Энергиялық тиімді технологиялар қалыптастыру қажет

31.10.2012

31 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Жоғарытехнологиялық, энергиялық тиімділік және инновациялық компаниялар Қауымдастығымен (КАВЭИК) бірлесуімен ҚазҰУ-да «Энергиялық тиімді технологиялар: заманауи тенденциялар және даму келешегі» ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

Ары қарай оқу >>

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 118 оқытушысы мен қызметкерлері пәтер кілтіне ие болды

30.10.2012

«Ақкент» тұрғын үй кешенінің жаңа пәтерлер кілтін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлеріне университет ректоры Ғалым Мұтанов және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов табыс етті. Шараға ҚазҰУ оқытушылары, «Нұр Отан» ХДП партиясының өкілдері, тұрғындар мен құрылыс компаниялары қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері ағарту жұмыстары бойынша Қаскелен қаласына барып қайтты

30.10.2012

29 қазан 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм, география, жерге орналастыру және кадастр кафедраларының оқытушылары және студенттері Қарасай ауданының Қаскелен қаласының мектептеріне ағарту жұмыстары мақсатында сапар шекті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті

30.10.2012

Конференцияда «Ғұндардың Еуразиядағы халықтардың ұлы қоныс аударуы кезеңіндегі ғұндардың материалдық мәдениеті» тақырыбындағы пленарлық баяндамамен ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.Т. Жұмағұлов белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар, конференцияға Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Т. Омарбеков «Алғашқы түрік қағандарының мемлекет құруға байланысты әскери қызметі (V-VII ғасырлар)» баяндамасымен және профессор Б. Кәрібаев «Қазақ хандығының құрылу тарихының кейбір мәселелері» баяндамасымен қатысты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 22.10.2012. - 27.10.2012

30.10.2012

  • Тақырып жалғасы Сұлтан Сартаев – 85 жаста
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Wiley-VCH, Verlag баспа журналдарының бас редакторы Питер Грегори қатысуымен «Қазақстан журналдарының сапасының жоғарылатуының талқылауы» атты семинар өткізді.
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» аталған Халықаралық ғылыми конференция өтті.
  • ҚазҰУ-да «78 жылдықта – 78 теңгенің түскі асы» атты акция өтті
  • Шығыстану факультетінде Тілдер фестивалі аясында А. Байтұрсынов ұрпақтарымен кездесу өтті
  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Орта Азиядағы жоғары білім берудің дамуы: сапаны қамтамасыз етудің, ақпараттың және саралаудың маңызы» атты аймақтық форумы өз жұмысын бастады.
  • Жолдауға пікір
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Музейде әл-Фараби оқулары бойынша семинар өтеді

29.10.2012

31 қазан 2012 ж. сағат 14-00-де университет музейінде әл-Фараби оқулары бойынша семинар өтеді. Ағымдағы жылы Қазақ ұлттық университетіне Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілгендігіне 20 жыл толып отыр (Министрлер Кабинетінің № 626-шы Қаулысы, 1991 жыл 23 қазан).

Ары қарай оқу >>

Ізгі іс – берекелі ұмтылыс

29.10.2012

Әлемдік деңгейде мәртебесі биік діни мереке саналатын Құрбан айт - Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Ел тәуелсіздігі арқасында күннен күнге еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңғыруымен қатар рухани және мәдени өреміз де көтеріліп келеді. Құдайға шүкір, халықтың талап-тілегі, Елбасының ұлттық мерекелердің мәртебесін көтеру бастамасының арқасында Құрбан айт мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін болды.Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелгей!

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері жеңіспен оралды

29.10.2012

2012 жылдың қазан айының 12-15 аралығында Талдықорған қаласында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жастар арасындағы чемпионаты өтті. Осы аталған жарысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері де қатысып, жеңіспен оралды. Олар Химия және химиялық технологиялар факультетінің 3-курс студенті Есіркепова Арайлым және ЭжБЖМ 2-курс студенті Сермағамбет Үміт.

Ары қарай оқу >>

Құрбан айтты атап өтті

26.10.2012

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, халықаралық білім беру департаменті жыл сайын студенттер дирекциясының директоры Әбдіқаһар Әнуарханұлы Сейтжановтың қолдауымен Ауғанстаннан келген студенттермен бірлесе отырып дәстүрлі түрде Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Биыл да 26 қазан күні, №14 жатақханада құрбандыққа мал шалынып, құран оқытылды.

