Апталық дайджест 23.01.2012 – 29.01.2012

31.01.2012

  • ҚазҰУ-да профессор Мая Шыгаеваның 85 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті
  • Алматыдағы «Алатау ақпараттық технологиялар орталығы» ақпараттық технологиялар паркінде екінші инновациялық конвент өтті
  • «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» 42-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті
  • ҚазҰУ-да ҚР БжҒ Министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен Жолдау талқыланды
  • Жолдау – 2012 (пікірлер)
  • Имидждік материалдар
  • Сайлау – 2012
  • ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдарының жарияланымдары
  • Біздің сарапшылар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

4 ақпанда брейн-рингіден ҚазҰУ Кубогы өтеді

31.01.2012

4-5 ақпан жұлдызында 2012 ж. химия және химиялық технология факультетінің малахит залында «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кубогының» брейн-рингтан қалалық интеллектуалды турнирі өтеді. Турнирге Алматы қаласынан 10 ЖОО-нан 48 топ қатысады деп күтілуде. Сайыс нәтижесінде үздік деп танылған 3 топ Гранд-Финалға қатыса алады.

Ары қарай оқу >>

Мәжілісте Жолдау қаралды

30.01.2012

30 қаңтардағы ректорат мәжілісі ҚР Президенті Жолдауы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың міндеттері жөнінде университет ректоры ҒалымМұтановтың баяндамасымен басталды. Ректор Елбасының атап айтқан әрбір басым бағыттарына кеңінен тоқталып, білім беруде жаңа бастамалар мен қадамдарды атады.

Ары қарай оқу >>

ҚР Президенті «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

30.01.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің жоғары санатты оқытушысы, б.ғ.к Р.Б. Каупенбаева колледж білім алушыларымен Елбасы Жолдауын талдауда.

Ары қарай оқу >>

«Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» атты 42-шi - Халықаралық ғылыми-әдiстемелiк конференция өтті

30.01.2012

27 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» атты 42-шi халықаралық ғылыми-әдiстемелiк конференция өтті.

Пленарлық мәжілісте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов және Ұлыбритания Ашық университеті математика және статистика факультетінің профессоры Бенжамин Дэвид Местель сөз сөйледі. Сандық «Case Study» Workshop мәжілісінде on-line тәртібімен Колумбия университеті Жер институты «Global Classroom» жобасының директоры Рафис Абазов пікірімен бөлісті.

Конференция жұмысына Испания, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония және ТМД (М.В.Ломоносов атындағы ММУ, ХДРУ, Ресей) елдері мен басқа да шетелдік жоғары оқу орындары өкілдері мен Қазақстанның ЖОО, ғылыми-зерттеу орталықтары мен қорларының 400-ден астам өкiлі ат салысты.

Пленарлық мәжiлiс барысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы тыңдалып конференцияға қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-де 42-шi Халықаралық ғылыми-әдiстемелiк конференциясы өтті

30.01.2012

2012 жылдың 27-28 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық әдістеріне және білім сапасын көтеруге арналған «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» 42-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Пленарлық мәжіліс аясында әл-Фараби атындағы ҚаҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтановтың және Ұлыбритания ашық университетінің профессоры Бенжамин Местелдің (Benjamin Mestel, The Open University, Department Mathematics And Statistics, Senior Lecturer in Mathematics), Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазовтың (Rafis Abazov, Columbia University, Earth Institute, Director of Global Classroom project), Цукуба университетінің профессоры Лесли Ткач-Кавасакидің (Leslie Tkach-Kawasaki, University of Tsukuba, Graduate School of Humanities and Social Sciences, Professor) баяндамалары on-line workshop түрінде оқылды.

Ары қарай оқу >>

«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

30.01.2012

28.01.2012 / 15:46

Білім, ғылым саласын дамытуда Елбасы биылғы Жолдауда көп міндеттер қойып, үлкен сенім артып отыр - Бақытжан Жұмағұлов

АЛМАТЫ. 28 қаңтар. /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын биылғы Жолдауын талқылау өтті.

Ары қарай оқу >>

Жоғары мектеп: корпоративтік басқару жолында

28.01.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен Бақылау кеңесінің бірінші отырысы өтті. Іс-шараны тек университеттегі жаңалық деп емес, сондай-ақ, отандық білім беру жүйесіндегі жаңалық деуге болады. Жоғары оқу орындарында Бақылау кеңесін құру – білім берудегі басқару жүйесін мемлекеттік-қоғамдық қалыптасуындағы маңызды дүние.

Бақылау кеңесі жұмысының іске асуы 2011-2020 жж білім саласын арттыруға жасалған мемлекеттік бағдараламаға сай жасалған. Бақылау кеңесі халықаралық тәжірибеде әзірленген, білім және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративті басқарудың жаңа формасы. Білім саласында бақылау кеңесі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, және Қазақ ұлттық аграрлық университеті сияқты 4 ірі жоғары оқу орындарында құрылған. Бақылау кеңесінің мән-мазмұнына тоқталған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов: «Бақылау кеңесі жұмысының нәтижесі отандық ғылым және білім кеңістігінің болашағына, дамуына әсер ететін үлкен маңызға ие. Бұл саланы әлемдік деңгейде мойындатуымыз да осы кеңеске байланысты», - деп атады. Сонымен бірге ол, бақылау кеңестері жұмыс жасайтын жоғары оқу орындарын болашақта бір үлкен автономияға айналатынын тілге тиек етті.


Ары қарай оқу >>

Ағылшын тілінде жүргізілетін жаңа бағдарлама ашылды

28.01.2012

Колумбия университеті Жер институтының (Нью-Йорк, АҚШ) Global Classroom жобасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетімен бірлесіп ұйымдастырылған «Climate Justice, Human Rigths and Development» атты ағылшын тілінде жүргізілетін жаңа бағдарламаның ашық екендігін жариялайды. Бағдарлама 25.02.2012ж.-05.06.2012ж. аралығында жүргізіледі. Қазақ Ұлттық Университеті барлық факультет магистранттары мен докторанттарын жобаға қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Жолдау әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен талқыланды

28.01.2012

28 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР БжҒМ Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын талқылау өтті. Жолдауды талқылауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, университет проректорлары, факультет декандары және оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы басқа да ЖОО басшылары және білім-ғылым саласы мекемелерінің басшылары өкілдері және ғалымдар да жиналды.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

28.01.2012

28 қаңтар 2012 жыл

Нұртай ТОРМАНОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы халыққа арналған дәстүрлі Жолдауын ұжым болып тыңдадық. Жолдау алда келе жатқан дүниежүзілік тығырықтан шығу жолдарын және болашақта атқарылатын индустриялық-инновациялық бағдарламаны басты бағытқа ала отырып, стратегиялық даму жолдарын саралап, айқындап көрсетіп берді.

Президент еліміздегі жұмыссыздықты жою, әрбір отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, ауыл мен селоны жандандыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы шетелдерге жалға берген пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану сынды басымдық берілетін мәселелерді көтерді. Жолдаудағы 10 бағыттың әрқайсысының өзіндік орны бар. Осы айтылған бағдарламалардың ішінде бізге, яғни білім беру саласындағы ұжымдарға арналған мәселе, жастарға заманауи талапқа сай, әлемдік бәсекеге төтеп бере отырып, өмірден өзінің мамандығы бойынша орнынан таба алатын мамандарды дайындау болды. Ол үшін оқу үрдісіне білім және тәрбие берудің инновациялық технологиясын енгізу қажет деген мәселе көңілімнен шықты. Бүгінгі университетімізде өткізіліп жатқан «Білім беру қызметіндегі инновациялық және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» жайлы 42-халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция бүгінгі Жолдауға сәйкес келіп отыр.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

28.01.2012

28 қаңтар 2012 жыл

Сапа – басты бағыт

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Білім беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Басқосуды ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтанов ашып, аталған іс-шараның жарты ғасырдан астам уақыт ұйымдастырылып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ жиынға шақырылған шетелдік әріптестеріміз - Ұлыбритания университетінің профессоры Бенжамин Местел, Цукуба университетінің профессоры Лесли Ткач-Каваский баяндама жасады. Пленарлық мәжіліске жиналған қауым Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазовтың баяндамасын интерактивті онлайн тақтасы арқылы тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Барлық баяндамалар «Хабар» телеарнасынан тікелей эфир арқылы берілетін Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басталуына дейін жалғасты. Сөйтіп, ҚазҰУ профессорлары мен оқытушылары Елбасының жолдауын мұқият тыңдады.

Жалпы, конференцияға 400-ден астам ЖОО-ның, алыс шетелдің (Испания, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия) және ТМД елдерінің ғылыми-зерттеу орталықтары мен қорларының өкілдері, Ломоносов атындағы ММУ мен РХДУ және қазақстандық жетекші ғалымдар мен педагогтар қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

28.01.2012

28 қаңтар 2012 жыл

Қазынадан бөлінетін мол қаржы тиімді пайдаланылуы тиіс

Ұзатылған жылдың қорытындысы бойынша елімізде жан басына шаққанда ІЖӨ 11 мыңнан астам долларды құрады. Экономика 7,5 пайызға өскен. Ал халықаралық резервтеріміз 75 миллиард доллардан асып түскен.

