әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы бағдарламалаудан болған әлем чемпионатында үздіктер қатарында

31.10.2013

Университеттің механика және математика факультетінде АСМ ICPC (Association for Computing Machinery International Collegiate Programming Contest) бағдарламалаудан әлем чемпионатының ширек финалы өтті. 2003 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бағдарламалаудан әлем чемпионатының Алматы қаласындағы ұйымдастырушысы болып табылады.

Ары қарай оқу >>

М. Қазыбекованың көшбасшылық дәрісі өтеді

31.10.2013

1 қарашада «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың аясында (сағат 11:00, ГУК 3, 201 ауд.) экономика және заң факультеттерінің студенттеріне, магистранттарына және PhD докторанттарына арналған көшбасшылық дәріс өтеді.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде ашық есік күні өтеді

31.10.2013

1 қарашада Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен университеттік «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында ғылыми-танымдық мультимедиялық www.youngreporter.kz порталының, сондай-ақ осы платформада жүзеге асатын «Вируталды мектептің» таныстырылымы өтеді (журналистика факульетті №230 Т. Қожакеев атындағы акт зал, сағат 12.00).

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

31.10.2013

Қызметкерлердің құқын қорғау – кәсіподақтың негізгі міндеті

Талғат МЕКЕБАЕВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының төрағасы:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында білім беру деңгейін әлемдік деңгейге көтеру турасында айтып өтті. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі өзгерістер жөнінде баяндап берсеңіз...

– Еліміздің инновациялық даму саясатына сай Қазақ Ұлттық университеті әлемдік деңгейдегі ғылыми университетке айналуды көздеп отыр. Дәл қазір университетіміз әлемдік білім беру нарығының бәсекеге қабілетті бір мүшесі екенін дәлелдеді. Айта кету керек, ҚазҰУ еліміздегі жоғары оқу орындарының қатарында тұңғыш рет Президенттің «Сапа саласындағы жетістігі үшін» жүлдесінің лауреаты атанды. Сонымен қатар университет халықаралық және Еуразиялық жоғары оқу орындары ассоциациясының мүшесі, жоғары кәсіби, университеттен кейінгі білім және ғылымның инновациялық дамуында көшбасшы атанып отыр. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті биылғы QS рейтингісінде 299-орынға табан тіреп, әлемдегі ең үздік университеттер қатарына ілікті. Яғни Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру турасындағы тапсырмасын сәтті орындап отырмыз. ҚазҰУ Алматы қаласының «Инновациялық Алматы» атты ірі жобасына қатысады. Инновация һәм технологиялық модернизацияны жүзеге асыруға бағытталған 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық кластері» атты жоба да жүзеге асырылып отыр.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

31.10.2013

Ұжымның ұйымшылдығы ауадай қажет

Гүлмира ҚАЗЫБЕК, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканы міндетін атқарушы:

– Бір кездері Мұхтар Әуезов дәріс берген факультетті басқарып, оны жаңа үлкен белестерге алып шығу оңайға соқпайды. Алдағы уақыт­та факультеттің беделін кө­теру үшін, студенттердің жан-жақты білімді болуы үшін қандай жоспар-жобаларыңыз бар? Қандай ауқымды жұмыстар атқармақ­шысыз?
– Мен деканның оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін бірнеше жыл атқардым. Сондықтан да бұл жұмыстың қыр-сырын жақсы білемін деп айта аламын. Алайда жүректің бір түкпірінде қобалжу, толқу сезім­дері барын жасырмаймын. Мен «Тек қана алға!» деген ұстаныммен жүремін. Сондықтан білдей бір факультетке басшылық жасауға тәжірибем де, білімім де жетеді. Негізі, деканның орынбасары бол­ғанымның өзі де бір қызық оқиға...

Ары қарай оқу >>

Студенттер мемлекеттік рәміздер мәртебесіне мән беруде

30.10.2013

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. Осы орайда, Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – мақтанышымыз» атты ашық сабақ өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Е. Россинскаяның қатысуымен семинар өтеді

30.10.2013

30 қазан – 8 қараша аралығында «Криминалистика және сот сараптама пәндерінің оқытудың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң институтының директоры, Мәскеу мемлекеттік заң академиясының сот сараптама кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерацияның ғылымға еңбегі сіңген қайраткері, Ресей Федерациясының жоғары мамандық білімінің құрметті қызметкері, з.ғ.д., профессор, Ресейдың жаратылыс ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық бірдейлестіру ассоциацияның (IAI USA) толық мүшесі Россинская Елена Рафаиловнаның қатысуымен әдістемелік семинар өтеді.

