Хабарландыру

31.01.2013

1 ақпанда География және табиғатты пайдалану факультетінде «Салауатты өмір салты» атты жоба бойынша Туберулез және ВИЧ белгілері, алдын алу туралы хирург-дәрігер Зарина Суханбердиева өткізеді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

31.01.2013

31 Қаңтар 2013, 16:00
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары Мәскеуде ұлттық асхана туралы жобасын ұсынды

АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Ресей халықтар достығы университетінде 25-26 қаңтарда «Жоғары оқу орындары ортасында қонақжайлық индустриясы үшін құзіреттіктерді қалыптастыру» атты халықаралық конференция өтті. Онда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасының қос дипломдық бағдарлама бойынша оқып жатқан магистранттары «Ұлттық асхана мәдениетаралық коммуникациялар құралы ретінде» атты жобасын ұсынды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ магистранттары Мәскеуде қазақ ұлттық дастарханын таныстырды

31.01.2013

2013 жылы 25-26 қаңтарда Мәскеу РХДУ-да (Ресейлік Халықтар Достығы Университеті) өткен «Жоғары оқу орындар ортасында қонақжайлылық индустриясы үшін құзіреттіктерді қалыптастыру» атты халықаралық конференция шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының екі дипломдық бағдарлама бойынша оқып жатқан магистранттар «Ұлттық асхана мәдениетаралық коммуникациялар құралы ретінде» атты жобасын ұсынды.

Ары қарай оқу >>

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Таллорес Халықаралық жоғары бiлiм институттары қауымдастығының мүшесі болды

30.01.2013

Таллорес Ассоциациясы (The Talloires Network, http://talloiresnetwork.tufts.edu/) Тафтс университеті жанындағы жоғары бiлiм институттарының халықаралық қауымдастығы болып табылады. Бүгінде ассоциация құрамына жалпы саны 6 миллионнан астам студент бар әлемнің 62 елiндегi 247 университет кіреді. Халықаралық қатынастар факультетiнің бастамасымен және Мичиган университетiнің шақыруы бойынша (АҚШ ) ҚазҰУ Talloires Network ассоциациясына қабылданды және ҚазҰУ үшін арнайы сайт парақшасы жасалды (http://talloiresnetwork.tufts.edu/al-farabi-national-university-kazakhstan/).

Ары қарай оқу >>

Жаңа клубтың ашылуына келіңіз

30.01.2013

31 қаңтар сағат 10.00-де (№19 ауд.) философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы «НҰР» университет деңгейіндегі ғылыми-зерттеу клубының ашылу салтанаты өтеді.

Ары қарай оқу >>

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы өмірінен

30.01.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тәрбие жұмысына ерекше мән беріледі. Университет ректоры Ғ. Мұтанов оқу орны жастарға тек білім беріп қана қоймауы тиіс, оған қоса студенттерді тұлға болып қалыптасуға бағыттап, жастардың менталитетін қалыптастыруы тиіс дегенді басып айтады. Биылғы оқу жылында шетелдік студенттер Ауған елінен, Қытай, Корея тағы басқа да мемлекеттерден келіп оқып жатыр. Олар қазақ және орыс тілдерін аса қызығушылықпен оқып, Алматы қаласының көрнекті жерлеріне жиі саяхатқа барып тұрады.

Ары қарай оқу >>

28.01.2013 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде "КОЛЛЕДЖДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ: КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ІЗДЕНІСТЕР » тақырыбында семинар өтті.

29.01.2013

Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция.

Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.

Н.Назарбаев.



Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 21.01.2013-26.01.2013

28.01.2013

  • ҚазҰУ (механика-математика факультетінде KIUCEE, Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға арналған Қазақ-Үнді-Америка жобасы аясында «Жасанды интеллект және робот жүйесіндегі өзекті мәселелер» атты II халықаралық оқу семинары өз жұмысын бастады.
  • ҚазҰУ студенттері биосабынды өндіріске ендірмек
  • ҚазҰУ студенттері «Студенттер метромен жүруді таңдайды» акциясын өткізді
  • Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде жеңіске 70 жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері «Бейбіт өмір үшін алғыс білдіреміз!» атты акция ұйымдастырды
  • Алматыда ҚазҰУ студенттері Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады
  • Имидждік жарияланымдар
  • Студенттік жарияланымдар
  • Болашақ бағдарламасына пікірлер
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Қазақ журналистикасы тарихын зерттеу мен даму үдерісінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

28.01.2013

2013 жыл 1 ақпан, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Т. Қожакеев атындағы мәжіліс залында Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистика Академиясы, Бас редакторлар клубы қолдауымен 2013 жылы 1 ақпанда «Қазақ» газетінің 100 жылдығына және қазақ руханиятының ұлы тұлғасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақ журналистикасы тарихын зерттеу мен даму үдерісінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың филология факультетінде Н. А. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясын білім беру үдерісіне енгізудің жолдары» атты шеберлік сағаты өтеді

25.01.2013

29 қаңтарда сағат 15:00-де ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ филологиясы кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-преиденті, «Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің» иегері Н. А. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясын білім беру үдерісіне енгізудің жолдары» атты шеберлік сағағын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Алматыда ҚазҰУ студенттері Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады

25.01.2013

«28 панфиловшілер» паркінде «Мәңгілік алауға» гүл қою рәсімі өткізілді. 1943 жылдың 25 қаңтары біздің тарихымыз үшін елеулi оқиғамен есте қалады, кеңес әскерлері Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде жеңіске жетті. Сол кездегі біздің жауынгерлердің ерліктері мен батырлықтары шексіз. Заманауи шынайылықты өзгерткен сол күндер біздің тарихымызда алтын әріптермен жазылмақ.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Вестфаль Вильгельм университеті ынтымақтастықты нығайтуда

25.01.2013

2012 жылдың 19 желтоқсаны мен 2013 жылдың 18 қаңтары аралығында Вестфаль Вильгельм университетінің шақыруымен Германиядағы Мюнстер қаласында ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Қ.Т. Жұмағұлов болып қайтты.

Ары қарай оқу >>

Д. Эссамамбо Италиядағы әлем кубогында күміс жүлдегер атанды

24.01.2013

Биология және биотехнология факультетінің 1 курс студенті, конькиймен жүгіруші Дарсиль Эссамамбо – Италияда өткен жастар арасындағы Әлем Кубогында 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге ие болды.

Ары қарай оқу >>

Табаған – белсенді адамдарға таптырмас демалыс

23.01.2013

27 қаңтар күні рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері – Табаған – таушаңғы курорты, ойын-сауықтыру кешеніне сапар ұйымдастырып отыр. Студенттер мен оқытушылар сапарға қосыла алады.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

23.01.2013

23 Қаңтар 2013, 14:19
Алматыда халықаралық деңгейде жасанды интеллект және робот жүйесіндегі өзекті мәселелер талқылануда

АЛМАТЫ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақ-Үнді-Америка жобасы аясында «Жасанды интеллект және робот жүйесіндегі өзекті мәселелер» атты II Халықаралық оқу семинары өз жұмысын бастады.

Ары қарай оқу >>

Жүзден жүйрік атануға асығыңыз

23.01.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ең үздік студенттік топ – 2013» байқауы өткізіледі. ҚазҰУ қабырғасында алған білімдері мен жинаған тәжірибелерін ортаға салып, бақтарын сынау үшін әр факультеттен қатысуға ниет білдіретін студенттік топтары 10 ақпанға дейін көрсеткіштер кестесін толтырып, факультеттің кәсіптік бюросына өткізуі тиіс.