Бір қарағанда аз көрінбегенімен, Алматы Инновациялық форумы аясында өткен ІІ Инновациялық конвент кезінде қала әкімі, Инновациялар мен жаңа технологиялар кеңесінің төрағасы Ахметжан Есімовтің сөзінен мемлекет қазынасынан бөлініп жатқан мол қаржының тиімді пайдаланылмай отырғанын ұқтық. «Кейде біз жұмысты ақырына дейін сапалы атқармай, сан қуып кетеміз. Қазақстанның 50 инновациялық жобасына Алматы қаласынан 19 жоба енген. 2004-2011 жылдары Даму институттары жалпы құны 46 миллиард теңгені құрайтын 14 жобаны қаржыландырды. Бірақ еліміздің ғылым және білім орталығы саналатын қала үшін бұл тым жеткіліксіз. Мемлекет бөліп отырған мол қаржы тиімді пайдаланылмайды» деді Ахметжан Смағұлұлы.

Ары қарай оқу >>

Мансап құру тренингтері

27.01.2012

Құрметті ҚазҰУ-нің студенттері! SAY Club ҚазҰУ-нің Мансап орталығымен бірге тренингтің басталуын және келесі топқа қабылдауды қуанышпен хабарлайды, тіркелуіңізге болады, толық ақпарат Мансап орталығында және www.successmotivation.kz сайтында тел. 87052100749- Рсалдинова Дильда, Trainer of Success Motivation.

"SAY club" Success Motivation компаниясымен жастардың «өмірге машықтануы» мақсатында құрылған, сонымен қатар өз мақсаттарына жету үшін соларды дұрыс қолдану. Сіздер үлкен адам болғыңыз келе ме? Өздеріңіздің күшті жақтарыңызды біліп оны ары қарай дамытқыңыз келе ме? "SAY club"-қа қосылыңыз, сіздің жетістігіңізге көмектеседі.

Ары қарай оқу >>

Конференцияда білім сапасын жақсарту сұрақтары қарастырылды

27.01.2012

27 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық әдістеріне және білім сапасын көтеруге арналған «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» 42-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтуде. Конференцияны ҚаҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтанов алғы сөзімен ашып, Ұлыбритания ашық университетінің профессоры Бенжамин Местел мен Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазовтың онлайн-жүйедегі баяндамасы тыңдалды. Цукуба университетінің профессоры Лесли Ткач-Кавасаки өз баяндамасын университет тарапына ұйымдастырылып отырған конференцияға алғысын білдіріп және оның көтеріп отырған тақырыбының актуальдығын айтты.

Ары қарай оқу >>

«Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

27.01.2012

27 қаңтар 2012 жыл

Ғалымға құрмет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, көрнекті ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымының докторы, профессор Майя Хежетдинқызы Шығаеваның 85 жасқа толған мерейтойына арналған шара өтті.

Салтанатты шараға ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, академик Нәдір Нәдіров және басқа да профессорлар мен биология саласының ғалымдары, университет оқытушылары мен студенттер қатысты. Ғалымды мерейтоймен құттықтаған Ғ.Мұтанов: «Майя Хежетдинқызы – үлкен білім мен ғылымның иесі, қазақстандық ғылымның мақтанышы. Сіздің еңбегіңіз барлығымызға өнеге. Сіздің бойыңыз ұстаздық және адами жақсы қасиеттерге толы. Қашанда қара шаңырақпен байланысыңыз үзілмей келеді. Бұл университет ұжымына зор мақтаныш», – деп атап өтті. Өз кезегінде М.Жұрынов Майя Шығаеваға арналған ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың құттықтау хатын оқып, ғылым мен рухани әлемнің дамуына өл­шеусіз үлес қосып жүрген ғалымға министрлік тарапынан алғысхат жолдады. Биология ғылымын дамытуда үлкен қадамдар жасаған, тек бұл ғылымды отандық емес, алыс-жақын көрші мемлекеттерде де кең насихаттаған Майя Шығаеваға деген шәкірттері мен замандастарының жылы лебіздері толастамады.

Ары қарай оқу >>

Ақпараттық жүйелер кафедрасы CISCO IT Essentials (Компьютер сауаттылығы) курсы бойынша 2012 жылдың 2 ақпанда семинар өткiзедi

27.01.2012

Ақпараттық жүйелер кафедрасы CISCO IT Essentials (Компьютер сауаттылығы) курсы бойынша 2012 жылдың 2 ақпанда семинар өткiзедi. Семинар механика-математика факультетiнде 231 дәрiсханада сағат 10-00 өтеді.

Онлайн нәтижелері бойынша - студенттердi үйрету мүмкiндiгi бар CISCO халықаралық үлгi нұсқаушысының сертификаты берiледi.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов «Инновациялық Алматы» жобасын ұсынды

26.01.2012

26 қаңтарда Алматыдағы «Алатау ақпараттық технологиялар орталығы» ақпараттық технологиялар паркінде екінші инновациялық конвент өтті. Иннавациялық форумға ұласқан конвентке Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, еліміздегі жоғары оқу орындарының басшылары, бизнестік қауымдастықтардың өкілдері, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын жобалардың бастамашылары мен кәсіпорын басшылары қатысты.

Жиында бас баяндаманы мәлімдеген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов «Инновациялық Алматы» жобасын ұсынды. Жоба Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі инновациялық дамуын қамтиды. Алматы Қазақстанның ғана емес Орталық Азиядағы инновациялық дамудың локомотиві бола алатындығын алға тартқан Ғалымқайыр Мұтанұлы: «Инновациялық Алматы» жобасы әр салада жасалып жатқан жұмыстарды бір бағытқа жұмылдыруды көздейді. Соның нәтижесінде Алматыны әлемдік деңгейдегі инновациялық қалаға айналдыру көзделіп отыр. Онда халықаралық тәжірибелер зерттеліп, инновациялық даму тетіктерімен өзіміздің мүмкіндіктер ескерілді», - дейді.

Сондай-ақ, Ғ.Мұтановтың айтуынша, жоғары технологияларды енгізу арқылы «Ақылды қала» жобасының негізі салынады. 2020 жылға дейінгі бұл жоба Алматының дамуына зор ықпалын тигізбек. Өйткені Алматы ғылыми-техникалық кадрлар, жоғары оқу орындары, ғылыми зерттеу институттары, өндірістік патенттер көрсеткіштері жағынан болсын, елімізде алда келе жатқан қала. Алматының инновациялық дамуда мүмкіндіктері зор екендігін баса айтқан академик жобаның басты мақсаты - Алматының инновациялық тұрғыдан дамуы үшін ең озық технологияларды енгізу екендігін баяндады.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

26.01.2012

АЛМАТЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы Қазақстанның ғана емес Орталық Азиядағы инновациялық дамудың локомотиві бола алады.

Бұл туралы бүгін Алматы Инновациялық форумы аясында өтіп жатқан ІІ Инновациялық конвент барысында айтылды.

Ары қарай оқу >>

"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

26.01.2012

Білім сапасы қайтсе артады?

Алдағы жұма күні «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын артты­ру мәселелері» атты 42-ші халық­ара­лық ғылыми-әдістемелік конференция өз жұмысын бастайды.

Аталған ғылыми басқосу негізінен Әл-­Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім беру үдерісіндегі оқы­тудың инновациялық әдістеріне және білім сапасын көтеруге арналатын болады. Оған 400-ден астам жоғары оқу орнынан жетекші ғалымдар мен педагогтер қатысады. Оның ішінде ТМД елдері мен Түркия, Испания, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания сынды елдердің ғылыми-зерттеу орталық­тары мен қорларының өкілдері бар.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

26.01.2012

Алматыда ақпараттық технологиялар паркінде екінші инновациялық конвент өтуде

АЛМАТЫ. 26 қаңтар /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда инновациялық форум аясында «Алатау ақпараттық технологиялар орталығы» ақпараттық технологиялар паркінде екінші инновациялық конвент өтіп жатыр.

Ол Алматы қаласының ғылыми әлеуетін және ғылым мен өндірістің өзара байланысын көрсетуге бағытталған. Конвент кезінде Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму жобасы талқыланбақ.

Ары қарай оқу >>

Мая Шығаеваның 85 жасқа толған мерейтойына байланысты салтанатты құттықтау рәсімі өтті

25.01.2012

25 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бас ғимаратында ҚР ҰҒА және ҚР ЖМА академигі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымдарының док­торы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультетінің құрметті кафедра меңгерушісі Мая Шығаеваның 85 жасқа толған мерейтойына байланысты салтанатты құттықтау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, ҚР ҰҒА Президенті Мұрат Жұрынов, академик Нәдір Нәдіров және басқа да профессорлар мен биология саласының ғалымдары және ҚазҰУ ұжымы жиналды. Ғалымды мерейтойымен құттықтаған Ғалым Мұтанов: «Мая Хежетдинқызы үлкен білім мен ғылымның иесі. Сіздің еңбегіңіз балығымызға өнеге. Сіздің бойыңыз ұстаздық және адами жақсы қасиеттерге толы. Қашанда қара шаңырақпен байланысыңыз үзілмей келеді. Бұл университет ұжымына зор мақтаныш», - деп атап камзол кигізіп, гүл шоғын ұсынды. Өз кезегінде Мұрат Жұрынов Мая Шығаеваға арналға ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың құттықтау хатын оқып, ғылым мен рухани әлемнің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ғалымға министрлік тарапынан алғыс хат жолдады. Биология ғылымын дамытуда үлкен қадамдар жасаған, тек бұл ғылымды отандық емес алыс-жақын көрші мемлекеттерде де кең насихаттаған Мая Шығаеваға деген шәкірттері мен замандастарының жылы лебіздері толастамады. Бірінен кейін бірі сөз алып, алғыстарын жеткізді. Оның ҚазҰУ-дың дамуына қосқан үлесі бір төбе екендігін тілге тиек еткен академик Нәдір Нәдіров университеттің қай ректоры болсын Мая Хежетдинқызына зор ілтипатпен, асқан сыйластық сезімімен қарайтынын жеткізіп, ғалымды отандық ғылым мен жеңістің аңызы деп атады. .

