ҚазҰУ студенттеріне тәжірибе!

30.11.2012

АҚ "Темiрбанк" ҚазҰУ студенттерін IT Департаментте тәжірибе өтуге шақырады. ЖОО 10 ең жақсы студенттері тәжірибе өтуге сұрыпталып келешекте жұмысқа орналаса алады.

Талаптары:

4-курс студенттері мен магистарнттар мына мамандықтар бойынша:

  • Ақпараттық жүйе
  • Есептеу техникасы
  • Бағдарламалық жасақтама
  • Автоматизацияландыру және басқару

Байқауға қатысу үшін мәлімдеме 20 желтоқсанға 2012ж.дейін қабылданады.

Түйіндемені 20 желтоқсанға 2012ж.дейін мына e-mail: marchenkovam@temirbank.kz жіберіңіз.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Ғылыми зерттеулер жүргізуге гранттық қаржыландыруға арналған байқау жарияланды

30.11.2012

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2013-2015 жылдарға ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға байқау өткізіледі.
Өтініштерге қойылатын талаптар ҚР БҒМ Ғылым комитетінің www.scedu.kzсайтында орналасқан конкурстық құжаттамада көрсетілген. Өтініштер 2012 жылғы 29 желтоқсан 18-00 сағатға дейін 010000 Астана қаласы, Иманов көшесі, 13, 710 каб. мекен-жайында қабылданады.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтініштер даярлау бойынша сұрақтарға жауапты Ұлтық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы байланыс телефондары арқылы алуға болады: +7 (7172) 57-91-49, 57-91-53.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының студенттері жеңіспен оралды

30.11.2012

2012 жылдың 30 қарашасында Аблай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ мен ҚХР Іле университеті бірлесіп өткізген университеттер арасындағы "Қытай тілінде ән айту және мәнерлеп өлең оқу" сайысынан қытайтану кафедрасының студенттері жүлделі орындарды иеленіп қайтты.

Ары қарай оқу >>

Ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беруге ізденушілер жұмыстарын қабылдау басталды

30.11.2012

Ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия 2013 жылғы Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға жұмыстарды қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды.

Ары қарай оқу >>

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы

30.11.2012

2012 ж. 30 қарашасында мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

30.11.2012



29 Қараша 2012, 12:57
Алматыда «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауларының жеңімпаздары анықталады

АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны-2012» байқауларының ақтық кезеңі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы

30.11.2012

2012 ж. 30 қарашасында мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Елбасының мектебінде...

29.11.2012

«Ел болашағы-жалынды жастар» мақсатында өткізген еліміздің «Тұңғыш Президенті» күніне орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзін-өзі басқару мектебінің көшбасшылары мен Тұңғыш Президентіміздің алғашқы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының ұстаздары және оқушыларымен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Тұңғыш Президент күніне орай танымал тұлғалармен кездесу өтеді

28.11.2012

29 қараша күні, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өзін-өзі басқару мектебінің көшбасшылары Тұңғыш Президент күніне орай, Қарасай аудандық Абай атындағы орта мектепте танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттер назарына!

28.11.2012

«Ағылшын-Қазақ Орталығына» жарты күнге практиканттар мен стажерлар керек. Іріктеуден өткен және өзін жақсы жақтан көрсеткен студенттер орталықтың штатына кіреді.

Орталықтың бағыты: Тіл үйрену мектебі; Шет елде білім алу; Халықаралық жәрмеңкелерді ұйымдастыру.

Барлық сұрақтар бойынша Тіл мектебінің менеджері-Арайға мына телефондар: + 7727 2729548, Fax: + 7727 2729876 арқылы хабарласыңыз, түйіндемені мына E-mail: arailym@akcgroup.kzжіберіңіз.

www.akcgroup.kz

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Барманқұловтың өмірі мен қызметіне арналды

27.11.2012

Биыл «қазақ телевизиясының корифейі» атанған, көрнекті ғалым, профессор, көсемсөзші, түркітанушы Марат Барманқұловтың 75 жылдық мерейтойы. сыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 27 қараша күні Журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Барманқұловтың оқулары аясында «М.Барманқұлов – Қазақстан телевизиялық журналистикасының теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаушы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

"Президент және халық" республикалық газет

27.11.2012

Президент күніне орай форум өтті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000-нан аса студенттің қатысуымен «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған форум өтті.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің индустриалды-инновациялық дамуы және Отанымыздың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту ісіне жастарды тартудың маңызы мен қажеттілігі туралы атап айтқаны белігілі.

Жастардың азаматтық, отансүйгішітік әлеуетін арттыру мен олардың тың бастамаларына қолдау көрсету мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен форум өткізіп отыр.

Ары қарай оқу >>

"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

27.11.2012

ҚазҰУ-да Президент күніне орай форум өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000-нан аса студенттің қатысуымен «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған форум өтті.

