Андарбаев.

«Даже в трансляции по телевидению церемония открытия игр была яркой, интересной, торжественной. Зрелище - фантастическое. Поразили размах и идея программы, отразившей духовность казахского народа, его богатейшую историю и традиции, живописную природу. А огромный зал и использование последних технических достижений шоу-индустрии только подчеркнули величие и мощь нашей страны. Меня переполняло огромное чувство гордости за родной Казахстан. Думаю, такие же ощущения испытали миллионы граждан нашей страны. Мы ждем от наших спортсменов только побед», - отметил О. Андарбаев. У него не раз возникало желание вслед за зрителями церемонии, которые видели ее воочию в Астане, скандировать: «Алга, Азиада, алга, Казахстан!».

Ары қарай оқу >>

Национальная компания «Казахское информационное агентство (Казинформ)»

31.01.2011

28.01.2011 / 15:36

Забота о многонациональном народе позволила стране стать территорией стабильности - Наталья Ем

АЛМАТЫ. 28 января. КАЗИНФОРМ /Сара Мустафина/ - В становлении любого государства именно человеческий фактор является главным знаменателем успеха и стабильности. И лидер нашей страны в трудный период построения гражданского общества сделал ставку именно на этот фактор. Об этом корреспонденту Казинформа сказала заведующая кафедрой корееведения КазНУ им. аль-Фараби Наталья Ем.

Сегодня она вместе со своими коллегами и студентами вуза просмотрела прямую трансляцию выступления Главы государства и приняла участие в обсуждении поставленных им в новом Послании народу задач.

По ее словам, с учетом уникальности этнического состава, исторического развития нашей страны, Н. Назарбаевым была разработана национальная стратегия, определена казахстанская модель национальной идентификации граждан. Пристальное внимание и забота Главы государства о многонациональном народе страны с его поликультурностью и поликонфессиональностью позволили нашей стране стать той территорией стабильности на постсоветском пространстве, которая сегодня является инициатором мировых интеграционных процессов.

Ары қарай оқу >>

Национальная компания «Казахское информационное агентство (Казинформ)»

31.01.2011

28.01.2011 / 18:06

Наступивший год является особенным в истории РК - мнение политолога

АЛМАТЫ. 28 января. КАЗИНФОРМ /Сара Мустафина/ - Наступивший год - особенный в истории нашей страны. Об этом корреспонденту Казинформа сказала доктор политических наук, профессор факультета философии и политологии КазНУ имени аль-Фараби Алия Балапанова.

Это и VII зимние Азиатские игры, десятилетие ШОС и председательство в ней Казахстана, а также председательство в министерской конференции Организации «Исламская конференция», 50-летие первого полета человека в космос, проведение IV Съезда лидеров мировых и традиционных религий в Астане, 20-летие со дня закрытия Семипалатинского ядерного полигона, независимости РК и образования СНГ. «Естественно, это и ответственность, и престиж, и гордость каждого гражданина Казахстана, этот год по инициативе Президента страны Н. Назарбаева пройдет под девизом «20 лет мира и созидания», - подчеркнула А. Балапанова.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 24.01.2011- 29.01.2011

31.01.2011

  • ҚазҰУ-да бейүкіметтік ұйым жетекшілерімен кездесу өтті.
  • ҚР Президентінің Халыққа жолдауы
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Біздің ғалымдар туралы
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

31.01.2011

Елбасының биылғы халыққа Жолдауы барысында ел экономикасының қазіргі жай-күйі толық сараланды - Е. Оңғарбаев

АЛМАТЫ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Елбасының биылғы халыққа Жолдауы барысында ел экономикасының қазіргі жай-күйі толық сараланып, Үкімет пен Парламентке, жалпы бүкілқоғамның алдынажаңа міндеттер мен мақсаттар қойылды.

Бұл жайында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химия факультетінің деканы Ердос Оңғарбаев ҚазАқпарат тілшісіне өз пікірін білдірді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

31.01.2011

Елбасының сындарлы саясатының негізгі басымдылығы - ортақ мүдде, бірлік, татулық, бейбітшілікке үндейді - С.Әлімбекова

АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы халыққа Жолдауы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз" атануы тегін емес.

Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының негізгі басымдылығы - ортақ мүдде, бірлік, татулық, бейбітшілікке үндейді. Бұл жайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспасөз қызметінің жетекші маманы Саягүл Әлімбекова ҚазАқпарат тілшісіне пікір білдіру кезінде айтты.

С. Әлімбекова Президенттің биылғы Жолдауда еліміздің білім беру ісі 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келе жатқандығын баяндағанын айтады. «Елбасы өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейгендігін, осы жылдары 750 жаңа мектеп салынғандығын, сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекеме, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылғандығын айтты. Бұл көрсеткіштер, әрине Елбасының білім және ғылым, ағартушылық салаларына үлкен мән беріп отырғандығын көрсетеді», -дейді С.Әлімбекова.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

31.01.2011

Елбасының халыққа Жолдауы Тәуелсіз ел дамуының айқындамасы – профессор

АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауын аса бір зейін қоя тыңдап, зор рух алдық.

