ҚазҰУ мен Мокпо (Корея) ұлттық университеті арасында әріптестік пен келісім-шартқа қол қойылды

29.06.2011

29 маусымда ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Мокпо ұлттық университетінің делегациясымен (Оңтүстік Корея) кездесті. Университет президенті - Ко Сеок Кью. Кездесу барысында екіжақты білім, ғылым мәселелері талқыланып, әріптестік пен академиялық алмасу жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов қабылдаған делегация құрамында университет ғалымдары, Алматыдағы Корея Республикасының дипломатиялық міндетін атқарушы өкілдері бар. Кездесуде ректор ҚазҰУ-дың жеткен жетістіктері мен даму келешегі туралы бөлісті. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу университетіне айналу барысында әлемдік университеттермен академиялық алмасу іске асатынын айтты.

«Білім және ғылым министрлігінен шетелдік ғалымдарды шақырылып, дәріс оқуларына және біріге зерттеу жобаларын жасауға қаржы бөлініп отыр», - деді Ғ.Мұтанов.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері әскери ант қабылдайды

29.06.2011

2011 жылдың 3 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери дайындықтың толық курсын өткен студенттері әскери ант қабылдайды.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасы 1934 жылы Қызыл Әскер құрамына кіретін әскери резерв дайындау мақсатында құрылды.

Ары қарай оқу >>

"Известия-Казахстан" газеті

29.06.2011

Глобальное образование – новый тренд

Как оказаться в одной аудитории вместе со студентами 23 университетов мира? Это – из мира фантастики? Нет, высокие технологии создают новую реальность. Теперь лектор может находиться в одном университете, а его слушатели в разных городах и странах.

Первыми участниками новой технологии обучения в Азии и странах СНГ с будущего учебного года станут магистранты КазНУ имени аль-Фараби, которые при поддержке ученых Института земли Колумбийского университета будут осваивать курс «Комплексные подходы к практике устойчивого развития». Директор Института Земли – крупный ученый Джефри Сакс, известный своими работами по проблемам экономического развития, экологической устойчивости, борьбе с нищетой, списания задолженности и глобализации, высказал заинтересованность в участии казахстанских студентов в данном проекте, несмотря на большое количество желающих. В том числе заявки подавали университеты Латинской Америки, США, Юго-Восточной Азии, Европы.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

29.06.2011

Казахстан принимает председательство в ОИК в непростой период - мнение ученого

АЛМАТЫ. 23 июня. КАЗИНФОРМ /Айгуль Турысбекова/ - Казахстан принимает председательство в Организации Исламская конференция в непростой для мусульманских стран период. Такое мнение высказала сегодня корреспонденту Казинформа заведующая кафедрой религиоведения факультета востоковедения КазНУ им.аль-Фараби Нагима Байтенова.

Ары қарай оқу >>

"Заң" газеті

29.06.2011

Құқық ілімінің білгірі

Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің профессоры, қылмыстық құқық пен криминология саласы­ның маманы, заң ғылым­­да­ры­ның докторы, про­­фессор, Қазақстан Рес­­пуб­­­ли­ка­сы­­ның еңбек сіңір­ген қай­раткері Арық­­бай Ағы­­баев­ жетпістің желке­нін жоға­ры көтерген шағында да шәкірттері үшін алып тұлға. Бұл – ғал­ым ізденісіне, ұлағатты ұстаз еңбегіне берілген баға. Қабдоловша айтсақ, «өз уақытын аямайтын, өзге­нің бақытын аялайтын» адамгершілік пен парасат, кемеңгерге тән қасиеттердің иесі Арықбай Нүсіпәліұлы 1941 жылдың 15 маусымында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап селолық кеңесі, Қастек ауылында дүниеге келді.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

29.06.2011

Киелі де қуатты мамандық

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті - ТМД елдері мен шетелдік ғылыми қауымдастық ұжымдары мойын­даған іргелі оқу орындарының бірі. Аталмыш оқу орнындағы журна­лис­тика мамандығына даярлау жұмысы 1934 жылдан басталды. Алғашқыда ол КИЖ деп аталды. КИЖ - журналистер даярлайтын ал­ғашқы оқу орны болатын. Қа­зақ­тың Коммунистік Журналистика институты 30 жылдары Қазақ­стан­да ашылған 25 оқу орнының бірі ретінде 30 адамды мамандық бо­йынша оқуға қабылдайды. КИЖ-де сабақ берген ұстаздар қатарында ғалым Құдайберген Жұбанов, ақын Сәкен Сейфуллин, жазушы Сәбит Мұқанов, қаламгерлер Зейін Шаш­кин, ғалым Мәулен Балақаевтар болса, алғашқы түлектер қатарында ақын Диқан Әбілев, жазушы Асқар Лекеров, профессор Ғазиз Әбі­шев­тердің есімдері аталады. КИЖ-дің алғаш білім ордасы ретінде қалып­тасуына профессор Қ.Бекхожиннің үлесі өте зор болды. Факультетте Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Бар­ман­құлов, Н.Омашев, Б.Жақып сияқты қазақ журналистикасы теориясының негізін салушы ға­лым­дар қажырлы еңбек етті.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

29.06.2011

Соглашение о сотрудничестве подписали Межпарламентская Ассамблея СНГ и КазНУ им. аль-Фараби

АЛМАТЫ. 10 июня. КАЗИНФОРМ /Айгуль Турысбекова/ - Соглашение о сотрудничестве между КазНУ им. аль-Фараби и Секретариатом Совета Межпарламентской Ассамблеи (МПА) в научной, образовательной, гуманитарной и смежных с ними сферах деятельности подписано сегодня в Алматы.