Ары қарай оқу >>

Білім сапасын арттыру жолдары қарастырылды

25.10.2012

25 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Орта Азиядағы жоғары білім берудің дамуы: сапаны қамтамасыз етудің, ақпараттың және саралаудың маңызы» атты аймақтық форумы өз жұмысын бастады. Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Алматыда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және IREG Халықаралық академиялық саралау мен үстемділік жөніндегі обсерваториясы.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

25.10.2012

25 Қазан 2012, 14:38
Рейтинг агенттіктерінің бағасы жоғары білім беру сапасының басты көрсеткіші емес - аймақтық форумға қатысушылар

АЛМАТЫ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы 6 университет биыл QS (Quacquarelly Symond) халықаралық рейтинг агенттігінің бағалауына енді. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы жоғары білім берудің дамуы: сапаны қамтамасыз етудің, ақпараттың және саралаудың маңызы» деп аталатын аймақтық форумда айтылды.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

25.10.2012

25 Қазан 2012, 15:22
Әлемдік қаржы құралдарының 85 пайызы фармомедицина-биология саласында - Мұхамбетқали Бүркітбаев

АЛМАТЫ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық университеттерде медициналық-биологиялық кластердің болмауы олардың халықаралық рейтингтегі баллдарын айтарлықтай төмендетуде. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы жоғары білім берудің дамуы: сапаны қамтамасыз етудің, ақпараттың және саралаудың маңызы» деп аталатын аймақтық форумда айтылды.

Ары қарай оқу >>

«Жасыл көпір» бағдарламасын қуаттады

25.10.2012

Елбасының бастамасымен, Қазақстан БҰҰ-ның Саммитінде «Ғаламдық энерго-экологиялық стратегия» және «Аймақаралық «Жасыл көпір» бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Осы бағдарламаны іске асыруда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белсенділік танытып келеді. Қазіргі таңда ҚазҰУ ағымдағы жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода «Рио+20» бағдарламасын тұрақты дамыту бойынша өткен БҰҰ Жаһандық саммитінде қабылданған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» бөлігінде қарастырылған негізгі ережеге сүйене отырып «Green campus» жобасының бастамашысы болып отыр. Жоба аясында университет 24 қазан күні «Экологиялық күн» атты акция жариялады.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 15.10.2012-20.10.2012

25.10.2012

  • Тақырып жалғасы Лама Шариф ҚазҰУ-да қонақта
  • Тақырып жалғасы Фотокөрме байқауы өтті
  • 17-18 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 20 жыл толуына арналған «ХХІ ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» («The Changing Nature of conflict in the XXI century») атты халықаралық конференция ұйымдастырылады. Іс-шараны БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат Департаменті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өтті.
  • Тақырып жалғасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
  • Заңгер Сұлтан Сартаев- 85 жаста
  • Философия және саясаттану факультетінде «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық конференция өтті
  • Академик Сұлтан Сартаев-85 жаста
  • Тақырып жалғасы Лама Шариф ҚазҰУ-да қонақта
  • Студенттер арасында жыр мүшәйрасы өтті
  • ҚазҰУ студенттерінің жинақтары жарық көрді.
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы біз ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті

24.10.2012

Конференцияда «Ғұндардың Еуразиядағы халықтардың ұлы қоныс аударуы кезеңіндегі ғұндардың материалдық мәдениеті» тақырыбындағы пленарлық баяндамамен ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.Т. Жұмағұлов белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар, конференцияға Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Т. Омарбеков «Алғашқы түрік қағандарының мемлекет құруға байланысты әскери қызметі (V-VII ғасырлар)» баяндамасымен және профессор Б. Кәрібаев «Қазақ хандығының құрылу тарихының кейбір мәселелері» баяндамасымен қатысты.

Ары қарай оқу >>

«78 жылдықта 78 теңгемен түскі ас» атты әлеуметтік акцияға атсалысыңыз

23.10.2012

23 қазан сағат 12.00-16.00 уақыт аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының бастамасымен «Біз-дұрыс тамақтануды қолдаймыз!» атты дәстүрлі өткізетін жоба аясында қара шаңырағымыздың 78 жылдық тарихына орай «78 жылдықта 78 теңгемен түскі ас» атты әлеуметтік акциясы өз жалғасын табады.

Ары қарай оқу >>

Біліммен мыңды мойындатқандар марапатталды

23.10.2012

22 қазан күні кезекті ректорат мәжілісі әдеттегідей, қуанышты жаңалықтармен басталды. Ресей Федерациясында 17 қазанда ЖМХҒА-ның 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М.Мұтанов марапатталғанын ҚазҰУ атына Томск мемлекеттік университетінен келген сыйлықпен бірінші проректор М.М.Бүркітбаев таныстырды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да әлеуметік сақтандыру жүйесін жетілдіру және зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың тәртібі туралы талқыланды

23.10.2012

2012 жылғы 22 қазанда Тәрбие департаментінің ұйымдастыруымен биология факультетінде Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті Зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік төлемдердің түрлері, олардың тағайындалуы жөнінде жалпылай түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметік сақтандыру жүйесін жетілдіру және зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың тәртібі» атты тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге оқытушы-профессорлар, студенттер қатысып, өздерін толғандырып жүрген төңіректегі сауалдарына толық жауап алды.

Ары қарай оқу >>

Достық үйінде Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының дипломатиялық қарым-қатынастарының орнығуына 20 жыл толуына орай халықаралық конференция өтеді

23.10.2012

24 қазан күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Корейтану және жапонтану кафедрасы Кончжу ұлттық университетінің гуманитарлық зерттеу институтымен және корей әдебиеттану және сынау ассоциациясының бірлестігімен Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасының дипломатиялық қарым-қатынастарының орнығуына 20 жыл толуына орай халықаралық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Бакалавр 3 пен 4 ші курс студенттері мен магистратура студенттеріне арналған TOP TALENTS проекті!!!