Жолдау мемлекетіміздің, еліміздің дамуының жолдарын жан -жақты айқындаған, алдағы жарқын мақсаттарымызды терең айшықтап берген көрегендік жолбасшылығымен ерекшеленеді. Бұл жайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманов ҚазАқпарат тілшісіне пікірін білдіру кезінде айтты.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

31.01.2011

Я горда достижениями своей страны за 20 лет - профессор Л.Ахметова

АЛМАТЫ. 28 января. КАЗИНФОРМ /Екатерина Ионова/ - С большим вниманием я выслушала сегодня Послание Президента народу Казахстана и очень горда за свою страну, за родной Казахстан, достигший невероятных успехов за 20 лет независимости. Об этом корреспонденту Казинформа сказала президент Алматинской конфедерации неправительственных организаций «Әріптес», заведующая кафедрой «ЮНЕСКО» Казахского национального университета им.аль-Фараби Ляйля Ахметова.

Ары қарай оқу >>

Педагогикалық мамандықтар түлектерінің бос орындары.

29.01.2011

Құрметті түлектер, Мансап секторы және Қазақстан Республикасының білім Басқармалары білім ұйымдарының тапсырысы бойынша (мектеп, лицей, колледж) қалалық және ауыл жерлерінде педагогикалық мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуды ұсынады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ РОӘК секциясының кезекті мәжілісін өткізді

29.01.2011

28 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның жоғары оқу орындары проректорларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары секциясының кезекті мәжілісі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Мұтанов Ғалымкайыр Мұтанұлы басқарып отырған РОӘК секциясы қазіргі таңда еліміздің басты 22 жоғары оқу орынын біріктіріп, республикамыздың 117 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарына жетекшілік етеді.

Мәжіліс барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев «Классикалық университеттің зерттеу университетіне айналуы» атты тақырыпта баяндама жасады.

Ары қарай оқу >>

Национальная компания «Казахское информационное агентство (Казинформ)»

29.01.2011

29.01.2011 / 12:17

Мы приложим все усилия, чтобы Казахстан стал еще лучше - студенты КазНУ им. аль-Фараби

АЛМАТЫ. 29 января. КАЗИНФОРМ /Айгуль Турысбекова/ - Как говорил один философ: «Прошлое и настоящее - наши средства, только будущее - наша цель». Поставив во главу угла светлое будущее Казахстана, Президент страны в своем Послании озвучил новые цели и задачи, которые предстоит решать нам всем воимя процветания родного государства, сказала корреспонденту Казинформа студентка факультета международных отношений КазНУ им. аль-Фараби, председатель студенческого совета общежития №1, президентский стипендиат Асем Урынгалиева.

«Для Казахстана прошлый год был примечателен вступлением в Таможенный союз, председательством в ОБСЕ и саммитом в Астане. Но нельзя останавливаться на этом, мы должны идти вперед и достигать новых вершин», - заявила отличница учебы.

Ары қарай оқу >>

"Литер" ежедневная республиканская общественно-политическая газета

29.01.2011

Стратегические цели

– Очередное послание президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана, как всегда, поразило глубоким анализом работы за прошедший год и мудрой политикой, представленной в задачах перед правительством и общественностью до 2020 года. Значительную часть своего выступления глава государства посвятил вопросам модернизации социальной политики страны, что вызвало горячую поддержку всего населения Казахстана.
Одна из основных сфер реализации государственной социальной политики – образование, которое сегодня в динамично меняющемся мире является основным человеческим капиталом. И наш президент постоянно обращает внимание на необходимость непрерывного совершенствования образовательной системы – от дошкольной до послевузовской.

Ары қарай оқу >>

Игі бастама өз жалғасын тапса екен...

29.01.2011

Соның бір айғағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұжымы қаңтар айының 26 - сы күні университеттің Ғылыми кітапханасымен бірлесе өткізген кафедра ұжымының авторлары еңбегін таныстыруына арналып дайындалған семинары.

Ары қарай оқу >>

Елбасы жолдауы ҚазҰУ ұжымының назарында

28.01.2011

“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылы халыққа үндеген кезекті жолдауы. Қазақстан Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде болашаққа деген асуларды ел бірлігінің жарасымымен, халықтың татулығымен бірге бағындырып келеді. Осы орайда, кезекті жолдаудың мұндай атауды иеленуінің де үлкен мәні бар. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының негізгі басымдылығы ортақ мүдде, бірлік, татулық, бейбітшілікке үндейді.

Жыл сайын әр жолдау Қазақстанның болашағы мен айқын мақсатына жарқын бағыт беріп, атқарылған істерді таразыға алады. Биылғы жолдауда президент тілге тиек еткендей, еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Сонымен қатар, ел басшысы өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейгендігін, осы жылдары 750 жаңа мектеп салынғандығын, сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекеме, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылғандығын айтты. Бұл көрсеткіштер, әрине Елбасының білім және ғылым, ағартушылық салаларына үлкен мән беретіндігінің үлесі. Сонымен қатар, халық денсаулығы әрқашан жолдау тақырыбында өзектілікке ие болуы тұрғындардың қуанышын жасырмайды. Мәселен, жолдауда айтылғандай тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатының жақсарып, өмір жасының ұзаруына үлес қосып отыр. Бұл жолдауда белгілі болғандай экономикалық модернизация, әлеуметтік модернизация, білім, денсаулық сақтау, тілді дамыту, жұмыспен қамтудың жаңа тұжырымдамасы және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, кірісті ұлғайту сияқты салаларда жетілдірілген жұмыстар бастау алатындығы халық игілігі үшін үлкен құндылық.