Ары қарай оқу >>

"Түркістан" республикалық апталық басылым

27.11.2012

«ГЕОИНФОРМАТИКА»


халықаралық магистрлік бағдарламасы ашылды


ҚазҰУ-нің география және табиғатты пайдалану факультетінде «Geoinformatics: Managing energy, resources, environment» TEMPUS IV жобасы бойынша «Геоинформатика» халықаралық магистрлік бағдарламасы ашылды. Бағдарлама ашылуында сөз алған ҚазҰУ-нің бірінші проректоры М.М.Бүркітбаевтың айтуынша, Еуропалық одақпен бірлесу нәтижесінде ашылған халықаралық магистрлік бағдарлама – білім ордасы үшін халықаралық тәжірибе алмасу мен инновациялық кеңістікке айналдыратын үлкен мүмкіндік.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

27.11.2012

Алматыда «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты форум өтті

АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000-нан аса студенттің қатысуымен «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған форум өтті.

Бұл туралы аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Ары қарай оқу >>

ALMATY BUSINESS GAME атты алғашқы ЖОО аралығындағы ойын!

27.11.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зияткерлік меншік құқығының ассоциациясымен Бизнес және мансап орталығы 1-4 курс студенттері мен магистранттарын “ALMATY BUSINESS GAME’ атты алғашқы ЖОО аралығындағы ойынға қатысуға шақырады!
Не? «ALMATY BUSINESS GAME»
Қайда? ГУК-3 3 зал (заң факультетінің 3 дәріс залы)
Қашан? Сағ 18:00 29 қараша 2012ж
***“ALMATY BUSINESS GAME’ – АҚШтың «Harvard Business School» да өткізілетін іскери ойын.
Қосымша ақпарат:
+7 701 263 42 60 Әділет
+7 707 826 90 95 Мейржан
vk.com/kipla

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен магистранттарға арналған конференция

26.11.2012

30 қарашада гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен жоғарғы курс студенттері және магистранттарға арналған “Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау: қазіргі жағдай және оның болашағы” атты тақырыпта конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың оқытушы профессорлары халықаралық конференцияға қатысты

26.11.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі, Гёттинген университетінің Құрметті профессоры Қ.Т. Жұмағұлов «Қазақстан мен Германия ғалымдарының қазіргі гуманитарлық зерттеулер жүйесіндегі өзара әрекеттестігі» атты баяндасымен Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткізілген «G-Global және жаңа әлемдік тәртіп» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында қатысып, сөз сөйледі.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 19.11.2012-24.11.2012

24.11.2012

  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ университеттік наноспутник жасауда
  • ҚазҰУ технопаркі түрлі салалардағы студенттік бизнес жобаларды дамыту мен жүзеге асыру үшін құрылған инновациялық инфрақұрылымдық алаң - университеттік студенттік бизнес-инкубатордың тұсаукесерін өткізді
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2000-нан аса студенттің қатысуымен «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған форум өтті
  • Технопарк ашылу рәсімі өтті
  • ҚазҰУ-да «Бауыржантану: бүгіні мен болашағы» атты үш ұрпақ өкілінің бас қосуымен ғылыми-практикалық конференция өтті
  • Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті «Кәсіби қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді
  • Халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттерінде қос ақын – Қайырбек Асанов пен Күләш Ахметовамен кездесті
  • «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне пікір
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ENACTUS форумы өтті

24.11.2012

15-17 қарашада 2012 ж. Алматы қаласында «Гранд Айсер» қонақ үйінде «Қоғамға пайда бірге келтірейік» атты Халықаралық ENACTUS форумы өтті. Форум АҚШ, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның ENACTUS Президенттерінің қатысты. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері мен эдвайзерлері, «Ашық кафедра» меңгерушісі Л.Т. Қәріпбаева кәсіпкерлік студенттік бизнестің халықаралық тәжірибесін оқып білуде форумға белсенді қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» Форумына қатысушылардың Қазақстан жастарына арналған ҮНДЕУІ

22.11.2012

Біз, «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» Форумына қатысушылар! Жастар әрқашан кез келген қоғам мен мемлекеттің аса маңызды бөлігі болғандығына және әрқашан солай болып қала беретіндігіне сенімдіміз. Қазақстанның бірнеше жылдар мен онжылдықтардан кейін қандай болатындығы дәл біздің белсенділігімізге, мәдениетіміз бен жұмыс істей білу қабілеттімізге байланысты болмақ.

Ары қарай оқу >>

15-17 қарашада 2012ж. Халықаралық ENACTUS форумы өтті!

21.11.2012

15-17 қарашада 2012ж. Алматы қаласында «Гранд Айсер» қонақ үйінде «Қоғамға пайда бірге келтірейік» атты Халықаралық ENACTUS форумы өтті. Форум АҚШ, Ресей, Азербайджан, Қырғызтан және Қазақстанның ENACTUS Президенттерінің, қатысуымен болды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттері мен эдвайзер – «Ашық кафедра» меңгерушісі Карипбаева Л.Т. кәсіпкерлік студенттік бизнестің халықаралық тәжірибесін оқып білуде белсенді қатысты.

