Студенттеріміз пәндік олимпиадада шеберліктерін ортаға салды

31.03.2012

2012 жылдың 27-28 наурыз аралығында Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ІV Республикалық студенттік дінтану және теология пән олимпиадасы өтті. Біздің университеттің атынан қатысқан студенттер Маликова Алтынай, Абдухамитов Бақдаулет, Берикбаев Ельнар, Умаров Бағлан, Укибаев Азат жетекшілік еткен дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Тунгатова Ұ.А. Олимпиаданы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ президенті, т.ғ.д., профессор Л.Т. Ташимов құттықтау сөзімен ашты.

Ары қарай оқу >>

Химиядан үздіктер анықталды

30.03.2012

2012 жылдың 28-29 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде «050721- Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «5В060600-Химия» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Студенттік пәндік олимпиада жеңімпаздары белгілі

30.03.2012

28-29 наурыз 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде география және табиғатты пайдалану факультетінде «5В060900 – География» және «5В061000 Гидрология» бөлімдері бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Пәндік олимпиада – бұл ғылым мейрамы

30.03.2012

2012 жылдың 26-28 наурызы аралығында философия және саясаттану факультетінде әлеуметтану, мәдениеттану, философия, саясаттану, психология бойынша 5 бағытта ҚР БжҒМ-нің Республикалық Пәндік Олимпиадасы болы өтті.

Ары қарай оқу >>

Жаңа кітап жарық көрді

30.03.2012

30 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Халық Қаһарманы, профессор Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтың 80 жасқа толуы қарсаңында және «Алматыдағы мәдениет жылы аясындағы» философия ғылымдарының докторы, профессор Молтобарова Күмісбала Ишанқызының «Режиссер Мәмбетов феномені» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетіндегі тұрақты даму бойынша семинар қазақстан-германдық ынтымақтастық көрінісі ретінде

30.03.2012

2012 ж. 29 наурызында халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен магистранттары Германдық зерттеулер бойынша Орталықтың Ф. Эберт атындағы Қордың бірлесуімен өткізген «Қоршаған орта және тұрақты даму: герман және қазақстандық тәжірибе» аталған оқытушы семинарға қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Студенттік көктем -2012» байқауы өз мәресіне жетті

30.03.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де студенттердің толыққанды білім алуымен қатар рухани тәрбиелік мәні зор іс-шаралар, байқаулар жиі ұйымдастырылады. Солардың бірі де бірегейі жыл сайын барлық факультеттердің қатысуымен өткізілетін «Студенттік көктем» көркмөнерпаздар байқауын ерекше атауға болады. Биылғы байқау Алматы қаласының мәдениет жылына арналды.

Ары қарай оқу >>

«Журналист болғың келе ме?» атты жас тілшілер форумының жеңімпаздары белгілі болды

29.03.2012

29 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті және «Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газеті бірлесе ұйымдамтырған «Журналист болғың келе ме?» атты жас тілшілер форумы өтті.

Ары қарай оқу >>

Университеттің "Түлектер ассоциациясының" қолдауымен факультет түлегі "Информатика проблемалары" институтының директоры ф.м.-ғ.д. профессор М.Н. Калимолдаевпен кездесу өтті

29.03.2012

Механика-математика факультетінде университеттің "Түлектер ассоциациясының" қолдауымен факультет түлегі "Информатика проблемалары" институтының директоры ф.м.-ғ.д. профессор М.Н.Калимолдаевпен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

29.03.2012

28 Наурыз 2012, 23:34

Алматыда жас ғалымдардың ғылыми оқулары өтеді

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда наурыздың 30-ы күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінде танымал шығыстанушы Вениамин Юдинді еске алуға және Қазақстан Республикасының шығыс әлемімен орнатылған дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына арналған ХII жас ғалымдардың «Қазақстан және шығыс елдері: тарих және қазіргі заман» атты тақырыпта ғылыми оқулар өтеді.

Ары қарай оқу >>

Туристік ұйымдарға экскурсия

28.03.2012

30 наурыз күні сағат 10.00-де 5 жұлдызды «Достық» қонақ үйіне экскурсия басталады. Экскурсия барысында студенттер қонақ үй жайлы толық ақпарат алады (архитектурасымен, әрлендіру дизайнмен, қызметкерлерімен, олардың қызметтерімен, тарихымен, қонақ үй қандай қызметтер ұсынатындығымен, болашақта практика өту және жұмысқа орналасу жолдарымен танысады). Экскурсанттар қонақ үй нөмірлерін, салтанат, мәжіліс залдарын, SPA-орталықты көреді.

Ары қарай оқу >>

«Студенттік көктем – 2012»

28.03.2012

Кеше 27 наурыз күні ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында 2012 жылдың жыл сайынғы өнерлі жастарды қолдау мақсатында өтетін «Студенттік көктем-2012» көркемөнерпаздар байқауының финалы өтті.

Ары қарай оқу >>

Профессор Дадабаевтың дәрістер курсы

27.03.2012

«Әлеуметтiк ғылымдардағы зерттеуiнiң әдiстерi» осылай Цукуба (Жапония), университетінің профессоры белгiлi ғалым Тимур Дадабаевтың дәрістер курсы деп аталады. «Әлеуметтiк ғылымдардағы зерттеуiнiң әдiстерi» осылай Цукуба (Жапония), университетінің профессоры белгiлi ғалым Тимур Дадабаевтың дәрістер курсы деп аталады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТОБЫ анықталуда.

27.03.2012

Байқау 29 наурызға дейін факультет ішінде, 30.03-31.05.2012ж. аралығында университет деңгейінде өткізіледі.

2011-2012 оқу жылының Ең үздік студенттік тобы Астана қаласында ҚР Парламентінің депутаттарымен кездесу мәртебесіне ие болады.

Ары қарай оқу >>

Алма Сармурзинаның 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтуде

27.03.2012

27 наурыз химия және химиялық технология факультетінің 427 аудиториясында Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей экологиялық академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылыми академиясының академигі, Халықаралық Ғылыми Академиясының (Ресей: орыс секциясы) шынайы мүшесі, химия ғылымының докторы, профессор Сармурзина Алма Ғайсақызының 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтуде.