23.10.2012

Сәтті мансапқа қол жеткізу үшін не қажет? Тәжірибе! Тәжірибе мөлшерін қалай ұлғайтуға болады? Топ Талентс жобасына қатысыңыздар! Бұл жобаға АТФ Банк, MARS Incorporated, KRAFT Foods, PWC сияқты ірі компаниялар қатысады!

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының студенттері мен оқытушылары Қытай фотокөрмесін тамашалады

22.10.2012

2012 жылдың 22 қазанында Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық мұражайында Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулдығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтымен бірлесіп «Мәдениеттің қарыштауы – Қытайдың мәдени жаңғыруына ретроспективті көзқарас» атты фотокөрме өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері жүлделі орын иеленді

22.10.2012

Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттерінен құрылған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командалары 19-21 қазан күндері Кіші Алматы шатқалында өткен «Достарды еске алу» атты, туризм техникасы бойынша дәстүрлі жарыстарында екінші және үшінші орын алды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессорлары халықаралық конференцияға қатысты

22.10.2012

2012 жылдың 19-20 қазаны аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ЖМУ-дың 40 жылдығы құрметіне өткізілген «Еуразия кеңістігінде білім мен ғылымды ұштастыру мәселелері мен перспективасы» аталған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Құрметті студенттер, магистранттар, жас мамандар!

22.10.2012

Егер сіз креативті болсаңыз, өз күшіңізді сынап, жаңа нәрсеге үйренгіңіз келсе, сізді өскелең ұрпақтың болашағы толғандыратын болса – сізді біздің байқауымызға қатысуға шақырамыз!

«Жастардың жетістіктері» Альтернативті білім беру Орталығы

ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ

Әлеуметтік – білім беру сферасындағы Ең жақсы жобаны ұсынуға байқау жариялайды

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессорлары халықаралық конференцияға қатысты

22.10.2012

2012 жылдың 19-20 қазаны аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ЖМУ-дың 40 жылдығы құрметіне өткізілген «Еуразия кеңістігінде білім мен ғылымды ұштастыру мәселелері мен перспективасы» аталған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

«Шығыс өркениеті контексіндегі түркі әлемінің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

22.10.2012

2012 жылдың 23-24 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Шығыс өркениеті контексіндегі түркі әлемінің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

23 қазан Wiley-VCH, Verlag баспа журналдарының бас редакторы Питер Грегоримен кездесу өтеді

22.10.2012

23 қазан 2012 ж. озық мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Wiley-VCH, Verlag баспа журналдарының бас редакторы Питер Грегори қатысуымен «Қазақстан журналдарының сапасының жоғарылатуының талқылауы» атты семинар өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 08.10.2012-13.10.2012

20.10.2012

  • Ректор кубогы 1 курс студенттеріне табыс етілді
  • Журфакта фотокөрме өтті
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Тақырып жалғасы Ректор кубогыжеңімпаздары марапатталды
  • Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді
  • Елбасы дәрісіне пікірлер
  • Сұлтан Сартаев – 85 жаста
  • «Ұлттық психологияның өзекті мәселелері және оны журнал бетінде насихаттауды жақсарту жолдары» атты конференция өтті
  • Имидждік жарияланымдар «Айналаңды нұрландыр» атты жобасының тұсаукесері өтті
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары

Ары қарай оқу >>

Заң ғылымының ардагері – Сұлтан Сартаев 85 жаста

19.10.2012

19 қазан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанға әйгілі ғалым-заңгер, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Жоғарғы мектеп академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сартаев Сұлтан Сартайұлының 85 жылдық мерейтойына және ғылыми-педагогикалық қызметіне 64 жыл толуына арналған «Академик С.С. Сартаев – ұстаз, ғалым, азамат» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция басталды.

Ары қарай оқу >>

Wiley-Blackwell on-line ең iрi әлемдік баспасы дерек қорының презентациясы өтті.

19.10.2012

2012 жылдың 25 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы, Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі депертаментімен бірлесе отырып Wiley-Blackwell on-lineнiң ең iрi әлемдік баспасының презентациясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

4-курс студенттерімен магистранттар назарына!

19.10.2012

АҚ «Банк Позитив» Мансап және бизнес орталығы мен бірге 4курс студенттерімен магистранттарға жаңа бос жұмыс орындарын ұсынады. Банкте Бөлшек сауда бөлімі маманының бос жұмыс орны ашылды, жұмыс орны – Алматы қаласы. Осы қызметке үміткер тұлға ынталы, бастамашыл, көрнекті, көзделген нәтижеге бағдарланған, тез тіл табыса алатын болу керек.

Ары қарай оқу >>

Сұлтан Сартаевтың 85-жылдық мерейтойына арналған конференция өтеді

18.10.2012

19 қазан сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанға әйгілі ғалым-заңгер, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Жоғарғы мектеп академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сартаев Сұлтан Сартайұлының 85 жылдық мерейтойына және ғылыми-педагогикалық қызметіне 64 жыл толуына арналған «Академик С.С. Сартаев – ұстаз, ғалым, азамат» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Кәсіби қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

18.10.2012

2012 жылдың 18 қазанында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

«Кәсіби қазақ тілін» кімдер оқытады?