Ары қарай оқу >>

Желілік университеттердің қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды

21.11.2012

2012 жылдың қараша айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және Бизнес Жоғарғы мектебі «ТМД желілік университеті» жобасының қазіргі жағдайы мен болашақ дамуы туралы талқылауға арналған халықаралық конференциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Ең үздік шығарма» байқауына қатысыңыз

20.11.2012

Қазақ КСР-і Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, А.А.Фадеев атындағы Бүкілодақтық сыйлықтың лауреаты, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы", 3-дәрежелі "Даңқ" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы жазушының шығармашылығы бойынша студенттер арасында ең үздік шығармаға байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық студенттер күні аталып өтті

20.11.2012

19 қараша күні география және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлем студенттерінің дәстүрлері» атты Халықаралық студенттер күніне орай ашық кураторлық сағат өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 12.11.2012 – 17.11.2012

20.11.2012

  • Ақылы оқу бөлімінен грантқа ауысу туралы
  • Тақырып жалғасы «Ахселькент» тұрғынүй кешенінде ҚазҰУ қызметкерлеріне салтанатты түрде жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті
  • Университеттің 118 оқытушысы мен қызметкеріне Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер кілттері салтанатты жағдайда тапсырылғанына Елбасы атына хат жолдады
  • ҚазҰУ-да ЖОО студенттерінің кездесуі өтті
  • ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Халқыма қосар үлесім» атты қалалық шығармалар (эссе) жазудан байқау өтті
  • «Бұқаралық ақпарат құралдары және жастар» атты тақырыпта шығыстану факультетінде кездесу өтті
  • Елбасының дәрісіне пікірлер жарияланымы
  • ҚазҰУ университеттік наноспутник жасауда
  • Астанада Жас Отан жастар қанатының 2 съезі өтуде
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ университеттік наноспутник жасауда
  • Имиджидік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Дәстүр мен мәдениет сабақтастығы

19.11.2012

2012 жылы 16 қараша күні ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің мәжіліс залында әр елден келген өкілдерді таныстыру мақсатында «Дос болайық бәріміз!» атты факультетаралық студенттік кеш өткізілді. Осы кешке әлемнің әр мемлекеттерінен келген шетелдік студенттер, шетелден келген қазақ азаматтары, сонымен қатар шығыстану және халықаралық қатынастар факультетінің студенттері белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

Жалпыуниверситеттік КТК ойындарында факультеттің "6,5" тобы 3-ші орынды иеленді

17.11.2012

17 қараша күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Халықаралық студенттер күніне арналған жалпыуниверситеттік 1/8 Көңілді тапқырлар клубының КВН ойындары өтті. Ойынға барлық факультеттің орыс, қазақ лигасының құрама қомандалары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық студенттер күніне орай КВН өтеді

16.11.2012

17 қараша күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Халықаралық студенттер күніне арналған жалпыуниверситеттік 1/8 Көңілді тапқырлар клубының КВН ойындары өтеді. Ойынға барлық факультеттің орыс, қазақ лигасының құрама қомандалары қатысады.

Ары қарай оқу >>

Жеңіс ҚазҰУ баскетбол құрамасында

16.11.2012

ҚазҰУ баскетбол құрама командасы Алматы қаласының әуесқойлық лигасының Чемпионатының шегінде кезекті кездесуді өткізді. Екінші ойында біздің командамыздың қарсыласы ҚазҰАУ құрама командасы болған.

Ары қарай оқу >>

«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасын ең үздік кітапхана жасайық!» атты акция басталды

16.11.2012

2012 жылдың 12 қарашасынан 12 желтоқсан аралығында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасын ең үздік кітапхана жасайық» атты университеттік акция басталды. Мұғалімдер, университет қызметкерлері осы аталған акцияға үлес қосуына болады.

Ары қарай оқу >>

Айналада алтын күз...

16.11.2012

ҚазҰУ-дың №4 жатақханасында «Күзгі балл» концерттік кеші өткізілді. Аталмыш шара жатақханамызда жыл сайын өткізілетін игі дәстүрге айналып отыр. «Күзгі балл» концерттік кеші жатақхана студенттері арасында сайыс ретінде өткізілді. Сайысқа қатысқан жұптарға белгілі бір мемлекеттер бөлініп беріліп, олар осы мемлекеттің мәдениетін ашып беру тапсырылған болатын.

Ары қарай оқу >>

Жұлдыз ағып түскен мекенге саяхат

16.11.2012

ХІХ ғасырда қазақ даласында жарқ етіп, ерте сөнген жұлдыз, халқымыздың даңқты перзенті, ұлы ағартушы, жиһанкез, фольклоршы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың мәңгі баяз тапқан жері – Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы ғалымның аты берілген кіп-кішкене, моп-момақан Шоқан ауылы туралы біреу білсе, біреу білмес. Шағын елді мекенді құшағына алған Алтын Емел жотасына ғалым бабаның әруағына құран бағыштап, ұлыдан қалған жәдігерлерді тамашалауға журналистика факультетінің бір топ студенті саяхаттап барды. Студенттерге бас‑көз болып, жол бастаған – ф.ғ.д., профессор Кәкен Қамзин.

Ары қарай оқу >>

"Түркістан" республикалық апталық басылым

16.11.2012

«БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ АСПАНЫ»

студенттерді бейжай қалдырмады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Республикасы Бірінші Президенті күніне арналған іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Осы бағыттағы шаралар легі 6-қараша күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Қазақфильм» киностудиясы АҚ-мен бірлескен «Отандық кино күні» жобасы аясында режиссер Рүстем Әбдірашевтің ҚР Президентінің балалық шағы жайында түсірген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің көрсетілімімен басталды.