27 наурыз химия және химиялық технология факультетінің 427 аудиториясында Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей экологиялық академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылыми академиясының академигі, Халықаралық Ғылыми Академиясының (Ресей: орыс секциясы) шынайы мүшесі, химия ғылымының докторы, профессор Сармурзина Алма Ғайсақызының 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтуде.

Ары қарай оқу >>

Юдин оқулары - 2012 ж.

27.03.2012

2012ж.наурыз айының30-жұлдызындакөрнекті шығыстанушы ғалымВениамин Петрович Юдинді еске алуға арналғанжәне Қазақстан Республикасының шығыс әлімімен арадағы орнатылған дипломатиялық қатынастардың20жылдығының құрметіне арналған«Қазақстан және Шығыс елдері: тарих пен бүгінгі күн»аттыXIIIжас ғалымдар ғылыми оқуы өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Гази университетінің профессоры Насиле Йылдыз дәріс оқиды

24.03.2012

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мемлекеттік тіл кафедрасы ұйымдастыруымен 2012 ж. 26 наурыз бен 6 сәуір аралығында № 326 аудиторияда Түркия Республикасы Гази университетінің профессоры Насиле Йылдыз ханымның «Орта ғасыр түркі мұраларының тарихи маңызы» курсы бойынша дәріс оқиды. 2012 ж. 30 наурызында сағат 11.00-де оқытушы профессорлар құрамына арналған «Тілді оқытудың әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтеді. Қызығушылық білдіретін ұстаздар мен студенттердің баршасына есік ашық! Келіңіздер!

Ары қарай оқу >>

Гази университетінің профессоры Насиле Йылдыз дәріс оқиды

24.03.2012

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мемлекеттік тіл кафедрасы ұйымдастыруымен 2012 ж. 26 наурыз бен 6 сәуір аралығында № 326 аудиторияда Түркия Республикасы Гази университетінің профессоры Насиле Йылдыз ханымның «Орта ғасыр түркі мұраларының тарихи маңызы» курсы бойынша дәріс оқиды. 2012 ж. 30 наурызында сағат 11.00-де оқытушы профессорлар құрамына арналған «Тілді оқытудың әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтеді. Қызығушылық білдіретін ұстаздар мен студенттердің баршасына есік ашық! Келіңіздер!

Ары қарай оқу >>

Наурыз мейрамы

22.03.2012

Наурыз мейрамы- праздник весеннего обновления в Казахстане. Он возник у народов Востока задолго до принятия мусульманства, поэтому лишен религиозной обрядности и направленности. По восточному календарю Наурыз - начало нового года, совпадает с днем весеннего равноденствия.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 12.03.2012-17.03.2012

20.03.2012

  • ҚазҰУ-да «Жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы» атты үшкүндік халықаралық семинар-тренинг өз жұмысын бастады.
  • ҚазҰУ-да «Қазақ халқының мақалдары мен мәтелдері» кітабы жарық көрді
  • Тақырып жалғасы «Бизнес және ғылым» бизнес құрылымдар өкілдерінің қатысуымен Халықаралық семинар-мәжілісі өтті
  • ҚазҰУ қызметкерлері мен оқытушыларына пәтер кілттері табыс етілді
  • Тарих, рахеология және этнология факультетінде «Жас қанат» атты поэзия кеші өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ студенті оқитын 100 кітап тізімі
  • Тақырып жалғасы «Бәрі де сіздер үшін арулар» атты мерекелік концерт өтті
  • «Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде» атты халықаралық конференция өтеді
  • Имидждік материалдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуының 20 жылдығын - лайықты қарсы алу»

20.03.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы және Алматы қаласының мұғалімдерінің мамандығын жетiлдiру Институты Алматы қаласының орта мектептерінің және гимназияларының алғашқы әскери дайындық мұғалімдерімен нұсқау-әдiстемелiк семинарын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Факультеттер барлық талаптарға сай

20.03.2012

19 наурыздағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ректорат мәжілісінде әдеттегідей, үздік студенттерді қолдау мақсатында шәкіртақы тағайындалды.

Экономика және бизнес жоғары мектебінің есеп және аудит кафедрасы тағайындаған шәкіртақы 1 курс студенті Айжан Көбееваға, 2 курс студенті Балжан Жамантаеваға және 1 курс студенті Шахризада Дәулетоваға табысталды. Сондай-ақ, физика-техникалық факультеті тағайындаған ҚР ҰҒА академигі Фазылхан Байымбетов атындағы шәкіртақыны Сламия Мәулетбек, Жақып Мұхтар иеленсе, ҚР ҰҒА академигі Мейірхан Әбділдин атындағы шәкіртақыны Ерік Базарбаев, Жансая Рақымқұл иеленіп, ҚР ҰҒА академигі Шәмші Серсембинов атындағы шәкіртақы Ботагөз Медияноваға, Тимур Нұрмамытовқа, ал КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бэлла Ахметова атындағы шәкіртақы Асхат Жәнібековке табысталды.

Мәжілісте сонымен бірге, философия және саясаттану, заң, экономика және бизнес жоғары мектебі, халықаралық қатынастар, механика-математика және шығыстану факультеттерінің мемлекеттік аттестацияға дайындығы айтылды. Аталмыш факультеттерді тексеру бойынша жауаптылардың айтуынша, факультеттер мемлекеттік аттестацияның барлық талаптарына толықтай дайын. Құжаттар талапқа сай толтырылған, қазақ тіліндегі оқулықтар саны артқан, жалпы жұмыс барысы жоғары дәрежеде. Факультет басшылары, өз кезегінде, «мемлекеттік аттестацияны тапсыру жеткен жетістіктерімізді көрсететін, мақтаныш сәті» дейді. Өткен аптада қаралған факультет жұмыстары да бүгінде барлық талапқа сай бір ізді жұмыс атқарып отырғандықтарын жеткізіп, жоғары бағаланды.

Ары қарай оқу >>

Наурыз құтты болсын!

19.03.2012

Наурыз – ұлттық мейрам. Бұл күн мен түн теңелетін, көктем мен еңбек мерекесі болып табылады. Халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды. Осы ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шара ән-шашуы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде өтті. Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алып жүрген 91-ші топпен «Шығыс жұлдыз­дары» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Наурыз мерекесі» тақырыбына арналған ашық эдвайзер сағаты өтті.