Ары қарай оқу >>

"Класс-time" апталық басылым

23.01.2013

Кітап — рухани ақылшың

Университет ректоры академик Ғ.Мұтанов қолдап, қуаттаған бастамаға алғашқы белсене атсалысқан филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті. Факультет деканы Қ.Әбдезұлы «Алаш айнасы» газетінде әдебиетті электронды почтаға енгізіп оқыту мәселесін көтерген болатын. Әзірше университет студенттеріне әлем және қазақ әдебиетінен 100 таңдаулы шығарманы өз талғам-талабына сай оқу ұсынылып отыр. Оны барлық факультеттер студенттері оқуы тиіс. Бұл болашағы зор, өрісті де өнегелі бастама.

Ары қарай оқу >>

Жаңа бағытқа жаңаша көзқарас

23.01.2013

Бүгін 23 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (механика-математика факультетінде KIUCEE, Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға арналған Қазақ-Үнді-Америка жобасы аясында «Жасанды интеллект және робот жүйесіндегі өзекті мәселелер» атты II халықаралық оқу семинары өз жұмысын бастады.

Ары қарай оқу >>

Студенттер назарына! Дәстүрлі «Студенттік көктем - 2013» байқауына қатысыңыз!

22.01.2013

«Студенттік көктем - 2013» байқауы 2013 жылдың 1 ақпаннан 29 наурыз аралығында үш кезеңде өтеді. Байқауға тек әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенттері мен колледж студенттері қатыса алады.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 14.01.2013-19.01.2013

21.01.2013

  • Елбасы Жолдауына пікірлер
  • 17-18 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті – ЕлбасыН.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауындағы тапсырмалар аясында білім беру бағдарламаларының мәселелері мен даму жолдарын қарастыруға арналған «Заманауи үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі түлектің құзыреттік үлгісі» атты 42-ші Ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді.
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша ҚазҰУ оқытушыларының пікірлері
  • 23-25 қаңтарда «Жасанды интеллект және роботтық жүйедегі өзекті мәселелер» тақырыбында II халықаралық оқу семинарын өтеді.
  • ҚазҰУ ғалым, профессорлары туралы
  • Біздің жарияланымдар
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетті

21.01.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық алаңдарында университет факультетінің құрама командалары және оқытушы-профессорларының, қызметкерлері мен докторанттарының арасында 41-ші дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы спорттың сегіз түрінен: бадминтоннан волейболдан (ерлер және әйелдер), дартстан, тоғызқұмалақтан, шахматтан, мини-футболдан және үстел теннисінен болып өтті.

Ары қарай оқу >>

«Болашақ» бастауы – білімде

19.01.2013

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында заманауи білім беру жүйесінің аясында кадрлар даярлау мен қайта даярлауда жастардың білім сапасын арттыру, сонымен қатар кәсіби машықтарын жетілдіруге баса назар аударылған. Осындай ізгі мақсаттарды жүзеге асыруда «Болашақ» бағдарламасының маңызы да, мәні де зор. Бұған дейін аталмыш бағдарламаның негізінде дарынды мектеп түлектері Республикамыздың экономикасын дамытуға қажетті мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндіктер берілсе, енді, міне, магистратура, докторантураға кеңінен жол ашылуымен қатар, жас ғалымдардың шет елдерде тәжірибе жинақтап, білім мен біліктілігін көтеруге, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндіктер туып отыр.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да түлектің құзыреттік үлгісі талқыланды

18.01.2013

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ЕлбасыН.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауындағы тапсырмалар аясында «Заманауи үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі түлектің құзыреттік үлгісі» атты 43-ші ғылыми-әдістемелік конференцияның ашылу салтанаты өтті.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

18.01.2013

«Болашақ» бастауы – білімде

17.01.2013

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында заманауи білім беру жүйесінің аясында кадрлар даярлау мен қайта даярлауда жастардың білім сапасын арттыру, сонымен қатар кәсіби машықтарын жетілдіруге баса назар аударылған. Осындай ізгі мақсаттарды жүзеге асыруда «Болашақ» бағдарламасының маңызы да, мәні де зор. Бұған дейін аталмыш бағдарламаның негізінде дарынды мектеп түлектеріне республикамыздың экономикасын дамытуға қажетті мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндіктер берілсе, енді, міне, магистратура, докторантураға кеңінен жол ашылуымен қатар, жас ғалымдардың шетелдерде тәжірибе жинақтап, білім мен біліктілігін көтеруге, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндіктер туып отыр.