Ары қарай оқу >>

«Еуразия» бірінші арнасы

25.01.2012

25 қаңтар, 2012 - 14:54

Ғалым М.Шығаева 85 жасқа толған мерейтойын атап өтті

Бүгін Алматыда ҚР ҰҒА және ҚР ЖМА академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор Майя Шығаеваның 85 жасқа толған мерейтойы аталып өтіп жатыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің деканы Тамара Шалахметова: «Майя Хажетдинқызы – мейірбанды жан, бірақ талапшыл ғылыми жетекші. Оның жетекшілігімен 7 докторлық және 42 кандидаттық диссертация қорғалды. Өзі – 330-дан аса ғылыми еңбек пен 10 монографияның авторы», - дейді.

Майя Хажетдинқызы Шығаева 1927 жылы 21 қаңтарда Ресейдің Астрахань қаласында дүниеге келді. 1949 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын ҚазКСР ҒА Микробиология және вирусология институтында қарапайым ғылыми қызметкерліктен бастап, директордың ғылыми орынбасарлығына дейін көтерілді.

Ары қарай оқу >>

ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ТРЕНИНГТЕРІ

25.01.2012

ЖОО оқытушыларының кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіру – университеттің маңызды міндеттерінің бірі. Сонау XX ғасырдың 70 жылдарында педагогика кафедрасын п.ғ.д., профессор Қ.Б. Бержанов басшылық еткен кезде кафедра аясында Педагогикалық шеберлікті жетілдіру институты жұмыс жасаған. Қазіргі таңда біздің кафедра сол дәстүрді қайта жаңғыртуда.

Студенттердің демалыс уақытысында тәрбие жұмысы және академиялық мәселелер Департаменттерінің ұйымдастырушылық қолдауымен университет оқытушыларына арналып тренингтер жүргізілді. Жалпы алғанда педагогика кафедрасы университет оқытушыларына қаңтар айында 2 апта бойы 37 тернинг өткізді. 09.01.12-17.01.12 аралығында мәселелік, жобалаушылық және тұлғаға-бағытталған оқыту бойынша тренингтер жүргізілді. 12.01.12-19.01.12 аралығында куратор-эдвайзер мектебінің ұйымдастыруымен тәрбие жұмысы мәселелеріне байланысты тренингтер жүргізілді.

Оқытушылардың көптеген сұранысы себебінен тұлғаға-бағытталған оқыту бойынша жоспарланған 15 тренинг орнына 20 тренинг жүргізілді. Оқыту орыс және қазақ тілдерінде қатар жүргізілді, орыс топтарында п.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мынбаева, п.ғ.к., доцент Г.А. Қасен, ал қазақ топтарында п.ғ.к., доцент Н.С. Әлқожаева мен аға оқытушы Қ.Б. Жұмабекова.

Тренигтің бірінші бөлімінде оқытушылар қазіргі педагогикалық ғылымдағы тұлғаға-бағытталған оқыту теориясы, негізгі идеялары және принциптерімен таныс болды. Одан кейін тренингке қатысушылар ПОӘК және силлабус тапсырмаларын өңдеу бойынша топтық жаттығулар жасады.

Ары қарай оқу >>

Открытые семинары преподавателей из Open University (UK) посвященные дистанционному обучению

25.01.2012

Уважаемые коллеги,

Приглашаем Вас, ППС вашей кафедры и PhD докторантов на открытые семинары преподавателей из Open University (UK) посвященные дистанционному обучению. Место проведения: Механико-математический факультет 121 аудитория.

Dr Timothy Lowe

25.01.12 09:00 «An online mathematics module»

26.01.12 14:00 «Online assessment at the Open University»

Dr Benjamin Mestel

25.01.12 09:00 «Opportunities and challenges in mathematics distance learning»

26.01.12 14:00 «Supporting students with synchronous communication tools»

Ары қарай оқу >>

Назар аударыңыз, бос жұмыс орыны

24.01.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті, Халықаралық ғылым және білім беру қызметін стратегиялық дамыту бөліміне жетекші маман бос орнына конкурс жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Өткенге таразы, ертеңге дайындық

24.01.2012

23 қаңтардағы ректорат мәжілісі жағымды жаңалықпен, шәкіртақы тағайындаумен басталды. «Қазақстандағы Интернационал Қытай ұлттық мұнай компаниясы» атты ЖШС шығыстану факультеті студенттеріне арнайы шәкіртақы тағайындады. Шәкіртақы шығыстану факультеті қытай тілі кафедрасының студенттері Перизат Сәменова және Ырыскүл Атымтайға берілді.

Ары қарай оқу >>

Қалалық әдістемелік семинар өтті

23.01.2012

2012 жылдың 23 қантарында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Көркем шығармаларды оқыту арқылы студенттің тілдік құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

"Жас оқытушы мектебі" атты семинар

21.01.2012

Методбюро Высшей Школы Экономики и Бизнеса рада сообщить, что 23 января 2012 года в 14.30 ауд.201 (ВШЭБ) состоится методологический семинар для молодых преподавателей в рубрике: «Школа молодого преподавателя»

Освещаемые вопросы:

1. Форма взаимоотношений преподавателя со студентами

2. Формы организации и проведения семинарских и практических занятий

3. Объективная оценка знаний студентов

Ары қарай оқу >>

Қысқы каникул кезіндегі әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессорлық оқытушылар құрамына «Дін және мемлекет» тақырыбындағы семинар өткізілді

20.01.2012

Үстіміздегі жылдың 12-13, 18 қаңтарында кестеге сай дінтану және мәдениеттану кафедрасының биологиялық факультетінің үлкен акт залында «Дін және мемлекет» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар кезінде төмендегі мәселелер қозғалды:

12.01.2012

Мемлекет пен дін арақатынасы тақырыбы бойынша Қазақстан және діни бірлестіктер: жаңа қарым-қатынастардың қалыптасуының кезеңдері, Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңы, сонымен қатар ҚР Конституциясындағы ар-ождан және сенім бостандығы: құрылымы, негізгі қағидалары мен практикалық жүзеге асуы, мемлекеттік билік органдарының және жергілікті басқару органдарының қызметіндегі діни сенімге байланысты саясаты мәселелері қарастырылды. Лекторлар: кафедра меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Курманалиева А.Д., филос.ғ.д., доцент ЗатовК.А.

Ары қарай оқу >>

Семинар: “Some effective approaches to motivate students in learning English” и “Some effective ways of teaching grammar»

20.01.2012

Халықаралық қатынастар факультеті әдістемелік бюросы және Біліктілік көтеру Институты бірлесе отырып ҚазҰУ ағылшын пәнінің оқытушыларына арналған семинар 18,19 қаңтар 2012 жылы өткізді.

Семинар тақырыбы: “Some effective approaches to motivate students in learning English” и “Some effective ways of teaching grammar».

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен «БТА Банк» «Жеңілдетілген Ипотекалық Несие» жобасына қол қойды

20.01.2012

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «БТА Банк» АҚ арасында «Жеңілдетілген Ипотекалық Несие» жобасына қол қойылды.

Құжатқа әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан Экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегіпроректор Евгений Ан ал, «БТА Банк» АҚ жағынан Басқарма Төрағасының орынбасары Әділхан Оңғарбаев қол қойды.

Кездесуге сонымен бірге «Парасат» ҚазҰУ қызметкерлері кәсіподағының төрағасы талғат Мекебаев, «БТА» Банк« АҚ басқарушы директоры Күнсұлу Қапбасова, «БТА банк» Алматы филиалының директоры Гүлмира Әбділдинова, «Алматы Пана LTD» ЖШС директоры Асқарбек Ноғайбаев қатысты.

Әділхан Оңғарбаев білім ордасымен өзара әріптестік байланыстың жоғары деңгейде қалыптасқандығын айтып, әлі де ҚазҰУ-дың үздік оқытушыларына банк тарапынан тағайындалатын шәкіртақылар санын арта түсетіндігін жеткізді.

Ары қарай оқу >>

«Жас қазақ» Ұлттық апталық

20.01.2012

20 қаңтар 2012 жыл

ҚазҰУ-дың жаңа шыңы

QS World University Rankings агенттігі (Ұлыбритания) әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының кәсіби түлектер даярлауы негізінде жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізді. Аталмыш зерттеу мәліметі бойынша, ҚазҰУ әлемнің 700 жетекші университеті арасында 300-350 топқа еніп, 2011 жылғы көрсеткішті 100 сатыға көтерді.

QS рейтингінде Жұмыс берушілердің түлектер кәсібилігіне қанағаттануы ең маңызды көрсеткіштердің бірегейі болып табылатындығын ескерте кеткен жөн.

