Кафедра күні Елбасы жолдауын талқылауға арналды

29.02.2012

28 ақпан күні Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымы № 10 жатахана студенттерімен кафедра күнін өткізді. Кездесуде алғаш сөз алған профессор Қ.С. Қаражан студенттерді Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында қарастырылған негізгі 10 бағыт бойынша баяндай отырып, студенттермен ой бөлісті.

Аға оқытушы С. Смағұлов Қазақстанның бүгінгі таңдағы Сыртқы саясаттағы жетістіктеріне тоқталды.

Ары қарай оқу >>

Дінмұхамед Қонаевтың100 жылдық мерейтойына орай «Д.Қонаев атындағы кубогы» үшін студенттер арасында Pеспубликалық пікірсайыс турнирі өтті

28.02.2012

Ақпан айының 25-26 күндері Тараз қаласы, Тараз Иновациялық-Гуманитарлық Университетінде өткен Республикалық турнирінде «Алтын сапа» клубының құрамасы 3-ші орынға ие болды. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 30-ға жуық құрамалар қатысты.

Ары қарай оқу >>

KazENERGY кубогіне арналған «Жастар Энергетика мен Мұнайгаз секторының тұрақты дамуын қолдайды» атты Республикалық пікірсайыс турнирі өтті

28.02.2012

Қазақ-Британ Техникалық Университетінің қабырғасында 25-26 ақпан күндері арасында өткен Республикалық турнирінде Қазақ Ұлттық Университетінің «Алтын сапа» пікірсайыс клубының құрамасы жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

«Заңгер» ғылыми-студенттік үйірмесі дөңгелек үстел өткізді

28.02.2012

27 ақпанда Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасынының «Заңгер» ғылыми-студенттік үйірмесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 411 дәрісханасында «Меншікке қарсы қылмыстарды ашудың, тергеудің және алдын алудың теориялық және қолданбалы проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

Көшбасшылар мектебі 1 курс студенттері арасындағы белсенділерді іріктеп, қабылдау басталғандығын хабарлайды

28.02.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жастар ұйымдар комитеті дәстүрлі «Көшбасшылар мектебі» атты жобаның жүзеге асуын жалғастыруда. Жаңа, көктемгі «Көшбасшылар мектебіне» іріктеу 2012 жылдың 28 ақпанында сағат 17.00-де «Руханият» мәдени орталығында өтеді. Көктемгі «Көшбасшылар мектебіне» 1 курс студенттері қатыса алады. Мектептегі оқу бағдарламасы өте тиімді және пайдалы. Қатысушылар түрлі бағыттардағы тренингтардан өтіп, жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу барысында түрлі бағыттағы әлеуметтік жобаларды жазуды үйренеді. Сонымен қатар қатысушылар өзінің атқарған жұмыстарын әлеуметтік желілерде жариялауына мүмкіндік алады.

Ары қарай оқу >>

27 ақпанда «Меншікке қарсы қылмыстарды ашудың, тергеудің және алдын алудың теориялық және қолданбалы проблемалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

28.02.2012

«Заңгер» ғылыми-студенттік үйірмесі бас болған алқалы жиынға қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Р.Е. Жансараева, студенттердің ғылыми зерттеу орталығының директоры з.ғ.к., доцент Н.С. Жетібаев, Алматы қалалық ІІД ҚКП бастығы, подполковник Б.Ш. Абдуалиев, Алматы қалалық ІІД Тергеу бөлімінің бастығы, подполковник Ә.Л. Тұрсынбетов, Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика бірлескен үйірмесінің төрағасы з.ғ.к., доцент О.Н. Тілепбергенов қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы м.Е. Ақболатова, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Б. Шопабаев қатысты.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге аталған тақырып аясында заң факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Олар меншікке қарсы қылмыстарды әр түрлі аспектіден қарастыра отырып, алуан түрлі тақырыптарды қамтыды.

Ары қарай оқу >>

Идея озық болсын

28.02.2012

Басқа күнді былай қойғанда, әр дүйсенбі сайын ҚазҰУ-дың білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық аясы кеңейе түседі.

Бұл жолғы Ректорат мәжілісінде ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов пен Вайоминг университеті президенті атынан М. Браун екі-жақты ынтымақтастық келісім-шартына қол қойды. Тағы бір жаңалық университеттің Эндаумент қорына қазұулық түлек, Халықаралық бизнес академиясының Президенті-ректоры Асылбек Қожахметов бес жүз мың теңге аударды. Ал Ұдайы жақсартудың Кайдзен стратегиясы бойынша келіп түскен идеялар төңірегінде Сапа менеджменті және ақпараттық-сараптамалық зерттеулер бөлімінің бастығы Гүлшат Минажева баяндады.

Ары қарай оқу >>

Қолдау деп осыны айт

28.02.2012

Бір күннің ішінде ҚазҰУ-дағы шәкіртақы саны 27-ге өсті. Оның 19-ын оқуда озат, әлеуметтік жағдайы төмен, жетім балаларға тағайындаған экономика және бизнес жоғары мектебінің қаржы кафедрасы ерледі.

Әдеттегідей, шәкіртақылар Ректорат мәжілісінде студенттерге тапсырылды. Факультет деканы Баян Ермекбаева ҚазҰУ-дың озат оқушыларға деген қаржылай қолдауы түкпір-түкпірге танылып отыр дейді. Оған Повладар қаласы әкімдігінің тағайындаған шәкіртақысы куә болды.

Ары қарай оқу >>

Талапқа сай келмесең, орын жоқ

28.02.2012

ҚазҰУ ұжымы алдында үлкен міндет тұр. Ол – мемлекеттік аттестация тапсыру. Алдын ала тексеру комиссиясы дайындықты бір пысықтамақ. Барлық талап бүге-шүгесіне дейін қаралады. ҚазҰУ имиджіне нұсқан келтіретін ілініп-салынып, жүрдім-бардым жүрген студенттерді оқудан шығару да қарастырылды.

27 ақпан күнгі Ректорат мәжілісінде Оқу жұмысы жөніндегі проректор Гүлнәр Балақаева аттестацияға дайындық барысымен таныстырды. Проректор бұл сынақты университеттің соңғы жылдары атқарған сәтті жұмыстарын таразылайтын сәт дейді. Ал, ректор Ғалым Мұтанов оқытушы-профессорлар құрамын жоғары дәрежеде тапсыруға міндеттеді. Ұлттық зерттеу университетіне айналу жолындағы көшбасшы университетке бұл үлкен сын.

Ары қарай оқу >>

Бірлігі жарасқан ел жастары – «Бірлік.kz»-те бірікті!