Ары қарай оқу >>

«Халық Банк» АҚ жұмысқа орналастыру мақсатымен тәжірибиге студенттерді шақырады

19.03.2012

«Халық Банк» АҚ Операциялық блогына жұмысқа орналастыру мақсатымен тәжірибеге студенттерді шақырады.

Негізгі талаптар:

1)қаржы-экономикалық орта/аяқталмаған жоғарғы білім немесе жоғарғы білім;

2)оқу процессінде жақсы үлгерілім;

3)адалдық, жауапкершілік, ықыластылық, ұқыптылық, реакция жылдамдылығы;

4)жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Түйіндемені 6 сәуірге дейін e-mail: Kasenova_Z@halykbank.kz, ALMAA@halykbank.kz жіберуіңізді сураймыз. Толық мәлімет алу үшін тел.: 244-79-91 хабарласыңыз.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Болон процесс бойынша Олимпиада өтті

19.03.2012

Олимпиада өте қиын болып, теориялық білімді тексеру қатарымен шығармашылық тапсырма берілді. ҚазҰУ студенттері Болон процессін жақсы біледі. Жүлделі орын алған командаларды құттықтаймыз:
1 орын – Биология және биотехнология факультеті: Мухамежан Айсауле, Сулейменова Раушан, Тастан Мөлдір
2 орын- Шығыстану факультеті: Мұрат Ақерке, Бекмуханбетова Сандуғаш, Майкенова Айдана
3 орын – География және табиғатты пайдалану факультеті: Шабарбекова Айсұлу, Рыспеков Ануар, Бабазова Фатима
3 орын-
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті: Айжарыков Самрат, Азатова Жанат, Досманбетова Камшат.

Болашақта Болон процесс бойынша студенттік бюросы көптеген студенттер арасында олимпиада өткізуді жоспарлайды.

БПСБ академиялық комитеті Успанова Диана

Ары қарай оқу >>

«Ашық есік күні»

19.03.2012

Биология және биотехнология факультетіндегі кафедраларды таныстыру мақсатымен №7 студенттер жатақханасында жүргізілетін «Ашық есік күні» кеші 2011 жылы 15 наурызда биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, профессор С.Т.Төлеухановтың басшылығымен кафедра оқытушылары мен қызметкерлері ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Онкологиялық аурулардың алдын алу»

19.03.2012

2012 жылдың 15 наурызында биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасына қарасты «Хронобиология» орталығы студенттер арасында «Онкологиялық аурулардың алдын алу» тақырыбында кезекті ғылыми-тәрбиелік маңызы бар семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

«КӨКЖИЕККЕ» - 10 жыл

19.03.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы 2001 жылдан бері аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасында жұмыс істеп келеді. Ғылыми жетекшісі - филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұсалы Ләйла Жұматайқызы. Алғашында «Отандастар» қазақ тіліндегі қарым қатынас клубы (Клуб общения на казахском языке) болып құрылып, студенттердің пікір алмасу мәдениетін, мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында құрылды. Бұл бағытта қазақ тілін үйрену сабақтары, тілдік акциялар, дөңгелек үстелдер жүргізілді. Клубтың мақсаты: студенттердің ғылыми шығармашылығын, танымдық қабілеттерін шыңдау, әдеби-рухани ізденістерін қолдау, дамыту, қазақ тілі мен әдебиетін, ұлттық құндылықтарды насихаттау, патриоттық тәрбие беру.

«КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының құрылғанына биыл 10 жыл толып отыр. 2012 жылғы 16 наурыз күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының 10 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті. Кеш бағдарламасында өте қызықты да мазмұнды, әсерлі іс шаралар қарастырылған. Жыр мүшәйрасы, әдеби викторина, ән-жыр, презентация, О.Бөкеевтің «Кербұғы» туындысы талқыланды. Клубтың 10 жылдық тарихына шолу жасалып, есеп берілді.

Университет студенттері арасында кеңінен танымал «Көкжиек» студенттік клубының негізін қалап, оны 10 жылдан бері басқарып келе жатқан клуб жетекшісі, доцент Ләйлә Мұсалықызына тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Ш.Е. Канафьева әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Е. Джаманбалеваның атынан алғыс хат тапсырды.

Ары қарай оқу >>

«Армысың, әз-Наурыз» кафедра күні

16.03.2012

16 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің №17 студенттер үйінде мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруыменНаурыз мейрамына орайластырылған «Армысың, әз-Наурыз» атты кафедра күні өтті.

Ары қарай оқу >>

«Армысың, әз-Наурыз» кафедра күні

16.03.2012

16 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің №17 студенттер үйінде мемлекеттік тіл кафедрасының Наурыз мейрамына орайластырылған «Армысың, әз-Наурыз» атты кафедра күні өтті.

Ары қарай оқу >>

16 наурыз 2012 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін экспертік бағалайтын Еуропалық Одақтың халықаралық сарапшылар тобы келіп қайтты

16.03.2012

16 наурыз 2012 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін экспертік бағалайтын Еуропалық Одақтың халықаралық сарапшылар тобы келіп қайтты.

Сапар университеттің еліміздегі және Орта Азия бойынша жетекші ғылым, білім және инновация орталығы ретіндегі беделіне тікелей байланысты. ЕО өкілдері ҚазҰУ ғалымдарының еңбектерімен және ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесімен танысты, дөңгелек үстел мәжілісіне қатысты. Ректор Ғалым Мұтановпен кездесуде ғылым-білім саласының сұрақтары, ЕО ғылыми бағдарламасына университет ғалымдарының қатысу мүмкіндіктері қаралып, Жетінші дәстүрлі Бағдарлама (FP7) ЕС бойынша ғылыми-техникалық даму мен инновацияға жекелеп тоқталды.

Сарапшылар жұмысының нәтижесі мен олардың ұсыныстары елдің ғылыми-технологиялық және инновациялық дамуын жақсарта түсуге қолдану үшін ҚР Үкіметіне жолданатын болады.

ЕО (FP7) бағдарламасына Қазақстан 1995 ж. қосылды. Бұл 53 миллиард еуро бюджеті негізінде ғылым мен инновацияны қолдауға арналған 2007 мен 2013 жылдар аралығына негізделген жеті жылдық кезеңді қамтитын әлемдегі ең ірі бағдарлама. Еуропалық Одақтың Еуропадығы зерттеуді қаржыландырудағы басты құрал болып табылады және жұмысқа қамтуды реттеу, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен өмір салтын жақсарту мәселелеріне арналған. Осы уақыт аралығында Қазақстаннан 265 топ ғалым зерттеуге 17 миллион еуро қаржы көлемінде грант иеленді. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша қазақстандық институттардың қатысуымен 19 жоба қаржыландырылуда.