18.10.2012

2012 жылдың 18 қазанында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Факультетте ашық есік күні өтті

18.10.2012

2012 жыл 16 қазан күні Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанға қош келдіңіздер!» атты факультеттің ашық есік күні өтті.

Ары қарай оқу >>

Ауғанстандағы ынтымақтастық кездесу

18.10.2012

25-27 қыркүйек аралығында Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен университеттің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне бөлінген 110 АИР студентін Ауғанстаннан алып келу үшін Кабулға іс-сапарға Тастемирова Г.А., Амирканов М.Б. барып қайтты.

Ары қарай оқу >>

Жүректен жүрекке! Біздің өмірімізде ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ орын ЖОҚ!

18.10.2012

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтің қатерлі ісікке қарсы қүрес 2012 жылын қолдау мақсатында ҚазҰУ «Парасат» кәсіподағының қолдауымен «Жүректен жүрекке! Біздің өмірімізде ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ орын ЖОҚ!» – атты Қазақ қатерлі ісік және радиология ҒЗИ, балалар қатерлі ісік бөлімінде, биология және биотехнология факультетінің, «биология» - мамандығының 2 курс студенттері (ББ206-р және ББ207-р оқу топтары, куратор/эдвайзер, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессор міндетін атқарушы Назарбекова С.Т.) 20.10.12 - 26.10.12 аралығында қайырымдылық шарасын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

17.10.2012

17 Қазан 2012, 12:24
Алматыда саясаткерлер, дипломаттар мен ғалымдар шиеленістердің алдын алу бойынша ұсынымдарды әзірлеуде

АЛМАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы ҚазҰУ-де Қазақстанның БҰҰ-ға кіргеніне 20 жыл толуына арналған «Шиеленістердің ХХІ ғасырдағы өзгермелі табиғаты» атты халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.

Ары қарай оқу >>

Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігіне – 20 жыл

17.10.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 17 қазанда Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 20 жыл толуына байланысты «ХХІ ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» («The Changing Nature of conflict in the XXI century») атты тақырыпта халықаралық конференция ұйымдастырылды. Конференция БҰҰ-ның «Academic Impact» бастамасы аясында өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасы шығыстанушы мамандарды дайындауда модульді оқытудағы құзыреттілік бағытқа арналған дөңгелек үстел өткізді

16.10.2012

2012 жылдың 16 қазанында жұмыс нарығында қажетті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды жақсарту мақсатында шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы жұмыс берушілермен бірігіп жоғарғы оқу орындарында маман дайындаудағы компетенттік әдіс мәселесіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

16.10.2012

16 Қазан 2012, 09:40
Қоғамға дінтанушылардың көмегі аса қажет - Қайрат Лама Шариф

АЛМАТЫ. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қоғамға дінтанушылардың көмегі ауадай қажет. Ол үшін, алдымен, еліміздегі имамдардың сапасын арттыру керек. Діни сауаттылықты көтеру өзекті мәселе. Дінтанушылар облыстарға барып жұмыс істеуі тиіс.

Кеше, 15 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқытушы-профессорлар қауымымен және студенттермен арнайы кездесуге келген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осындай өзекті мәселелерді көтерді. Ол бұл салада нәтижеге жету үшін дінтанушылармен қатар, әр азаматтың да жан-жақты белсенділік танытуын алға тартты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессоры Қ. Жұмағұлов ІХ-шы Халықаралық еуразиялық ғылыми форумға қатысты

15.10.2012

2012 жылдың 10-12 қазаны аралығында «Қазіргі тарихи жаңғыру жағдайындағы «Аттила тұлғасы» тақырыбында ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор, модератор Қ.Т. Жұмағұлов белсенді түрде қатысып, баяндама жасады. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-да ұлы ғалымның 100 жылдығы құрметіне өткізілген «Л.Н. Гумилев мұрасы және қазіргі еуразиялық ықпалдастық» аталған ІХ-шы Халықаралық еуразиялық ғылыми форумы өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да халықаралық конференцияда ХХІ ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруін талқылайды

15.10.2012

2012 жылдың 17-18 қазан күндері сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 20 жыл толуына арналған «ХХІ ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» («The Changing Nature of conflict in the XXI century») атты халықаралық конференция ұйымдастырылады. Іс-шараны БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат Департаменті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Рухани жүздесу

15.10.2012

Қоғамға дінтанушылардың көмегі ауадай қажет. Ол үшін, алдымен, еліміздегі имамдардың сапасын арттыру қажет. Діни сауаттылықты арттыру өзекті мәселе. Дінтанушылар облыстарға барып жұмыс істеуі қажет. 15 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқытушы-профессорлар қауымымен және студенттермен арнайы кездесуге келген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф кездесуде осындай тақырыптарды көтерді. Ол бұл салада нәтижеге жету үшін дінтанушылармен қатар, әр азаматтың да жан-жақты белсенділік танытуын да алға тартты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессоры Қ. Жұмағұлов ІХ-шы Халықаралық еуразиялық ғылыми форумға қатысты