28.02.2012

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында жастарға аса көңіл бөлінгені белгілі. Осы негізде Елордасы – Астана қаласында «Оқыту үдерісін күшейтудің типтік кешенді бағдарламасы» жасалып, оның жұмысына ҚазҰУ қызметкерлері мен білімгерлері қатысып келді.

 

Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы Сандуғаш Картаева, философия және саясаттану факультетінің phd докторанты Жеңісбек Төлен, журналистика факультетінің магистранты Камиль Галиев жастар тәрбиесінің типтік кешенді бағдарламасын жасау мақсатында Астана қаласына екі апталық жұмыс уақытына арнайы іс-сапармен жіберілді.

Ары қарай оқу >>

«Ашық кафедра» жобасының тыңдармандары KPMG Case Competition байқауына қатысты

28.02.2012

Кейс арқылы факультетаралық кросс-тіркелу, дүниежүзілік университтердің тәжірибесін есепке ала отырып модульді бағдарламаларды енгізу - «Ашық кафедра» жобасының негізгі мақсаты болып табылады. Жоба «Болашақ» түлектерінің арқасында жұмыс берушілер кеңесінің қатысумен табысты жүзеге асуда. «Ашық кафедра» жобасының тыңдаушылары нағыз кейстердің шешімін табуға қатысуда. Жақын арада KPMG Case Competition и Eurasian Bank Future twenty five аяқталды . Басқада Қазақстандағы халықаралық және ұлттық ұйымдар «Болашақ» түлектерінен сонымен қатар KPMG және Еуразиялық Банктен үлгі алады деген үміт бар.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

«Ашық кафедра» жобасының тыңдармандары KPMG Case Competition байқауына қатысты

28.02.2012

Кейс арқылы факультетаралық кросс-тіркелу, дүниежүзілік университтердің тәжірибесін есепке ала отырып модульді бағдарламаларды енгізу - «Ашық кафедра» жобасының негізгі мақсаты болып табылады. Жоба «Болашақ» түлектерінің арқасында жұмыс берушілер кеңесінің қатысумен табысты жүзеге асуда. «Ашық кафедра» жобасының тыңдаушылары нағыз кейстердің шешімін табуға қатысуда. Жақын арада KPMG Case Competition и Eurasian Bank Future twenty five аяқталды . Басқада Қазақстандағы халықаралық және ұлттық ұйымдар «Болашақ» түлектерінен сонымен қатар KPMG және Еуразиялық Банктен үлгі алады деген үміт бар.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Жас оқытушылар мектебі

27.02.2012

Экономика және бизнес жоғары мектебі28.02- 02.03.2012ж. аралығында ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шеңберіндежасоқытушыларға арналған мастер-класс өткізеді.

Мастер-класс кестесіменСіз осында таныса аласыздар

график проведения мастер-класса.docx

Ары қарай оқу >>

«Жарқын жұлдыз» бишілік – әншілік – аспаптық байқауы өтеді

27.02.2012

29 ақпан , сағат 15:00-де Механика-математика факультетінің сары залында «Көмек» еріктілер қозғалысының ұйымдастыруымен интернаттар мен балалар үйі арасында «Жарқын Жұлдыз» атты бишілік- әншілік- аспаптық байқауы өткізіледі. Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері еліміздің әлеуметтік, экономиялық, саяси ортадағы жаңғыруында мағызды рөл атқаруы керек. Сонымен қатар қоғамдық өмірге белсене араласуы да керек.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Лонданға жолдама ұтып алды

27.02.2012

Лондонда өтетін Олимпиадалық ойындарға лицензия алу үшін 2012 жылдың 24-27 қаңтарында Жапонияда су добынан Азия чемпионаты болып өтті. Чемпионатта Қазақстанның құрама командасы жеңіп, лицензияға қол жеткізді. Қазақстанның құрамасына біздің студенттер қатысты, филология факультетінің 4 курс студенті Алексей Шмидер және біздің түлек Роман Пилипенко.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ халықаралық Times Higher Education семинарыға қатысуға шақырады

27.02.2012

19-20 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің қолдауымен Times Higher Education халықаралық университеттерінің рейтингісінің редакторы Фил Батыдың қатысуымен «Қазақстан университеттерінің Times Higher Education халықаралық университеттерінің рейтингісіндегі тәжірибиелері» атты халықаралық семинары өтеді.

Ары қарай оқу >>

28 ақпан ҚазҰУ-да «Бизнес және ғылым – 2020» екікүндік халықаралық семинар-кеңесі өтеді

25.02.2012

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-мнистрі Қаныш Тілеушин шетелдік белгілі сарапшылардың қатысуымен өтетін ғылыми жұмыстарды коммерциаландыру мен ғылым және бизнестің интеграциясы жайлы семинар-кеңесті ашады.

Ары қарай оқу >>

Университетте алғаш рет «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық студенттер арасындағы ойыны өтті

24.02.2012

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғаш рет «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық студенттер арасындағы ойыны өтті. Әлемнің сегіз елінің өкілдері қатысып, олар 47 елді таныстырды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесе отырып, Алматы халықаралық БҰҰ Моделін Қазақстанның БҰҰ-ға қабылданғанына 20 жыл толуына орай алғаш рет өткізіп отыр. Бұл студенттер ойыны тек ағылшын тілінде өтті. Бұл жиынның ашылу рәсіміне ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, ҚР-ның БҰҰ-дағы алғашқы тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова, халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіров және т.б. қатысты. Жарысқа қатысушылар Қазақстанның БҰҰ-на қабылданған сәтінде жасалған деректі фильмді тамашалап, күш-жігерлерін жинап, жарысты зор қуанышпен өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Ақылды Ойын» атты жаңа интеллектуалды жоба

24.02.2012

ҚазҰУ-нің құрметті 3-4 курс студенттері!

Республикалық «НТК» телеарнасында ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен «Ақылды Ойын» атты жаңа интеллектуалды телевизиондық жоба басталды.

Жобаның негізгі мақсаты: дарынды жастарды тауып оларға қолдау көрсету, олардың өзін өзі қалыптастыруын жүзеге асыру, студенттің қабілетіне қарай профессионалдылығын анықтау, оларды қаржы және экономика саласында жақсы профессионалды білім және тәрбие алу жолдары арқылы марапаттау.

Ары қарай оқу >>

«Ақылды Ойын» атты жаңа интеллектуалды жоба

24.02.2012

ҚазҰУ-нің құрметті 3-4 курс студенттері!

Республикалық «НТК» телеарнасында ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен «Ақылды Ойын» атты жаңа интеллектуалды телевизиондық жоба басталды.