Ары қарай оқу >>

«Сұлу» аэробика клубы мүшелері арасында жалпы дене дайындығы бойынша жарыс өткізілді

16.11.2012

Жастарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға ынтасын арттыруға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, сонымен бірге «Культ здорового тела» қозғалысы аясында 2012 жылдың қазан айының 29-нан қарашаның 13-не дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорткешенінің №9 залында жалпы дене дайындығы деңгейін анықтау үшін «Сұлу» аэробика клубы мүшелері арасында жарыс өткізілді. Жарысқа 188 студент қатысты.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық білім беру ісінің тиімді әдістері талқыланады

16.11.2012

17 қараша – Студенттер күніне орай, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы ассоциациясының қолдауымен «Open Faculty» жобасының тыңдаушыларына биология және биотехнология факультетінің (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында дәрістер оқылады. Азамат Ашамаев, Глазго Университеті, Әлемдегі E-Learning. Оқытудың тиімді әдістері; Жазира Амиргалиева, Лондон Университеті, Қазақстандағы жоғары білім беру және Британдық білім беру; Асет Нурболулы, Сент-Эндрюс Университеті - «Advanced Computer Science, Software Engineering
University of St Andrews
»

Қосымша ақпарат үшін Мансап және бизнес орталығы, Кәріпбаева Лариса Төлеуғазықызына хабарласуға болады. Тел:+7727377 33 73

Алматы қаласы бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясы ассоциациясының директоры Ермекбаев С.К. 356-07-55,

үйлестіруші Шаяхмет Дана тел: 356 07 56

Open Faculty

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

2012 жылдың 15 қарашада - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бүкіл әлемдік философия күні.

15.11.2012

2012 жылдың 15 қарашада - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бүкіл әлемдік философия күні. 2005 жылы ЮНЕСКО бүкіл әлемдік ұйымы жыл сайынғы қарашаның үшінші бейсенбілігін Философия күнін өткізу туралы хабарлады, Бұл күні бүкіл әлемде ЮНЕСКО мүшелері – 70 ел атап өтеді.

Ары қарай оқу >>

Дүниежүзілік туристік ұйым оқу бағдарламасын мойындады

15.11.2012

Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) Біріккен ұлттар ұйымының жауапты, тұрақты және қол жетерлік туризмнің ұсынысына жауап беретін мекеме болып табылады. 2011-2012 жылдары, рекреациялық география және туризм кафедрасы ұтып алған грант негізінде, Қазақстан ЖОО арасында алғашқы болып, «5В090200 – Туризм» мамандығының туристік білім беру сапасының Дүниежүзілік туристік ұйымның TedQual-UNWTO жүйесі бойынша халықаралық сертификаттау рәсімі өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Университеттік әрекет «ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫН ЕҢ ҮЗДІК КІТАПХАНА ЖАСАЙЫҚ!»

15.11.2012

Құрметті әріптестер, қымбатты достар және барлық ықылас білдірушілер!

2012 жылдың 12 қарашасынан 12 желтоқсан аралығында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасын ең үздік кітапхана жасайық» атты университеттік әрекет бастамақ.

Біз мұғалімдерді, университет қызметкерлерін осы әрекетке үлес қосуға шақырамыз! Егер Сізде өзіңіз оқып болған кітабыңыз болса, Ғылыми кітапхана оны қуана қабыл алады. Сіздің кітабыңыз міндетті түрде өз оқырманын табады.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық білім беру ісінің тиімді әдістері талқыланады

15.11.2012

17 қараша – Студенттер күніне орай, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы ассоциациясының қолдауымен «Open Faculty» жобасының тыңдаушыларына биология және биотехнология факультетінің (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында дәрістер оқылады. Азамат Ашамаев, Глазго Университеті, Әлемдегі E-Learning. Оқытудың тиімді әдістері; Жазира Амиргалиева, Лондон Университеті, Қазақстандағы жоғары білім беру және Британдық білім беру.

Ары қарай оқу >>

ҚР Президентінің ресми сайты - www.akorda.kz

15.11.2012

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінен хат келді

14.11.2012
Баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар

Хат иелері биылғы қазан айында университеттің 118 оқытушысы мен қызметкеріне Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер кілттері салтанатты жағдайда тапсырылғанын хабарлайды.

Сондай-ақ хатта бұл оқиға Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты мен әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асқаны атап өтіледі.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

15.11.2012

14 Қараша 2012, 19:50
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері әлеуметтік салаға ерекше қамқорлығы үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінен хат келді.

Ары қарай оқу >>

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған

14.11.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің ҚР ҰҒА академигі Мейірхан Мүбаракұлы Әбділдиннің атындағы дәріс залының ашылу салтанаты болды. Салтанатты іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, университет ұжымы, барлық факультеттерден оқытушылар, Мейірхан Мүбаракұлы туылған Павлодар облысының әкім орынбасары және көптеген қонақтар жиналды. Мейірхан Мүбәракұлының барельефі мен стендісінің лентасын жұбайы Райхан Закиқызы мен ағасы академик Жабайхан Мүбәракұлы кесті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ университеттік наноспутник жасауды қолға алған бірінші университет

13.11.2012

Отандық алғашқы наноспутник жасауды Қазақстанда бірінші болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолға алды. Бұл жобаның іске асыру Токия университетімен бірлесе халықаралық консорциумдағы қазақстандық ЖОО кірген UNIFORM Project аясында басталды.