В КазНУ им. аль-Фараби состоялась встреча ректора Галыма Мутанова с генеральным секретарем - руководителем Секретариата Совета МПА СНГ Михаилом Кротовым и заместителем генерального секретаря МПА СНГ - представителем Парламента РК в МПА СНГ, МПА ЕврАзЭС и ПА ОДКБ Халелем Бакеновым.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

29.06.2011

118 выпускников КазНУ им. аль-Фараби пополнили ряды журналистов

АЛМАТЫ. 21 июня. КАЗИНФОРМ /Айгуль Турысбекова/ - Сегодня в Алматы на факультете журналистики КазНУ им. аль-Фараби 118 выпускников казахского и русского отделений получили дипломы об окончании вуза, из них 105 бакалавров и 13 магистрантов.

«Сегодня из стен университета выходит молодое поколение журналистов. Мы выполнили свою миссию - подготовили специалистов для медиа-рынка страны и надеемся, что они оправдают и наше доверие, и вложенные в них ресурсы», - сказал ректор КазНУ Галым Мутанов.

Ары қарай оқу >>

Ректор ҚазҰУ-дағы оқу ісі мен зерттеу университеті қандай болу керектігіне тоқталды

28.06.2011

27 маусым күні ғылыми кеңестің 2010-2011 оқу жылына соңғы отырысы өтті. Химия ғылымдарының докторы, профессор Зұлхайыр Мансұровты 65-жасқа толуымен ректор арнайы құттықтап, барлық факультет декандары атынан филология факультетінің деканы Қансейіт Әбдезұлы сөз сөйлеп, ізгі тілегін айтты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 20.06.2011 – 25.06.2011

28.06.2011

  • Журналистика факультетінде диплом тапсыру салтанаты өтті
  • Ж.Жабаевтың туылғанына 165 жыл
  • Тақырып жалғасы: Журналистика факультетінде диплом табыстау рәсімі өтті
  • Журналистика факультетінде диплом табыстау рәсімі өтті.
  • Электронды үкімет
  • Тақырып жалғасы: «Қазақстандық қоғамның жаңартылуы жағдайында саяси жүйені қалыптастыру және жетілдіру (теория мен тәжірибе мәселелері)» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
  • Тақырып жалғасы: «Абай және қазіргі заман» конференциясы өтті.
  • ҚР Әлеуметтанушыларының 4-ші конгресі өтті
  • Тақырып жалғасы: Электронды үкімет
  • Имидждік материалдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Жазғы оқу семестрі

27.06.2011

Биыл ҚазҰУ-ға жазғы оқу семестріне шетелдер мен қоса Қазақстанның ЖОО-ның студенттері де келіп білім алуда. Оқуға қажетті құжаттарды тапсыруда сырттан келген студенттерінің бірі Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзін-өзі басқару жүйесімен танысқысы келетіні туралы айтып қалды. «Тәжірибені онымен бөлісу арқылы ғана жинақтай аласың» деген ұстаныммен жүретін ҚазҰУ белсенділері қуана-қуана қонақтармен кездесетін күнді белгілеп, өз жұмыстарымен таныстыруға әзірлікті бастап кетті.

Ары қарай оқу >>

Ғайрат Сапарғалиевті еске алуға арналған конференция өтті

24.06.2011

24 маусымда мемлекет және құқық институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетімен бірігіп, «Қазақстандық қоғамның жаңартылуы жағдайында саяси жүйені қалыптастыру және жетілдіру (теория мен тәжірибе мәселелері)» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Бұл конференция ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор Ғ.С. Сапарғалиевті еске алуға арналды. Конференция заң факультетінің Ғылыми кеңес залында өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 13.06.2011 – 18.06.2011

22.06.2011

  • Тақырып жалғасы Журналистика факультетінде 30-жылдық кездесу өтті
  • ҚазҰУ-да Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистер байқауы өтеді
  • Профессор Қансейіт Әбдезұлы - «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды
  • ҚазҰУ-де қазіргі жағдайдағы республикалық білім беру үрдісінің барысы қаралмақ
  • ҚазҰУ-де факультеттердің куратор-эдвайзерлер кеңесі төрағаларына арналған семинар өтті
  • ҚазҰУ оқытушысы Мәскеудегі Пушкин байқауының жеңімпаз
  • Тақырып жалғасы Профессор Қансейіт Әбдезұлы - «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да VIII халықаралық «Материалтану және наноматериалдарға арналған перспективалық технологиялар, жабдықтар және аналитикалық жүйелер» атты ғылыми конференция өтті
  • Тақырып жалғасы Профессор Қансейіт Әбдезұлы - «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды
  • ҚазҰУ-да Инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздарына сертификаттар тапсырылды
  • Тақырыптар жалғасы ҚазҰУ-да Инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздарына сертификаттар тапсырылды
  • Имидждік материалдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандық қоғамның жаңартылуы жағдайында саяси жүйені қалыптастыру және жетілдіру (теория мен тәжірибе мәселелері)» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

21.06.2011

24 маусымында мемлекет және құқық институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетімен бірігіп, «Қазақстандық қоғамның жаңартылуы жағдайында саяси жүйені қалыптастыру және жетілдіру (теория мен тәжірибе мәселелері)» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді, бұл конференция ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор Г.С. Сапарғалиевті еске алу үшін арналады. Конференция заң факультетінің Ғылыми кеңес залында өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да журналистика факультеті түлектеріне салтанатты түрде диплом табыс етілді

21.06.2011

Бүгін еліміздегі журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің профессор Темірбек Қожакеев атындағы акт залында журналистика факультетінің 2011 жылғы түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды.