Жобаның негізгі мақсаты: дарынды жастарды тауып оларға қолдау көрсету, олардың өзін өзі қалыптастыруын жүзеге асыру, студенттің қабілетіне қарай профессионалдылығын анықтау, оларды қаржы және экономика саласында жақсы профессионалды білім және тәрбие алу жолдары арқылы марапаттау.

Жобада 3-4 курс студенттері қатыса алады. Жобаның жеңімпаздарына Ұлттық Банкінің магистратурасына мамандық бойынша түсуге білім гранты тағайындалады.

Ары қарай оқу >>

Жастар тәжірибесі-2012!

24.02.2012

Мансап және бизнес орталығы Алматы қаласының Жетісу аудандық жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп 2012ж. бітіретін жас маман иелерін, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша жастар тәжірибесін өтуге шақырады.

Жастар тәжірибесі мемлекеттің ЖОО түлектеріне бірінші мамандық бойынша тәжірибе алуда қосымша жәрдемі болып табылады. Түлек Жастар тәжірибесін кез келген ұйымда өте алады.

Қосымша ақпарат алу үшін Мансап және бизнес орталығына мына телефон арқылы хабарласыңыз: 377-33-73.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

«Ең үздік жас инвестор» байқауы!

24.02.2012

Сіз инвестер болғыңыз келсе және жасыңыз 18-де болса,

«Ең үздік жас инвестор» байқауында сізді күтеміз!

1 наурыздан 1 мамырға дейін 2012ж. Алматы қаласы бойынша «Болашақ» ассоциациясы АҚ «Тауарлық биржа» Евразиялық Сауда Жүйесі» (ETS) және АҚ «CAIFC Investment Group» Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Ең үздік жас инвестор» байқауына ҚазҰУ-нің студенттерін қатысуға шақырады.

Байқаудың ең негізгі мақсаты: белсенді жастардың тауарлық нарықта жұмыс істеу мүмкіндігі, оларды жеке инвестор ретінде қаржылық құралдармен операция жасауға тарту. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен қатысушыларға Қазақстандағы биржалық ұйымға жұмысқа орналасуға, сондай-ақ ҚР-да және шетелде стажировка жасауға мүмкіндік туады.

Ары қарай оқу >>

«2011 ж. ЖОО ең үздік оқытушысы»

24.02.2012

«2011 ж. ЖОО ең үздік оқытушысы» грантын иеленген химия және химиялық технология факультетінің профессорлары Алдабергенов М.К., Музычкина Р.А., Романова С.М., Минажева Г.С., Мун Г.А., Жусупова Г.Е., Торегожинаны Ж.Р мараппаттау рәсімі 2012 ж. 22 қаңтар күні Астана қаласының Көркемөнер Университетінде өтті.Грант иеленушілерге сертификаттар мен кеуде белгілерін ҚР БҒМ вице министрі профессор Орунханов М.К. тарту етті..

Ары қарай оқу >>

«Ең үздік жас инвестор» байқауы!

24.02.2012

Сіз инвестер болғыңыз келсе және жасыңыз 18-де болса,

«Ең үздік жас инвестор» байқауында сізді күтеміз!

1 наурыздан 1 мамырға дейін 2012ж. Алматы қаласы бойынша «Болашақ» ассоциациясы АҚ «Тауарлық биржа» Евразиялық Сауда Жүйесі» (ETS) және АҚ «CAIFC Investment Group» Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Ең үздік жас инвестор» байқауына ҚазҰУ-нің студенттерін қатысуға шақырады.

Байқаудың ең негізгі мақсаты: белсенді жастардың тауарлық нарықта жұмыс істеу мүмкіндігі, оларды жеке инвестор ретінде қаржылық құралдармен операция жасауға тарту. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен қатысушыларға Қазақстандағы биржалық ұйымға жұмысқа орналасуға, сондай-ақ ҚР-да және шетелде стажировка жасауға мүмкіндік туады.

Ары қарай оқу >>

Жастар тәжірибесі-2012!

24.02.2012

Мансап және бизнес орталығы Алматы қаласының Жетісу аудандық жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп 2012ж. бітіретін жас маман иелерін, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша жастар тәжірибесін өтуге шақырады.

Жастар тәжірибесі мемлекеттің ЖОО түлектеріне бірінші мамандық бойынша тәжірибе алуда қосымша жәрдемі болып табылады. Түлек Жастар тәжірибесін кез келген ұйымда өте алады.

Қосымша ақпарат алу үшін Мансап және бизнес орталығына мына телефон арқылы хабарласыңыз: 377-33-73.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

«Академик Төлеген Тәжібаевтың ғылыми мұрасының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық әлеуеті» атты дөңгелек үстел өтті

24.02.2012

2012 жылдың 23 ақпанында философия және саясаттану факультетінде Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопедагогика және этнопсихология ғылыми-зерттеу Орталығының ұйымдастыруымен қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының академигі Төлеген Тәжібаевтың туған күніне арналған «Академик Төлеген Тәжібаевтың ғылыми мұрасының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық әлеуеті» атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Екіжақты байланыс арта түспек

23.02.2012

Бүгін Қазақстандағы Канада Елшісі Стефан Миллер мен Канаданың Карлстон университетінің профессоры, доктор Петр Дуткевич әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов және университеттегі халықаралық қатынастар факультеті, философия және саясаттану факультетінің деканы, магистранттар, докторантармен екіжақты байланысты арттыру мақсатында кездесті.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерді ғылыми-зерттеу жобаларын жасауға тарту үшін жақында жеңіп алған 2,4 миллиард теңгелік гранттың 10 пайызын жұмсайды

23.02.2012

Жоғары оқу орнындағы үлкен сыншы да, атқарылған іске баға беруші де – студент. Білім және ғылым ордасында не үйлеспей жатыр, қандай сұрақ шешімін таппай, нендей мәселелер күн тәртібінде тұр. Бұл тұста студентпен ақылдаса, ұжыммен бірлесе, бір жүйеде жұмыс атқарғанда алар асу мен жетер белес еселене түспек. Мұндай пікірді ерекше назарға алған ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов 22 ақпан күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында университеттегі әр факультеттен жиналған екі мыңға жуық белсенді жаспен арнайы кездесіп, студенттер қауымы мен ректор арасындағы ашық сұрақ-жауап диалогын өрбітті.