Ары қарай оқу >>

Национальная компания «Казахское информационное агентство (Казинформ)»

28.01.2011

Ведущий вуз страны активно участвует в проведении Азиады-2011 - проректор КазНУ им аль-Фараби

АЛМАТЫ. 27 января. КАЗИНФОРМ /Сара Мустафина/ - Предстоящая Азиада имеет огромное значение для Казахстана. Крупное спортивное событие не только повысит имидж страны на международной арене, но и внесет неоценимый вклад в воспитание молодежи. Об этом корреспонденту Казинформа сказала проректор по языкам и воспитательной работе КазНУ им. аль-Фараби, доктор социологических наук, профессор Шолпан Джаманбалаева.

«Мы гордимся, что ведущий вуз страны активно участвует в проведении VII зимних Азиатских игр. Так, преподаватель кафедры физкультуры и спорта Светлана Подборина включена в судейскую коллегию по спортивному ориентированию. Шесть наших студентов являются кандидатами в Национальную сборную РК только на этих играх. Триста студентов, в совершенстве владеющие иностранными языками, станут волонтерами Азиады», - сообщила проректор.

По ее словам, все это вызывает у студентов вуза гордость за свой университет, за родной Казахстан, чувство сопричастности к важным делам страны. «А сопричастность порождает ответственность и дух корпоративности, которые очень пригодятся нашим студентам в будущем, какую бы профессию они ни выбрали», - отметила Ш. Джаманбалаева. Она уверена, Азиада-2011 послужит развитию отечественного спорта, популярности различных видов и привлечет подрастающее поколение к занятию физкультурой и спортом.

Ары қарай оқу >>

Айқын бағдарлама

28.01.2011

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі Жолдауында осыған дейін, яғни республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығының қарсаңында қол жеткен жетістіктер баяндалып, елімізді одан әрі өркендетудің, қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын көтерудің нақты шаралары белгіленді. Елбасы сөз басында 1997 жылғы алғашқы халыққа жолдауында: «Болашақта біздің ұрпақ бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елге айналады» деген сөзін еске түсіріп бұл жағдайға 2030 жылы емес бір мүшел жаста жеткенімізді атап өтті. Жолдауда елбасы өзі айтқандай жуырда Астанада 56 елдің басшылары бас қосқан саммит оған айшықты дәлел бола алады. ЕҚЫҰ төрағалық ету әрине бұл оңай шаруа емес, біздің ел бұған қол жеткізді. Аталған шаруаны елімізге тапсыру себебі еліміздің беделінің биік екендігі және оны басқарған елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық деңгейде көрегенді саясаткер екендігін көрсетеді. Өткен кезеңдерде тарыдай шашылған қандастарымызды отанына жинаған әлемдегі үш елдің бірі біздің еліміз екендігін жолдауда ашық айтты. Әрине өзге елде жүрген қандастарымыз өз еліне тәуелсіздік жылдары аяқ басып өз баспаналарын отанында тіккеніне қуанышты. Бұл да тәуелсіздіктің және еліміздің дамып, алдыңғы қатарлы елдердің қатарында көрінгендігінің көрінісі. Тәуелсіздік жылдары елімізге 800 мыңнан астам отандастарымыз оралды, сөйтіп халқымыздың санын өсіруге өз септігін тигізді, олардың саны қазіргі уақытта 1 миллионнан асты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері – KPMG номинацияларының жеңімпаздары

27.01.2011

Осы жылы Салық байқауы үшінші рет өтті. Байқауға 3-4 курс студенттері және салық, экономика, қаржы, құқық салаларында еңбек ететін жас мамандар шақырылды.

KPMG компанияның жетекші мамандарынан тұратын байқаудың әділқазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады. Байқаудың нәтижесі бойынша финалға салық саласында жақсы білім көрсеткен 20 қатысушы шықты. Әділқазы төрағасы Жанат Бердалина үздік жұмыстарды белгілеп, жеке номинациялардың жеңімпаздарын анықтады. «Most creative approach to problem solution» номинациясынмен экономика және бизнес жоғары мектебінің студентті Нұргүл Тагайбекова, ал «The best team» номинациясымен халықаралық қатынастар факультетінің студенті Кристина Исакова марапатталды. Номинация жеңімпаздары іріктеу кезеңінен өтпестен бірден, ақы төленетін тәжірибеге қабылданды.

Ары қарай оқу >>

"Заң" республикалық күнделікті газет

27.01.2011

Несиені мақсатсыз пайдалану – заңбұзушылық

Несие дегеніміз – банк немесе не­сие­лік ұйымдардың қарыз алушылар­ға беретін ақшалай қаражаты. Ақша каражаты несиені заңсыз алу мен мақсатсыз пайдалану қылмысының заты саналады.

Қылмыстың тікелей объектісі – банк­тік немесе басқадай несие­лік ұйым­дардың несиелік қызметін рет­тей­тін қоғамдық қатынастар. Объек­тивтік жағынан қылмыс іс-әрекеттен, қылмыстың зардабынан және себепті байланыстан тұрады.
Заң іс-әрекеттің мынадай нысандарын белгілеген: 1) несие алу, 2) несиені жеңілдік шарттармен алу. Жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісі несие мен оны жеңілдікпен алуда не­сиелеудің жеңілдік шарттарына арналған елеулі мәні бар мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жал­ған мәліметтерді банкке немесе өзге де несие берушіге беріп, сол сияқты несиелеуді, демеуқаржы беру­ді тоқтатуға, жеңілдіктерді жою­­ға не бөлінген несие мен демеу­қар­жы мөлшерін шектеуге әкеп со­ға­тын мән-жайлардың пайда болуы тура­лы ақпаратты банкке, өз­ге не­сие берушіге хабарламау ар­қылы заңсыз жүзеге асырады. Яғни, бұл қылмыстың істелу тәсілі көпе-көрі­неу жал­ған мәліметтер енгі­зілген ресми құжаттарды пайдалану болып табылады. Мұндай құжат­тарға жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісінің қолы қойылып, белгіленген тәртіппен расталуы қажет. Зиян несие берушіге (банке немесе өзге де несие берушіге) келтірі­леді. Ірі зиянның түсінігі Қыл­мыстық кодекстің 189-бабының ес­кертуінде берілген.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі" газеті