Зерттеу барысында сауалнамаға «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «ҚазМҰнайГаз», «Қазатомпром», «Ақтөбемұнайгаз», «Қазақмыс», «Самрұқ-Қазына», «Даму» қоры, «Инновациялық қор», «Kazyna Capital Management», «Microsoft Қазақстан», «Ел Арна», «Хабар», «Қазақстан Халық банкі», «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «KPMG», «ҒЗИ», Областық білім беру басқармалары және т.б. ірі ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Сауалнама қорытындысынан белгілі болғандай, Жұмыс берушілердің басым көпшілігі (75%) ҚазҰУ студенттерінің теориялық, тәжірибелік және кәсіби дайындығын жоғары бағалайды.

Ары қарай оқу >>

Ағылшын пәнінің оқытушыларына арналған семинар өтті

20.01.2012

18-19 қаңтар аралығында қалықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік бюросы және Біліктілік көтеру Институты бірлесе отырып ҚазҰУ ағылшын пәнінің оқытушыларына арналған семинар өткізді.

Семинар “Some effective approaches to motivate students in learning English” және “Some effective ways of teaching grammar» тақырыптарын қамтыды.

Бұл семинар осымен екі жыл қатарынан, тегін өткізілуде. Семинардың құндылығы - тәжірибе алмасу, оқыту әдістемесінің озық тәжірибелерін талқылау болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Университеттегі тәрбие жұмысын дамытудың негізгі бағыттары пысықталды

19.01.2012

19 қаңтарда Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжіліс өтті.

Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжілістің ашылуында ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов сөз алып қара шаңырақтың әлі де қарыштап дамып және ел болашағы иелерін дәстүрді жалғастыра отырып заманауи тәрбиелеу үшін ақылдасу, кеңесу тәрбие жұмыстарын жандандырып, жаңғыртуда бірлесіп жұмыс атқару мақсатында жиналып отырғандықты айтып, әлеуеті биік мамандар даярлауда ұстаздар қауымына қойылатын талаптың ба биік екендігін тілге тиек етті.

Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжілісте ҚазҰУ-дың Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева «Университеттегі тәрбие жұмысын дамытудың негізгі бағыттары және жағдайы туралы» баяндама жасады. Онда тәрбие саласында атқарылған жетістіктер мен әлі де мықтай түсу қажет тұстарды шегелеп айтты. Ол тәрбие жұмысын жүйелікпен қамтамасыз ету, әлуметтік серіктестікті дамыту, азаматтық, патриоттық, рухани-адамгершілік және мәдени эстетикалық тәрбиелеу, салауатты өмір салты, ауытқушылықтың алдын алу, университет имиджін арттыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту сияқты бағыттар әлеуметтік дамудың индикативті жоспарларын құрайтындығын сараптап өтті. Шолпан Ерболқызы мәлім еткендей, университетте куратор-эдвайзерларген үлкен қолдау қалыптасқан. Рейтинг бойынша, 99 үздік куратор-эдвайзер жалақысына қосымша үстем ақы алады, кураторлар мектебінде апта сайын кеңес беру жұмысы жүзеге асады. Әлеуметтік даму жөніндегі проректордың баяндамасынан белгілі болғандай, 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап факультеттерде «сабақтан тыс уақыттағы ұйымдастырушы – аға куратор» ақылы қызмет түрі және жаңа оқу жылынан бастап куратор-эдвайзерлер еңбек ақысына қосымша төлем енгізілмек. Университетте атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде демеушілік шәкіртақылар саны жоспардан асып түскендігін, яғни бүгінде ҚазҰУ-да озат студенттер мен әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге қолдау ретінде жоспарланған 94 шәкіртақының орнына 111 атаулы шәкіртақы тағайындалғандығында көпшілік назарына ұсынды.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

19.01.2012

19 қаңтар 2012 жыл

Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыруымыз қажет.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Болашаққа алып барар сенімді қадам

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университетінің негізгі мақсаты - мүше-мемлекеттердің білім беру арқылы елдер арасындағы ынтымақтастық пен сенімділікті нығайтумен қатар, экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін басты қызықтыратын энергетика, экология, аймақтану, нанотехнология және ІТ - технология мамандықтары бойынша келісілген инновациялық оқу бағдарламаларының негізінде жоғары кәсіптік мамандарды дайындауды жүзеге асыру болып табылады.

Білім мен ғылымды біріктіруге мүмкіндік беретін - Зерттеу университетіне көшіп жатқан ҚазҰУ үшін ШЫҰ білім кеңістігіндегі магистранттары­мыздың алған білімі, тәжірибелері оқу ордамыздың ғылымының жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік жасап отыр.

Қазақ Ұлттық университеті қазіргі кезде ШЫҰ университеті аясында «Экология», «Нанотехнология», «Аймақтану» бағыттары бойынша базалық жоғары оқу орны ретінде таңдалса, «Экология» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі болып табылады. Осы үлкен міндетті іске асыру мақсатында 2010 жылдың мамыр айында ҚазҰУ-де құ­рылған ШЫҰУ оқу орталығы білім кеңістігінде экология бағыты бойынша Ресей халықтар достығы университеті (Ресей), Оңтүстік-Орал ұлттық зерттеу университеті (Ресей), Сібір Федералды университеті (Ресей), М.Алдышев атындағы Ош технологиялық университеті (Қыр­ғызстан), Тәжік аграрлық университеті (Тәжікстан), Ланьчжоу университеттерімен (ҚХР) нанотехнология бойынша Белгород мемлекеттік ұлт­тық-зерттеу университеті (Ресей), аймақтану бағыты бойынша Мәскеу лингвистикалық гуманитарлық университеті (Ресей), Бішкек гуманитарлы университеттерімен (Қырғызстан) келісімшартқа қол қойылып, магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдер жалғасын табуда, серіктес жоғары оқу орындарының саны өсуде.

Ары қарай оқу >>

«Клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясы» атты алғашқы семинар-тренинг

19.01.2012

18 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастырумен алғаш рет факультеттердегі клубтар мен үйірмелердің жетекшілеріне арналған «Клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясы» атты семинар-тренинг өтті.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры, ф.ғ.к., доцент Г. Сәрсенбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі клубтардың ағымдағы оқу жылындағы жүргізілген жұмыстарының қарқындылығына тоқталса, Куратор-эдвайзерлер мектебінің мүшесі п.ғ.к., доцент Ұ. Төлешова клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясына және өзі жетекшілік ететін «Шабыт» студенттер театрының жұмыстарына тоқталып, жиналғандармен тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, Тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімініңжетекші маманыШ. Канафьева клубтар мен үйірмелерде өткізілген мәдени-танымдық шараларды атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжіліс өтеді

18.01.2012

19 қаңтар сағат 14.30-да Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-мәжіліс өтеді.

Студенттік топтардың куратор-эдвайзерлері арналған семинар-мәжілістің ашылуында ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов сөз алып, университеттің оқытушы-профессорлар құрамы арнайы тақырыпта баяндамалар оқиды.

Конференцияда ҚазҰУ-дың Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева«Университеттегі тәрбие жұмысын дамытудың негізгі бағыттары және жағдайы туралы», Әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығының директоры Гүлмира Әбдірайымова «Куратор-эдвайзерлердің тәрбие жұмысына көзқарасы» (әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша) баяндамасы, Биология және биотехнология факультетінің деканы Тамара Шалахметова «Факультеттің Куратор-эдвайзерлер кеңесі жұмысының тәжірибесі туралы», Ректор аппараты басшысының орынбасары-студенттер қалашығының директоры Әбдіқаһар Сейітжанов «Студенттер қалашығында тәртіп сақтау жағдайы және жатақханада тұратын студенттермен жұмыс туралы», Механика-математика факультетінің деканы Уалихан Әбдібеков «Корпоративті мәдениет нормаларын енгізудегі этика бойынша комиссия қызметі туралы», География және табиғатты пайдалану факультетінің куратор-эдвайзері Зейнеп Сәрсембекова «Студенттік топ куратор-эдвайзері қызметіндегі тәрбие жұмысының технологиялары» және Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Г.Ә. Сәрсенбекова «ҚазҰУ студенттері оқуға міндетті 100 әдеби шығарма» тізімін бекіту туралы баяндамалар оқиды.

Ары қарай оқу >>

«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет

18.01.2012

17 қаңтар 2012 жыл

Ауған жастары Абай өлеңдерін жатқа айтады

«Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Он шет ел тілінде сөйлесе тіпті жақсы, бірақ он шет тіліне орап, ана тілін тұншықтырып тастаса, ол – кешірілмес күнә. Сол себепті де,мемлекеттік тіл – ол біздің мемлекетімізді құлатпай ұстап тұратын мықты бір діңгек екенін ұрпақтарымыз біліп өсуге тиіс» деген еді Елбасы Н.Ә. Назарбаев.

ХХІ ғасыр босағасын аттаған тұста Тәуелсіздігін нығайту жолында Қазақстан халқы да басқа елдердегідей шұғыл өзгерістерді бастан кешіруде. Тәуелсіздік – Тәңір сыйы. Күнделікті өмірде, әлемде болып жатқан түрлі табиғат апаттары мен бодандықтың құрсауынан құтыла алмай жатқан елдердің тыныс-тіршілігін, тауқыметін көріп, Тәңір сыйлаған тыныш өмірімізгешүкіршілігімізді айтамыз. Азат елдің азаматы, еркін елдің ерке қызы болғанымыз үшін бақыттымыз. Тәуелсіздіктің тұғыры тілмен ғана берік болмағы хақ. Тәуелсіз мемлекеттің басты қағидасы – мемлекеттік тілді қастерлеу, құрметтеу. Ұлттық тілінен айырылған мемлекеттің болашағы қандай болмағы өзінен-өзі түсінікті. «ендеше, көкірек көзі ояу әрбір қазақ өз ана тілінде көркем сөйлеп, ата-бабаларымыз ардақтаған тіл байлығын келер ұрпаққа жеткізу азаматтық аманатым деп түсінуі тиіс. Ұрпақтан – ұрпаққа, бабадан – балаға жалғасқан ұлы мұра – ұлттың тілі. Оның мәртебесін көтеру – баршамыздың парызымыз.