«Жастармен жүйелі түрде кездесіп тұру керек», - деп сөз алған Ғ. Мұтанов бүгінгі студенттерге әкімшілік жүйе қолданып, міндеттегеннен гөрі, олармен бір дәрежеде тілдесіп, ұсыныстарына көңіл бөлу қажеттігін алға тартып, жастарға сенім артты. Себебі, қара шаңырақ басшысының пайымдауынша, дәл бүгінгі таңда жастар білім ошақтарына жоғары деңгеймен, қалыптасқан дәрежедегі әлеуетпен, биік мәдениетпен келеді. Ендеше, бұл ретте негізгі мәселе олардың болашаққа қандай септігі тиетіндігіне көңіл бөліп, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру. Осы орайда ректор университеттегі атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесі мен алдағы жоспарлар аясында студенттерге баяндап, олармен пікір алмасты. Кездесуде ректор ҚазҰУ жақында 2,4 миллиард теңге қаржы көлеміндегі грантты жеңіп алғанын, студенттерді ғылыми-зерттеу жобаларын жасауға тарту үшін осы қаржының 10 пайызы жұмсалатындығын жеткізді.

Ары қарай оқу >>

«Ашық кафедра: көшбасшылар ұрпағы» жобасының үшінші дәрісі өтті

23.02.2012

2012 жылы 18 ақпанда «Ашық кафедра: көшбасшылар ұрпағы» жобасының үшінші дәрісі өтті. «Conflict management in project and organizational environment» тақырыбындағы дәрісті «GO Project Management» консалтингтік компаниясының директоры Анар Умурзакова өткізді . Дәріс дау-жанжалдардың шығу тегіне, дау-жанжалдарға ықпал ететін факторлар мен оларды ұйым мен бизнестегі тұлғаралық қарым-қатынас деңгейінде шешу үлгілеріне арналды. Бұл тақырыптың аясы қандайда болмасын аудиторияға бағытталумен шектелмейді, оның сипаты кең, әрі қатысушылардың барлығы үшін қызғылықты. Дәріскердің аудиторияға қойған «Кімнің дау-жанжалға төтеп беру тәжірибесі бар?» деген алғашқы сұрағына дерлік 100% келісіммен жауап қайтарылды, бұл да тақырыптың өзектілігін растайды. Дау-жанжалдар отбасындағы қатынастардан бастап мансаптық тұрғыдағы тұлғаралық қатынастармен аяқталатын адам өмірінің барлық саласын тікелей немесе жанама қозғайтындықтан, дау-жанжалдар теориясы батыстың университеттік білімінде кеңінен таралған. Бұл тақырып Сарсенбеков Асқардың өткен аптада Қазақстандағы жастар ұйымдарының дамуына арнап өткізген дәрісінің желісін жалғастырады. Екі дәріс те жастарға бағытталған бағдарды, жастарда көшбасшылықты дамытуды, топта жұмыс істеу қабілетін, нәтижеге жұмылуды және т.с.с. ұштастырады. Әрине, 1,5 сағатта тақырыпты егжей-тегжейлі ашу мүмкін емес, бірақ «Ашық кафедра» жобасы өз жұмысын жалғастырады, және де дәріскерлермен жаңа қызықты кездесулер, сондай-ақ хабардар адамдармен атқарылатын жемісті жұмыс әлі алда.

Ары қарай оқу >>

Марапатқа лайық студентік жоба

22.02.2012

«Шеврон» компаниясы, Алматы энергетика және байланыс университеті, «RESD» қоғамдық қоры өткізген жарықтандыруды энергоүнемдеу жобаларының ІV Республикалық байқауына география және табиғатты пайдалану факультеті «Энергоэкология» кафедрасының студенттері белсенді қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

22.02.2012

22 ақпан 2012 ж

Баян ЕРМЕКБАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, Еуразия экономикалық академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Қазақстан дағдарыстан қорықпауы керек

- Баян Жүндібайқызы, Елбасы Н.Назарбаев әр жылы Қазақстан халқына Жолдау арнап келе жатқаны мәлім. Ал енді сол жолдаулардың нәтижелері туралы маман ретінде не айтар едіңіз?
- Егеменді ел болған алғашқы күндерімізден бастап, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев, тәуелсіздіктің тұғыры экономикада екенін айтып келеді. Экономика - тәуелсіздіктің діңгегі, экономиканы дамытпай, ешқандай саяси-әлеуметтік жетістікке жете алмаймыз, егеменді ел де бола алмаймыз. Алып мемлекет - КСРО-ның тарап кетуінің себебі де дұрыс басқарылмаған экономиканың нәтижесі десек, артық айтқандығымыз емес. Ал егемендіктің алғашқы жылдары экономика саласында бір қоғамнан екінші қоғамға ауысу жағдайын бастан кешірдік. Нарықтық экономика бізге жат құбылыс болған еді, тәжірибеміз жоқ, экономиканың қызмет ету тетіктерін білетін мамандар да болмады. Алдымызда «қайда барамыз, қалай барамыз, мақсатымыз не, жолымыз қайсы?» деген сұрақтар тұрды.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

22.02.2012

22 Ақпан 2012, 19:27

Алматыда тұңғыш рет студенттер арасында «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық ойыны өтеді

АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда тұңғыш рет 24 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық студенттер арасындағы ойыны өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 13.02.2012-18.02.2012

22.02.2012

  • ҚазҰУ-лықтарға «Лебединое озеро» қойылымы тегін көрсетілді
  • Ұлттық университеттерге түсу үшін талапкерлер ҰБТ-дан кем дегенде 70 балл жинауы тиіс
  • Құқықтық журналистиканың бүгінгі даму бағыттарына арналған талқы мәжілісі өтті
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайында Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің жастарға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру жөніндегі комиссиясы мен ҚазҰУ және қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің біріккен отырысы өтті
  • Тақырып жалғасы Құқықтық журналистиканың бүгінгі даму бағыттарына арналған талқы мәжілісі өтті
  • Тақырып жалғасы Бақылау кеңесінің бірінші отырысы өтті
  • Тақырып жалғасы Құқықтық журналистиканың бүгінгі даму бағыттарына арналған талқы мәжілісі өтті
  • ҚазҰУ-лықтар «Лебединое озеро» қойылымы тамашалады
  • ҚазҰУ ректоры Измир университеті делегаттарымен кездесуі өтті
  • ЖОО үздік оқытушысы
  • ҚазҰУ-лықтар «Лебединое озеро» қойылымы тамашалады
  • Тақырып жалғасы Құқықтық журналистиканың бүгінгі даму бағыттарына арналған талқы мәжілісі өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-лықтар «Лебединое озеро» қойылымы тамашалады
  • ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап тізімі белгіленді
  • ҚазҰУ-дағы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде С.Әшімбаев атындағы «Парасат» жас әдебиетшілер клубының ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған дәсүрлі «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты жыр мүшәйрасы өтті
  • Тақырып жалғасы Құқықтық журналистиканың бүгінгі даму бағыттарына арналған талқы мәжілісі өтті
  • Жолдау – 2012 ж.
  • Имидждік материалдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдарының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы

Ары қарай оқу >>

«TOP TO FUTURE-TOP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

22.02.2012

«SIFE Казахстан» Орталығы «TOP TO FUTURE-TOP» Республикалық Форумын өткізеді. Берілген іс-шара ауқымында SIFE Қазақстаның бизнес-эдвайзерлер кеғесінің мүшелері тренингтер мен мастер-класстар өткізеді.