Ары қарай оқу >>

«Абайды оқы, таңырқа!» атты әдеби кеш өтті

13.11.2012

2012 жылдың 13 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М.Мұтановтың бастамасымен жасалған«100 кітап» жобасын қолдау мақсатында мемлекеттік тіл кафедрасы филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті орыс бөлімінің 1 курс студенттерімен «Абайды оқы, таңырқа!» атты әдеби кеш ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Орталық Азия бойынша парламент тобының басшысы др. Дагмар Энкельманмен өтетін кездесуге келіңіз

13.11.2012

15 қараша күні Халықаралық қатынастар факультетінде Германия парламентінің депутаты (Бундестаг), Орталық Азия бойынша парламент тобының басшысы др. Дагмар Энкельманмен кездесу өтеді. Бағдарлама аясында – Германия мен Қазақстан арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарының мәселелері, Бундестагтың Орталық Азия бойынша парламент тобының қызметі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ынтымақтастығының перспективалары туралы, ҚазҰУ Германия зерттеулері орталығының дамуы жайында және де басқа мәселелер талқыланады.

Ары қарай оқу >>

Құрметті 3-4 курс студенттері!

13.11.2012

ЖШС «КНЛК Интернешнл Казахстан Инк» Қазақстан Республикасында мұнай және газ саласында геофизикалық қызметпен 10жыл айналысады.

Қазіргі таңда Алматы қаласындағы кәсіпорында өндірістік тәжірибе өтуге болатынын жайлы (2 орын кадр бөлімінде) Мансап және бизнес орталығы сіздерді хабардар етеді.

Тәжірибе өтушілердің талаптары:

Менеджмент,аударма ісі,экономика мамандықтары бойынша жоғарғы білім (бакалавр);

Қазақ, орыс, ағылшын тілін жақсы білу.

Тәжірибені өту мерзімі 19 қарашадан2012ж.20 сәуірге дейін 2013ж. Тәжірибе кәсіпорынмен төленеді. Түйіндемені мына e-mail: karla077@mail.ru жіберіңіздер.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Бірінші курс күні

13.11.2012

әл-Фараби атындағы спорткешені 18 қараша сағат 10.30-да (№ 1 зал.) 1 курс студенттері арасында командалық жарыс өтеді. Жарыс түрлері мен қатысушылар: арқан тартуда бозбалалар, 5 адам, гір спортыбозбалалар мен қыздар, 4 адамнан, 2-і үздік нәтижеде-сынақ тапсырылады, эстафетақыздар, командада 6 адам, тоғызқұмалақ – 3 адам.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттік ұйымдары мен клубтарының арасындағы «ЖасТур» кубогына жыл сайынғы мини-футбол жарысы басталды

13.11.2012

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік ұйымдары мен клубтары өз күштерін жыл сайынғы мини-футбол жарысында сынап көрмекші. Туризм және Спорт дамыту клубы «ЖасТур», география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы, биология және биотехнология факультетінің дене шынықтыру кафедрасымен бірлесе өткізілетін жарыста әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік ұйымдары мен клубтары өз күштерін көрсете алады. Осы іс-шараның демеуші ретінде бірінші студенттік туристік фирма YouthTravel және рекреациялық география және туризм кафедрасы қолдау көрсетті. Мини-футбол жарысы қарашаның 10 мен 17-сі аралығында ҚазҰУ спорткешенінде өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Конференциялар

13.11.2012

Құрметті әріптестер !

Сіздерді биология ғылымдарының докторы, профессор, ХАА және ҚЖМ ҰА академигі Биғалиев Айтхожа Биғалиұлының 70-жылдығына арналған «Экология және генетика: Қазақстандағы эколого-генетикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз. Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде 2012 жылдың 25 желтоқсанында сағат 1000-1700 келесі мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, әл-Фараби 71.


Ары қарай оқу >>

«ЖасҰлан» ұйымының кубогына арналған турнир өз мәресіне жетті

12.11.2012

Алматы қаласында «ЖасҰлан» ұйымының кубогына арналған турнирдің ақтық мәресі өтті. Еліміздің барлық аймағынан 13 команда, яғни 250-ге жуық жас спортшы жасыл алаңға шықты. Екі күнге созылған жасөспірімдер жарысында жас спортшылар бар өнерлерін ортаға салды. Жарыстың соңғы күні үздік шыққан үш команда анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жас футболшылары кубокты иеленсе, атыраулықтар күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал, үздік үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ынтымақтастық департаменті IAESTE студенттік тағылымдама алмасу бағдарламасына құжаттарды қабылдауды бастады

12.11.2012

IAESTE халықаралық тағылымдама алмасу бағдарламасына техникалық мамандықтардың 3, 4 - курс бакалавр студенттері, магистранттар және PhD докторанттар қатыса алады. Қатысушының оқу үлгерімі жақсы, ағылшын тілін жетік меңгерген және компьютерлік біліктілігі болуы тиіс.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 05.11.2012-10.11.2012