Биыл журналистика факультетінде қазақ және орыс бөлімін қоса есептегенде барлығы 118 түлек бітіріп отыр. Олардың 105-і бакалавр, ал 13-і магистр түлектер. Түлектерге дипломды университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов және журналистика факультетінің деканы, профессор Есберген Алауханов табыс етті.

Салтанатты шара барысында бітіруші түлектерді және бұқаралық ақпарат құралдарын кәсіби мерекелерімен құттықтаған ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы: «Журналистер ой-танымының, біліктілігі мен кәсібилігінің ел дамуында үлесі зор. Баспасөз – халық айнасы. Біз бүгін қарашаңырақтан түлектер ұшырып, медиа-нарық қатарын жас буынмен толықтырып отырмыз. Бұл түлектер жоғарыбілікті мамандар қатарын құрап, киелі орда үмітін ақтайды деп сенеміз», - деп атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Университет комиссиясы өз қорытындыларын жариялады

21.06.2011

20 маусымдағы ректорат мәжілісі «Хабар» телеарнасындағы «Қазақшаңыз қалай?» бағдарламасында жеңіске жеткен студенттерді ректордың құттықтау, марапаттауымен басталды. Республикалық университетаралық жарыста ҚазҰУ-дың «Достар» тобы қазақ тілін жетік меңгергендерін дәлелдеп, алғырлық танытып, 1-орынды иеленді. Топ құрамында филология факультетінен Жанна Верещак, Дина Тильман, Анастасия Перетьятко, Дарья Жигальцова, Нигара Бавдинова, Азиза Даутова, Жұлдыз Абдуллаева және халықаралық қатынастар факультетінің студенті Александра Юрченко бар.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Студенттер құрылыс жасағы өз маусымын бастады

20.06.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер құрылыс жасағы кезекті маусымдық жұмысын бастады.

Университеттің 120 студентінен құралған СҚЖ биыл 1-ші маусымнан бастап ҚазҰУ қалашығынын тазалау, гүл егу және қалашықтағы ғимараттарды жөндеуден өткізу жұмыстарына белсене араласып кетті. Оларға университетет басшылығы тарапынан жағдайлар жасалынған. Студенттер құрылыс жасағының жауынгерлері 3 мезгіл тегін тамақ, жайлы жатақхана және айлық жалақымен қамтамасыз етілген.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Колумбиялық (АҚШ) университеті магистранттар мен докторанттарға байқау жариялайды

20.06.2011

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Колумбиялық (АҚШ) университеті магистранттар мен докторанттарға «Integrated Approaches to Sustainable Development Practice» курсын оқуға қабылдау байқауын жариялайды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздарына сертификаттар тапсырылды

17.06.2011

17 маусым күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде байқау жеңімпаздары отандық ғалымдарға сертификат табыстау рәсімі өтті. Бұл жоба ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Технология коммерциализациясы» әлемдік банкінің қолдауымен өтті.

Бұл жобаның мақсаты әр саладағы мамандықтар бойынша ғалымдардың зерттеулерінің коммерциялық маңызы мен ғылыми жетістіктерін көрсету болған.

Ары қарай оқу >>

Студенттерге білім беру барысы талқыланды

17.06.2011

17 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның ЖОО проректорларының қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК) гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары секциясының кезекті мәжілісі өтті. Жиналысты ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ашты. Университеттен барлығы 38 адам және республикалық ЖОО-нан 28 қатысушылар келді. Мәжіліске арнайы ҚазҰУ-дың оқытушы-прфессорлар еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Франция жоғары оқу орындары мен ҚазҰУ арасында тығыз әріптестік орнайды

16.06.2011

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне франциялық деллегация келді.

Олардың қатарында Францияның Сыртқы істер министрі Gilles Mametz, Франция Елшілігінің білім жөніндегі атташесі Noemie Larroilh, Франция Білім министрі Robert Prosperini сонымен қатар бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтарының, институттардың басшылары мен өкілдері бар.

14-16 маусым аралығында Астанада өткен Қазақстан-Француз жоғары оқу орындарының ІІ Халықаралық форумына қатысқан шетелдік әріптестер еліміздегі іргелі білім ордасына арнайы келіп, университеттің қызметімен танысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Алматыны инновациялық орталыққа айналдыруға байланысты кеңес өтті

15.06.2011

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласының әкімшілігі жанындағы Инновациялар және жаңа технологиялар бойынша кеңесінің мәжілісі өтті.

Мәжіліске әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы Бақтияр Мәкен, ҚР ЖОО Қауымдастығының Президенті Рахман Алшанов, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының бірінші Вице-президенті Нәдір Нәдіров және Алматы қаласындағы ірі компаниялар мен ЖШС басшылары қатысты.

Кеңес мәжілісінің алғысөзінде академик Ғалымқайыр Мұтанұлы: «Кеңестің басты жұмысы Алматыны инновациялық қалаға айналдыруды қарастыру. Қалада орналасқан инфрақұрылымдардың дамуына және бір ізділенуіне ықпал ету», - деді.

Күн тәртібінде Алматыны инновациялық қалаға айналдыру жұмыстары қаралды. Бұл ретте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов «Инновациялық Алматы – жаңа технологиялық платформаға серпіліс» жобасымен таныстырса, ҚР Жоғары оқу орындары Ассоцияциасының Президенті Рахман Алшанов «Инновациялар бойынша эксперттік кеңестің құрылуы туралы» ақпарат жасады. Ал «Альянс Банк» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Әуелбек Тоғжанов «Инновациялық Алматы – жаңа технологиялық платформаға серпіліс» жобасының басқарушы компаниясын құру туралы баяндады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Шанхай университеті арасында әріптестік дами бермек

15.06.2011

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Шанхай университетінің ректоры Ю Синг Вэймен кездесті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек Қытайда ғана емес бүкіл әлемге танылған оқу ордасы екендігін айтқан ректор, қытайлық әріптестерімен ШЫҰ аясында әріптестікті дамыту, халықаралық байланысты кеңейту одан әрі жақсы өріс алғандығын тілге тиек етті.