Өткізілетін уақыты: 29 ақпан 2012ж.

Форумның мақсаты: Инновацияны, жастардың кәсіпкерлік потенциалын Жылдамдатылған Қазақстандағы модернизациялауда дамыту мақсатында, SIFE студенттерінің бірінші ауыздан бизнес-білім алулары, топ арасында тәжірибе алмасуы.

Қатысушылардың құрамы: Қазақстандағы ЖОО-ның SIFE студенттері, Топ-менеджерлер және KPMG, Chartis Insurance Kazakhstan, El-Invest Company, Logy Com, Oil Real Estate, Dala group, Nova Capital компанияларының жетекшілері.

Сипаттамасы:

«TOP TO FUTURE-TOP» Форумның форматы білімдік ақпарат негізінде ғана сонымен қатар дискуссиондық алаң негізінде бүкіл әлемдік жастар және кәсіпкерлік шеңберінде абыройға лайық болды.

Форумның идеясы шынайы лидерлердің (Top leaders) өздерінің баға жетпес тәжірибелерін болашақ лидерлерге (Future -Top), яғни SIFE студенттеріне жеткізу болып табылады!

Ең белсенді, мақсатқа жетуге ұмтылған топтар осындай коммуникацияны өздерінің идеяларын, шынайы бизнес-жобаларын іске асыруға мүмкіндік алады. Осының бәрі топтарға 3-4 мамырда

Ары қарай оқу >>

«Ассесмент-әңгімелесу» тақырыбындағы семинар-тренинг

21.02.2012

Құрметті студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институты жанындағы Әлеуметтік технологиялар орталығы Философия және саясаттану факультетінің қолдауымен

қатысуды қалаушы барлық студенттер мен магистранттарға арналған тренинг, шебер-сыныбы және оқыту семинары жүргізілетіні туралы хабарлайды

Бірінші «Ассесмент-әңгімелесу» тақырыбындағы семинар-тренинг 2012 жылдың 26 ақпанында Философия және саясаттану факультетіндегі №19 дәрісханада сағат 10.00де болады (ҚазҰУ қалашығы, №3 оқу ғимараты, бұрынғы әскери кафедра).

Семинарға жазылу: 2012 жылдың 6-23 ақпан аралығында 377 34 35 телефон номері арқылы жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

«7 Муза» қоғамы музыкалық кеш өткізеді

21.02.2012

«7 Муза» қоғамы Сіздерді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваритиясының Үлкен концерттік залында өткізілетін музыкалық кешке шақырады:

Орган музыкасын кеші (бағдарламада Г. Бемның и Ф. Листтың шығармалары). Ақпанның 24-шы жұлдызы, сағат 19.00.

Ары қарай оқу >>

«TOP TO FUTURE-TOP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

21.02.2012

«TOP TO FUTURE-TOP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

«SIFE Казахстан» Орталығы «TOP TO FUTURE-TOP» Республикалық Форумын өткізеді. Берілген іс-шара ауқымында SIFE Қазақстаның бизнес-эдвайзерлер кеғесінің мүшелері тренингтер мен мастер-класстар өткізеді.

Өткізілетін уақыты: 29 ақпан 2012ж.

Форумның мақсаты: Инновацияны, жастардың кәсіпкерлік потенциалын Жылдамдатылған Қазақстандағы модернизациялауда дамыту мақсатында, SIFE студенттерінің бірінші ауыздан бизнес-білім алулары, топ арасында тәжірибе алмасуы.

Қатысушылардың құрамы: Қазақстандағы ЖОО-ның SIFE студенттері, Топ-менеджерлер және KPMG, Chartis Insurance Kazakhstan, El-Invest Company, Logy Com, Oil Real Estate, Dala group, Nova Capital компанияларының жетекшілері.

Сипаттамасы:

«TOP TO FUTURE-TOP» Форумның форматы білімдік ақпарат негізінде ғана сонымен қатар дискуссиондық алаң негізінде бүкіл әлемдік жастар және кәсіпкерлік шеңберінде абыройға лайық болды.

Форумның идеясы шынайы лидерлердің (Top leaders) өздерінің баға жетпес тәжірибелерін болашақ лидерлерге (Future -Top), яғни SIFE студенттеріне жеткізу болып табылады!

Ең белсенді, мақсатқа жетуге ұмтылған топтар осындай коммуникацияны өздерінің идеяларын, шынайы бизнес-жобаларын іске асыруға мүмкіндік алады. Осының бәрі топтарға 3-4 мамырда

SIFE-тың Ұлттық сайысында өздерінің жобаларын презентациялауға болады.

Ары қарай оқу >>

Рухани байытатын жоба

21.02.2012

Рухы биік ел құлдырамайды. Ал, ел ертеңі – жастарға биік рухты қалай бере аламыз. Бұл сұрақтардың үддесінен шығу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастарға, қоғамға ой салатын жоба жасады. Бұл жоба «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталады.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

21.02.2012

Ауғанстандық студент Мұқағали Мақатаев өлеңдерін жатқа оқудан бірінші орын алды

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» деп аталатын жыр мүшәйрасы өтті.

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған бұл шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Сағат Әшімбаев атындағы «Парасат» жас әдебиетшілер клубы ұйымдастырған болатын.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

21.02.2012

18 Ақпан 2012, 12:36

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рухани байытатын жобаны қолға алды

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Рухы биік ел құлдырамайды. Ал, ел ертеңі - жастарға биік рухты қалай бере аламыз.

Бұл сұрақтардың жауабы үдесінен шығу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жастарға, қоғамға ой салатын жоба жасады. Бұл ұсыныс «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталады. Кеше Алматыдағы аталмыш оқу ордасында оқу орнының студенттері мен оқытушылары бас қосып бұл жобаны талқыға салды.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" Ұлттық ақпарат агенттігі

21.02.2012

11 Ақпан 2012, 14:16

Алматыда ауған жастары Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарысқа түседі

АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда 17 ақпанда Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» деп аталатын жыр мүшәйрасы өтеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде өтетін бұл шараны Сағат Әшімбаев атындағы «Парасат» жас әдебиетшілер клубы ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

"Дала мен қала" республикалық қоғамдық-саяси басылым

21.02.2012

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ТУРАЛЫ КІТАП

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жарық көрген «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

1 канал Евразия

21.02.2012

Алматылықтар «Лебединое озеро» қойылымын тегін тамашалай алады

13 ақпан, 2012 - 16:32,

Бүгін сағат 18.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтетін «Лебединое озеро» балет қойылымын қала тұрғындары тегін тамашалай алады.