Ары қарай оқу >>

«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет

18.01.2012

17 қаңтар 2012 жыл

Ел экономикасы үшін пайдалы пайымдаулар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, профессор Ғ.Мұтановтың ұйымдастыруымен белгілі экономист ғалым, Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Экономика институтының директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оразалы сәбденнің Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап шығарған 30 жылдан астам уақыт аралығында жазған еңбектерінің тұсаукесері болды.

О. Сәбден бүгінде республикамыздың ғылыми, саяси ортасында ғана емес, ТМД елдерінің жетекші, белгілі экономист ғалымдарының бірі ретінде де танымал. Экономика институтына басшылық етіп келе жатқан белсенді ғалымдар шоғырының көш басында тұрған ғалым. Автор аталмыш еңбектерінде Қазақстандағы нарықтық экономиканың дамуының консептуалды негіздерін талдап көрсете отырып, инновациялық экономикамыздың бәсекеге қабілетті стратегиясын жасау мен оны одан әрі дамыту мәселелеріне өзіндік көзқарасын баяндайды. Ол экономикалық манифест, әлеуметтік бағдарлы экономика тұжырымдамасын ұсынып отыр.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газет

17.01.2012

17 қаңтар, 2012 жыл

Қазақ тілі Қытайда да құрметті

Еліміз Тәуелсіздік алған жиырма жылда Президентіміз Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында қолымыз жеткен қуаныштарымыздың бірі - тағдыр тауқыметімен шетел асқан қандастарымызбен дер кезінде тығыз байланыс жасап, олардың тарихи отанына оралуына және емін-еркін келіп-кетуіне мүмкіндік туғаны. Осы орайда қазақстандық ғалымдардың да шетел асып, тамаша тәжірибе жинақтауына мүмкіндіктер туды. Айталық, соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қытай Халық Республикасы Орталық ұлттар университетімен тығыз байланыс орнатып, сол университетке дәріс оқуға оқытушыларды жіберіп келеді.

Жақында Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетінің арнайы шақыруымен тәжірибе алмасуға барып қайттық. Бейжіңде орналасқан білім ордасында 1953 жылы қазақ тілі және әдебиеті мамандығы ашылса, 1971 жылы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы құрылған. 2004 жылы осы кафедраның негізінде қазақ тілі - әдебиеті факультеті болып дербес шаңырақ көтереді. 1979 жылдан бастап магистранттар, ал 1993 жылдан докторанттар қабылдап келеді. Қазір факультетте 183 студент, 15 магистрант, 9 докторант білім алуда Қазақстанның беделді оқу орындарымен жиі қарым-қатынас жасап, білікті мамандарын дәріс оқуға шақырып, өз студенттерінің білімін арттыруға жағдай жасап отырған факультет деканы Жаң Диңжиң - қазақ, түркі тілдері грамматикасы тарихының маманы. Қазақ тіліне жетік Жаң Диңжиң мырза әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін ең таңдаулы оқу орны деп білетіндігін, сол себепті Орталық ұлттар университет байланысты барынша нығайтуға ниетті екендігін білдірді.

Ары қарай оқу >>

«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет

17.01.2012

14 қаңтар, 2012 жыл

Халықаралық құқық кафедрасына 20 жыл толды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық құқық кафедрасының Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық құқық шеңберіндегі негізгі ғылыми оралық болып келгеніне жиырма жылдай уақыт болып отыр. Халықаралық құқық кафедрасының құрылу тарихы да Қазақстан тарихында елеулі бір орынға ие. Атап айтқанда, халықаралық құқық кафедрасының құрылуы Қазақстан Республикасының нақты егемендікке қол жеткізуімен тығыз байланысты.

Кафедраның тәжірибелі оқытушылары қазақстанда бұрын-сонды оқытылмаған жаң пәндерді дайындап, оқу үрдісіне енгізуде, олардың ішінде: «Еуропалық құқық», «ТМД құқығы», «Халықаралық жеке құқық теориясының негіздері», «халықаралық азаматтық іс жүргізу», «Халықаралық құқықтағы жауапкершілік», «Дипломатиялық және құқықтық консулдық құқықтың өзекті мәселелері», «халықаралық теңіз құқығы», «Континент ішіндегі мемлекеттердің құқықтық мәртебесі», «Халықаралық қылмыстық құқық», «Халықаралық қылмыстық іс жүргізу», «Халықаралық пентициарлық құқық», «Терроризммен халықаралық-құқықтық күрес» және т.б.

Қазіргі уақытта кафедра Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Комитеті, ҚР БҰҰ өкілдігі, ЕҚЫҰ өкілдігі және т.б. сынды түрлі халықаралық ұйымдармен тығыз ғылыми байланыспен ынтымақтасуда.

Ары қарай оқу >>

Рейтинг пен ақпараттандыру салаларындағы жаңалықтар

17.01.2012

16 қаңтарда өткен кезекті ректорат мәжілісі ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың университеттің QS рейтинг жүйесінде 300-350 деңгейіне жоғарылауымен және күні кеше өткен сайлаумен құттықтаудан басталды. Сондай-ақ, ректор өткен жылы алты факультетте қоныс жұмыстары аяқталғандығына ерекше тоқталып, қуанарлық жағдай екенін атады.

Күн тәртібінде қаралған мәселе индикативтік жоспарлардың бірінші жартыжылдықта орындалуы туралы бірінші проректор М. Бүркітбаевтың баяндамасы болды. Онда ғылым, білім, ғылыми нәтиже және тәрбие жұмысы бойынша әр факультет пен кафедралардың көрсеткіштеріне баса назар аударылған. М. Бүркітбаев әрбір кафедраға жеке-жеке тоқталып, мүмкіндігінше баяндамасында толық ақпарат берді. Аталған көрсеткіштер бойынша филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті жоғары деңгейде тұр. Бұл рейтингтік жүйе жұмысы келесі ректорат мәжілісінде жалғасын табады. Сол арқылы рейтинг жүйесінің оқу жылының бірінші жартыжылдығына қорытынды жасалады.

Мәжілісте келесі тыңдалған мәселе ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ж. Мамыкованың университет тарапынан барлық факультеттерге сыйға берілген интерактивті тақтамен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріп, ҚазҰУ қалашығының бүгінде жаппай бейнебақылау камераларымен жабықталған орындарымен таныстыруы болды. Сонымен қатар, интерактивті тақтамен рейтингтік жүйенің автоматтандырылуы туралы жасалып жатқан жобалармен таныстырды. Байқағанымыздай, университетте ақпараттық, заманауи технологиялармен жабдықталу жағы белсенді түрде дамып келеді.

Ары қарай оқу >>

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қыс 2012» атты қысқы ойындар бойынша жарыс өтті

16.01.2012

12 қаңтарда қазақ ұлтының бір туар нар тұлғасы Дінмұхамед Ах­ме­тұлы Қо­наев­тың туғанына 100 жыл то­луы­на арналған «Қыс 2012» ат­ты қысқы ойындар бойынша жарыс өтті.

Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасы меңгерушісі б.ғ.д., профессор С.С.Айдосова, РhD М.А. Суворова және аталмыш факультеттің доценттері Н.З. Ахтаева, А.Б. Ахметова, Г.К. Ерубаева, З.А. Инелова сондай-ақ, оқытушы А.Т. Мамурованың кураторлық топтары және Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының эколог-ағартушысы Р. Сембаева және тағы басқа қызметкерлер қатысты.

Мерекелік іс-шара Алматы қаласы Іле-Алатау «Аю-сай» тау шат­қалында болды. Жарысқа жи­­нал­ған­дар Димаш Ахме­тұ­лы­ның туғанына 100 жыл то­луы­на байланысты қысқы спорт ойындарынан жарысқа қатысып, ұлттық ойындардар түрінен және басқа да әртүрлі жарыстар ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 09.01.2012 – 15.01.2012

16.01.2012

  • 2011 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауында ҚазҰУ-дың 32 оқытушысы жеңіске жетті
  • Профессор Әбділдин Мейірхан Мүбаракұлы өмірден озды
  • ҚазҰУ-да «Қазақтың ханы – Абылай» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті
  • ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінде «Алтын орданың құлауы» атты академиялық сағат өтті
  • ҚазҰУ профессоры Қалқаман Жұмағұлов «Ғұн мұрасын және Аттиланы зерттеуші-ғалым» құрметті атағын иеленді
  • Имидждік материалдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Салауаты өмір салтына арналған спартакиада

14.01.2012

Жоғары оқу орнына дейінгі факультеттің және колледж оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спартакиадасына белсенді қатысып, жалпы командалық сынақта 12 орынды иеленсе, спорттың БАДМЕНТОН түрінен 3 жүлделі орынды жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

Мансап және түлектердің жұмысқа орналасу туралы ең үздік стенд және ең үздік интернет беті байқауы!