11.11.2012

  • «1-курс таланттары» көркмөнерпаздар байқауының қорытындысы шығарылды
  • «Ахселькент» тұрғынүй кешенінде ҚазҰУ қызметкерлеріне салтанатты түрде жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті.
  • Тақырып жалғасы Журналистика факультетінде фотокөрме өтті
  • Тақырып жалғасы 17-18 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 20 жыл толуына арналған «ХХІ ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» («The Changing Nature of conflict in the XXI century») атты халықаралық конференция ұйымдастырылады. Іс-шараны БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат Департаменті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өтті.
  • Журналистика факультетінде «Қазіргі кездегі журналистік білім беру: идеялар, тұжырымдамалар, жаңа технологиялар» атты дөңгелек үстел өтті
  • «Политолог» клубында «Ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты дөңгелек үстел өтті
  • ҚазҰУ-дағы Қазақстан Палеолит мұражайы туралы ақпар
  • «Қазақстан экономикасының даму бағытындағы ТМД ЖОО-ның өзара желілік байланысы» халықаралық конференциясы өтуде.
  • «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған «Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
  • Тақырып жалғасы Түскі ас – 78 теңге
  • Журналистика факультеті Әнуарбек Әуелбекпен кездесу өткізді
  • Филология, әдебиеттану дәне әлем тілдері факультетінде «Бірлігі мықты жастар – болашаққа жол бастар» атты этно-мәдени форум өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«әл-Фараби» олимпиадасына «он-лайн» түріндегі тіркеу басталды

10.11.2012

Құрметті 10-11 сынып оқушылары! Жыл сайынғы ҚазҰУ өтетін «әл-Фараби» олимпиадасына «он-лайн» түріндегі тіркеу басталды. Егер сен Қазақстанның ең беделді жоғары оқу орнында білім алғың келсе, дарынды, ақылды, өзіңнің күшіңе сенімді болсаң, «әл-Фараби» олимпиадасына қатыс. Тіркеу www.kaznu.kz сайтында жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

09.11.2012

09 Қараша 2012, 13:17
Алматыда медиамәдениетті саралаған халықаралық конференцияда өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

Ары қарай оқу >>

Көңілді тапқырлар клубы үздік деп танылды

09.11.2012

8 қарашада Ө.Жолдабеков атындағы Студенттер сарайында Көңілді тапқырлар клубының командаларының қатысуымен «Хабар» агенттігінің кубогы өтті. Бұл шара 1963 жылы 8 –қараша күні ең алғаш КВН ойындарының өткен күніне орай ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

«Open Faculty» жобасы бойынша дәрістер оқылады

09.11.2012

Құрметті «Open Faculty» жобасының тыңдармандары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы ассоциациясының қолдауымен биология және биотехнология факультетінің (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында 10 қараша 2012 жылы сағат 11.00-де дәрістер оқылады: Айтаманова Лаура, Хамзина Назым, Мыхаев Азамат, Даников Азамат, АҚ «Еуразиялық банкі» «Future Twenty Five» бағдарламасы; Шанкозов Нурлан, АҚ «Қаржы орталығы, Білім беруді несиелендіру; Шильдибеков Ельнур, University of Sheffield, Қоғамдағы адам өміріне техника мен технологияның әсері.

Ары қарай оқу >>

Есік көліне саяхат ұйымдастырылды

09.11.2012

1 қарашада 2012 жылы ЖОО дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы бірлесе отырып шетелдік студенттер үшін Есік көліне саяхат ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

09.11.2012

Алматыға келіп, атақты болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «1-курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі мен гала концерті өтті.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

09.11.2012

Шылым шекпейтін факультет

Елбасының бастамасымен, Қазақстан БҰҰ-ның саммитінде «Ғаламдық энерго-экологиялық стратегия» және «Аймақаралық «Жасыл көпір» бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Осы бағдарламаны іске асыруда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белсенділік танытып келеді. Қазіргі таңда ҚазҰУ ағымдағы жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода «Рио+20» бағдарламасын тұрақты дамыту бойынша өткен БҰҰ Жаһандық саммитінде қабылданған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» бөлігінде қарастырылған негізгі ережеге сүйене отырып «Green campus» жобасының бастамашысы болып отыр. Жоба аясында «Экологиялық күн» атты акция жарияланды.

Ары қарай оқу >>

"Жас қазақ" ұлттық апталық

09.11.2012

Жүздестірген 100 кітап

Ғұлама болу үшін он кітап оқу жеткілікті, бірақ ол он кітапты табу үшін мыңдаған сөрені ақтаруға, миллиондаған бетті парақтауға тура келеді. Бұл – шындық. Бүгінгі заман талабы кітаптың көптігін емес, оны қалай түсініп оқу және өмірлік игіліктерге қалай падалануды көздейді. Ұрпақ алдындағы осы ұлы мұраттың жауапкершілігін жете сезінген Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен «Жас қазақ» газетінің бірлесуі негізінде қолға алынған «ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс 100 кітап» жобасы тура бір жыл бұрын өмірге келген болатын. Талқылау түзген «жұлдызды» 100 кітаптың тізімін газетіміз арқылы жариялап, сүйінші де сұраған едік. Содан бері «100 кітап» акциясы жастар арасында келелі талқылауға түсіп, әлеуметтік желілерде қызу талданып, жаңа ойларға бастамашы болып та үлгерді.