Ары қарай оқу >>

"Дала мен қала" республикалық қоғамдық-саяси басылым

21.02.2012

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА: САУАТТЫЛЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да құқықтық журналистиканың бүгінгі күнгі маңызды мәселелерін талқылаған жиын өтті. Басқосуға еліміздің Жоғары сотының төр­аға­сы Бектас Бекназаров арнайы келді.

Ары қарай оқу >>

Д.А. Конаевтың туылғанына 100-жылдық мерейтойына байланысты шаңғы жорығы өтті

20.02.2012

19 ақпанда Есік қаласының тасжолынан Балтабай ауылына дейінгі созылған шаңғы жорығы ұйымдастырылды. Жорыққа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының 1-2 курс студенттері және Абай атындағы ҚҰПУ-ң студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Жеңіс құтты болсын

20.02.2012

13-18 ақпан аалығында өткен 65-ші факультет аралық спартакиадасының нәтижесінің Қорытындысы белгілі болды. Баскетболдан қыздар командалары арасынан: 1 орын – биология және биотехнология факультеті, 2 орын - физика техникалық факультеті, 3 орын – география және табиғатты пайдалану факультеті иеленсе, волейболдан ұлдар командалары арасынан 1 орын - биология және биотехнология факультеті, 2 орын – заң факультеті, 3 орын – механика математика факультетіне берілді.

Ары қарай оқу >>

Профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына - 80 жыл

20.02.2012

20 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәжіліс залында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен қазақ тіл білімі ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына 80 жыл толуына орай «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Conflict management in project and organizational environment» атты "Ашық кафедраның" кезекті дәрісіне шақырамыз!

18.02.2012

Құрметті «Ашық кафедра» тыңдаушылары!

«Ашық кафедра: көшбасшы түлегі» жобасыөзінің жұмысын жалғастырады және тыңдаушыларын үшінші дәріске шақырады. Дәрісті "GO Project Management" (PMP, MSPM) консалтингтік компанияның директоры, Анар Умурзакова оқиды. Дәрістің тақырыбы: «Conflict management in project and organizational environment».

Дәріс 2012 жылдың 18 ақпанында, сағат 16.15 механика-математика факультетінің Сары залында болады.

Ары қарай оқу >>

English Discussion Club

18.02.2012

Құрметті «Ашық кафедра» тыңдаушылары!

Сіздерге English Discussion Club бойынша келесі сабақ сенбі, 2012 жылдың 18 ақпаны күні механика-математика факультетінің Сары залында сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін болатынын хабарлаймын. Келем деушілерге есік ашық!!!

Жобаның үйлестірушісі Джантемирова Дана

Ары қарай оқу >>

Открытие литературного клуба "Жүрек әні"

17.02.2012

Внимание! 20 февраля, в понедельник, в 15:00 состоится открытие литеатурного клуба "Жүрек әні"! Приглашаются все читающие, любящие и понимающиеискусство студенты. На заседаниях клуба будут проводиться различные беседы, состязания, обсуждения как известных произведений, так и неизученных ранее. Также предусмотрены мастер-классы, на которых будут раскрыты секреты написания книг, стихов и статей.

Ары қарай оқу >>

Назар аударыңыз, бос жұмыс орыны

17.02.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті, Халықаралық академиялық мобильділікті қамтамасыз ету бөліміне жетекші маман бос орнына байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

ПӘН АРЛЫҚ СЕМИНАР «Шығыстанудағы Ғылыми зерттеу әдiстерi»

16.02.2012

16 ақпан 2012 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті iстестiктер шеңберiнде Р.Б.Сулейменова атындағы Шығыстануды институтымен қоса біздің факультетіміздің бiтiрушiсі, институттың ғылыми қызметкері А.Ш. Нұрманованың «Шығыс тарихы бойынша дерекнама мен тарихнаманың әдістері мен принциптері» атты семинары өткізілген.

Ары қарай оқу >>

«Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты жыр мүшәйрасы өтеді

16.02.2012

17 ақпан күні сағат 17.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде С.Әшімбаев атындағы «Парасат» жас әдебиетшілер клубының ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған дәсүрлі «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты жыр мүшәйрасы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 06.02.2012-11.02.2012

16.02.2012

  • ҚазҰУ-да Бақылау кеңесінің бірінші отырысы өтті
  • 6-7 ақпанда аралығында ҚазҰУ-да QS Халықаралық рейтингтік агенттігінің ОЕ және ОА бойынша аймақтық директорымен кездесу өтеді
  • НР компаниясы делегаттарымен кездесу өтті
  • «Сұлулық байқауы – 2011» қорытындыланды
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да Бақылау кеңесінің отырысы өтті.
  • Тақырып жалғасы НР компаниясы делегаттарымен кездесу өтті
  • Тақырып жалғасы «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» 42-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті
  • Тақырып жалғасы Global Classroom Жер институты ҚазҰУ-мен бірлесіп, ағылшын тілінде жаңа бағдарлама ашты
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да Бақылау кеңесінің бірінші отырысы өтті
  • ҚазҰУ-да Ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты жарық көрген «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсім өтті.
  • ҚазҰУ ректоры Измир университеті делегаттарымен кездесуі өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да Ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты жарық көрген «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсім өтті.
  • Тақырып жалғасы «Бiлiм беру қызметіндегі инновациялар және оқытудың сапасын арттыру мәселелері» 42-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті
  • Жолдау – 2012 (пікірлер)
  • Имидждік материалдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдарының жарияланымдары
  • Біздің сарапшылар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Факультеттің төменгі курс студенттеріне арналған «Алгебра және сандар теориясының алгоритмдері» атты үйірме жұмыс жасайды

16.02.2012

Механика-математика факультетінің «Іргелі математика» кафедрасының ұйымдастыруымен осы факультеттің төменгі курс студенттеріне арналған «Алгебра және сандар теориясының алгоритмдері» атты үйірме жұмыс жасайды.