27.01.2011

Ұлы Түркі қағанаты

Бүгінгі шаңырағы еңселі Тәуелсіз Қазақстанның тереңде жатқан этно-саяси тарихына бойлай бастасаңыз, ел болып еңсе көтеруімізде және қазіргі ұлан-ғайыр аймаққа біржолата қожалық жасауымызға Түркілер қауымдастығы құрған Ұлы Түркі қағанатының берік бастау, мызғымас ірге болғанын ұғына бастайсыз.Әсіресе, 552-630 жылдар аралығында бұл мемлекет тарихи ұлы держава деңгейіне көтеріліп, төңірегіндегі төрткүл дүниеге өзін еркін күшпен таңды, «бастыны идіріп, тізеліні бүктірді». Әрине, түркі атанған халық және оның алғашқы қағанаты аяқастынан пайда болған жоқ.
«Түрік» этнонимі тарих санасына VІ ғасыр ортасында шықса да, түркітілдес халықтың қалыптасуы – біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтардан бастау алатын, ұзақ та аса күрделі үрдіс. Орхон жазуларындағы жылнаманы оқы­ған жұрт «Түрік» атауы «мықты», «күшті» деген мағынаны білдіреді деп түсінеді. Шындығында, бұл Тиграхауда сақтарының атымен байланысты «шошақ бөріктілер» немесе «дулығалылар» дегенді аңғартады. Кезінде Іле өзенінен терістік шығысқа қарайғы аймақта сақтардың хұндармен қойындасып жатқан өлкесінде осы түріктердің алғашқы мемлекетін ұйыстырушы Нағыт Түріктің 10 әйелінен тараған Ашына (Ашина) әулеті елге танымал бола бастады. Қытайдың ежелгі жылнамасы бұл туралы былай дейді: «…осы әулет басқарған қауым өсіп-өрбіп, бірнеше жүз отбасы болды. Бірнеше ұрпақтан кейін олар бірінен соң бірі үңгірден шығып, нөнелерге (жужандарға – Т.О.) бағынды. Алтынтаудың (Алтайдың – Т.О.) күнгейін мекен етіп, нөнелерге темірші болды. Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Олар дулығаны өз тілдерінде «түрік» дейді. Осылайша бұл сөз олардың халық аты болып қалды».

Ары қарай оқу >>

Студенты КазНУ победители номинаций KPMG.

26.01.2011

Жюри конкурса, состоящее из ведущих специалистов компании KPMG, оценило работы всех участников в соответствии с заданными критериями. По итогам конкурсного мероприятия финалистами стали 20 участников, которые продемонстрировали отличные знания в области налогообложения, аналитические способности и стремление к профессиональному развитию. Председатель жюри Жанат Бердалина выявила лучшие работы, определила победителей в отдельных номинациях. В номинации «Most creative approach to problem solution» победила студентка Высшей школы экономики и бизнеса Нургуль Тагайбекова, в номинации «The best team» победила студентка факультета международных отношений Кристина Исакова. Победители номинаций приняты на оплачиваемую стажировку, не проходя стандартные этапы отбора.

Ары қарай оқу >>

Онлайн бойынша этикет, немесе e-mail арқылы түйіндіме жіберу.

26.01.2011

Е-mail бойынша түйіндеменізді берiп жiберiңiз - осы заманда осы сөйлеммен ешкiмдi ендi таң қалдырмайсын, «e-mail бойынша түйіндеменізді берiп жiберiңiз!», барлығымыз білеміз электрондық пошта әйгiлi құрал бүгiн болып табылады. Сонда құжатты - жiберудің несі қиын? Бiрақ ұқсас хат алысуда өз ережесі бар…

Ары қарай оқу >>

Жұмыс іздеу.

26.01.2011

Құрметті студенттер, мансап секторында бос жұмыс орындар каталогы таратылады. Мансап секторының бос жұмыс орындар катологы- бұл, компаниялардың бос жұмыс орындары, жұмыс туралы қызықты ұсыныстар, іс-шаралар туралы мәліметтер. Сіз бос жұмыс орындар катологының таңдау жүйесін пайдалана отырып, өзіңізге лайықты жұмыс таба аласыз.

Ары қарай оқу >>

ҚСЗИ ғылыми қызметкері Герман Ким студенттермен бас қосты

26.01.2011

25 ақпанда ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті корейтану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Ким Герман Николайұлының жетекшілігімен "Жаңа Корей соғысы болуы мүмкін бе?" атты дәрісі өтті.

Ары қарай оқу >>

Гавр университетімен қарым-қатынасымыз жемісті болмақ

25.01.2011

Биылғы жылдың қаңтарында ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің бір топ профессорлары мен оқытушылары Франциядағы Гавр университетіне іс-сапармен барып келді. Оларды халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының профессоры Құралай Байзақова бастап барған болатын.