Ары қарай оқу >>

«Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде» - халықаралық конференция

16.03.2012

16 наурызда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде «Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде» атты екі күндік халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады.

Қазақстандық, алыс және жақын шетелдік ғалымдар Еуразия кеңістігіндегі жеделдететін инновацияның дамуын және интеграциялық үдерістердің рөлін, экономикалық ғылымның теориялары мен әдістемелерін, экономикалық саясаттың өзекті сұрақтары мен экономикалық кадрларды дайындау артықшылықтары қарастырылады.

Ары қарай оқу >>

Студенттік бес сайт ашылды

15.03.2012

Болашақ журналист ақпараттар тізгінін ұстауды бірінші курстан қолға алды. Осы мақсатпен әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде 15 наурызда студенттік бес сайттың тұсауы кесілді.

«Ақпарат заманының талабы мен кеңістігінің кеңейуі кезеңінде, болашақ журналист ақпараттар тізгінін ұстау үшін ақпараттық технология мен мультимедиалық құралдармен тіл табыса білуі тиіс. Мультимедиалық материалдарды жинау, өңдеу, игеру, меңгеру және бұқараға жариялау студенттік аудиториядан бастау алады. Бүгін ашылған сайттарда жастардың тырнақ алды туындылары ғаламторға жол тартады», - дейді саяси ғылымдарының докторы, сайттың ашылуына жетекшілік еткен оқытушы Гүлмира Сұлтанбаева. Ал, zerger.ucoz.com, beles.ucoz.net, zamana.ucoz.com, bastau.ucoz.org, 103akparat.ucoz.com аталатын сайттардың мақсатымен таныстырған студент Арайлым Әкім:. «Жалпы жаңалық атаулының, ең алдымен, жастар арасында кең таралытыны рас. Сол жаңалықтың жаршысы ретінде арман қуған бір топ студент ғаламтордан өз сайтымызды аштық», - десе, «жаңалықтар, қызықты әңгімелер, оқырманмен ой бөлісу – біздің міндетіміз», - дейді студент Айша Закирянова.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да MDP «Global Classroom» бағдарламасы бойынша магистранттарды оқытудың екінші курсы басталады

15.03.2012

ҚазҰУ-да Колумбия университеті «Climate Justice Human Rights & Development» MDP «Global Classroom» бағдарламасы бойынша магистранттарды оқытудың екінші курсы басталады

Курс әлемдегі климаттық өзгерістердің заманауи мәселелерін шешу, сонымен бірге тұрақты дамудың тәжірибелерін үйрету алаңы болып табылады.

Оқыту бағдарламасы әлемдегі климаттық өзгерістердің және қоршаған орта ластануын шешуде жетекші идеялардың орталығы болып табылатын Мэри Робинсон қорының қолдауымен өтеді.

Ары қарай оқу >>

Туберкулездің алдын алу шаралары туралы дөңгелек үстелге қатысыңыз

15.03.2012

2011 жылғы 16-наурыз күні сағ. 15.00-де философия және саясаттану факультетінің № 19-аудиториясында (бұрынғы әскери ісі кафедрасының корпусы) «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері арасында туберкулез ауруына қарсы алдын ала қолданылатын шаралар» бойынша тәрбие жұмысы жөніндегі департамент пен философия және саясаттану факультеті университеттік іс-шараны (дөңгелек үстел) өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Экономикалық кеңістікте жаңа экономика құру жолдары

15.03.2012

16-17 наурызда аралығында (сағ. 10.00-де, 15 қабат, мәжіліс залы) «Біртұтас экономикалық кеңістік жаңа экономиканы құрудың негізі ретінде» атты халықаралық конференция өтеді. Онда отандық, алыс және жақын шетелдік жетекші ғалымдардың баяндамалары тыңдалады.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы

14.03.2012

14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы» атты үшкүндік семинар-тренинг өз жұмысын қорытындылады.

«Қазақстан-Үнді-Американдық жобасының» негізгі мақсаты біліктілікті арттыру, техникалық және жаратылыстану ғылымдарындағы пәндер бойынша жоғары оқу орындары оқытушыларын даярлау және қайта даярлау болып табылады. Халықаралақ жобаның ерекше маңызды мәселелерінің бірі ғылыми-білім беру кеңістігін кеңету аясында шетелдік және отандық мамандар пікір алмасты. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша, біздің оқытушылар онлайн жүйесі арқылы да білімдерін шыңдай алады. Дегенмен, «техника мамандарын онлайн арқылы оқыту мүмкін емес, сондықтан зертхана жұмысының орнығуы міндетті» деген Лиссабон Жоғары Технологиялар Институтының президенті (Португалия) Хосе Карлос: «Біз ҚазҰУ-дей білім ордасымен байланысқанымызға қуаныштымыз және байланысымызды жалғастыра береміз», - деп атап өтті.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов оқу жылы бойы оқытушыларды бұл жобаға жұмылдыру жалғаса беретіндігі жоспарланып отырғандығын алға тартты. Отанды оқытушыларымыз маусым айынан бастап біліктіліктерін шыңдауға кіріседі.

Ары қарай оқу >>

Оқырманымен қауышқан тұңғыш мақал-мәтелдер

14.03.2012

Қазақ фольклорына арналған тағы бір құндылық. Бұған дейін еш жинақта кездеспеген мақал-мәтелдер оқырманға жол тартты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің профессоры, «Қазақ фольклористикасы» оқу-зерттеу лабораториясының меңгерушісі Сұлтанғали Садырбайұлының құрастыруымен, жалпы редакциялық басқаруымен «Қазақ халқының мақалдары мен мәтелдері» атты кітап жарық көрді.