13.01.2012

Мансап және бизнес орталығы «Мансап» және түлектердің жұмысқа орналасу туралы ең жақсы стенд пен ең жақсы ғаламтор беті конкурсын жариялайды!

Стендті бағалаудағы негізгі критерилер – стенде жарияланған мәліметтердің ақпараттылығы мен актуальдылығы. Ғаламтор бетін бағалаудағы критерилер: мәліметтің толықтылығы мен актуальдылығы, мәліметтің жаңартылуы. Жеңімпаз сарапшлардың дауыс беруі арқылы анықталады. Ең жақсы стенд пен ең жақсы ғаламтор бетінің иегері 4 ақпанда 2012ж. «Ашық кафедра : Көшбасшылар Ұрпағы» жобасының еінші семестрінің ашылуында жарияланады.

Ары қарай оқу >>

«Ана тілі» газеті

13.01.2012

12 қаңтар 2012

Ізденіс нәтиже береді

Мемлекетіміздің экономикалық көрсеткіштерінің жоғары дәрежеге шығуы ел ғылымының дамуымен тікелей байланысты. Ғылым мен техниканың өркендеуі студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру ісімен үнемі үндесіп жатады. Осыған орай келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, ойлау өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу – қоғам алдындағы борышымыз.

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша QS World University Rankings әлемдік агенттігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 300-350 әлемдік жоғарғы оқу орын ранг қатарына кіргізді!!!

13.01.2012

QS World University Rankings әлемдік агенттігі Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орын рейтингін жариялады. QS агенттінің берілген зерттеу мәліметімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғашқы 300-350 ранг ішіне кіреді.

Естеріңізге түсіре кетейік, ҚазҰУ 2009ж. барлық көрсеткіштер бойынша 601+, 2010ж. - 501-550 орын, 2011ж. университет өз позициясын 2009ж. салыстырғанда барлық көрсеткіштер бойынша нығайтып, 401-450 орын алды. Сонымен Жұмыс берушілер саулнамасы бойынша біз тағы да 100 орынға көтерілдік!

Ары қарай оқу >>

Мансап және түлектердің жұмысқа орналасу туралы ең үздік стенд және ең үздік интернет беті байқауы!

13.01.2012

Мансап және бизнес орталығы «Мансап» және түлектердің жұмысқа орналасу туралы ең жақсы стенд пен ең жақсы ғаламтор беті конкурсын жариялайды!

Стендті бағалаудағы негізгі критерилер – стенде жарияланған мәліметтердің ақпараттылығы мен актуальдылығы. Ғаламтор бетін бағалаудағы критерилер: мәліметтің толықтылығы мен актуальдылығы, мәліметтің жаңартылуы. Жеңімпаз сарапшлардың дауыс беруі арқылы анықталады. Ең жақсы стенд пен ең жақсы ғаламтор бетінің иегері 4 ақпанда 2012ж. «Ашық кафедра : Көшбасшылар Ұрпағы» жобасының еінші семестрінің ашылуында жарияланады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың эколог магистранттары бүкілресейлік съезд қатысушылары

13.01.2012

ШЫҰ желілік университеті бағдарламасы бойынша Ресей халықтар достығы университетінде білім алып жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранттары Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік Кремль Сарайында өткен бүкілресейлік экологтар съезіне қатысып қайтты.

Съезд мақсаты Ресей федерациясының президенті Д.А. Медведевтің қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау, экологиялық тиiмдi технологиялар және табиғи ортаны қорғау шараларының өтуін құқықтық қамтамасыз ету, жиналған экологиялық залалды жою, экологиялық құқық бұзушылықтардың жауапкершiлігін күшейту, халықтың тұрғылықты жағдайын жасау сұрақтары бойынша қойған міндеттерін мемлекет, қоғам, коммерциялық ұйымдармен біріге отырып шешу.

Ары қарай оқу >>

«Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинарының жұмысы өтеді

13.01.2012

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде әр аптаның сәрсенбісі сайын «Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинарының жұмысы өтеді. Семинардың жетекшiлерi ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Т.Жұмағұлов және ҚР ҰИА академигі, ф.-м.ғ.д, профессор Н.Т. Данаев,семинар хатшысы ф.-м.ғ.к., А.К Хикметов.

Семинардың жұмысында Қазақстандағы әртүрлi жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамымен бiрге PhD докторанттары және магистранттар қатысады. Сондай-ақ Қазақстанның ғылыми орталықтары мен отандық ЖОО-ның жетекші ғалымдары да қатысады деп жоспарланып отыр.

Ары қарай оқу >>

Перевод в докторантуру PhD осуществляется до 15 января 2012г.

13.01.2012

Институт послевузовского образования информирует всех заинтересованных лиц, что перевод в докторантуру КазНУ им. аль-Фараби из других университетов осуществляется до 15 января 2012 года (на платной основе). Пакет необходимых документов приведен ниже.

Ары қарай оқу >>

«Егемен Қазақстан» республикалық жалпыұлттық газет

13.01.2012

Кемел елдің келешегі – білім, білік, тәрбие

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: дәстүр және инновация

Біз ҚазҰУ бастаған тоғыз ұлттық уни­верситетке үлкен үмітпен қараймыз. Олар отандық жоғары білім берудің негізгі жон арқасы болулары тиіс.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Еліміздегі ордалы оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің негізі 1934 жылы 15 қаңтарда қаланды. Ол кезде биологиялық және физика-математика факультеттері қана жұмыс істеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін университеттің тынысы ашылып, жаңа бағытқа бет бұрды. 1991 жылы университетке ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби есімі беріліп және ұлттық университет деген атқа ие болды.

Ары қарай оқу >>

«ҚазАқпрат» ұлттық ақпарат агенттігі

13.01.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-лардың әлемдік рейтингісінде 300-350 орынға көтерілді

АЛМАТЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «QS World University Rankings» университеттер дамуының сапалық көрсеткіштерін бағалау бойынша әлемдік жетекші агенттігі жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша дүниежүзіндегі үздік ЖОО-лардың рейтингісін жариялады.

Аталмыш рейтингіде еліміздің ең көне оқу орындарының бірі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 300-350 ранг қатарына енді.

Ары қарай оқу >>

«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

13.01.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды

АЛМАТЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газет

13.01.2012

Қытайда өнер көрсетті

ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлері Ланьчжоу және Хайнань провинциясында өткен студенттік фестивальге қатысып қайтты. Бұл шара Қытай Халық Республикасының Шанхай ынтымастық ұйымына төрағалығы шеңберінде «Тату көршілік және достық жылы» ұраны негізінде ұйымдастырылды. Негізгі мақсат - ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің өнерлі жастарын әлемдік сахналарда бір-біріне таныстыру, тәжірибе алмасу, болашақта тығыз қарым-қатынас жасау.

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

13.01.2012

06.01.12.

Қайраткер ғалым, ел азаматы

Қазақстан ғылымының қайраткері, ұлағатты ұстаз, ел патриоты, бүгінде сексеннің сеңгіріне сергек көтерілген академик Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің еңбек жолы мен ғылыми соқпағы - өзгелердікіне ұқсамайтын өзіндік өрнегі, өзіндік ізі бар, мәні де, маңызы да үлгі тұтарлық азаматтық жол.

Ары қарай оқу >>

«Алматы ақшамы» қоғамдық саяси газет

13.01.2012

5 қаңтар 2012 жыл

Студенттер жаңарған оқу ғимаратына көшті

Еліміздің ең үздік жоғары оқу орны саналатын әл-Фараби атындағыҚазҰУ-де жуырда қуанышты сәт орын алды. Бұған дейін байырғы 9 қабаттық жатақхана ғимаратында оқуға мәжбүр болып келген халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттері студенттері енді су жаңа ғимаратта орын алатын болады.

Ары қарай оқу >>

1 курс эдвайзерлермен кездесу

12.01.2012

2012 ж. 6 қантарында оқу үдерісі бөлімінің бастығы Жакупова Г.Т., тіркеуші кеңсесі бастығы Мекешова А.А., ғылыми хатшысы Сыргакбаева А.С. пен 1 курс эдвайзерлермен кездесу өтті. Кездесу барысында академиялық ұтқырлықтың ішкі және сыртқы мәселелері, екідипломдық білім, академиялық мәселелер және оқу жұмысы жөніндегі проректор Г.Т Балақаеваның сактивист студенттермен кездесу нәтижелері қарастырылды.

Кездесу барысында эдвайзерлерге ҚазҰУ академиялық политика білімін тестілеу өткізілді.

Академиялық мәселелер жөніндегі Департамент

Ары қарай оқу >>

Семинарда табиғаттың өзекті мәселелері қаралды

12.01.2012

12 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Кеңсесі және Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігінің қолдауымен Адам және табиғат жөніндегі Жапон институтымен бірге ұйымдастырылған «Орталық Азияда тұрақты қоғам қалыптастыру жолында: біздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз» атты ашық семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

“Тіл және инновация» атты XV халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

12.01.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2012 жыл 20-21 маусым күндері “Тіл және инновация» атты XV халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Конференцияда тіл және оның құрамы мен құрылысындағы инновациялық үдерістер, ақпараттық технологиялар: тіл және оның меңгерілуі, тіл: қоғамдағы жаһандану мен интеграциялық үдеріс тақырыптарында өрбиді.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Ұйымдастырушы комитет мақаланы 2012 жылдың 1 ақпанына дейін қабылдайды

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша QS World University Rankings әлемдік агенттігі мәліметі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды әлемдік жоғары оқу орындары сатысының 300-350 ранг қатарына енді!!!