Ары қарай оқу >>

Студенттер назарына!

17.01.2013

18 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешені «Сұлу» фитнес және аэробика клубында «Аэробика сабақтарын өткізу ерекшеліктері» атты семинар-тренинг өткізіледі (ҚазҰУ спорт кешені, № 9 зал, сағат 10.00).

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

17.01.2013

 Ғұмыры ғибратты ғалым

Image

Президент Н.Назарбаев еліміздің жаңа саяси бағытын белгілеген «Қазақстан – 2050» стратегиясында прогрессивті идеалдар қоғамын құру барысында интеллигенцияның рөліне айрықша тоқталған. Бұл Жолдауда интеллигенцияның жалпы ұлттық құндылықтарды айқындауда жетекші күш болу керектігіне баса назар аударылған. Ал осы интеллигенцияның басында тұрған ғалым, мұғалімдердің және де осы екі мәртебені бір басына сыйдыра алған жоғары оқу орындарының оқытушылары халқымыздың рухани дамуын, бағытын белгілейтін авангард екені сөзсіз. Сондықтан да 2005 жылдан бері Елбасы тапсырмасымен бекітілген «ЖОО үздік оқытушысы» атты грант ғалым ұстаздардың ғылыми және оқытушылық қызметтерін жоғары деңгейде атқаруға деген талпынысқа бастаған үлкен ынталандыру деп білеміз.

Ары қарай оқу >>

Жаратылыстану және техника салалары бойынша семинар-тренинг өтеді

16.01.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да KIUCEE , Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға арналған Қазақ-Үнді-Америка жобасы аясында «Жасанды интеллект және робот жүйесіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында II халықаралық оқу семинары өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Мұражайда ҚазҰУ туған күні аталып өтті

15.01.2013

Бүгін ҚазҰУ-дың туған күніне орай өткен көрмеде университеттің 40, 50, 60, 70, 75 жылдығына арналған басылымдар, құттықтау хаттары, сарғайған бірақ өз мәнін жоғалтпаған ескісуреттер, альбомдар мен жәдігерлер қойылып, университет тарихының әр белестерін бейнелейтін видеосюжеттер көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

Жарыстың қорытындысы белгілі болды

15.01.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дене шынықтыру кафедрасы және спорт клубы университеттің Туған күніне арналған университеттің түлектері мен студенттері арасында спорттың 5 түрінен: волейбол, бадминтон, үстел теннисі, шахмат, мини-футболдан спорттық мереке болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Тарихи көрмеге келіңіздер

14.01.2013

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы! Студенттері мен оқытушылары, қызметкерлері!

Баршаңызды бүгінгі қасиетті білім ордасының туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1934 жылдың 15 қаңтары тұңғыш қазақ университетінің ресми түрде ашылған күні.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 24.12.2012-30.12.2012

14.01.2013

  • Бүгін даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі және халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 102 жыл толды
  • Сеул ұлттық университеті мен ҚазҰУ әріптестігі артып келеді
  • «Умная игра» тележобасында ҚазҰУ студенті жеңіске жетті
  • Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдығына орай үздік шығарма байқауы өтті
  • «Елімді мақтан тұтамын» атты акция өтті
  • ҚазҰУ-да сот құқықтық реформа тақырыптарын талқылады
  • Елбасы жолдауына пікір
  • Біздің сарапшылар
  • Имидждік материалдар
  • ҚазҰУ оқытушы-профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Университеттің туған күніне орай спорт түрлерінен жарыс өтеді

11.01.2013

12 қаңтар 2013 жыл, сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дене шынықтыру кафедрасы және спорт клубы университеттің Туған күніне арналған спорттық мерекеге шақырады. Бағдарламада волейбол, бадминтон, үстел теннисі, шахмат, мини-футболдан 4 курс пен 1 курс арасында кездесу өтеді.