«Қазақ университеті» баспасынан жарық көрген асыл қазынаның тұсаукесер рәсімі 14 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті. Профессор Сұлтанғали Садырбаев бұл еңбек он жылдық маңдай терінің үлесі екенін тілге тиек етіп: «Кітапта ХVІІІ – ХІХ ғасырда Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Алматы қалаларында араб әрпімен басылған жинақтарда жарияланған мақал-мәтелдердің таңдаулы үлгілері берілген. Бұрынғы жинақтарда кездеспейтін, Қазақстан Ғылым академиясының қолжазбалар қорынан алынған жүздеген жаңа мақал-мәтел қосылды», - дейді. Ал, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Құдайбергенқызының айтуынша, елімізде жыл сайын мақал-мәтелдерге арналған бірді-екілі кітаптар жарық көреді екен. Ал бүгінгі кітапта араб тілдерінен қазақ тілдеріна аударылған мақал-мәтелдермен оқырман тұңғыш рет қауышып отыр.

Ары қарай оқу >>

«Туберкулез-ғасыр індеті»

13.03.2012

Биология және биотехнология факультетінің биофизика мен биомедицина кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор С.Т. Төлеухановтың ұйымдастыруымен «Хронобиология орталығы» 2012 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеуде.

Ары қарай оқу >>

27 наурыз күні "Студенттік көктем-2012" байқауының ақтық мәресі өтеді

13.03.2012

Талантымен танылып, талабын ұштаған өнерпаздардың сайысы «Студенттік көктем-2012» фестивалінің ақтық мәресі27 наурыз күні сағ.10.00-20.00-ге дейін Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ оқытушылары және қызметкерлері пәтер алды

13.03.2012

ҚазҰУ-дың алғашқы 5 оқытушысы және қызметкері салатанатты түрде пәтер кілтіне ие болды. Бұл ағымдағы жылдың қаңтар айында университет басшылығының өзара тиімді келісім «БТА Банк» АҚ салушы «Эдельвейс» тұрғынүй кешені тұрғын арасында жасалған келісім-шарт негізінде іске асып отыр. Үй нарықтағы төменгі 20% көрсеткішімен және университеттің жұмысшыларына жеңілдік ипотекалық несиелеу арқылы беріледі.

Ары қарай оқу >>

Факультеттердің мемлекеттік аттестацияға дайындығы қаралды

13.03.2012

Университет факультеттерінің мемлекеттік аттестацияға дайындығы қаншалықты? Ректораттың 12 наурызында өткен кезекті мәжілісінде осы сұрақтар кеңінен талқыланды.

Бұл күні химия және химиялық технология, биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану, физика-техникалық факультеттердің МАҚ-қа дайындығы сөз болды. Факультет декандары ескертулер бойынша тыңғылықты жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Қалған факультеттердің мемлекеттік аттестацияға дайындығы алдағы уақытта таразыланады.

Ары қарай оқу >>

"Дала мен қала" республикалық қоғамдық-саяси басылым

12.03.2012

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ

Үстіміздегі жылы еліміздің биік мәртебелі Біріккен ұлттар ұйымына толыққанды мүше болғанына жиырма жыл толып отыр. Халқымыз үшін саяси-әлеуметтік маңызы орасан осынау мерейлі оқиғаның өткен жылы аталып өтілген тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығының қисынды жалғасы болуының бейнелік мәні бар. Иә, тарих өлшемімен алып қарағанда, бұл айтарлықтай көп уақыт емес. Жиырма жыл ішінде елімізде өте ауқымды оқиғалар орын алды. Қазақстан өз тәуелсіздігін ресми түрде бұрынғы кеңестік республикалар арасында ең соңынан, 1991 жылдың 16 желтоқсанында жариялады. Осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің тәуелсіздігіміз үшін күрестің ең күрделі де жауапты кезеңі 1991 жылы дербестігімізді алғаннан кейін барып қана басталды» деп жазған болатын. Ұлы істің сыншысы – Уақыт. Жасампаздық, еңбек, тұрақтылық, бірлік пен татулық арқасында дербестігімізді сақтап қалдық. Ғалым МҰТАНОВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор

Ары қарай оқу >>

"kz inform" ақпараттық портал

12.03.2012

В Казахстане стартует проект по подготовке преподавателей вузов естественнонаучных и технических дисциплин
11.03.2012 22:52

Алматы (Алма-Ата) - 11 марта /KZinform/. Университет проводит трехдневный международный семинар-тренинг «Казахстанско-Индо-Американский проект по подготовке и переподготовке преподавателей вузов естественнонаучных и технических дисциплин», сообщает пресс-служба КазНУ.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 05.03.2012-10.03.2012

12.03.2012

  • Ө.Жолдасбеков атындағы механика-математикадан оқушылар ғылыми жұмыстарының конкурсы өтуде
  • «Жасұландықтар» ашық есік күніне қатысты
  • ҚазҰУ-лықтарға «Лебединое озеро» қойылымы тегін көрсетілді
  • Имидждік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 27.02.2012-03.03.2012

12.03.2012

  • «Бизнес және ғылым» бизнес құрылымдар өкілдерінің қатысуымен Халықаралық семинар-мәжілісі өтеді
  • Алматыда тұңғыш рет студенттер арасында «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық ойыны өтті
  • «Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты халықаралық жас зерттеушілер форумы өтеді
  • ҚазҰУ-дағы студенттік «Көмек» еріктілер қозғалысы интернаттар мен балалар үйі арасында «Жарқын Жұлдыз» атты бишілік- әншілік- аспаптық байқауын ұйымдастырады
  • Бақылау кеңесіне байқау жариялайды
  • Ө.Жолдасбеков атындағы механика-математикадан оқушылар ғылыми жұмыстарының конкурсы өтуде
  • Филология, әдебиеттану, әлем тілдері факультетінде «Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық конференция өтті
  • Канада Елшісі ҚазҰУ ректорымен кездесті
  • Ө.Жолдасбеков туралы киноның тұсаукесері өтті
  • «НұрОтан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин ҚазҰУ-дың «Политолог» клубының қонағы
  • «Тіл оқыту технологияларының диагностикасы» атты педагогикалық идеялар фестивалі өтті
  • Құқық журналистика мәселелері қаралды
  • Имидждік материалдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы

12.03.2012

12 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы» атты үшкүндік семинар-тренинг өз жұмысын бастады.

Ары қарай оқу >>

The Rising Stars — Ernst & Young Business Plan Contest 2012

12.03.2012

«Эрнст энд Янг» компаниясы Мансап және бизнес орталығымен бірге сені Ernst & Young Business Plan Contest 2012 атты қазақстандық үшінші бизнес-жоспар байқауына қатысуға шақырады.