12.01.2012

QS World University Rankings әлемдік агенттігі Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орын рейтингін жариялады. QS агенттінің берген зерттеу мәліметі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғашқы 300-350 ранг ішіне кірді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚазҰУ 2009 жылы барлық көрсеткіштер бойынша 601+, 2010 жылы 501-550 орын, ал 2011ж. университет өз позициясын 2009 жылмен салыстырғанда барлық көрсеткіштер бойынша нығайтып, 401-450 орынға көтерілген болатын. Сонымен Жұмыс берушілер саулнамасы бойынша ҚазҰУ тағы да 100 орынға көтерілді!

Ары қарай оқу >>

Ашық кафедра: көшбасшылар ұрпағы

12.01.2012

Мансап және бизнес орталығы студентерге, магистранттарға, PhD докторанттарға және басқа да қызығушылық танытушыларға «Ашық кафедра» атты жоба 2012 жылдың 4 ақпанын бастап екінші семестрін бастайды. Қатысушыларға тіркелу 2012 жылдың 21 қаңтарына дейін.

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша QS рейтингтік агенттігі ҚазҰУ-ды әлемдік жоғары оқу орындарының 300-350 тобына көтерді

12.01.2012

QS World University Rankings агенттігі Жұмыс берушілердің сауалнамасы бойынша әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орын рейтингін жариялады. QS агенттінің берген зерттеу мәліметі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2011 жылы көрсеткіш деңгейін 200 орынға жоғарылатып, әлемнің 700 университеттері ішінен 300-350 ранг ішіне кірді.

Ары қарай оқу >>

«Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинары жұмысты қайта бастады

12.01.2012

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінде «Математика, механика және ақпараттық технологияның қазіргі заманғы ғылыми мәселелері» атты қалалық бiрiккен ғылыми семинары жұмысты қайта бастады. Семинардың жетекшiлерi – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Т.Жұмағұлов және ҚР ҰИА академигі, ф.-м.ғ.д, профессор Данаев Н.Т. Семинар хатшысы ф.-м.ғ.к., Хикметов А.К.

Ары қарай оқу >>

Көрнекті ғалым, асыл ұстаз мұрасы мәңгі сақталады

11.01.2012

11 қаңтарда Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында профессор, физика ғылымдарының докторы Әбділдин Мейірхан Мүбәракұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Ғұлама ғалым, ұлағатты ұзтазбен қоштасуға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы бастаған еліміздің білім және ғылым саласындағы мекемелер мен оқытушы-профессорлар қатысты. Қаралы жиында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және Мейірхан Мүбәракұлының туыстары мен замандас достары сөз алды.

Академик, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ғалымның өмірбаянына, еңбек жолына тоқталып, ол кісінің ғылым мен білімге, шәкірттерді тәрбиелеуге қосқан зор үлестерін баяндады. «Мейірхан Мүбаракұлы энциклопедиялық білімді ғалым болды. Ол қазақ топырағына бұрын-сонды болмаған физиканың жалпы салыстырмалы теориясы туралы ілімді бүкіл қазақ жұртшылығына таратып, аты мен заты әлемге жайылған ғылыми мектеп қалыптастырды. Ол физикамен қатар алыс-жақын шетелдің тарихы мен мәдениетін тарқата айтып, тыңдаушысын таңғалдыратын. Ғалымның ғылымда ізі, артында өшпес мұрасы қолды», - деп ой толғаса, «Мейірхан Мүбаракұлы жүрегі кең, көңілі ақ ғұлама ғалым. Физик-лирик деген атау осы ғалымға арналғандай. Ол физика ғылымының дамуына зор үлес қосумен қатар әдебиетке де үлкен ықылас танытты. Ауыз әдебиетін жатқа айтатын. Жаны лирикаға жақын болғандықтан да болар, ғалым ағамыз достыққа адал, ағалыққа берік болатын. Қалжыңы мол, айналасындағыларға мейіріммен қарайтын ғалым болды. Ол жаратылыстану ғылымдарын ғана емес барлық ғылымды бір-бірімен ұштастыра алатын. Әріптестерінің шын ықылас-ниетіне бөленген ғалым, ұлағатты ұстаз Мейірхан Мүбәракұлының жарқын бейнесі біздің жүрегімізде, шәкіртерінің есінде мәңгі сақталады», - дейді тебірене сөйлеген ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

Ары қарай оқу >>

«Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітаптың тұсауы кесілді

10.01.2012

10 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің оқу залында «Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітаптың тұсаукесері өтті. Кітаптың авторы М.Қ. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, «Абылай хан. Өмірі мен қызметі» деген кітап шығарған белгілі абылайтанушы Зарқын Сыздықұлы Тойшыбай. Кітап Абылай ханның 300 жылдығы қарсаңында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен «Ел-шежіре қоғамдық қорынан» жарыққа шықты.

«Қазақтың ханы – Абылай» атты 2 томдық кітап туралы тарих ғылымдарыны докторы, ҚазҰУ профессоры, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков: «Қазақ хандарының ұлы ханы, хандар арасындағы ең іргелісі, ең көрнектісі, тәуелсіздікті қамтамасыз еткен халық батыры Абылай туралы жарық көрген үлкен еңбекке куә болып отырмыз. Абылай туралы құжаттар баршылық, ол вйқын тұлға. Қазақтың беткеұстар туы да, үж жүздің басын біріктіретін де Абылай. Бұл жарық көріп отырған екі томдықта Абылай хан туралы ресми деректердің ең құндылылары рет-ретімен жүйелі түрде топтастырылған. Осы екі кітап негізінде бірнеше монографиялық зерттеулер жасауға болады. Бұрын жарық көрген құнды еңбектер жинақталып, дайын күйінде тиіп отыр. Бұл ретте автор Зарқын Сыздықұлының еңбегі өлшеусіз», - деп атап өтті.

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілер Кеңесі презентациялық қабілетті дамыту үшін тренинг өткізеді

10.01.2012

Арнайы сайферлер үшін бас серіктес, Жұмыс берушілер Кеңесінің мүшесі, SIFE Kazakhstan компаниясының демеушісі KPMG презентациялық қабілетті дамыту үшін тренинг өткізеді. 10-12 адамнан тұратын екі топ жинастырамыз, тіркелу үшін кеңсеге немесе мына поштаға хабарласыныз sifekaz@gmail.com немесе career@kaznu.kz.

Ары қарай оқу >>

«Ашық кафедра: Көшбасшылар Ұрпағы»

10.01.2012

Құрметті бакалавриаттың 3-4 курс, магистратураның 1-2 курс студенттері және PhD докторанттар!

«Ашық кафедра: Көшбасшылар ұрпағы» жобасына тіркелу басталуын хабарлауға қуаныштымыз.

Дәріс бағыттары: Көшбасшылық, Ұйымдастыру қабілеттілік, Ықпал ету, Сендіру, Коммуникация және презентация, Келіссөз жүргізу, Шиеленістегі мінез-құлық, Өзгерістерді басқару, Жоспарлау, Менеджмент, маркетинг пен коммуникация, Макро жйне микроэкономика, Тұрақты дам, Іскерлік, Инновация, Ақпарат пен IT, Әлеуметтік жүйе.

Ары қарай оқу >>

«Орталық Азияда тұрақты қоғам қалыптастыру жолында: Біздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз» атты ашық семинар өтеді

09.01.2012

12 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Кеңсесі және Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігінің қолдауымен Адам және табиғат жөніндегі Жапон институтымен бірге ұйымдастырылған «Орталық Азияда тұрақты қоғам қалыптастыру жолында: Біздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз» тақырыбында ашық семинар өтеді.

Семинар Қазақстан және Жапон ғалымдары мен университет студенттерінің ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіруді талқылау және ой алмасу алаңына айналады.

Ары қарай оқу >>

«Ашық кафедра: Көшбасшылар Ұрпағы»

09.01.2012

Құрметті бакалавриаттың 3-4 курс, магистратураның 1-2 курс студенттері және PhD докторанттары!

«Ашық кафедра: Көшбасшылар ұрпағы» жобасына тіркелу басталғанын хабарлаймыз.

Дәріс бағыттары: Көшбасшылық, Ұйымдастыру қабілеттілігі, Ықпал ету, Сендіру, Коммуникация және презентация, Келіссөз жүргізу, Шиеленістегі мінез-құлық, Өзгерістерді басқару, Жоспарлау, Менеджмент, маркетинг пен коммуникация, Макро және микроэкономика, Тұрақты даму, Іскерлік, Инновация, Ақпарат пен IT, Әлеуметтік жүйе.

English Discussion Club:

Клубқа қатысу тегін. Жобаның әр тыңдаушысы ағылшын тілін нығайта алады, басқа мемлекет мәдениетімен танысып жаңа халықаралық студенттерді кездестіреді.

Тыңдаушылырға қойылатын талаптар:

Ары қарай оқу >>

Академик Мейірхан Әбділдиннің ғылымда ізі, артында өшпес мұрасы қалды

09.01.2012

Әбділдин Мейірхан Мүбәракұлы

(16.03.1938 г. – 9.01.2012 г.)