Ары қарай оқу >>

Жас оқытушы мектебі ашылады

29.10.2013

1 қарашада баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас оқытушы мектебінің» ашылу рәсімі мен «Жас оқытушыға 10 кеңес: кәсіби және педагогикалық ізденістер» әдістемелік семинары өтеді (сағ. 10:00, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті №230 профессор Т.Қожакеев атындағы акт залы).

Ары қарай оқу >>

"Сұңқар" кубогының жеңімпазы анықталды

29.10.2013

Қазан айының 26 жұлдызында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының 15 жылдығы қарсаңына орай «Сұңқар» кубогына дәстүрлі футбол додасы өтті.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

29.10.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2013 жылдың 30-ші қазанында «Мәдениет.kz» клубы мен мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен факультеттің 1 курс студенттеріне арналған «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті туралы ереже мен студенттің ар-намыс кодексі және оқу ғимаратындағы және жатақханадағы міндеттерімен таныстыру» атты ашық тәрбие сағатына шақырады.

Ары қарай оқу >>

Студентітк конференцияда қылмыстық іс жүргізу мәселелері қаралмақ

29.10.2013

1 қараша 2013 ж. (сағ. 10:00, 410 аудитория) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың өзекті мәселелері» тақырыбында жыл сайынғы жоғары оқу орындарының арасындағы студенттік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Оқытушылар мен студенттер назарына!

28.10.2013

1 қараша да саясаттану кафедрасы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған патриоттық әндер фестивалін өткізеді. Фестивальдің мақсаты - патриоттық сезімді тәрбиелеу және өз Отанын құрметтеп, мақтан тұтуға баулу.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 21 - 26 қазан 2013 ж.

28.10.2013

  • ҚазҰУ студенттері Президенттік шәкіртақы иеленді
  • Заң факультетінде «Қазақстандық кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару: жай-күйі, өзекті мәселелері және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Тақырып жалғасы Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ студенттері Серік Сәпиевпен кездесті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да өткен сенбілікте университет «Алтын тырма» сыйлығын жеңіп алды
  • Жақан Молдабеков – 70 жаста
  • Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының 20 жылдығына арналған БҰҰ Үлкен Алматы Халықаралық Моделі өткізіледі
  • Бүгін шығыстың ұлы ойшылы, философ Әбу Насыр әл-Фараби есімі Қазақ ұлттық университетіне берілгеніне 22 жыл толып отыр. Осы орайда 25 қазанда Фараби оқулары өтеді
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ жанындағы Конфуций орталығының ұйымдастыруымен фотокөрме өтеді
  • «НұрОтан» 15-ші съезіне жазылған пікір-мақалалар
  • ҚазҰУ студенттері massaget.kz ұжымымен кездесті
  • Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Темірғали Есембековтің 60 жасқа толуына орай конференция өтті
  • ҚазҰУ-де ядролық реакциялар бойынша дерекқорды дамыту жөніндегі халықаралық жиын өтуде
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Дін философиясынан дәрістер М. Вебб (АҚШ)

26.10.2013

ҚР БҒМ бекіткен және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жүзеге асырылып отырған алдыңғы қатарлы шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламасына сәйкес Философия кафедрасында 2013 жылдың 14-26 қазан аралығында Техас Технологиялық Университетінің (АҚШ) философия профессоры Марк Вебб болды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың профессоры С.Сатыбалдин өз еңбектерін сыйға тартты

26.10.2013

Кітап – баға жетпес рухани қазына. Әрбір адамның өмірінде, тұлға болып қалыптасуында кітаптың атқарар рөлі ерекше. Осы орайда бүгін белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры Сағындық Сатыбалдин артқы ұрпаққа, жастарға, жалпы оқырман қауымға арнап өз еңбектерін сыйға тартты.