Ары қарай оқу >>

«Геоинформатика» халықаралық магистрлік бағдарламасы ашылды

09.11.2012

8 қарашада ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінде «Geoinformatics: Managing energy, resources, environment» TEMPUS IV жобасы бойынша «Геоинформатика» халықаралық магистрлік бағдарламаның ашылуы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Open Faculty» жаңалықтары

08.11.2012

Құрметті «Open Faculty» жобасының тыңдармандары!

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультеті (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында 10 қараша 2012 жылы сағат 11.00-де екі дәріс оқылады:

  1. Айтаманова Лаура, Хамзина Назым, Мыхаев Азамат, Даников Азамат, АҚ «Еуразиялық банкі»

АҚ «Еуразиялық банкінен» «Future Twenty Five» бағдарламасы.

  1. Шанкозов Нурлан, АҚ «Қаржы орталығы»

Білім беруді несиелендіру.

Дәріс берушілердің презентациясын Мансап және бизнес орталығы сайтынан көре аласыздар.

Барлық сұрақтар бойынша Мансап және бизнес орталығы Кәріпбаева Лариса Төлеуғазықызына хабарласыңыздар тел:+7727377 33 73

Open Faculty

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

«Визуальды коммуникация ретінде заманауи сандық технология» және «Қазіргі заманғы медимәтіннің тілі: фото, видео дыбыс» атты семинар-тренинг өтіп жатыр

08.11.2012

Дәстүрлі медианың Интернет бетіне көшуі БАҚ саласында түбегейлі өзгерістер әкелді. Медианың шоғырлануы он-лайн медиа, конвергентті журналистика сияқты жаңа салаларды ақпараттық кеңістікке енгізді. Осы бағытта бүгінгі журналистика, баспа ісі, дизайн, халықаралық журналистика, қоғаммен байланыс, мәдениеттану мамандықтары бойынша маманданып жатқан студент, магистрант және докторанттар нені меңгеруі қажет.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Орал федеральді университетінің делегациясы қонақта болды

07.11.2012

1-2 қараша күндері Орал федеральді университетінің өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне іссапармен келіп кетті. Қонақтардың біздің өңірге ат басын бұрғандағы басты мақсаты тәжірибе алмасу болып табылды. Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Олег Васильевич Гущин бастаған делагацияның құрамына тәрбие жұмысын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамту жөніндегі бөлім бастығы Алексей Андреевич Фокин және әлеуметтік саясат орталығы директорының орынбасары Александр Сергеевич Дубровский да болды. Делегацияның университетке келген алғашқы күнінде алдымен ҚазҰУ тарихымен және білім ордасындағы тәрбие жұмысымен танысты.

Ары қарай оқу >>

Желэнергетикалық потенциал - Қазақстанның қоршаған ортасын жақсартудың құралы ретінде

07.11.2012

Энергоэкология кафедрасының ғылыми-тәжірибелік семинары Орталық Азия Аймақтық Экологиялық Орталығының (РЭЦЦА) «Климаттың өзгеруі және тұрақты энергетика» бағдарламасының жетекші маманы, Японияның Цукуба университеті түлегінің қатысуымен, желэнергетикалық потенциалға байланысты болды.

Ары қарай оқу >>

"1-курс ТАЛАНТТАРЫ" көркемөнерпаздар байқауы өз мәресіне жетті

07.11.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «1-курс таланттары» көркмөнерпаздар байқауының қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі мен гала концерті өтті. Гала-концерт Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының үлкен сахнасында өтті...

Ары қарай оқу >>

Мазмұнды фильм көрсетілімі өтті

07.11.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Республикасы Бірінші Президенті күніне арналған іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Осы бағыттағы шаралар легі 6-қараша күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақфильм» киностудиясы АҚ-мен бірлескен «Отандық кино күні» жобасы аясында режиссер Рүстем Әбдірашевтің ҚР Президентінің балалық шағы жайында түсірген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің көрсетілімімен басталды.

Ары қарай оқу >>

Күн жаңалығы

06.11.2012

Бүгін, 2012 жылдың 5 қарашасында АОСК (армияның орталық спортық клубы) базасында «Бізде күш» атты әскери-спорттық марафон басталды, оның ұйымдастырушысы Алматы қаласының әкімшілігінің ішкі саясат Басқармасы мен «Жастар орталығы», «Инициатива» Қоғамдық Фондтар болды.

Ары қарай оқу >>

Талқылау қызықты өтті

06.11.2012

5 қарашада кезекті ректорат мәжілісі өтті. Онда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында студент жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі жөнінде философия және саясаттану факультетінің деканы Әлия Масалимованың баяндамасы тыңдалды. Тақырыпты тарқата түскен саясаттану кафедрасының меңгерушісі Гүлнәр Насимованың ақпары болды.

Ары қарай оқу >>

«Академиялық ықпал» бағдарламасының жетекшісі Раму Дамодаран ҚазҰУ ректорының атына алғыс хат жолдады

05.11.2012

«Құрметті ректор Ғалым Мұтанов! Жоғары деңгейдегі конференцияны өткізудегі үлкен бастамаңыз бен конференция жұмысына жетекшілік жасағаныңыз үшін менің жүрекжарды алғысымды қабыл алыңыз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы арасындағы ынтымақтастықты ары қарай дамытудың үлкен мүмкіндігін ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ, аталмыш конференцияда өзім танысқан аса құрметті ғалымдармен ынтымақтастықты ары қарай жалғастырғым келеді. Әрине, Сіздің осы жөніндегі ойыңыз бен кеңестеріңізді күтемін», - дейді өз жолдауында Раму Дамодарана.