Екі жақты еларалық тығыз қарым-қатынастың дамуы университетер арасында ғылым, білім, зерттеу жұмыстары саласында да жоғары байланысты қажет ететіндігін баяндады. ҚазҰУ бүгінде ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында екендігін, сонымен бірге білім шаңырағына атқарылып жатқан толағай еңбектермен таныстырды. Бұл бағытта ҚазҰУ шетелдік профессорларды дәріс оқуға шақыруды кеңейтпек. Ұлттық университетке айналу жолында билік тарапынан да, мемлекет тарапынан да қолдау көп екендігі айтылды. Қазақстандағы көшбасшы білім ордасының тыныс-тіршілігімен қанық болған қытайлық әріптестер Шанхай университетінің қызметіне тоқталды.

Ары қарай оқу >>

"ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

14.06.2011

14.06.2011 / 16:04

ҚазҰУ-де қазіргі жағдайдағы республикалық білім беру үрдісінің барысы қаралмақ

АЛМАТЫ. 14 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Маусымның 17-сі күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстанның ЖОО проректорларының қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылым мамандықтары секциясының кезекті мәжілісі өтеді.

Іс-шара аясында «Қазіргі жағдайдағы білім беру үрдісі» атты дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзерлер кеңесі төрағаларына арналған семинар

14.06.2011

14 мамыр мен 10 маусым аралығында тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаменті факультеттердің куратор-эдвайзерлер кеңесі төрағаларына арналған семинар өткізді.Бұл семинаркуратор-эдвайзерлердің қызметін жақсартуға арналған.

Ары қарай оқу >>

«Қазіргі жағдайдағы білім беру үрдісі» атты Дөңгелек үстел өтеді

14.06.2011

Ықшам ақпар

17 маусым сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның ЖОО проректорларының қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары секциясының кезекті мәжілісі өтеді.

Іс-шара аясында «Қазіргі жағдайдағы білім беру үрдісі» атты Дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда. Онда модульдік бағдарламаларды жоспарлаудағы құзыреттілік тәсілдер, студенттердің өзіндік жұмысы – оқытудың негізгі бір фомалары ретінде және ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта есептеудегі қазақстандық моделі аясында академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру сияқты өзекті тақырыптар қаралады.

Ары қарай оқу >>

"ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

14.06.2011

14.06.2011 / 12:58

Профессор Қансейіт Әбдезұлы - «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды

АЛМАТЫ. 14 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы, профессор Қансейіт Әбдезұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің шешімімен «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы ректорат мәжілісінде профессор Қансейіт Әбдезұлына белгіні табыс етіп, ғалымның еңбегіне толағай жетістік, отбасына амандық тіледі. «Әр оқытушы ең алдымен мәдениетті болуы керек. Ұстаз үшін де, ғалым үшін де басты керек құндылық осы. Мәдениеттілік қайраткерлікке жол ашады»,- деп атап өтті ректор.

Ары қарай оқу >>

Студенттер контингенті дами бермек

14.06.2011

Жоғары оқу орындарының басты капиталы – сол университеттің студенттері. Олай болса, білім ордасына түлектерді қабылдау өзіндік салмағы бар үлкен науқан. Дәл қазіргі таңда білім ордаларының алдында тұрған үлкен міндет – кезекті оқу жылына білімгерлерді қабылдау. Осы орайда, 13 маусымда өткен Ректорат мәжілісінде бірінші проректор Мұқамбетқали Бүркітбаев баяндаманы 2011-2012 жылғы студенттердің контингентін дамытуға арнады.

Білім нарығында университеттің бәсекегі қабілеттілігі және инновациялық әлеуеті – Олимпиада жеңімпаздарының оқуға қабылдануымен және ҰБТ-дан жинаған көрсеткіштің үлесімен өлшенеді. Бұл орайда ҚазҰУ-да қабылдау комиссиясы тыңғылықты жұмыс істейді. Олар үгіт-насихат, таныстыру жұмыстарын жүргізуде.

Ары қарай оқу >>

ҰБТ жайында ақпарат

14.06.2011

ҚазҰУ-де 4,6 шілде күндері екі лекпен Алматы қаласының Бостандық ауданындағы 39 мектепкеүшін ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. ҰБТ-ге 1357 өтініш беріліп, 1236 адам тестілеуге қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҰБТ жөнінде ақпарат

14.06.2011

ҚазҰУ-де 4,6 шілде күндері екі лекпен Алматы қаласының Бостандық ауданындағы 39 мектепкеүшін ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. ҰБТ-ге 1357 өтініш беріліп, 1236 адам тестілеуге қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қансейіт Әбдезұлы – «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды

14.06.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы, профессор Қансейіт Әбдезұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің шешімімен «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Ректорат мәжілісінде профессор Қансейіт Әбдезұлына белгіні табыс етіп: «Әр оқытушы ең алдымен мәдениетті болуы керек. Ұстаз үшін де, ғалым үшін де басты керек құндылық осы. Мәдениеттілік қайраткерлікке жол ашады»,- деп атап өтті. «Мәдениет қайраткері» белгісімен құттықтап, ғалымның еңбегіне толағай жетістік, отбасына амандық тіледі.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 06.06.2011 – 11.06.2011