Егерде сен өз идеяңды жүзеге асырғың келсе, алдыңа мақсат қоя білсең және қиын шешімдер іздесең, алған теориялық біліміңді тәжірибеде іске асыруға ұмтылсаң, онда Ernst & Young Business Plan Contest 2012 - өзіңді көрсетуге мүмкіндік береді!

Өз білімің мен шығармашылығыңды жүзеге асыратын бизес-жоспарда көрсет.

Ең қызықты жұмыс жіберген қатысушылар финалға шығып, «Эрнст энд Янг» кеңсесінің алматылық филиалына шақырылады. Байқау жайлы толық ақпарат мына сайтта бар: www.ey.com/kz/risingstars.

Сен қатысуға дайынсың ба? Онда келесі қадам жаса!

  1. Топ құру қажет (бір ден ұш адамға дейін)
  2. Қатысу ережелерімен танысып мына сайтта тіркел: www.ey.com/kz/risingstars
  3. Толтырылған тіркелу бетін 2012ж.30-наурызға дейін жібер contest@kz.ey.com.
  4. Дайын бизнес-жоспарды 2012ж. 30-сәуіріне дейін жібер contest@kz.ey.com..

Ары қарай оқу >>

The Rising Stars — Ernst & Young Business Plan Contest 2012

12.03.2012

«Эрнст энд Янг» компаниясы Мансап және бизнес орталығымен бірге сені Ernst & Young Business Plan Contest 2012 атты қазақстандық үшінші бизнес-жоспар байқауына қатысуға шақырады.

Егерде сен өз идеяңды жүзеге асырғың келсе, алдыңа мақсат қоя білсең және қиын шешімдер іздесең, алған теориялық біліміңді тәжірибеде іске асыруға ұмтылсаң, онда Ernst & Young Business Plan Contest 2012 - өзіңді көрсетуге мүмкіндік береді!

Өз білімің мен шығармашылығыңды жүзеге асыратын бизес-жоспарда көрсет.

Ең қызықты жұмыс жіберген қатысушылар финалға шығып, «Эрнст энд Янг» кеңсесінің алматылық филиалына шақырылады. Байқау жайлы толық ақпарат мына сайтта бар: www.ey.com/kz/risingstars.

Сен қатысуға дайынсың ба? Онда келесі қадам жаса!

  1. Топ құру қажет (бір ден ұш адамға дейін)
  2. Қатысу ережелерімен танысып мына сайтта тіркел: www.ey.com/kz/risingstars
  3. Толтырылған тіркелу бетін 2012ж.30-наурызға дейін жібер contest@kz.ey.com.
  4. Дайын бизнес-жоспарды 2012ж. 30-сәуіріне дейін жібер contest@kz.ey.com..

Ары қарай оқу >>

«Жас талап»

12.03.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасы оқытушылары және «Жас талап» орталығының ұйымдастыруымен 29.02.2012 қаланың әр түрлі мектеп оқушыларынан жиналған «Жас натуралистер» топтарымен факультетте ашық есік ұйымдастырылды. Бірінші кезекте Биология факультетінің мүзейімен таныстырылды.

Ары қарай оқу >>

Global Classroom Колумбия университетінің екінші курс бағдарламасы Climate Justice, Human Rights & Development"

12.03.2012

Global Classroom Колумбия университетінің екінші курс бағдарламасы "Climate Justice, Human Rights & Development".

әл-Фараби атныдағы ҚазҰУ-де Колумбия университетінің екінші курс бағдарламасы "Climate Justice, Human Rights & Development"басталады. Бұл курс әлемде климаттық өзгерiстермен сабақтас мәселелер сонымен бiрге бiрқалыпты дамудың сұрақтарының шешiмi үшiн қазiргi тенденциялар және жаттығу жолдарының зерттеуi үшiн платформа болып табылады, әрiптестiк үшiн бiрлескен бай ел ресурстерiндегi әдiлдiктiң қорғаушыларын глобалдi әдiлдiктi қамқорлығына алады.

Мемлекеттердiң рөлiндегi мәселелерi, халықаралық халықаралық ұйымдар және азаматтардың қазiргi заманның глобалдi сұрақтарының шешiмiнде, орнықты дамытудың төңiрегiдегi және қоршаған ортаның ластануын сақтап қалу және климаттық өзгерiстер әсiресе, барлық дүниелiк қоғамдар көбiрек үлкен iлтипатқа ие болады. Соңғы жыл халықаралық ұйымдар барлық оон қызметтiң жаңа бағыты туралы қалай (International Environmental Government ) IEG туралы жиiрек айтады және халықаралық құрылымдар. Бiрқалыпты дамудың тұжырымдамасы климаттық әдiлдiк сияқты адам баласы үшiн мұндай жаңа сұрақтар қосылды, кеңейту табиғи қорлардың әлемiнде әдiл қолдану бойынша оон әлемдегi елдердiң ең кедей қалың бұқара топтарының мүмкiндiгi және күш. Бағдарлама Покантикоға рокфеллерлердiң 2011 жылдың шiлдесiнде қормен қостаған. (MRFCJ ) робинсон қор Мэри озық ойларды орталық болып табылады, бiлiм және ауа райының өзгерiсiнiң садағаларының әлемiнде үшiн глобалдi әдiлдiктiң қамтамасыз ету үшiн күресуi.

"Climate Justice Human Rights Development \\\" \\\ның курс ойдағыдай аяқталды тыңдаушылар сертификаттармен мрапатталды және колледж немесе нью-йоркке Дублин, Тринитиға сынау мерзiмiне бара алады, Колумбия академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша.

Ары қарай оқу >>

Колумбия университетінің магистранттары ҚазҰУ-ге келді

12.03.2012

Колумбиялық университеттің магистранттардан құралған зерттеуші тобы 9 наурызда ҚазҰУ-не ҚР инновациялық қоры, ықпалы ҚР инновациялық саясаты жас және кіші және орта бизнестің(КОБ) дамуын ынталандыру жобасының жұмысы үшін келді.