15.10.2012

2012 жылдың 10-12 қазаны аралығында «Қазіргі тарихи жаңғыру жағдайындағы «Аттила тұлғасы» тақырыбында ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор, модератор Қ.Т. Жұмағұлов белсенді түрде қатысып, баяндама жасады. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-да ұлы ғалымның 100 жылдығы құрметіне өткізілген «Л.Н. Гумилев мұрасы және қазіргі еуразиялық ықпалдастық» аталған ІХ-шы Халықаралық еуразиялық ғылыми форумы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Экологиялық факультет» атты байқау жарияланды

15.10.2012

ҚазҰУ «Green Campus» жобасы негізінде факультеттер арасында «Green Campus»жобасының студенттер қозғалысы негізінде Тәрбие жұмыстары бойынша Департаменттің және энергоэкология халықаралық кафедраның демеуімен «Экологиялық факультет» атты байқау жарияланады. Байқау өз ішіне бірнеше сатыларды біріктіреді:

Ары қарай оқу >>

13 қазан күні профессор Йоганн Раудың дәрісі өтеді

13.10.2012

Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен 2012 ж. қазан айының 14 күні сағат 11.00-де, №19 аудиторияда философия докторы, Германия Федеративтік Республикасы Бундесвер жетекші мамандарының Академиясы жанындағы халықаралық қауіпсіздік бойынша ғылыми форумның мүшесі, профессор Йоганн Рау «Заманауи саясат философиясының өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша лидерлік дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 5.11.2012-10.11.2012

13.10.2012

  • «1-курс таланттары» көркмөнерпаздар байқауының қорытындысы шығарылды
  • «Ахселькент» тұрғынүй кешенінде ҚазҰУ қызметкерлеріне салтанатты түрде жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті
  • Тақырып жалғасы Журналистика факультетінде фотокөрме өтті
  • Тақырып жалғасы 17-18 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 20 жыл толуына арналған «ХХІ ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» («The Changing Nature of conflict in the XXI century») атты халықаралық конференция ұйымдастырылады. Іс-шараны БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат Департаменті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өтті
  • Журналистика факультетінде «Қазіргі кездегі журналистік білім беру: идеялар, тұжырымдамалар, жаңа технологиялар» атты дөңгелек үстел өтті
  • «Политолог» клубында «Ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты дөңгелек үстел өтті
  • ҚазҰУ-дағы Қазақстан Палеолит мұражайы туралы ақпар
  • «Қазақстан экономикасының даму бағытындағы ТМД ЖОО-ның өзара желілік байланысы» халықаралық конференциясы өтуде
  • «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған «Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
  • Тақырып жалғасы Түскі ас – 78 теңге
  • Журналистика факультеті Әнуарбек Әуелбекпен кездесу өткізді
  • Филология, әдебиеттану дәне әлем тілдері факультетінде «Бірлігі мықты жастар – болашаққа жол бастар» атты этно-мәдени форум өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Ең алғашқы велотұрақ!

13.10.2012

Бүгін университетіміздің студенттік өмірінде ерекше оқиға орын алды. Университет қалашығында студенттерге арналған тұрақта өндірістік және мәдени-тұрмыстық департаментімен алғашқы велотұрақ орнатылды. Бірінші велотұрақтардың сыйымдылығы – 8 велосипедті қамтиды. Дегенмен, сұраныстың артуына қарай, «Грин кампус» жобасының аясында олардың санының әлі көбейетіндігіне департамент директоры М.С.Нұрғазин кепілдік беріп отыр.

Ары қарай оқу >>

«Қазіргі социологиялық дискурстағы қазақстандық білімнің модернизациялануы»

12.10.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясымен бірігіп, 2012 жылдың 15 қарашасында атақты ғалым, педагог және кеңесші Аженов Матипулла Салахадинұлының 80 жылдық мерейтойына арналған 1 Аженов оқуларын «ҚАЗІРГІ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМНІҢ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУЫ» атты халықаралық ғылыми конференция форматында өткізеді.

Ақпараттық хат...

Ары қарай оқу >>

Адамдық қасиетке бай тұлға

12.10.2012

12 қазанда білім мен ғылымның қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне мүйізі қарағайдай ақын-жазушылар, әкімдер мен ректорлар, профессор-ғалымдар және алыс-жақын шетелдерден келген әдебиеттанушы ғалымдар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті әдебиет сыншысы, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының Құрметті академигі, Еларалық қоғамдық Айтматов академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті кафедра меңгерушісі, белгілі жазушы Тұрсынбек Кәкішұлының 85 жасқа толу мерейтойы қарсаңында «Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас қосты.

Ары қарай оқу >>

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына орай байқау жарияланды

12.10.2012

Қазақ КСР-і Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, А.А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған іс-шара өтті

12.10.2012

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам», - деген болатын. Кемеңгер тұлғаның қазақ ұлтының сахнасында қалдырған ізі мен ел жүрегінде жатталған жылы бейнесі, көрегендігі мен ұлттық мүддені қырандай күзеткен болмысы бүгінде үлкен үлгіге айналған. Кемеңгер тұлғаның 100 жылдық мерей тойына орай Д.А.Қонаев оқулары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Д.А. Қонаев мұражайының ұйымдастыруымен «Елу жыл Ел ағасы» атты іс-шара өтті.