Ары қарай оқу >>

Іргелі математика кафедрасының қонағы Синьцзян университетінің профессоры Турдыбек Бекжан мен кафедра меңгерушісінің ғылым жөніндегі орынбасары профессор Бақытбек Қошанов 5 ақпан күні допты хоккейден (бендиден) өткен Әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткізілген Қазақстан мен Финляндия арасындағы о

16.02.2012

Іргелі математика кафедрасының қонағы Синьцзян университетінің профессоры Турдыбек Бекжан мен кафедра меңгерушісінің ғылым жөніндегі орынбасары профессор Бақытбек Қошанов 5 ақпан күні допты хоккейден (бендиден) өткен Әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткізілген Қазақстан мен Финляндия арасындағы ойынды тамашалады. Бұл ойында 10:5 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының үшінші рет қола жүлдесін иеленді.

Ары қарай оқу >>

Ардагерлер кеңесті

15.02.2012

15 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайында Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің жастарға патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру жөніндегі комиссиясы мен ҚазҰУ-дың және қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің біріккен отырысы өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Жер ресурстары басқару агенттігі арасында меморандумға қол қойылды

15.02.2012

15 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов пен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров білім мен кадрларды дайындау саласы бойынша екіжақты келісім-шартқа қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Технологияның "диагностика педагогиканың идеясының межвузовский фестиваль тілдің" оқыт-

15.02.2012

Қазақ ұлттық университеттің шетелдігінің тілдік және общеобразовательной дайындығының кафедрасы им. аль-Фараби аралас- технологияның "диагностика педагогиканың идеясының межвузовском фестивале тілдің" оқыт- шақырады, нешінші 2012 жылдың 15 ақпанының орындалады.

Шегінде фестиваля әдістемелік семинардың, домалақ үстелдің жаса- жоспарланады, басты оқытушының мастер-классов қазынаны және Алматы қаласының сырттың көкейкесті мәселе және тәлім-тәрбиенің ең жаңа үрдістеріне орыс және қазақ тілдерге сияқты вузах шетелдік арнаулы вузов; Қазақстанның шоғырлануының сұрақтарына в иеленушіліктің деңгейінің сипаттамасының еуро жүйесін шетелдік тілмен және сауал сынақтан өткіз- жүйесінің; тәлім-тәрбиенің мәселелерінің тілдің аспекттерінің және сөздің қызметінің көріністеріне.

Ара жүріс талас-тартыстардың талқылау ұйғарыл- келесі мәселелерді:

1. При шетелдіктің тәлім-тәрбиесінің орыс және қазақ фонетике, грамматике және лексике алғыда және ортада кезеңдерде туатын негізгі зорлар.

2. Орыс және қазақ тілдің жас оқытушысының қатесінің типология сияқты шетелдік және оның дәлде- жолдары.

3. Шетелдік студенттің тілдік және социокультурной бейімделуінің мәселелері қазақстандық вузах.

4. Профессионально-ориентированного тәлім-тәрбиенің мәселелері орыс және қазақ тілдерге сияқты шетелдік. Құрылым және тілдік курстың мазмұны гуманитарлық және техникалық мамандықтар үшін.

5. Ұсталықтың және шетелдік студенттің дағдысының тестілік тексерісінің пішіндері. Лингводидактических тесттің игерушілігінің тәжірибесінен оқу үдерісте при шетелдік студенттің тәлім-тәрбиесінде.

6. бизнес-орыс және бизнес-казахский және іскер жанасушылықтың құзырының құралымы.

7. Прессолингводидактика және тәлім-тәрбие оқылым және шетелдік студенттің аудированию бұқаралық коммуникацияның ақы-пұлының материалдарында.

8. Енгізу сертификационного сауал сынақтан өткіз- жаса- қазақстандық вузовскую тәжірибесіне ша РКИ және КазКИ.

9. Орыс тілдің және общеобразовательных тәртіптің оқыт- әдістемесі: шоғырланудың және үйлестіктің мәселелері.

10. Бағдарламаның және талаптың зерттемесі орыс және қазақ тілдің оқулықтарына сияқты иеленушіліктің тілдің және біртұтас оқу кешеннің жаса- бөлек-бөлек деңгейлері үшін шетелдік.

Ары қарай оқу >>

Студенттер белсенділігімен танылады

14.02.2012

13 ақпандағы ректорат мәжілісінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың клубтық жұмысының дамуы жөнінде тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі бөлім бастығы Талғат Әбішевтің баяндамасы тыңдалды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан құрама командасының құрамында өнер көрсеткен Рыспек Меруерт – биология және биотехнология факультетінің студенті

13.02.2012

2012 жылдың қаңтарында Инсбрук қаласында (Австрия) юниор-спортшылар арасында Бірінші қысқы Олимпиада ойындары өтті. Олимпиадаға 70 ел өкілдері қатысқан. Қыздар арасында өткен шайбалы хоккей бойынша қатысушылар арасындағы мықты өнер көрсетушілер Швеция, Австрия, Германия, Қазақстан және Словакия ойыншылары

Ары қарай оқу >>

14 февраля в КазНУ состоится встреча с Председателем Верховного Суда РК Бектасом Бекназаровым

13.02.2012

Встреча начнется в 11.00 ч. в конференц-зале ректората (15-этаж) и будет посвящена проблемам и современным направлениям развития правовой журналистики. Председатель Верховного Суда РК Б.Бекназаров выступит по данной теме перед профессорско-преподавательским составом, студентами и магистрантами факультета журналистики, ответит на интересующие их вопросы.

Ары қарай оқу >>

"Студенттік көктем-2012" байқауының іріктеу кезеңдері басталды

13.02.2012

Бірінші кезең: Іріктеу кезеңінің өткізілуі

Іріктеу кезеңі 20-24 ақпан аралығында кесте бойынша Студенттер сарайында «Жастар рухани орталығында» өтеді. Бұл кезеңде әр факультет ұжымы төмендегі номинациялардың барлығын қамтыған концерттік бағдарлама немесе белгілі бір тақырыпта мюзикл дайындайды.

Ары қарай оқу >>

«Теледидарлық жарнама тұтынушы мен коммуникацияның тиімді әдісі сияқты. Қазақстандық ТД және жарнама нарығына шолу жасау» атты семинары

11.02.2012

Құрметті сайферлер!

SIFE Қазақстан пайдалы дәріс кезеңін жалғастыруда, бизнес-серіктестерінен тренинг пен семинарлар. Келесі семинар 16 ақпанда өтеді. Тақырыбы «Теледидарлық жарнама тұтынушы мен коммуникацияның тиімді әдісі сияқты. Қазақстандық ТД және жарнама нарығына шолу жасау». Семинарды тек көршілес мамандық иелері ғана емес, сонымен қатар барлық мамандық иелері тыңдаса болады. Кездесуді тәжірибе алып жүрген медиа-маман, SIFE Қазақстан бизнес-эдвайзерлер кеңесінің мүшесі, «TV Media Advertising Agency» директорының орынбасары, Дана Төлегенова Дауленбаевна өткізеді.