11.06.2011

  • ҚазҰУ-дың мехнаника және математика факультетінде Желілік технологиялар бойынша «Cisco» студенттiк олимпиядасы өтті.
  • ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор М.М.Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы» атанды
  • ҚазҰУ-дың 2-курс студенті Динара Қонарова «БТА Банк» шәкіртақсын иеленді
  • ҚазҰУ журналистика факультетінде Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистердің IV республикалық байқауы өтеді
  • Тақырыптар жалғасы ҚазҰУ-дың 2-курс студенті Динара Қонарова «БТА Банк» шәкіртақсын иеленді
  • ҚазҰУ-да нанотехнология бойынша халықаралық ғылыми конференция өтті
  • ҚазҰУ-да «Қазақстан Республикасының Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойды
  • Тақырыптар жалғасы ҚазҰУ-да нанотехнология бойынша халықаралық ғылыми конференция өтті
  • Тақырып жалғасы БТА Банкі мен ҚазҰУ арасында ынтымақтастық жөнінде келісім-шартқа қол қойылды.
  • ҚазҰУ журналистика факультетінде дизайнер мамандығы ашылды
  • ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушылары жайында жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

11.06.2011

10.06.2011 / 18:32

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойды

АЛМАТЫ. 10 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротовты қабылдады.

Ары қарай оқу >>

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ҚазҰУ арасында әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойылды

10.06.2011

10 маусымда 2011 ж. ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесінің Бас хатшысы Михаил Кротовты (Санкт-Петербург, Ресей) қабылдады. Кездесудің мақсаты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер ассамблеясының парламентаралық хатшылық кеңесімен ғылыми, білім, гуманитарлық және жақын қызметтік бағыттағы әріптестік келісім-шартына қол қою болды.

Ары қарай оқу >>

"ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

10.06.2011

09.06.2011 / 18:01

«Жоғары мектеп менеджменті» курсы ҚР жоғары оқу орындарын басқарудың мәнін айқындауға мүмкіндік берді - Ә.Іңкәрбекұлы

АЛМАТЫ. 9 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - ҚазҰУ-да өткен «Жоғары мектеп менеджменті» курсы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарын басқарудың мәні мен бүгінгі мәселелерін айқындауға мүмкіндік берді.

Бұл жайында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ Ғылыми бағдарламалар орталығының бастығы Әзберген Іңкәрбекұлы «Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында айтты.

Бұл курсқа 30 мамырдан бүгінге дейін еліміздің әр өңірінен келген 27 тыңдаушы қатысқан болатын.

Ары қарай оқу >>

"ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

10.06.2011

09.06.2011 / 17:55

Мектеп менеджментін жақсартудың бір жолы - қағазбастылықты азайту - О.Дәрменов

АЛМАТЫ. 9 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ -Университеттер рейтингісін арттырып, әлемдік топ-университеттер тізіміне ену үшін жоғары мектеп менеджменті оңтайлы жүргізіліп, заманауи тәжірибелерді қолдану қажет.

Бұл жайында бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында айтылды.


Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

09.06.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 9 маусымда «Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, еліміздің әр аймағынан келген жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде қазіргі жоғары оқу орындарындағы мәселелер және жоғары оқу орындарын тиімді басқарудың әдісі, жоғары оқу мекемелерін басқарудың жаңа жолы және жоғары мектеп менеджментінің даму болашағы жайында тақырыптар қозғалып, отандық оқытушы-профессорлар өзара пікір алмасты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, жақында ғана халықаралық деңгейдегі оқытушы құрмет атағымен марапатталған профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев университеттің менеджменті турасында кеңінен тоқталып, отандық әріптестерімен тәжірибе бөлісті.

Ары қарай оқу >>

ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

09.06.2011

09.06.2011 / 13:16

Алматыда ғылыми конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 9 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде VIII халықаралық «Материалтану және наноматериалдарға арналған перспективалық технологиялар, жабдықтар және аналитикалық жүйелер» атты ғылыми конференция өз жұмысын бастады.

Конференция ҚР Білім және ғылым миннистрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Мәскеу Болат пен қоспа институты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен жапондық «Interactive Corporation» компаниясының ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Алқалы жиынның ашылуында академик, ректор Ғалым Мұтанов Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов атынан келген құттықтау хатын оқып, конференцияға қатысушылардың барлығына сәттілік тіледі.

Ары қарай оқу >>

"Заң" республикалық күнделікті газет

09.06.2011

Жастар тәрбиесіне жан-жақты көңіл бөлген елдің болашағы қай кезде де жарқын болары анық. «Нұр-Отан» партиясының XIII съезінде Елбасы: «Болашақ қазақстандықты тәрбие­леу – мемлекеттің жастар саясатындағы басты мақсаты», – деп көр­сетті.
Жақында Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сара­йында Білім және ғылым министрлігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп өткізген «Қазіргі заман жас­тарына рухани-адамгерші­лік және патриоттық тәрбие беру: тәжірибе, мазмұн, даму болашағы» атты респуб­ликалық ғылы­ми-тәжірибелік конференция жұмысы да нәтижелі болды.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

09.06.2011

Дарынды студенттерге шәкіртақы төлейді

09.06.11.
БТА Банкі «БТА-дан шәкіртақы» қайырымдылық жобасының аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойды.