2012 жылдың 9 қаңтар күні 74 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған науқастан Қазақстанның көрнекті ғалым-физиктерінің бірі, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, адал жар, абзал азамат Мейірхан Мүбәракұлы Әбділдин дүниеден озды.

Ол 1938 жылы 16 наурызда Алтай өлкесі, Троицк ауданында Зигаиново ауылында дүниеге келген. 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетін бітірген.

Еңбек жолын инженер-лаборанттықтан бастап, бар ғұмырын Қазақстанның ғылымы мен білім саласына арнады. Ол әр жылдары А.А. Жданов атындағы Ленинград университетінің аспиранты (1961-1965 жж.), кіші ғылыми қызметкер (1966 ж.); Қазақ КСР ҒА Астрофизика институтының аға ғылыми қызметкері (1967-1979 жж.) болды. 1966 жылы кандидаттық диссертация, 1985 жылы «Теориялық және мате­матикалық физика» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.

Мейірхан Мүбәракұлы 1970 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 40 жылдан астам табан аудармай қызмет істеді. 1970-1981 жылдары және 1986 жылдан өмірінің соңына дейін теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болды. ҚазМУ-дың ректоры болып жұмыс істеген 1988-1991 жылдары білімнің қара шаңырағының беделі бұрынғыдан да артып, білім, ғылым саласында тың өзгерістер пайда болды. Ол осы қызметке оқытушы-профессорлардың қолдауымен және жабық дауыста сайланған алғашқы ректор болатын.

Ары қарай оқу >>

Жылдың үздік оқытушылары анықталды

09.01.2012

Өткен жылдың желтоқсан айының аяғында 2011 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстың шешімі бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленген республиканың ең үздік 200 үміткері арасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 32 ғалымының, соның ішінде философия және саясаттану факультетінің 7 профессорының «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауында үздіктер қатарына қосылып, мемлекеттік грантқа ие болуы біздер үшін мақтаныш, үлкен абырой! Бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және бiлiм мен ғылым саласындағы көшбасшы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауына ие болған оқытушылардың отанымыздың білімі мен ғылымын дамытуға қосқан үлестерінің жоғары бағалануы.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 04.01.2012 – 07.01..2012

09.01.2012

  • ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттеріне арналған жаңа оқу ғимараттарының салтанатты түрде ашылуы болды

  • ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттеріне арналған жаңа оқу ғимараттарының салтанатты түрде ашылуы болды
  • Aкадемик Нәдір Нәдіровке – 80 жыл
  • Біздің сарапшылар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

14 қаңтарда ҚазҰУ-дың туған күніне арналған дәстүрлі спорт жарыстары өтеді

09.01.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Спорт кешенінің ғимаратында университеттің құрама командалары мен түлектер арасында матчтық кездесу өтеді.

Кездесу келесі спорт түрлерінен өткізіледі:

Ары қарай оқу >>

«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

06.01.2012

06.01.12.

Қайраткер ғалым, ел азаматы

Қазақстан ғылымының қайраткері, ұлағатты ұстаз, ел патриоты, бүгінде сексеннің сеңгіріне сергек көтерілген академик Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің еңбек жолы мен ғылыми соқпағы - өзгелердікіне ұқсамайтын өзіндік өрнегі, өзіндік ізі бар, мәні де, маңызы да үлгі тұтарлық азаматтық жол.

1936 жылы Әзірбайжан Республикасының Нахичеван ауданындағы Кикач ауылынан Қазақстанға жер аударылды. Cталиндік зорлық пен зомбылықтың ащы дәмін татты, 4 жасында әкесінен айырылды, бес жасында ағасы Абдолла репрессия құрбаны болды. Бала Нәдір достық пен бауырмалдықтың да озық үлгісін көріп өсті. Қазақ елінің де жағдайы мәз емес еді. Соған қарамастан, қазақтың үлкені арқасынан қағып, ақылын айтты, кішісі ілтипатын көрсетті. 1948 жылы Жамбыл облысы Талас ауданындағы қазіргі Өрнекті ауылында онжылдықты қазақ тілінде тәмамдаған ол Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) химия-биология факультетіне оқуға түсті. Бітіргеннен кейін сол кездің талабы бойынша 1953 жылы Қаратауға барып химия пәнінен сабақ берген. 1956 жылы Нәдір Кәрімұлы В.И. Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасына қабылданды. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы «Химиялық реакциялардың тепе-теңдігі мен жылдамдығын танып-білу әдістері» деп аталған болатын. Бұл тақырып бойынша бірнеше ғылыми мақалалары одақтық дәрежедегі таңдаулы ғылыми журналдарда басылды.

Ары қарай оқу >>

«Клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясы» атты семинар-тренинг өтеді

06.01.2012

2012 жылғы 18 қаңтарда сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастырумен Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының «Жастар рухани» орталығында факультеттердегі клубтар мен үйірмелердің жетекшілеріне арналған «Клубтардағы тәрбие жұмысының технологиясы» атты семинар-тренинг өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзерлерге арналған семинар-тренинг өтеді

06.01.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастырумен 12-20 қаңтар аралығында факультеттердің куратор-эдвайзерлеріне арналған семинар-тренинг өткізіледі.

Семинар-тренинг тақырыптары:

Ары қарай оқу >>

Өнерлілер Қытайда өнерлерін көрсетіп қайтты

05.01.2012

Білімнің қарашаңырағы ҚазҰУ-да шексіз білім алумен қатар өнерлі жастарға қолдау үнемі қарастырылатыны көңілге қуаныш ұялатады. Жақында ректорымыз Ғ.М.Мұтановтың қолдау көрсетуімен бір топ ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлері Ланьчжоу және Хайнань провинциясында өткен студенттік фестивальге қатысып қайтты.

Ары қарай оқу >>

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

05.01.2012

2011 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың төрағалығымен 2011 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Конкурстық комиссияның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері кірді.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленген республиканың ең үздік 200 үміткері арасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауында жеңіске жетіп, мемлекеттік грантты жеңіп алды. Осылайша, біздің ұстаздар қара шаңырақ бiлiм мен ғылым саласындағы көшбасшы университет екенiн тағы бiр дәлелдедi.

2011 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы:

Ары қарай оқу >>

«Алматы ақшамы» қоғамдық саяси газет

05.01.2012

5 қаңтар 2012 жыл

Студенттер жаңарған оқу ғимаратына көшті

Еліміздің ең үздік жоғары оқу орны саналатын әл-Фараби атындағыҚазҰУ-де жуырда қуанышты сәт орын алды. Бұған дейін байырғы 9 қабаттық жатақхана ғимаратында оқуға мәжбүр болып келген халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттері студенттері енді су жаңа ғимаратта орын алатын болады.

Қарасай батыр мен Масаншы көшелерінің қиылысында орналасқан 5 қабатты ескі корпус толықтай күрделі жөндеуден өтіп, университет ұжымына жаңартылған күйде қайта ұсынылды. Аталған оқу корпусын университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Алматы қаласы кімінің орынбасары Серік Сейдуманов пен Алмалы ауданының әкімі Марат пірінбетовке өзі таныстырып шықты.

Ары қарай оқу >>

Қалқаман Жұмағұловқа «Ғұн мұрасын және Аттиланы зерттеуші-ғалым» құрметті атағы берілді

04.01.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне Франциядан қуанышты хабар келді. 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні Аттиланың жеке тұлғасын зерттейтін Францияның Аймақтық Ғылыми Ассоциациясы және Ассоциация Президенті Сильвэн Дютуа мен Ла Шепп қаласының мэрі Марсель Бонэ мырзалар университет профессоры Қалқаман Жұмағұлов мырзаға «Ғұн мұрасын және Аттиланы зерттеуші-ғалым» құрметті атағын беріп, Ассоцацияның мүшелігіне қабылдау құрметін көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Семинары для ППС КазНУ в период зимних каникул!

04.01.2012

Уважаемые коллеги!


Предлагаем Вам принять участие в семинарах, организованных для ППС КазНУ, в период с 9 по 23 января 2012г. На семинарах будут рассмотрены следующие темы:

  • Личностно-ориентированный подход в обучении. Проблемный и проектный метод обучения

д.п.н., доцент Мынбаева А.К., к.п.н. Шагырбаева М.Д., к.п.н., доцент Касен Г.А, доценті, п.ғ.к. Әлқожаева Н.С., Жұмабекова Қ.Б., С.Ж. Даубасова

  • Взаимоотношения государства и религии
  • Религии в Казахстане
  • Толерантность и межконфессиональные отношения

Курманалиева А.Д , Бейсенов Б.Б.

  • Современные технологии разработки электронного учебного контента

Цой А.В. – директор центра дистанционного образования

Каждый семинар предполагает выполнение слушателями практического задания и выдачу сертификата об успешном окончании. По вопросам записи на отдельные семинары или весь цикл обращаться к заместителям деканам Вашего факультета.


Расписание семинаров

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 26.12.2011 – 31.12..2011

04.01.2012

  • ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттеріне арналған жаңа оқу ғимараттарының салтанатты түрде ашылуы болды

  • Бірнеше университеттің оқытушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды
  • ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде лидерлік дәріс өтті
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары

Ары қарай оқу >>

Профессор Мархабат Томанұлы Томановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

03.01.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасы 2012 жылдың 20 ақпанында сағат 10.00 № 312 аудиторияда Мархабат Томанұлы Томановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Pages