Ары қарай оқу >>

Ақылы негізде оқитын студенттерге жеңілдіктер жасалады

25.01.2011

Ақылы негізде ілім алып жүрген 2-4 курс студенттері оқу үлгерімі жоғары болған жағдайдажеңілдікке ие болады. Бқл жөніндеҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Мұрат Орынханов мәлім етті. Оның негізгі шарты – оқуда озатты, әрі GРА көрсеткіші 3,67-4,0 баллдан кем болмауы тиіс.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да екі оқу орталығы құрылатын болады

24.01.2011

Ректорат мәжілісінің күн тәртібінде ҚазҰУ-да оқып жүрген студенттердің контингентін құру және түлектерді жұмыспен қамтамасыздандыру мәселелері қарастырылды. Аталмыш тақырыпта Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Гүлнар Балақаева баяндама жасаған болатын.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 17.01.2011- 22.01.2011

24.01.2011

  • ҚазҰУ-да «Зерттеу университетінің білім беру қызметі» атты әдістемелік конференциясы өтті
  • ҚазҰУ-дың қолдауымен Студенттер сарайында Жәутіков олимпиадасы өтеді
  • ҚазҰУ профессорлары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына ұзарту референдумын қолдайды
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

20 үздік бизнес-идея байқауына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды.

22.01.2011

Құрметті студенттер, Мансап секторы, SIFE (Халықаралық студенттік ұйымы) – экономикалық, әлеуметтік, инновациялық, технологиялық және экологиялық тақырыптар бойынша бизнес-идеялық байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Француздармен бірлесе отырып ғылыми жобаларды жүзеге асыратын боламыз

21.01.2011

Жуырда ҚазҰУ-ға Францияның өкілдері келіп қайтқан болатын. Франция сенаторы Эмери Де Монтескью бастап келген бір топ өкілдердің құрамында жалпы технополис жобалары жөніндегі үйлестіруші, сенатордың кеңесшісі Эрве Лэне, жоғары білім беру саласы жөніндегі кеңесшісі Робер Просперини, үздіксіз білім беру жөніндегі Еуропалық орталықтың президенті Франсуа Ваше, Қазақстандағы Франция елшілігінің мәдениет және қарым-қатынас жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Йоан Шиттерер, университет аралық қарым-қатынасты орнату жөніндегі атташесі Ноэми Ларуй, ауылшаруашылық өнімдер жөніндегі атташесі Жәнібек Өтегенов бар. Қонақтарды ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев қарсы алды.

Ары қарай оқу >>

Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздарына ҚазҰУ-дың оқу гранты берілді

20.01.2011

Мектептің дарынды оқушыларын анықтау және зерек жастарды қолдау келер ұрпақтың білімге деген қызығушылығын дамыту болып табылады. Осы мақсатпен VII халықаралық Жәутіков олимпиадасы барысында механика-математика, физика факультетінің декандары мен профессорлары олимпиадаға қатысқан оқушылар арасында кәсіби бағдарланған тест өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ауылдық квотамен педагогиялық мамандықтарға түскен 2011ж. тулектеріне келісім-шарт құру үшін Мансап секторына келу қажет.

20.01.2011

Құрметті тулектер!

Ауылдық квотамен педагогиялық мамандықтарға түскен 2011ж. тулектеріне келісім-шарт құру үшін Мансап секторына келу қажет. Ректорат, 1 қабат, консультациялық орталық, тел 377-33-63, 377-33-73.

Ары қарай оқу >>

Педагогика мәселелері талқыланады

19.01.2011

8 ақпан күні философия және саясаттану факультетінде «Классикалық және зерттеу университеттеріндегі педагогика: қазіргі жaй-күйі, тенденциялары мен даму болашағы» атты дөңгелек үстел өтеді. Бұл шара жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 70 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Ары қарай оқу >>

Кафедраның оқу-әдістемелік әдебиетімен таныстыру

19.01.2011

Сізді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы және ғылыми кітапхана 2011 жылы 25 қаңтар 14.00-де заң факультетінің 2 оқу залында өтетін кафедраның авторлық ұжымының оқу-әдістемелік әдебиетімен таныстыруға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 10.01.2011- 15.01.2011

18.01.2011

  • Аңдатпа: ҚазҰУ-да «Зерттеу университетінің білім беру қызметі» атты әдістемелік конференциясы өтеді.
  • ҚазҰУ-да «Зерттеу университетінің білім беру қызметі» атты әдістемелік конференциясы өтті.
  • Аңдатпа: ҚазҰУ-дың қолдауымен Студенттер сарайында Жәутіков олимпиадасы өтеді.
  • ҚазҰУ-дың түлектер мен студенттер құрама командалары Университеттің туылған күнінде спорттық сайыстар өткізді.
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың биотехнология саласын дамыту жолдары талқыланды

17.01.2011

Кезекті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңРекторат мәжілісінде бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Оның ішінде Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының жұмыс туралы баяндаманы институт директоры Амангелді Бисенбаев жасап, ой бөлісуде ҚазҰУ-ды Ұлттық зерттеу университетіне айналдыру барысындағы ҒЗИ жұмыстарының бағыттары кеңінен қарастырылды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың спорт саласы клубтық жүйеге көшпек

17.01.2011

Салауатты өмір салтын насихаттау үшін әр студент пен әр оқытушы спортпен шұғылдануды саналы түрде жүзеге асыру керек. Оған университеттің дене шынықтыру және спорт кафедрасын клубтық пішінде дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бүгінгі өткен Ректорат мәжілісі осындай ұйғарымды мақұлдады.