Құжатқа Банк тарапынан басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов, ЖОО та­ра­пынан ректор Ғалымқайыр Мұт­анов қол қойды. Жобаның негізгі мақ­саты - Қазақстанның жоғары оқу орындарының дарынды студенттеріне ай сайын шәкіртақы төлеу, сондай-ақ БТА Банкінің «Әмбебап факультеті» білім беруге арналған кредиттеу бағдарламасы бойынша жеңілдіктер ұсыну болып отыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен жасасқан ынтымақтастық келісімшарты «БТА-дан шәкіртақы» жобасы аясында үшінші рет жүзеге асты. Осы секілді келісім Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен және 31 мамырда Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технология және инжиниринг университетімен жасалды. Аталмыш жобаға еліміздің әрбір ай­мағынан 29 қазақстандық ЖОО-ы қа­тысады деп жоспарланып отыр.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да нанотехнология бойынша халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады

09.06.2011

9 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде VIII халықаралық «Материалтану және наноматериалдарға арналған перспективалық технологиялар, жабдықтар және аналитикалық жүйелер» атты ғылыми конференция өз жұмысын бастады.

Конференция ҚР Білім және ғылым миннистрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Мәскеудегі болат пен қоспа институты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетті мен жапондық «Interactive Corporation» компаниясының ұйымдастыруымен өтуде.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасының Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді

08.06.2011

9 маусым сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әкімшілік ғимаратының 9-шы қабатындағы мәжіліс залда сағат 11.00-де «Қазақстан Республикасының Жоғары мектеп менеджментінің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді.

Қазақстан Республикасының жоғары білім берудегі даму стратегиясы тапсырмалары аясында жоғары мектеп менеджментінің даму болашағын және тағы да басқа маңызды мәселерді талқылау дөңгелек үстелдің мақсаты болып табылады.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

08.06.2011

Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистредің IV республикалық байқауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, Қазақстан Журналистер одағы, Бейбіт Құсанбек атындағы қоғамдық қор Бейбіт Құсанбек атындағы тележурналистердің IV республикалық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: журналист Бейбіт Құсанбектің шығармашылығын өнеге ете отырып, жас тележурналистердің шеберлігін шыңдау; Ұлттық тележурналистиканың дамуына ықпал ету; жас талаптардың жаңашылдығына жол ашу.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

07.06.2011

Профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы» атанды

АЛМАТЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы (IGIP)» атанды,

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

07.06.2011

ҚазҰУ-дың 2-курс студенті Динара Қонарова «БТА Банк» шәкіртақсының иегері атанды

АЛМАТЫ. 7 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетінің 2-курс студенті Динара Қонарова «БТА Банк» шәкіртақсының иегері атанды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев - «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы

07.06.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы (IGIP)» атанды.

«Халықаралық инженерлік білім» бағдарламасы бойынша (IGIP) қауымдастықтың және Халықаралық Мониторинг Комитетінің ұсынысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы құрмет атағымен марапатталды.

Сертификатты ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов университеттің Ғылыми кеңесінде профессор Мұқамбетқали Бүркітбаевқа арнайы табыс етті. Құжатқа IGIP президенті, профессор Майкл Е.Ауер және бас хатшы Герберт Клебер қол қойған.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

07.06.2011

7 маусым, 2011 жыл

Дизайнерлерді дайындайды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің Баспа ісі және БАҚ дизайныкафедрасынан сүйінші хабар жетті. Оқу орны алдағы оқу жылынан бастап, дизайнер мамандығы бойынша да маман дайындайтын болыпты. Білім және ғылым министрлігінен арнайы лицензия алып қойған факультет бұған дейін жалпы журналистика, баспа ісі, қоғаммен байланыс мамандарын даярлап келсе, ендігі жерде студенттер дизайнер маманы болып та шығады.

Сүйінші хабарды жеткізген аталмыш кафедра меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлының айтуынша, бүгінде мамандық бойынша оқу бағдарламалары әхірленіп, оқу сағаттары есептеліп, университет қызметкерлері қызу дайындыққа кіріскен.

Ары қарай оқу >>

Кезекті Ректорат мәжілісі өтті

06.06.2011

Ректорат мәжілісі барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «БТА Банк» АҚ екіжақты әріптестік келісімге қол қойды. Университет тарапынан ректор Ғ.М.Мұтанов қол қойса, банк тарапынан Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов құжатқа қол қойды. «Біз «БТА-дан стипендия» жобасының ҚазҰУ-да бастау алғанына қуаныштымыз. Еліміздегі жетекші университетпен болашақта да әріптестігіміз жалғаса беретіндігіне сенеміз», - деді банк басшысы.

Ә.Сәйденов «БТА-дан стипендия» жобасы отандық жоғары оқу орындарында маманданып жатқан ең үздік студенттерді ай сайын арнайы шәкіртақымен қамтамасыз етіп отырады. Шәкіртақы айына 20000 ұлттық теңге көлемінде немесе оқу жылына 200000 теңге қаржы көлемінде ұсынылатындығын айтып, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті экономика және бизнес факультетінің 2-курс студенті Қонарова Динара Маратқызына банк тарапынан студенттік шәкіртақы табыс етті.

Әріптестік келісімнен кейін Ректорат күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 30.05.2011 – 4.06.2011

06.06.2011

  • ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов ҚазҰУ-ға келді
  • ҚазҰУ корейлік әріптестерімен бірлесіп, көпфункциональды электронды тақта шығару инновациялық жобасын жүзеге асырмақ
  • 28 мамырда – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерінің күні өтті
  • ҚазҰУ-да 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты сурет көрме өтті
  • Философия және саясаттану факультетінде ҚР Парламент сенатының депутаты Ғарифолла Есімнің «Социализм - күнә және кінә туралы роман» атты кітабының тұсаукесері өтті.
  • ҚазҰУ-да журналистика факультетінің түлектері бас қосты (30 жыл)
  • ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов Қазақстандағы Кубаның елшісі Абелардо Ернандеспен және елшілік консулы Нерис Гарсимен кездесті
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты ҚазҰУ жанынан медициналық орталық құру Ниет-хатына қол қойды
  • ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушылары жайында жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет

06.06.2011

Барлық түлек бас қосты

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтті. Бұл мереке ҚазҰУ түлектер қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің ұйғарымымен жүзеге асып отыр.