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзерлерге арналған семинар өтеді

11.01.2013

2013 жылдың 14-18 қаңтар аралығында философия және cаясаттану факультетінің ғимаратының №18 (қазақ тілінде) және №19 (орыс тілінде) аудиторияларында Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастыруымен куратор-эдвайзерлерге арналған «ЖОО-дағы тәрбиелеудің заманауи стратегиялары мен әдістері» атты семинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

Бокстан өткен халықаралық турнирде ҚазҰУ студенті бірінші орын иеленді

11.01.2013

Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы) жастар арасында боксан халықаралық турнир өтті. Қажырлы күресте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің үшінші курс студенті Максим Панарин 69 кг. көрсеткіш бойынша алтын біріншілікті иеленді. Және ҚР спорт шеберінің көрсеткішін орындады. Боксшы А. Ағаларовты еске алуға арналған жарысқа 12 елдің спортшылары қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өтуде

10.01.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық алаңдарында университет факультетінің құрама командалары және оқытушы-профессорларының, қызметкерлері мен докторанттарының арасында 41-ші дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өткізілуде. Жарыстар спорттың сегіз түрінен: бадминтон, волейбол (ерлер және әйелдер), дартс, тоғызқұмалақ, шахмат, мини-футболдан және үстел теннисінен өтуде.

Ары қарай оқу >>

Ректор университет ұжымымен Елбасы Жолдауын талқылады

10.01.2013

Жаңа жылдың бірінші отырысы 9 қаңтар күні ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаеы және барлық проректорлар мен декандардың қатысуымен өтті. Жиналыста «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті – ЕлбасыН.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен талқылап, университеттің жаңа 2013 жылға стратегиялық даму бағыттары мен міндет-мақсаттарын нақтылай түсті. Онда оқу үдерісі, әлеуметтік даму жұмыстары, инновациялық жаңалықтарды өндіріске ендіру және ҚазҰУ-дың зерттеу университеті ретінде қалыптасуы бойынша талдау жалғасын тапты.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

09.01.2013

Жастар – еліміздің болашағы

09.01.13.
Қазақстан Республикасының білім берудегі жоғары оқу орындарының мақсаты - сапалы болашақ мамандармен қатар, қоғамның дамуына өзінің дұрыс септігін тигізе білетін жастарды, яғни жеке тұлғаларды дайындау. 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жастар үшін тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік бейімделу үдерісінде қолдана алатындай дағдыларды беруі тиіс екендігі сөз болды.

Ары қарай оқу >>

Студенттерге тәжірибе!

04.01.2013

Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы жер қатынастары саласының мамандықтарын оқып жатқан 3-4 курс студенттерін Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 36-42 ғимаратында орналасқан Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясында тәжірибе өтуге шақырады. Тәжірибе өту барысында ақы төленбейді, бірақ болашақта жұмысқа орналастыру қарастырылуда. Байланыс телефондары 8 (7282) 240413, факс 240366.


Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Құрметті 3-4 курс студенттері!

04.01.2013

KPMG компаниясы 3-4 курс студенттеріне Салық бойынша кеңес беруден кездесу ұйымдастырады.

Егерде Сіз салық кеңесімен қызығып, салық бойынша кеңес беруден көп мағлұмат білгіңіз келсе, “ Career as a Tax Consultant ” қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

• ЖЭЖБ факультетінің 3-4 куср студенттері

• Еркін ағылшын тілінде сөйлеу

• Салық кеңесіне қызығушылық

Қызығушылық танытқан талапкерлер өз түйіндемелеріңді graduate@kpmg.kz почтасына 18 қаңтарға дейін, қысқа обзац ретінде салық бойынша кеңес беруге деген қызығушылығыңызды жазыңыз. Байланыс телефоны: + 7 (727) 298 08 98

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

Pages