Орындар шектеулі, тездетіңіз! Қатысу үшін тіркелу қажет! Өздеріңіздің байланыс анықтамаңызды аты-жөніңізді көрсетіп, оқу орын атауы, е-mail және телефон нөмерін sifekaz@gmail.com жіберіңіз.

Ары қарай оқу >>

«Теледидарлық жарнама тұтынушы мен коммуникацияның тиімді әдісі сияқты. Қазақстандық ТД және жарнама нарығына шолу жасау» атты семинары

11.02.2012

Құрметті сайферлер!

SIFE Қазақстан пайдалы дәріс кезеңін жалғастыруда, бизнес-серіктестерінен тренинг пен семинарлар. Келесі семинар 16 ақпанда өтеді. Тақырыбы «Теледидарлық жарнама тұтынушы мен коммуникацияның тиімді әдісі сияқты. Қазақстандық ТД және жарнама нарығына шолу жасау». Семинарды тек көршілес мамандық иелері ғана емес, сонымен қатар барлық мамандық иелері тыңдаса болады. Кездесуді тәжірибе алып жүрген медиа-маман, SIFE Қазақстан бизнес-эдвайзерлер кеңесінің мүшесі, «TV Media Advertising Agency» директорының орынбасары, Дана Төлегенова Дауленбаевна өткізеді.

Орындар шектеулі, тездетіңіз! Қатысу үшін тіркелу қажет! Өздеріңіздің байланыс анықтамаңызды аты-жөніңізді көрсетіп, оқу орын атауы, е-mail және телефон нөмерін sifekaz@gmail.com жіберіңіз.

Ары қарай оқу >>

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсім өтті

10.02.2012

10 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты жарық көрген «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесер рәсім өтті.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» биобиблиографиялық нұсқаулығы ғылыми қызметкерлерге, саясаттанушыларға, тарихшыларға, журналистерге, жоғары және орта білім беру орындарының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерге және қалың оқырман қауымға арналған.

Қазақстанның тұңғыш президенті жайлы жарық көріп отырған биобиблиографиялық көрсеткішті тарихшылар ел тәуелсіздігі тарихында құнды деректер мен мәліметтердің зерттелуіне қосар ерекше еңбек дейді. ҚазҰУ профессоры, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков: «Болашақта жаңа ғалымдар, жас ұрпақ, еліміздің тарихын зерттеп, зерделегенде бұл кітаптың алар орны зор. Альфавиттік жүйемен берілген көрсеткіштер Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуіндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты мен қолтаңбасы анық айтылады», - дейді.

Ары қарай оқу >>

Жігері жалындаған жас әншілер

10.02.2012

«Ән – көнілді ажары» демекші, адамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатын да және жайнатып жадырататын да ән. Бірінші кезекте әуен жақсы болғанмен, сөз құдіретінсіз әннің бағы жануы тағы да екіталай. Екеуі бір жерден үйлесім тапқаннан кейін ғана ол жүректерге жол тартады…

Ары қарай оқу >>

Іргелі математика кафедрасында әр апта сайын төменгі курс студенттеріне арналған «Ықтималдықтар теориясының элементар сұрақтары» атты математикалық үйірме өткізіледі.

09.02.2012

Іргелі математика кафедрасында әр апта сайын төменгі курс студенттеріне арналған «Ықтималдықтар теориясының элементар сұрақтары»
атты математикалық үйірме өткізіледі.
Үйірме жетекшісі ф.-м.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Шерниязов К.Е.

Ары қарай оқу >>

«Іргелі математика» кафедрасының аға оқытушысы Тапеева Самал Конысбековна 2011 жылдың қараша айының 11 жұлдызында ММ-10-2А,Б тобымен «Ішімдік пен нашақорлықтың адам ағзасына әсері» атты ашық кураторлық сабағын өткізді

09.02.2012

«Іргелі математика» кафедрасының аға оқытушысы Тапеева Самал Конысбековна 2011 жылдың қараша айының 11 жұлдызында ММ-10-2А,Б тобымен «Ішімдік пен нашақорлықтың адам ағзасына әсері» атты ашық кураторлық сабағын өткізді

Ары қарай оқу >>

Іргелі математика кафедрасында әр апта сайын төменгі курс студенттеріне арналған «Алгебра және сандар теориясының алгоритмдері» атты математикалық үйірме өткізіледі.

09.02.2012

Іргелі математика кафедрасында әр апта сайын төменгі курс студенттеріне арналған «Алгебра және сандар теориясының алгоритмдері» атты математикалық үйірме өткізіледі.

Үйірме жетекшісі ф.-м.ғ.д., доцент Досанбай П.Т.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да жоғары оқу орындары оқытушыларына арналған семинар-тренинг өтті

09.02.2012

«Арнаулы медициналық оқу бөлімінде оқу топтарын қалыптастырып сабақ өткізудің әдістемелік нұсқаулары» атты семинар-тренингке Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының 78 оқытушысы қатысты.

Ары қарай оқу >>

28-29 ақпанда өнеркәсіп және бизнес құрылымдары өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинар өтеді

09.02.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 28-29 ақпан аралығында сағат 10:00-де университеттің әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында (15-қабат), «Жол картасы «Бизнес және ғылым - 2020» бағдарламасының шеңберінде өнеркәсіп және бизнес құрылымдарының өкілдерінің қатысуымен Халықаралық семинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттер

09.02.2012

Соңғы кездері ҚазҰУ-дың жас әншілері бірнеше кубоктар мен дипломдармен марапатталды. Осы орайда университетіміздің «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттерінен құралған студенттік «Қайнар» тобын ерекше атауға болады.

Ары қарай оқу >>

Интерактив "Подиум-Смарт" кешенін қолдану әдістемесі бойынша семинар

09.02.2012

әл-Фараби ат. ҚазҰУ колледжінің оқытушылары: директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Р.Г.Сейдахметова, әдіскер Н.Ж.Умирсеитова және математика пәнінің оқытушысы С.С.Ыбырайымова оқыту әдістемесіндегі жаңа техникалық мүмкіндіктер туралы баяндауда

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет

09.02.2012

Басым бағыт - басты бағдар

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің дамуының он басым бағытын, оның ішінде Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуін анықтады.

Жоғары білім беруді дамы­ту­дың әлемдік бағыттарына сүйене оты­рып, әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінде білім беру қызметін жаппай жаңа­шыл­дандыру қолға алынуда. Сонымен қатар білім берудегі басты назар құзыреттілікке аударылып, білім беру бағдарламаларының жо­балары жұмыс берушілердің та­лаптарына сай жасалуда.

Ары қарай оқу >>

Pages