Ары қарай оқу >>

Журналистік білім беруді дамыту жолдары ҚазҰУ-да талқыланады

26.10.2013

2013 жылғы 31 қазан – 2 қараша аралығында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы Орталығы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Мінбер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақ тілді журналистік білім беруді жетілдіру және БАҚ-тың кәсіби мамандарының әлеуетін көтеру жөнінде «Қазақстанда журналистік білім беруді дамыту жолдары: жаңа медианың мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел және екі күндік семинар-тренинг өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Әл-Фараби және тұрақты даму идеясы» атты ғылыми студенттік семинар өтті

25.10.2013

ҚазҰУ-да шығыстың ұлы ойшылы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби есімі берілген күніне (ҚазКСР МК №626-шы Қаулысы, 1991 жыл 23 қазан) байланысты дәстүрлі өткізілетін Фараби оқулары-Пәнаралық ғылыми-студенттік семинар өтті. Университет Музейі, философия және саясаттану факультетіндегі «Әл-Фараби мұраларын зерттеу орталығы», география және табиғатты пайдалану факультеті халықаралық энергоэкология кафедрасының қатысуымен және Алматы қаласы жастарды рухани-адамгершілік және патриоттыққа тәрбиелеу Комиссиясы, қалалық Ардагерлер кеңесінің тікелей қолдауымен дәстүрге айналған III Фараби оқулары, Пәнаралық ғылыми студенттік семинар университет Музейінде өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Қытай фотокөрмесі

25.10.2013

2013 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық мұражайында Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулдығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтымен бірлесіп «Ғажайып Қытай» атты фотокөрме өткізді.

Ары қарай оқу >>

Рекреациялық география және туризм кафедрасы экскурсия ұйымдастырды

25.10.2013

24 қазан күні «Экскурсиятану» пәнін оқу барысында алынған біліктіліктерді тәжірибе жүзінде пайдалану мақсатында рекреациялық география және туризм кафедрасымен Алматы қаласы бойынша оқу, шолу экскурсиясы ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

УКҰЕА XXVI құрылтайы

24.10.2013

Беларус республикасында 2013 жылдың 11-13 қыркүйегі аралығында XXVI университет кәсіподақтар ұйымының еуразиялық ассоциациясының құрылтайы болды. Құрылтайға Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина және Приднестровтық Молдаван Республикасынан 40 шақты университеттерінен 61 уәкіл қатысты оның ішінде қызметкерлермен студенттердің кәсіподақ ұйымдарынан бірінші болып 46 шақты өкіл қатысты.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру

24.10.2013

Ертең жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде (сағат 13.00, 217 дәрісхана) шетелдік студенттерге арналған «Здравствуй, Казахстан!» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-де ядролық реакциялар бойынша дерекқорды дамыту жөніндегі халықаралық жиын өтуде

23.10.2013

23 - 25 қазан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР ИЖТМ Атомдық энергия бойынша агенттігі Ядролық физика институтының қолдауымен Ядролық реакциялар бойынша дерекқорды дамыту жөніндегі 4-ші халықаралық жиын өтуде.

Ары қарай оқу >>

Жастар арасында әдеби-сазды кеш өтті

23.10.2013

2013 жыл 22 қазанда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ф.Оңғарсынованың «ДАУА» кітабы бойынша әдеби-сазды кеш өтті.

Ары қарай оқу >>

Жас ғалымдардың ғылыми-теориялық семинары өтті

23.10.2013

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Есембеков Темірғали Оразғалиұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Мәтін теориясы және әдеби компаративистика» атты республикалық жас ғалымдардың ғылыми-теориялық семинары өтті.

Ары қарай оқу >>

Бүгін шығыстың ұлы ойшылы, философ Әбу Насыр әл-Фараби есімі Қазақ ұлттық университетіне берілгеніне 22 жыл толып отыр

23.10.2013

Осы орайда шығыстың ұлы ойшылы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби есімі Қазақ ұлттық университетіне берілген күніне (Министрлер Кабинетінің № 626-шы Қаулысы, 1991 жыл 23 қазан) байланысты дәстүрлі өткізілетін Фараби оқулары-Пәнаралық ғылыми-студенттік семинар осы жылы 25 қазанға белгіленіп отыр. Университет Музейі, философия және саясаттану факультетіндегі «Әл-Фараби мұраларын зерттеу орталығы», география және табиғатты пайдалану факультеті халықаралық энергоэкология кафедрасының қатысуымен және Алматы қаласы жастарды рухани-адамгершілік және патриоттыққа тәрбиелеу Комиссиясы, қалалық Ардагерлер кеңесінің тікелей қолдауымен дәстүрге айналған III Фараби оқулары, Пәнаралық ғылыми студенттік семинар 25 қазан күні сағат 15:00-де университет Музейінде өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Ғалымның мерейтойы аталып өтті