Ары қарай оқу >>

Ұлағатты ұстаз

12.10.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті ұйымдастыруымен, көрнекті ғалым, ҚР Жоғары мектебі ҒА құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Кәкішұлының 85 жылдығына арналған «Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Көңілді таң!

12.10.2012

«Дені сау тән мәдениеті» бағдарламасының аясында, бүгін 12 қазан күні таңғы сағат 07.30-да Республика сарайының алдында өткізілген жаппай таңғы жаттығуға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білімгерлері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Студенттер назарына!

12.10.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Цесна Гарант» Сақтандыру компаниясының студенттік бизнес инкубаторы «Сақтандырудағы студенттер» атты жаңа жұмыспен қамту бағдарламасын ұсынады, ол өз құрамына ресми жұмыспен қамту, мансаптың өсуі, тұрақты табыс табу мүмкіндігі мен тиімді жұмыс кестесін кіріктіреді.

Ары қарай оқу >>

Құрметті 4 курс студенттері қыстық стажировка!

12.10.2012

Біз «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не«Студенттерге арналған қысқы тәжірибе» бағдарламасына қатысқысы келетін ынтагерлерді іздейміз.

СІЗ жоғары оқу орнының соңғыкурс студентісіз бе?

СІЗ жанасымды және жаңа бiлiм алуға құштарсыз ба?

СІЗ ағылшын тiліңізді жетілдіргіңіз келе ме?

Біз іздеген адам – тап СІЗ!

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 01.10.2012-06.10.2012

11.10.2012

  • М. Әуезов атындағы мұражайда ректор дәрісін өткізді
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің Бекмаханов атындағы № 406 дәрісханада Михаил Терентьевтің (1837-1909) карталар мен жоспарлар салынған 2012 жылы Алматыда «Мерекенің баспалар үйі» қайта басып шығарған 3-томдық «История завоевания Средней Азии» атты кітабының тұсаукесері өтеді
  • Тарих, археология және этнология факультетінде М. Терентьевтің (1837-1909) карталар мен жоспарлар салынған 2012 жылы Алматыда «Мерекенің баспалар үйі» қайта басып шығарған 3-томдық «История завоевания Средней Азии» атты кітабының тұсаукесері өтті
  • ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттерімен Алматы қалалық сотының кездесу ашық есік күндері аясында өтті
  • ҚазҰУ-да ақын, публицист-қаламгер Болат Шарахымбаймен кездесу өтті
  • Имидждік материалдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар

Ары қарай оқу >>

«8.30» студенттік журналының бесінші саны 5 мұқабасымен жарыққа шықпақ

11.10.2012

«8.30» журналының қарашадағы бесінші саны бірден бес мұқабасымен шығады. Жақсы көретін журналдың мұқабасында әнші Луина, жас рэпер Дилани, олимпиада чемпионы Светлана Подобедова, ҚазҰУ түлектері, әйгілі кәсіпкерлер – Арманжан Байтасов және Нұрлан Смағұлов. Сонымен қатар журнал қонақтары өздерінің табысқа жету жолдарындағы кеңестерімен біздің «Message for Students» айдарында таныса аласыз. Қараша айының негізгі екпіні студенттік өмірге арналған.

Ары қарай оқу >>

"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

11.10.2012

Саясаттанушылар тілді дамытудың жолдарын ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы «Тіл аптасына» орай «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясаты: перспективалары мен проблемалары» атты іс-шара ұйымдастырып, оның аясында мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

11.10.2012

«Айналаңды нұрландыр!»

11.10.12


Айналаңды нұрландыр!.. Бұл - Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті мен «Айқын» газетінің бірлескен тағылымдық-тәлімдік жобасы. Кеше аталмыш оқу орнында «Айналаңды нұрландыр!..» жобасының тұсауы кесіліп, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, академик, Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткері, Ғалымқайыр Мұтанов осы жобаға сәйкес өзі басқаратын оқу орнының оқытушы-ғалымдарымен, ақын-жазушылармен және студенттермен кездесіп, адамгершілік, адами құндылықтар туралы жастарға берер ғибраты мол әңгіме-дүкен құрды.Ғалымқайыр Мұтанұлының айтуынша, жаңа жоба арқылы елі­міздің ертеңі саналатын сту­дент-жастарымызды бүгінгі қоғам­ның «жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренуге» үйрету. - Шындығы керек, жастар арасында жасы үлкен адамды сыйлау, үлкенге құрмет секілді адамгершілік асыл қасиеттер жоғалып барады. Меніңше, мұның басты сыры, ата-бабала­ры­мыз ғасырлар бойы саф алтын­дай сақтап, бүгінгі күнге жеткізген асыл да қасиетті құндылық­тары­мызды кейінгі толқын жастардың білмеуінен болып отыр. Сон­дықтан мені соңғы кезде адам­гершілік секілді асыл қасиеттерді еліміздің болашағы деп жүрген студент-жастарымыздың бойына қайткен күнде сіңіруге бола­тындығы көп ойлантып жүр.