Қазақстан ЖОО білім беру саласына кредиттік жүйе енгізілгелі бері дене шынықтыру пәні студенттердің білім дәрежесін нақтылайтын межеден түсіп қалып, оның беделіне әжептәуір нұқсан келіп отыр. Бұл олқылықтың орнын толтыруды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғашқы болып қолға алды. Бұған университет жетекшілігінің шетелдік іс-тәжірибені жан-жақты зерттегені себеп болды. Жаңа жоба бойынша, әр студент пен әр оқытушы спортпен шұғылдануды саналы түрде жүзеге асыру керек. Бұл университеттің дене шынықтыру және спорт кафедрасын клубтық пішінде дамыту арқылы жүзеге асырылмақ. Осы орайда, дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі А.И.Арещенко университеттің спорттық қызметін клубтық түрде дамыту тұжырымдамасының жобасын ректорат мәжілісі мүшелеріне таныстырды.

Ары қарай оқу >>

Ректораттың әр мәжілісі тың бастамаға негіз

17.01.2011

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезекті Ректорат мәжілісі өтті. Әр мәжілісте өзекті сауалдарды талқылауға алып, әр істен нәтиже шығаруды діттейтін университеттің оқытушы-профессорлар құрамы бұл жолы да ғылым және білім кеңістігінің айтулы мәселелеріне көңіл бөлді.

Атап айтар болсақ, мәжілісте Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры А.Қ.Бисенбаев институттың жұмысы жөнінде баяндама жасаса, Ғылыми-зерттеу институтының тыныс-тіршілігіне төрағалық жасаған Ж.Ә.Әбілов жұмысты жандандыра түсу үшін арнайы ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, университеттің спорт саласын жандандыруды талқылаған ректорат мүшелері биылғы жылы жүзеге асырылатын шаралар тізбегін сын тезінен өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ түлектері мен студенттерінің дәстүрлі жолдастық кездесуі өтті

15.01.2011

15 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туылған күніне арналған унииверситет түлектері мен студенттерінің дәстүрлі жолдастық кездесуі өтті. Кездесуге еліміздің көптеген танымал спортшылары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

15.01.2011

Химия факультетінің ұжымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тағайындаған 2010-2012 жылға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлерін құттықтайды және Сіздерге шығармашылық табыс тілейді!

Ғылым мен техникаға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған стипендия иегері:химия ғылымдарының докторы, Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығының зертхана меңгерушісі, «Тарлан» сыйлығының иегері, профессор Оспанов Хабибулла Құсайынұлы;

Талантты жас ғалымдарға арналған стипендия иегерлері:

химия ғылымдарының кандидаты, Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығының қызметкері Кеңесов Болат Нұрланұлы;

химия ғылымдарының кандидаты, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы Мылтықбаева Жаннұр Каденқызы;

химия ғылымдарының кандидаты, Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығының қызметкері Нечипуренко Сергей Витальевич.

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

14.01.2011

Химия факультетінің ұжымы 2011 жылдың 4-14 қаңтар аралығында өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамының «Денсаулық» спартакиадасында жалпыкомандалық есепте 1 орын алғаны үшін химия факультетінің командасын құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, еңбекте де жеңістер тілейді!

Команда капитаны – Б.А.Урмашев. Қатысқан оқытушылар: А. Галеева, А.Е. Ибрагимов, А. Тұрсынбай, О. Малахова, А. Оразымбетова, С.Н. Калугин, А.Т. Батырбаев, А.С. Кобжанов, Д.Ю. Корулькин, О. Копистко, Е. Балтаев, О. Тусупжанов, А. Набиев, Е.А. Аубакиров, А. Соколов, Т.Б. Абишев, Р. Токпаев, Б.К. Есқалиева, Б. Кенесов, Н. Урмашев, Ш. Жумагалиева, Г. Омарова, Б. Рахимова, Г. Жаксылыкова, Г. Алжанбаева, А. Токтабаева, Д. Нургожина, О. Нежинская, К. Исмаилов, Н.Г. Приходько.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ға «Аl Hilal» Ислам банкінің өкілдері келіп қайтты

14.01.2011

14 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінде исламдық қаржыландыру жөнінде оқытушылар мен студенттерге арналған семинар өтті. Семинарды дүние жүзіне танымал исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі маманы, Бахрейн Әмірлігі, Пәкістан, Малайзия, Кувейт және басқа да елдердің ислам банктері мен мекемелерінен құрылған шариғат кеңесінің мүшесі Шейх Эсам М. Исхак жүргізді.

Ары қарай оқу >>

Семинар-тренинг по работе куратора – эдвайзера

12.01.2011

Время и место проведения: 12 января 2011 г. в 15-00ч. на кафедре «Информационные системы» №412 каб.

Присуствовали кураторы-эдвайзеры кафедры: зав.кафедры, профессор Тукеев У. А., доцент Сарбасова А.К., профессор Дуйсембаев А.Е., Мурзабеков З.Н. доценты: Джомартова Ш.А., Тургенбаева Г.А., Дуйсебекова К.С., Алимжанова Л.М., Бурибаев Б., Ахметов Б.Б., преподаватели: Рахимова Д.Р., Қожанова А.М., Тусупова К.Б.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы

12.01.2011

12.01.2011 / 12:07

Алматыда ҚазҰУ-ды Ұлттық зерттеу университетіне айналдыру мәселесі қаралды

АЛМАТЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Зерттеу университетінің білім беру қызметі» атты ғылыми конференция өтті.

Шара барысында отандық ғалымдар Ұлттық зерттеу университеті дегеніміз не және бұл атаққа лайық болу үшін не істеу керек деген өзекті сауалдарға жауап іздеп, талқылады.