Жобаның бірінші бөлімі биыл қаңтарда-ақпанда Нью-Йоркете бастаталды. Онда ҚазҰУ-нің пилоттық жобаның Global classroom 11 түлегі қатысты, олар академиялық ұтқырлық бағдарламасымен колумбийском университетте болған. Ара жүріс кездесудің топтамасының колумбиалық университетте жас ғалымдардан тұрған екі тоб ізденісті және ең жаңа әдебиеттің алғашқы сараптамаларын осы сұрақтарға байланысты жасады, ғылыми бастаудың кешенді шолуын әзірледі және, тәжірибе әлемі ел инновациялық даму, идентификациялау Қазақстан үшін пайдалы.

ҚазҰУ-гі Шет мамлекеттегі студенттердің екі апталық кездесуі, интервьюді және үздік зерттеу мәселелерін ішіне кіргізді. Осы кздесудің қорытынды материалдары доклад жүзінде Колумбиялық университетте және БҰҰ штаб пәтерінде беріледі. ҚазҰУ-нің магистранттары жеке докладтар бойынша Қазақстанның инновациялық саясатын талдай келе жұмыс жасайды және өз хаттамаларын Бәләм және ғылым Министрлігіне дайындайды.

Ары қарай оқу >>

Студенттердің шығармашылық жыр кеші

11.03.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Биология және биотехнология факультетінде «Көмек» еріктілер қоғамының ұйымдастыруымен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жылтолуына арналған Студенттердің шығармашылық жыр кеші болып өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ Қазақстан бойынша алғаш болып жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша жобаны қолға алып отыр

11.03.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдік тәжірибе негізінде техникалық және жаратылыстану ғылымдарындағы пәндер бойынша жоғары оқу орындары оқытушыларын даярлау және қайта даярлау жобасы қолға алынып отыр.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да жаңа проректор

11.03.2012

ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жыл 7 наурыздағы бұйрығына сәйкес Әбдібеков Уалихан Сейділдәұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры болып тағайындады. Бұған дейін ол механика-математика факультетінің деканы қызметін атқарған.

Ары қарай оқу >>

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

10.03.2012

Еліміздегі «шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету сонымен қатар жоғарғы оқу-орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2012 жылдың15-16наурызкүндері еліміздегі жоғарғы оқу орындары арасында«шығыстану» - 050209; 5В020900мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтеді.

Ары қарай оқу >>

8 наурыздың мейрамымен

10.03.2012

6 наурыздың қытайтану кафедрасының тындырымды мерекелі кеш өтті. 503 дәрісханада ұлдар әндерді орындады, өлеңдерді оқып тастады, түрлі конкурстарды жасады және барлық өзінің бірден-бір және біртұма қыздарыныңа арналған.

Ары қарай оқу >>

«Бәрі де сіздер үшін, арулар!»

07.03.2012

Өткен оқу жылынан бастап университет ректоры Ғ.М. Мұтановтың бастамасымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі ерекше аталып, тек ер азаматтар құрамы өнер көрсеткен мерекелік кеш биыл да өз жалғасын тапты.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты жас зерттеушілер форумы өтті

07.03.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиетттану және әлем тілдері факультетінде «Ай-ару» деп аталатын рухани танымдық республика жоғарғы оқу орындары студенттері арасында «Қазақ прозасындағы әйел тағдыры» атты жас зерттеушілер форумы өтті. Алғаш рет Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған студенттер өз ғылыми еңбектерін паш етті. Мәселен, Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Е.Беркімбаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Н. Баймбетовалар және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінен, С.Демирал атындағы университеттен т.б оқу ордаларынан келген жас ізденушілер әр кезеңдегі әйел тағдырын талқыға салды. Форумда қазақ прозасындағы әйел тағдыры авторлық ұстаным, образ шынайылығы жанрлық көркемдік сипаттар тұрғысында баядамалар жасалды.

Ары қарай оқу >>

Студенттер кезекті клуб мәжілісінде бас қосты

05.03.2012

Университетіміздің заң факультетінде, «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының студенттік клубтарының кезекті мәжілістері өтті. Студенттік клубтар үш бағытта жұмыс жасайды. Олар: «Эколог-заңгер» жер құқығы, экологиялық құқық және тау-кен құқығы бағыты, жетекшілері Джангабулова А.К., Накишева М.К., екінші бағыт: «Қаржыгер» кеден құқығы және қаржы құқығы, жетекшісі Ашим А.М., «Құқық негіздері» заң факультеті және өзге де факультеттердің студенттеріне арналған, жетекшісі Смагулова Д.С.

Ары қарай оқу >>

«KPMG Career Day» жобасына қатыс

05.03.2012

KPMG компаниясының рекрутинг тобы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Мансап және бизнес орталығы бірлесіп «KPMG Career Day» атты жаңа жобасын ұсынады. KPMG кеңсесіне келіп шынайы бизнес ортаға тап бол! Тіркелу 30 наурызға дейін жүргізіледі. Қатысушылар саны шектеулі.

Ары қарай оқу >>

KPMG Career Day!

05.03.2012

KPMG Career Day!

KPMG компаниясының рекрутинг тобы Мансап және бизнес орталығы мен бірге KPMG Career Day атты жаңа жоба ұсынбақшы! KPMG кеңсесіне келіп шынайы бизнес ортаға тап бол!

Тіркелу 30 наурызға дейін ашық. қатысушылар саны шектеулі.

Мүмкіндіктер:

  • · ең ірі халықаралық компаниялардыі бірінде аудитор мен консультанттың жұмысымен жақын танысу;
  • · KPMG компаниясының Менеджерлері мен Серіктертеріне жеке сұрақ қою;
  • · түлектерге мансап жасау үшін толық ақпарат алу;
  • · KPMG профессионалдарының орнында өзін көру.

Қатысу үшін талаптар:

  • · Университеттің соңғы курс студенттері;
  • · Ағылшын тілін еркін меңгеру;
  • · Бизнесте қызығушылық.

KPMG Career Day-ге қатысу үшін өз түйіндемеңізді graduate@kpmg.kz "KPMG Career Day" деген атпен жіберіңіз.