Ары қарай оқу >>

Wiley on-line дерек қорына тестілік емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие

05.11.2012

Осы жылдың 10-шы қазан айынан 2013 жылдың 25-ші маусым аралығында әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық университетіне Wiley on-lineнiң Европаның ең ірі әлемдік баспасының электронды ресурстарына және анықтамалық ақпараттарға тестілік емін-еркін кіру мүмкіндігін ұсынады.

Ары қарай оқу >>

Мерейтойға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

05.11.2012

7 қараша 2012 жыл. сағат 10.00-де университеттің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері Садықов Жасұлан Садықұлының 75 жасқа толу мерейтойына арналған «Шетел азаматтарын оқытудың инновациясы және әлеуметтік ортаға бейімдеудің проблемалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 29.10.2012-03.11.2012

04.11.2012

  • «Ахселькент» тұрғынүй кешенінде ҚазҰУ қызметкерлеріне салтанатты түрде жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті.
  • Тарих, археология және этнология факультетінің ұйымдастыруымен Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын Қазақстан тарихын Жоғары оқу орындарында оқыту мәселелері аясында дөңгелек үстел өтті.
  • Тақырып жалғасы 17-18 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 20 жыл толуына арналған «ХХІ ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» («The Changing Nature of conflict in the XXI century») атты халықаралық конференция ұйымдастырылады. Іс-шараны БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат Департаменті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өтті.
  • Меморандумға екіжақты қол қойылды
  • «Энергиялық тиімді технологиялар: заманауи тенденциялар және даму келешегі» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференция басталды
  • Тақырып жалғасы «Академик С. Сартаев – ұстаз, ғалым, азамат» атты халықаралық конференция өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорлар жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ұжымы театрда

02.11.2012

2012 жылдың 31 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің бастамасымен университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы және студенттік топтарымен барған куратор-эдвайзерлер, жақында өтетін «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы қыз-жігіттер Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен «Ай-Қарагөз» қойылымын тамашалады.

Ары қарай оқу >>

«Ашық кафедра» инновациялық жобасы жаңа оқу жылына арналған өз маусымын бастайды

02.11.2012

«Ашық кафедра» инновациялық жобасының алғашқы дәріс 3 қараша 2012 жылы сағат 11.00-де өтеді (2 академиялық сағат). Өткізілетін орны: биология және биотехнология факультеті (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залы.

Ары қарай оқу >>

«Тіл-сөйлеу-филологиялық зерттеулердегі сөз» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

02.11.2012

2012 жылдың 2 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасыұйымдастырған Р.С.Зуеваның 80 жылдығына арналған «ТІЛ-СӨЙЛЕУ-ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ СӨЗ» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ұжымы театрда

02.11.2012

2012 жылдың 31 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің бастамасымен университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы және студенттік топтарымен барған куратор-эдвайзерлер, жақында өтетін «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы қыз-жігіттер Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен «Ай-Қарагөз» қойылымын тамашалады.

Ары қарай оқу >>

Шығыстанушы жас ғалым Ардақ Нұрғазымен қытайтану кафедрасының студенттерінің кездесуі өтті

01.11.2012

1-ші қарашада сағат 14:20 да 417-ші аудиторияда шығыстанушы жас ғалым Ардақ Нұрғазымен қытайтану кафедрасының студенттерінің кездесуі өтті. Кездесуге кафедра оқытушылары, қытайтану кафедрасының студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

«XXI ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» атты халықаралық конференцияға қатысушылардың үндеуі

01.11.2012

17-18 қазан күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ-ның Қоғамдық ақпарат департаменті мен «Академиялық ықпал» бағдарламасының қолдауымен «XXI ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» атты халықаралық конференция өтті. Нәтижесінде әлемдік ақадемиялық қоғамдастыққа арналған үндеу қабылданды.

Қазақстанның БҰҰ-ға кіруіне 20 жыл толуына арналған «XXI ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» тақырыбындағы халықаралық конференция қатысушыларының

ҮНДЕУІ

Біз, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарапынан БҰҰ-ның Қоғамдық ақпарат департаменті мен «Академиялық ықпал» бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылатын «XXI ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» тақырыбындағы халықаралық конференцияның қатысушылары, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке, тұрақты даму мен адам құқықтарына қауіп төндіріп отырған мәселелердің артып келе жатқандығын мойындаймыз.

Қоғамның даму барысында академиялық қоғамдастықтың қақтығыстарды шешу және олардың алдын алу үрдісіндегі рөлі ерекше маңызға ие болады. Біз, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей сынақ алаңының жабылуында көрініс тапқан ядролық қаруды таратпау жөніндегі ұсынысы, сондай-ақ, Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезі, «Өркениеттер диалогы», «G-Global», «Жасыл көпір» сияқты басқа да бастамаларын барынша қолдайтындығымызды білдіреміз.

Ары қарай оқу >>

Pages