Ғалымдар әлемдік топ-университеттер қатарына енуге бірден бір айқын жол - жоғары оқу орнын ұлттық зерттеу университетіне айналдыру керектігін алға тартып, қазақстандық білім және ғылым кеңістігінің әлемдік университеттер рейтингісінен лайықты орын алуы үшін нақты жоспарларды жүзеге асыруды қолға алды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ – Ұлттық зерттеу университетіне айналады

11.01.2011

Ұлттық зерттеу университеті дегеніміз не, оған лайық болу үшін не істеу керек? Осы өзекті сауалға 11 қаңтар күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен "Зерттеу университетінің білім беру қызметі" атты ғылыми конференцияда шетелдік және отандық ғалымдар жан-жақты жауап іздеді. Қазірде әлемдік топ-университеттер қатарына енуге бірден бір айқын жол – жоғары оқу орнын ұлттық зерттеу университетіне айналдыру болып табылады. Осы бағытты ұстанған отандық ғалымдар аталған конференцияда қазақстандық білім және ғылым кеңістігінің әлемдік университеттер рейтингісінен лайықты орын алуы үшін қандай нақты жоспарларды жүзеге асыру қажеттігін ортаға салды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ түлектері мен студенттері құрама командаларының дәстүрлі жолдастық кездесуі өтеді

11.01.2011

2011 жылдың 15 қаңтарындаҚазҰУ спорткешенінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері мен студенттері құрама командаларының арасында мини-футболдан, волейболдан, бадминтоннан, үстел теннисінен, шахматтан дәстүрлі жолдастық кездесуі өтеді. Бұл турнир 15 қаңтар - Қазақстан ЖОО арасындағы рейтингісі жоғары жетекшіуниверситет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туған күніне арнайы ұйымдастырылып отыр. Жарысқа университет түлектері шақырылады.

Ары қарай оқу >>

HSBC Банк – сенің мансабың!

11.01.2011

HSBC Банкі халықаралық қатынастар, механика-математика факультеттердің, экономика және бизнес жоғары мектебінің 4 курс студенттерін, магистратураның 1,2 курс студенттерін бос жұмыс орындарына шақырады. Осы бағдарлама «Жас мамандар іріктеу» атты арнайы жобаның шенберінде өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында халықаралық Жәутіков оқушылар олимпиадасы өтеді

11.01.2011

2011 жылы 14 қаңтарда сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында физика, математика, информатика бойынша халықаралық О.Жәутіков оқушылар олимпиадасысалтанатты түрде ашылады. Оған көптеген шетелдік оқушылар қатысады деп күтілуде.

Физика, математика, информатика пәндерінен өтетін Халықаралық Жәутіков оқушылар олимпиадасынәл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелікорталығыжәне О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебібірлесіп ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

Жаңа жылдағы бірінші жиналыс

10.01.2011

Жаңа Күнтізбелік 2011 жылдың 10 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы Ректорат мәжілісі болып өтті. Онда біраз маңызды мәселелер қаралды.

Жаңа жылдағы алғашқы Ректорат мәжілісінде қаралған негізгі тақырыптардың бірі «Академиялық үдеріс: бірінші семестр қорытындылары» болды. Бұл туралы баяндама жасаған Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Гүлнәр Балақаева қысқы сессияның жаңа форматта өтуі өз нәтижесін бергенін атап айтты. Биылғы сессиядағы студенттердің үлгерімі 88,8% көрсеткішпен жоғары бағаланды. Факультеттердегі емтиханды ұйымдастыру жұмыстары қанағаттанарлық, студенттердің емтиханға дайындықтары жақсы. Сондай-ақ, мәжілісте «Универ» жүйесіндегі магистранттар мен докторанттарға арналған оқыту моделі, жаңа мамандықтарға енгізілген өзгерістер, қашықтықтан оқыту және әр мамандық бойынша оларға қажетті әдебиеттер мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Ары қарай оқу >>

«Президент және халық» Республикалық қоғамдық-саяси газет

08.01.2011

7-қаңтар, жұма, 2011 жыл

Жерұйық – қазақ елінің брэнді

Бұл идеяны XV ғасырда Асан қайғы қалыптастырып кеткен. Қазақ азаматтарының бүгінгі басты мақсаттарының бірі де бірегейі әлемге осы құндылықты түсіндіру. Бұл тұжырым 24 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде өткен “Қазақ ұлтынан – Қазақ еліне” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға өзек болды.

Аталмыш шараға Парламент сенатының депутаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім, Парламент сенатының депутаты, Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының мұсылмандарға қатысты кемсітушілік күрес жөніндегі арнайы өкілі, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеяисының Қырғызстандағы жағдай бойынша арнайы өкілі Әділ Ахметов, Халықаралық “Диалог-Евразия” қоғамдық қорының президенті Салих Акчай, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің ректоры Сабри Хизметли және бірнеше ғалымдар мен саясаттанушылар қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Президент және халық» Республикалық қоғамдық-саяси газет

08.01.2011

7-қаңтар, жұма, 2011 жыл

Ұлттық университет ғалымдары референдумды қолдайды

Жүзеге асып жатқан бағдарламаларды аяғына дейін жеткізу үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылға дейін референдум арқылы ұзарту керек. 27 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі бірауыздан осындай шешім қабылдады. Сонымен қатар, шығысқазақстандықтардың бастамасын қолдаған ҚазҰУ ғалымдары ғылыми кеңесте қол жинау үшін жұмыс істейтін арнайы комиссия құрды.