Ары қарай оқу >>

Құрметті оқытушылар, студенттер!

11.10.2012

16 қазан сағ.1500–де Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің акт залында «Қош келдің Қазақстанға!» атты Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ашық есік күні өтеді.

Ары қарай оқу >>

14 қазан күні профессор Йоганн Раудың дәрісі өтеді

11.10.2012

Құрметті ұстаздар және PhD докторанттар, магистранттар мен студенттер!

Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен 2012 ж. қазан айының 14 күні сағат 11.00-де, №19 аудиторияда философия докторы, Германия Федеративтік Республикасы Бундесвер жетекші мамандарының Академиясы жанындағы халықаралық қауіпсіздік бойынша ғылыми форумның мүшесі, профессор Йоганн Рау «Заманауи саясат философиясының өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша лидерлік дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Огайо университетінің профессоры Джеймс Петрик дәріс оқиды

10.10.2012

Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен 2012 ж. қазан айының 17 күні сағат 15.00-де, №19 аудиторияда PhD доктор, Огайо университетінің (АҚШ) профессоры Джеймс Петрик (James Petrik, Ohio University, USA) «Батыс философиясының тарихы» тақырыбы бойынша дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

Жастар жақсы кітапханаға асығуда

10.10.2012

2012 жылдың 10 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа кітапханасының ғимаратында «Көмек» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен «Жақсы кітапхана – асыл қазына» атты акция өтуде. Іс-шараның басты мақсаты университеттегі әлеуметтік жаңғыруды студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі арқылы арттыру, сонымен қатар кітапқа деген құрметті жастар бойында тәрбиелеу болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Айналаңды нұрландыр

10.10.2012

Әр адам дара тұлға. Және ол әлемді нұрландыру үшін өзінің мүмкіндіктері мен міндетін толық және дұрыс атқаруы тиіс. Мұндай бастама әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор Ғалым Мұтановтың қолдауымен, бастамасымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы барысында жүзеге асуда. Аталмыш жоба аясында 9 қазанда қара шаңырақта «Әлеуметтік жаңғыру әр адамнан басталады» атты тақырыпта ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов университет оқытушыларымен және студенттермен кездесті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Огайо университетінің профессоры Джеймс Петрик дәріс оқиды

10.10.2012

Құрметті ұстаздар және PhD докторанттар, магистранттар мен студенттер!

Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының ұйымдастыруымен 2012 ж. қазан айының 17 күні сағат 15.00-де, №19 аудиторияда PhD доктор, Огайо университетінің (АҚШ) профессоры Джеймс Петрик (James Petrik, Ohio University, USA) «Батыс философиясының тарихы» тақырыбы бойынша дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

Қыркүйек айына жасалған дайджест

09.10.2012

  • ҚазҰУ-да Грант саны - 3700
  • ҚазҰУ-да жаңа мультимедиялық компьютерлік класс ашылды
  • Тақырып жалғасы «ҚР Конституциясы – жалпы еңбек қоғамын құрудың саяси-құқықтық негізі» атты дөңгелек үстел өтті
  • Елбасының интерактивті лекциясы өтті
  • ҚазҰУ-да Олимпиада жеңімпаздарын ұлықтау рәсімі өтті
  • Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінде «Қазақстан білім қоғам жолында» атты дәрісін талдау өтті
  • Ректор Ахмет Байтұрсынұлы мұражайында дәріс оқыды
  • Еуропалық Одақтың халықаралық сарапшылары жүргізген жоғары дәрежедегі қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында ғылыми-технологиялық және инновациялық жүйесінде республика деңгейдегі көшбасшылыққа ие жетекші оқу орындарының бірі болып табылады
  • Ахмет Байтұрсынұлы атындағы медаль иегерлері марапатталды
  • Елбасы лекциясына пікір (отклики)
  • Журналистика факультетінде Көпен Әмірбекпен кездесу өтті
  • Философия және саясаттану факультетінде Францияның құрметті профессоры, Академиялық Пальма орденінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері, Орталық Азия мен Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін зерттеуші көрнекті ғалым, белгілі абайтанушы Альберт Фишлер Орталық Азияның мәдениеттануы мен әдебиеттануы бойынша дәрісін бастады
  • Елбасы лекциясына пікір (отклики)
  • Студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтеді
  • Журналистика факультеті 23 қараша 2012 жылы М. Барманқұлов оқулары аясында «М. Барманқұлов - бұқаралық коммуникация ғылымының негізін қалаушы» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді
  • Әл-Фарабиге арналған библиографиялық нұсқаулық жарық көрді
  • «Таза сессия» атты жемқорлыққа қарсы акция өтті
  • ҚазҰУ-да «Студенттер қатарына қабылдау» рәсімі өтті
  • ҚазҰУ мен РФ УФУ арасында өзара келісім-шартына қол қойылды
  • Біздің сарапшылар
  • Имидждік материалдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз


Ары қарай оқу >>

«Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

09.10.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2012 жылдың 12 қазан күні «Тұрсынбек Кәкішұлы және қазақ әдебиетінің тарихы мен сынын зерттеудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