«ҚазҰУ түлегінің күні» қалашықтағы әл-Фараби және Ө.А.Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бастаған бұл топтың қатарында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, 1951 жылғы ҚазҰУ түлегі Кенжағали Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов және Алматы қаласының прокуроры Әмірхан Естаев сынды бірнеше елге белгілі азаматтар бар.

Жиын салтанатты түрде Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «ҚазҰУ түлегінің күні» салтанатты түрде ашылды. Өз кезегінде сөз алған университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бұл мерекенің келешекте әр жылдың мамыр айының соңғы сенбісінде аталып өтілетінін айтты.

Ары қарай оқу >>

«Жас қазақ» газеті

06.06.2011

3 маусым 2011 жыл

«ҚазҰУ түлегінің күні»

28 мамырда студенттік кампус – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтті. Бұл мереке ҚазҰУ түлектер қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің ұйғарымымен жүзеге асып отыр. Алда бұл мереке жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісінде аталып өтілетін болады.

Бұл күні ҚазҰУ қалашығында университеттің әр жылғы түлектері бас қосып, студенттік шақтың қызықты сәттерінен сыр бөлісті. «ҚазҰУ түлегінің күні» қалашықтағы әл-Фараби және Ө.А.Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бастаған бұл топтың қатарында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, 1951 жылғы ҚазҰУ түлегі Кенжағали Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов және Алматы қаласының прокуроры Әмірхан Естаев сонымен қатар бірнеше зиялы қауым өкілдері бар.

Ары қарай оқу >>

"ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

06.06.2011

06.06.2011 / 11:31

Алматыда желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде «Cisco Network Academy Program» халықаралық білім беру бағдарламасының қолдаумен желілік технология туралы студенттік олимпиада өтіп жатыр.

Бұл шара осы саладағы Қазақстандағы алғашқы студенттік олимпиада болып саналады.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" Республикалық қоғамдық-саяси газет

04.06.2011

4 маусым, 2011 жыл

Ел білетін есім

Қансейіт

Бұл есім Оңтүстік Қазақстандағы Төле би ауданы Қасқасу елді мекеніндегі «Мыңшейіт» деп аталатын әулиелі жермен байланысты. Гүлперизат ана жақында ғана майданнан, бір қолынан айырылып оралған Әбдез есімді жас жігітпен шаңырақ көтеріп, бірақ ұзақ жылдар перзент көтере алмай жүреді.

Ауылдың іргесінде «Мыңшейіт» деп аталатын киелі жерде жаугершілік заманда шейіт болған мың сарбаздың бейіті болатын. Намаз үстінде қырылып кеткен осынау сарбаздардың сүйегін сол ауылда жалғыз аман қалған жас нәрестелі ана бірнеше күндер мен түндер көз ілмей, бір өзі сәбиін емізе жүріп барлығын ақ арулап, жер қойнына тапсырған.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

03.06.2011

3 маусым, 2011 жыл

Студенттер жасағы тәртіпті қадағалайды

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың бастамасымен жыл сайын студенттер отрядтары құрылып, белсене жұмыс істейді. Олардың әрқасысының өзіндік тәртіп жүйесі мен атқаратын қызметтері әртүрлі болғанымен барлығының мақсаты бір – тәртіпті қадағалау болып табылады.

Қоғамдық тәртіпті қадағалай отырып олар өздерімен тағы бір істі алып жүреді, яғни қоғамдық орындардағы тазалық тазалық сақтау жұмысын қадағалайды.

Ары қарай оқу >>

"ҚазАқпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

03.06.2011

03.06.2011 / 13:45

ҚазҰУ жанынан медициналық орталық құрылмақ

АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты ҚазҰУ жанынан медициналық орталық құру Ниет-хатына қол қойды.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) президенті Буп Ван Киммен кездесті. Кореядан келген делегация құрамында сонымен бірге Оңтүстік Кореядағы емхана басқармасы құрылыстарымен айналысатын компания өкілдері де бар.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ магистранттары БелМУ-да білім алды

03.06.2011

2011 жылдың 17 қаңтар мен 21 мамыр аралығында ҚазҰУ химия факультетінің 1 курс магистранттары Қ.Қ.Кішібаев пен Г.Е.Темірханова Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің бірлескен оқу бағдарламасының «Нанотехнология» бағыты бойынша Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде арнайы білім алып келді.

БелМУ басшылығы ШЫҰ желілік университетінің аясындағы ҚазҰУ-мен алғашқы тиімді ынтымақтастықты жоғары бағалады.

Ары қарай оқу >>

«Президент және халық» Республикалық қоғамдық-саяси газет

03.06.2011

3 маусым, жұма, 2011 жыл

«ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтілді

28 мамырда студенттік кампус – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «ҚазҰУ түлегінің күні» аталып өтті. Бұл мереке ҚазҰУ түлектер қауымдастығының шешімімен және ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің ұйғарымымен жүзеге асып отыр. Алда бұл мереке жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісінде аталып өтілетін болады.