Бүгінде Елбасының өкілеттілігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде республикалық референдум өткізуге байланысты мәселені қоғам қызу талқылап жатыр. ҚР Бас прокуратурасы жиналыс пен бастамашылық топты құру шаралары «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң талаптарына толықтай сәйкес келеді» десе, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов «Референдумды ұйымдастыруға кететін шығын президенттік сайлауды өткізуге кететін шығыннан әлдеқайда төмен» болатынын айтты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 27.12.2010 – 31.12.2010 (08.01.2011)

08.01.2011

  • ҚазҰУ студенттері Израильде концерт қойып қайтты
  • ҚазҰУ-да «Қазақ ұлтынан – қазақ еліне» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • ҚазҰУ студенттері Қадыр Мырза Әлимен кездесті
  • ҚазҰУ профессорлары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына ұзарту референдумын қолдайды
  • ҚазҰУ-да тұңғыш рет Ақсақалдар алқасы жиыны өтті
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзер тәжірибесін толықтырған семинар

06.01.2011

Классикалық үлгідегі университеттен Ұлттық зерттеу университетіне айналу барысында тәрбие жұмыстарын да нығырлап, жандандыру керек. Осы орайда білім ордасында маманданып жатқан студенттің тәрбие саласына бірден бір жауапты тұлға – куратор-эдвайзер екендігін ескерген ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департаменті 5-6 қаңтар аралығында философия және саясаттану факультетінде университеттің куратор-эдвайзерларына арнап семинар өткізді.

Семинарда Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Шолпан Ерболқызы Ұлттық зерттеу университеті құрылымындағы тәрбие жұмыстарының үлгісі тақырыбында баяндама жасады. Елбасының қазақстандық бірнеше жоғары оқу орындарының әлемдік топ университеттер қатарына енуіне орай айтқан нақты тапсырмасын жүзеге асыру үшін ұлттық зерттеу университетіне айналу тиімді болмағын назарда ұстаған проректор Шолпан Жаманбалаева өз баяндамасын студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында ескерілетін негізгі талаптарға арнады. “Оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары кәсіби-еңбектік тұрғыдан тәрбиелеу, азаматтық-құқықтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу бағыттарын қамту керек”, - дей келе, қара шаңырақтың куратор-эдвайзерларын: “Тәрбие жұмыстары студентті тұлға ретінде қалыптастырып, оның әлеуметтік және мәдени әлеуетін арттыруға ықпал ету қажет”, - деген ұйғарымға шақырды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да куратор-эдвайзерларға арналған семинар өтті

05.01.2011

5-6 қаңтарда ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының басты бағыттары тақырыбында куратор-эдвайзерларға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинарға Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ш.Е.Жаманбалаева, Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департаменттің директоры Г.Ә.Сәрсенбекова, декандардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және факультеттегі аға куратор-эдвайзерлар қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Түйіндемені қалай дұрыс құрастыру керек?» бизнес-тренингі.

04.01.2011

ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесі 2011 ж. 19 қантарында, 16:00-де, Қазақ-Үнді орталығының 4 дәрісханада «Түйіндемені қалай дұрыс құрастыру керек?» атты бизнес-тренингін өткізеді. Мақсаттық аудитория: табысты жұмысқа орналасқанды қалайтын, түлек курстардың студенттері. Тренингтің мақсаты: түйіндемені құрастыру технологиясының меңгеру, сіздің түйіндемеңізге Жұмыс берушілердің санын көбейту.

Ары қарай оқу >>

Бос жұмыс орындар Жәрмеңкесі-2011 дәстүр бойынша сәуір айында өтеді.

04.01.2011

У.А. Жолдасбеков атындағы студенттер Сарайында 2011ж. сәуір айының екінші бөлімінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бос орындар Жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде уақытша және тұрақты мезгілге жас мамандарды қабылдайтын қазақстандық және халықаралық компаниялар ұсынылады. Қатысушылар жұмыс орындарының ұсыныстарымен таныса алады және түйіндемелерін қалтырып, жәрмеңкенің компания-қатысушылар HR-менеджерлермен әңгімелесуді өте алады.

Ары қарай оқу >>

Дипломды табыстау салтанатты церемониясы.

03.01.2011

Құрметті түлектер! Дипломды табыстау салтанаты ҚазҰУ оқуының ең жарық мезгілдердің бірі. Дәстүр бойынша дипломдарды табыстау 13-ші мен 23-ші мауысым аралығында ҚазҰҮ Студенттер сарайында және Малахит залында өтеді. Салтанатқа Жұмыс берушілер Кеңесінің мүшелері, шетел серіктіктер, сіздердің жақындарыңыз шақырылады.

Ары қарай оқу >>

Твоё соообщество "Globe Society KazNU"!

02.01.2011

We are here to help you get the most out of your life at university by offering you the chance to make new friends with similar interests. The Society is a great way to allow people to socialize with people on different faculties as well as those who are just generally interested in practicing English, Global issues and culture! We provide cultural activities and fantastic socials, guest speakers, various trips, volunteering projects, culture, careers events and much more!

Ары қарай оқу >>

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !

01.01.2011

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Химия факультетінің ұжымы химия ғылымдарының докторлары, профессорлар Бейсебеков Марат Қиянұлын, Қуанышева Галина Сафағазықызын, Мансұров Зұлхаир Аймұхаметұлын, Оспанова Әлия Қапанқызын, Суербаев Хаким Абдрахимұлын 2010 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленуімен құттықтайды. Сіздерге шығармашылық табыс, жетістіктер тілейді.

Ары қарай оқу >>

Pages