09.10.2012

Ұстаз … жаратылысынан алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек, - деп әл-Фараби бабамыз айтқандай, осы қасиеттердің барлығы өн бойынан табылатын ұстаздар қауымына қазан айының 5-ші жұлдызында физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасындағы «Шоқжұлдыз» көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі С.Д. Ермағанбетованың ұйымдастыруымен ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш болып өтті.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

09.10.2012

Фотографтар өнері сарапқа салынды

09.10.12.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Бүгінгі ел фотоөнерінің тынысы» атты ардагер фотошежірешілер, белгілі фототілшілер, кәсіпқой және әуесқой фотографтардың студенттермен кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тілінің тағдыры ой-талқыға салынды

08.10.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы «Тіл аптасына» орай 3 қазан күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясаты: перспективалары мен проблемалары» атты іс-шара ұйымдастырып, оның аясында мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Мемлекеттік тіл болашағымыз

08.10.2012

Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Жастарымыздың қазағының қазынасы болған қазақ тіліне деген құрметі қашанда биік. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті Н.З. Ахтаева мен аға оқытушысы А.Т. Мамурованың ұйымдастыруымен «Тілдер мерекесіне» арналған №7 жатаханада «Мемлекеттік тіл болашағымыз», «Тілдер достығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тілінің тағдыры ой-талқыға салынды

08.10.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы «Тіл аптасына» орай 3 қазан күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясаты: перспективалары мен проблемалары» атты іс-шара ұйымдастырып, оның аясында мемлекеттік тіл мәселесі талқыланды.

Ары қарай оқу >>

ТІЛ – ХАЛЫҚ ЖАНЫН ТАНУДЫҢ КІЛТІ

07.10.2012

28 қыркүйек жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Бір аптаға созылған фестивальге туған тілдің тұнықтығын сақтаған, бірнеше тілді жетік меңгерген, жүзден жүйрік озып шыққан білікті де білімді жастар мен университет қызметкерлері қатысты. Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Джаманбалаева Шолпан Ерболқызы фестиваль жеңімпаздарын дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапаттап, «Тілдер» фестивалін өткізуге ат салысқан барлық оқытушы-профессорлар құрамына ризашылығын білдірді.

Ары қарай оқу >>

Началась регистрация на проект «Открытая кафедра»

04.10.2012

В проекте могут принять участие студенты различных факультетов и курсов, интересующиеся дополнительными знаниями в области лидерства и карьеры, информационных технологий, устойчивого развития, энергобезопасности, экологического и международного права, экономики, востоковедения. Лекции будут читать работодатели и выпускники Президентской стипендии «Болашак» на английском языке в удобное время. Продолжительность курса –один семестр. По окончании курса каждый слушатель получит сертификат c занесением в академический транскрипт оценки AU (курс прослушан).

Ары қарай оқу >>

17 қазанда «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты конференция өтеді

04.10.2012

17 қазанда әл-Фараби аты

ндағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіледі. Конференция «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі: әлеуметтік-философиялық талдау» атты ҚР БҒМ іргелі зерттеулері жобасы аясында өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Амангелді шыңында

02.10.2012

2012 жылдың 30 қыркүйек күні ҚазҰУ-дың спортклубы мен география және табиғаттты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен Амангельі Иманов (1б қ.д., т.д. 3998м, Іле Алатауы) шыңына тау туризмі ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Тіл – халық жанын танудың кілті

02.10.2012

28 қыркүйек жалпыуниверситеттік «Тілдер» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Бір аптаға созылған фестивальге туған тілдің тұнықтығын сақтаған, бірнеше тілді жетік меңгерген, жүзден жүйрік озып шыққан білікті де білімді жастар мен университет қызметкерлері қатысты. Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Жаманбалаева фестиваль жеңімпаздарын дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапаттап, «Тілдер» фестивалін өткізуге ат салысқан барлық оқытушы-профессорлар құрамына ризашылығын білдірді.

Ары қарай оқу >>

Өзіңді жүрмін ән қылып...

02.10.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де тілдер мерекесіне арнап 22-28 қыркүйек аралығындағы тіл фестивалі апталығы өткізілді. Жыл сайын ұйымдастырылып, бүгінде дәстүрге айналған фести­валь­ биыл ерекше атап өтілуде.

Ары қарай оқу >>

«Бітер істің басына, жақсы келер қасына»

01.10.2012

«Гүл өссе – жердің көркі» дейді қазақ. Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. «Өмірдің гүлі», «гүлдей жайна», «гүлдей бер» секілді сөз тіркестері соның дәлелі. Мейірімділік, махаббат, қуаныш, ілтипат секілді сезімдерді жеткізуде гүлдің алар орны ерекше. Осы орайда Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі С.С. Айдосова, кафедра доценттері Н.З. Ахтаева, Г.К. Ерубаева, А.Т. Мамурова мен бірге «Фитодизайн»,«Бөлме өсімдіктері», «Ботаник» үйірмелері студенттері (Эко105-106К, Эко101- 103К, ББ 202К топтары) ұйымдастыруымен «Кафедра күніне» арналған №7 жатаханада көгалдандыру мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Pages