Қосымша ақпарат үшін мына тел: +7 (727) 298 08 98 немесе e-mail: graduate@kpmg.kz рекрутинг бөліміне хабарласыңыз.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ синтаксисі: тарихи дамуы жєне қазіргі ғылыми бағыттары» профессор Т.Сайрамбаевтың 75 жылдығына орай өткізілетін Республикалық ғылыми-теориялық конференция

05.03.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен 6 сәуір, 2012 жылы осы кафедраның негізін қалаушы ф.ғ.д., профессор Т.Сайрамбаевтың 75 жылдығына орай өткізілетін «Қазақ синтаксисі: тарихи дамуы жєне қазіргі ғылыми бағыттары» Республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияда мына бағыттар бойынша ғылыми талқылаулар жасау ұсынылады:

  • Ғылым және ғалым тұлғасы: профессор Т. Сайрамбаевтың ғылымдағы ізі;
  • Қазақ синтаксисінің өзекті мәселелері: тілдік бірліктер және оның қызметі;
  • Тіл-құралдың тұлға толеранттығын қалыптастырудағы маңызы;
  • Қазақ тілін оқытудағы қазіргі инновациялар, оқытудың сапасын арттыру технологиялары;
  • Аудармадағы лингвистикалық мәселелер.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ синтаксисі: тарихи дамуы жєне қазіргі ғылыми бағыттары» профессор Т.Сайрамбаевтың 75 жылдығына орай өткізілетін Республикалық ғылыми-теориялық конференция

05.03.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен 6 сәуір, 2012 жылы осы кафедраның негізін қалаушы ф.ғ.д., профессор Т.Сайрамбаевтың 75 жылдығына орай өткізілетін «Қазақ синтаксисі: тарихи дамуы жєне қазіргі ғылыми бағыттары» Республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияда мына бағыттар бойынша ғылыми талқылаулар жасау ұсынылады:

  • Ғылым және ғалым тұлғасы: профессор Т. Сайрамбаевтың ғылымдағы ізі;
  • Қазақ синтаксисінің өзекті мәселелері: тілдік бірліктер және оның қызметі;
  • Тіл-құралдың тұлға толеранттығын қалыптастырудағы маңызы;
  • Қазақ тілін оқытудағы қазіргі инновациялар, оқытудың сапасын арттыру технологиялары;
  • Аудармадағы лингвистикалық мәселелер.

Ары қарай оқу >>

KPMG Career Day!

05.03.2012

KPMG Career Day!

KPMG компаниясының рекрутинг тобы Мансап және бизнес орталығы мен бірге KPMG Career Day атты жаңа жоба ұсынбақшы! KPMG кеңсесіне келіп шынайы бизнес ортаға тап бол!

Тіркелу 30 наурызға дейін ашық. қатысушылар саны шектеулі.

Мүмкіндіктер:

  • · ең ірі халықаралық компаниялардыі бірінде аудитор мен консультанттың жұмысымен жақын танысу;
  • · KPMG компаниясының Менеджерлері мен Серіктертеріне жеке сұрақ қою;
  • · түлектерге мансап жасау үшін толық ақпарат алу;
  • · KPMG профессионалдарының орнында өзін көру.

Қатысу үшін талаптар:

  • · Университеттің соңғы курс студенттері;
  • · Ағылшын тілін еркін меңгеру;
  • · Бизнесте қызығушылық.

KPMG Career Day-ге қатысу үшін өз түйіндемеңізді graduate@kpmg.kz "KPMG Career Day" деген атпен жіберіңіз.

Қосымша ақпарат үшін мына тел: +7 (727) 298 08 98 немесе e-mail: graduate@kpmg.kz рекрутинг бөліміне хабарласыңыз.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Екі университеттің бірлесуімен жақсы демалыс ұйымдастырылды

03.03.2012

«Қош бол қыс, Қош келдің көктем» атты кураторлық топтардың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді. Аталмыш мерекелік іс-шараға биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлік және биоресурстар кафедрасы меңгерушісі б.ғ.д., профессор С.С.Айдосова, доценттер және оқытушылардың «Бөлме өсімдіктері», «Ботаник» үйірмесі, «Жас талап» орталығының мүшелері және Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалының эколог-ағартушысы Р.Сембаева және тағы басқа қызметкерлері, Қазақ Ұлттық аграрлық университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Жас натуралистер» факультетте «Ашық есік» күні ұйымдастырды.

02.03.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушыларынан және «Жас талап» орталығының ұйымдастыруымен қаланың әртүрлі мектеп оқушыларынан жиналған «Жас натуралистер» топтарымен факультетте «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 20.02.2012-25.02.2012

02.03.2012

  • ҚазҰУ студенті оқуға тиіс – 100 кітап
  • Профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына 80 жыл толуына орай «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-дағы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде С.Әшімбаев атындағы «Парасат» жас әдебиетшілер клубының ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне арналған дәсүрлі «Мен өмірге жырлау үшін келгенмін» атты жыр мүшәйрасы өтті
  • Халықаралық «Туған тіл» мерекесіне орай
  • Алматыда тұңғыш рет студенттер арасында «Алматы халықаралық БҰҰ-2012 моделі» атты халықаралық ойыны өтеді
  • Канада Елшісі ҚазҰУ ректорымен кездесті
  • «Академик Т. Тәжіаевтың ғылыми мұрасының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық әлеуеті» атты дөңгелек үстел өтті
  • Имидждік материалдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдарының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Барлығы сіздер үшін, арулар!

02.03.2012

«Барлығы сіздер үшін, арулар!» атты кеште тек ер азаматтар ән салып, би билейді. Композициялық қойылымдар қойылады. Проректорлер, деканның орынбасарлары, бөлім басшылары өздерінің жеке номерлерін көрсетеді. Сондықтан да барлық аруларымызды тосын сыйлар күтіп тұрғаны анық. Сахна мерекеге сай дизайнмен, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Ары қарай оқу >>

Ө. Жолдасбеков туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

01.03.2012

1 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінде Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика және математикадан ғылыми зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы өз жұмысын бастады. Өткен жылы Ө. Жолдасбековке 80 жыл толуына орай ҚазҰУ-да ескерткіш қойылып, халықаралық симпозуим өткен болатын. Ал биыл екінші рет оқушылардың ғылыми жұмыстарының конкурсына Өзбекстаннан, Тәжікстаннан оқушылар да қатысуда.

Ары қарай оқу >>

Күймен тербеген

01.03.2012

Егер, дүние шіркіннің дидарында адам көңілін жұбататын, жүрегін жылытатын, санасын сергітетін бір құбылыс болса, ол – Дәулеткерейдің күйлеріндей-ақ болар. Ұлы күйші қиын заманның қасірет қамауына тап болған бейбақ халқын домбырасымен жұбатқан.

Ары қарай оқу >>

Pages