Бұл күні ҚазҰУ қалашығында университеттің әр жылғы түлектері бас қосып, студенттік шақтың қызықты сәттерінен сыр бөлісті. «ҚазҰУ түлегінің күні» қалашықтағы әл-Фараби және Ө.А.Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов бастаған бұл топтың қатарында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, 1951 жылғы ҚазҰУ түлегі Кенжағали Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов және Алматы қаласының прокуроры Әмірхан Естаев сонымен қатар бірнеше зиялы қауым өкілдері бар.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты ҚазҰУ жанынан медициналық орталық құру Ниет-хатына қол қойды

03.06.2011

З маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) президенті Буп Ван Киммен кездесті. Кореядан келген делегация құрамында сонымен бірге Оңтүстік Кореядағы емхана басқармасы құрылыстарымен айналысатын компания өкілдері бар.

KHIDI Оңтүстік Кореядағы іргелі клиникалар мен жетекші ғылыми-зерттеу институттарын біріктіреді. Олардың негізгі жұмыс бағыттары денсаулық сақтау индустриясын жаңа медициналық технологиялармен қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету, медицина саласында жаңа тұжырымдар жасап мемлекеттік және халықаралық медициналық мекемелермен әріптестікті нығайту болып табылады.

Кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан медициналық орталық құру әріптестігі барысында ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының (KHIDI) президенті Буп Ван Ким Ниет-хатқа қол қойылды.

Ары қарай оқу >>

«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

02.06.2011

02.06.2011 / 11:18

КазНУ - двигатель науки в Казахстане, и нам важно наладить партнерство с таким научно-образовательным центром - посол Кубы в РК

АЛМАТЫ. 2 июня. КАЗИНФОРМ - Вопросы сотрудничества в области образования и науки, реализации совместных научно-исследовательских, гуманитарно-образовательных проектов были обсуждены накануне в Алматы на встрече ректора КазНУ им. аль-Фараби, академика Галыма Мутанова с послом Республики Куба в РК Абелардо Ернандесом Феррера и консулом посольства Нерис Гарсией Мериньос, сообщает пресс-служба вуза.

Посол Кубы подчеркнул, что КазНУ им. аль-Фараби является «двигателем науки в Казахстане и для Кубы очень важно наладить партнерство с таким научно-образовательным центром».

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі" Ұлт газеті

02.06.2011

Араб әлеміндегі қазіргі жағдай

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде арабтану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстанның 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі кеңесіне төрағалық етуіне арналған «Араб тілі мен мәдениеті күндері» атты апталық өтті.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі" Ұлт газеті

02.06.2011

2-8 маусым 2011 жыл

Жаңа заманға сай жазылған еңбек

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде сенатор, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есімнің “Социализм – күнә мен кінә туралы роман” атты кітабының тұсаукесері болды.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы құттықтау сөз сөйлеп, романның философиялық проза ретінде жазылғандығын айтты.

Ары қарай оқу >>

Республикалық қоғамдық-саяси газет "Экспресс-К"

02.06.2011

2.06.2011 г.

Цифровая доска почета

В Казахстане будут выпускаться многофункциональные электронные доски, предназначенные для учащихся.

Соглашение о реализации совместного инновационного проекта по производству многофункциональных электронных интерактивных досок подписали Казахский национальный университет им. аль-Фараби и южнокорейская компания Blue cop security & system.

Ары қарай оқу >>

"Казахстанская правда" жалпыұлттық күнделікті газет

02.06.2011

2 июня 2011 г.

«Неоконченный» роман

Депутат Парламента РК, доктор философских наук Гарифолла Есим представил широкой общественности книгу «Социализм – роман про грех и вину».

Произведение написано в традициях лучшей философской прозы. Теоретические проблемы социализма, гармонично переплетаясь с сюжетами жизни автора, изложены в форме рассказов о грехе и следующей за ним вине.

Ары қарай оқу >>

"Казахстанская правда" жалпыұлттық күнделікті газет

02.06.2011

2 июня 2011 г.

Встречи в альма-матер

Впервые в Казахском национальном университете им. Аль-Фараби провели общеуниверситетский День выпускника, и теперь он будет отмечаться ежегодно в последнюю субботу мая.

Праздник начался с возложения цветов к памятникам Аль-Фараби и У. Джолдасбекову выпускниками разных лет. Ректор КазНУ академик Галым Мутанов сказал, что тем самым закладываются новые традиции. И новые красные даты в календаре КазНУ – это символ преемственности поколений, сближения, замечательный повод поддерживать связи и возвращаться в альма-матер.

Ары қарай оқу >>

Желілік технологиялар бойынша «Cisco» студенттiк олимпиядасы өтеді

01.06.2011

«Cisco» студенттiк олимпиядасы «Cisco» желілік академиясы бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асады. Бұл желілік академиялық бағдарлама бүгінде 168 елде жұмыс iстейді. Бағдарлама теория және тәжiрибе бойынша жобалау, құрылыс, iргелi және жергiлiктi желiлерді танымал стандарттармен қолдануын әзiрлеу мамандарын даярлауға бағытталған. «Cisco» желілік академиясы оқытушылармен байланыс орната отырып, Web-пен сәйкестікті, үйретудің электрондық үлгісін (e-learning) қолданады. Ол жобалау, құрылыс және компъютер желiлерiнiң қызмет көрсету жаттығулары бар зертханалық жұмыстардан тұрады.

Ары қарай оқу >>

«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

01.06.2011

01.06.2011 / 16:09

«Моя Родина - Казахстан» - праздник детства в КазНУ им. аль-Фараби

АЛМАТЫ. 1 июня. КАЗИНФОРМ /Берик Бекмурзаев/ - С открытия выставки рисунков «Моя Родина - Казахстан» началось сегодня в Алматы в КазНУ им. аль-Фараби празднование Международного дня защиты детей.

На выставке, организованной профсоюзом «Парасат» работников КазНУ, были представлены работы детей преподавателей и сотрудников вуза.

Ары қарай оқу >>

Pages