23.10.2013

ҚазҰУ-да профессор Ким Герман Николайұлының 60-жылдығына орай өткізілген «Қазақстандағы корейтану: ынтымақтастықтың үрдістері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

22.10.2013

British Council және АҚ "Халықаралық бағдарлама Орталығы" Қазақстандағы екінші Британдық білім көрмесін өткізеді. Бұл Ұлыбританияның білім беру саласына арналған ең ірі іс-шара. Онда Ұлыбританияның үздік білім беру мекемелері таныстырылады. Көрме 2013 ж. 26 қазанда сенбі күні Алматы қаласында сағат 12:00-18:00 аралығында «Rixos» қонақ үйінде және 27 қазан жексенбі күні Астана қаласындағы «Radisson» қонақ үйінде өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 14-19 қазан 2013 ж.

21.10.2013

  • Тақырып жалғасы Серік Сәпиевпен кездесу өтті
  • ҚазҰУ-да ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
  • Әсет Исекешев және Ахметжан Есімов ҚазҰУ-да болды
  • Тақырып жалғасы Қазақстан Еуропалық ұлттық инженерлік қауымдастық федерациясына ұсынылды
  • ҚазҰУ-дың 80-жылдығына журналистика факультетінде мүшәйра өтеді
  • 19 қазан күні ҚазҰУ-да өткен сенбілікте университет «Алтын тырма» сыйлығын жеңіп алды
  • Имидждік жарияланымдар
  • Оқытушы-профессорлар жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару жолдары қаралды

21.10.2013

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Ақ Жол» ХДП депутаттық фракциясының, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ менеджмент және маркетинг кафедрасының, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми зерттеу орталығының, «Жетісу» банкроттық процедурасындағы кәсіби басқарушылар одағы» РҚҚ бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақстандық кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару: жай-күйі, өзекті мәселелері және болашағы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Жастар балалар үйіне барды

21.10.2013

Философия және саясаттану факультетінің 1 курс мәдениеттану мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен құрбан айт мерекесіне орай, «Айналаңды нұрландыр» атты іс-шара болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

21.10.2013

24 қазан сағат 11.00-де физика-техникалық факультеттің №1 дәріс залында Француз Альянсінің «Франциядағы білім. Гранттық бағдарламалар» атты презентация өтеді.

Ары қарай оқу >>

Интербелсенді білім беруді ЖОО қолдану жолдары

20.10.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы оқытушы-профессор құрамын «Интербелсенді білім беруді ЖОО қолдану жолдары» атты Республикалық семинар-тренингке шақырады

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ұжымы қалалық сенбіліктен «Алтын тырма» сыйлығын жеңіп алды

19.10.2013

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сенбілік өтті. Сенбілікке университеттің барлық ұжымы атсалысты. Жалпы көлемі 5 мыңға жуық адам қатысқан сенбілік барысында әрбір қатысушы белгіленген аумақты тазалап, оқу орнының тазаруына белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

19.10.2013

Инновациялық кластер ашылады
18.10.2013 20:43 Ершай ӘЗІРЕТ
0 32

«Алатау» ИТП дамуының үшінші кезеңі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да іске асырылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ҚР Премьер-министрдiң орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ресми сапармен келді.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми-технологиялық паркіне және коммерцияландыру кеңсесіне «НАТР» АҚ өкілдігінің сапары өтті

18.10.2013

2013 жылдың 18 қазанында «НАТР» АҚ өкілдігі мен Күзенбаев Тілеубек Еркебайұлы бастаған, ғылыми-технологиялық парк басшылығы және коммерцияландыру кеңсесінің қызметкерлері арасында кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ғалымдары АҚШ-та өткен конференцияға қатысты

18.10.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары АҚШ-та халықаралық конференция ұйымдастыруға қатысты. Висконсин-Мэдисон университетінде ғылыми тағлымдамада жүрген оқытушылар университеттің барлық ғылыми ісшараларына қатысып, арасында ағылшын тілін үйрену үстінде. Қазан айының басында университетте үлкен халықаралық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

«Әлеуеті аса қауіпті ақпараттық технологиялар және жаңа қару түрлерін құқықтық реттеуі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

18.10.2013

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасы мен Орталық Азиядағы Қызыл Крест Халықаралық Комитетінің Аймақтықтық өкілдігі «Әлеуеті аса қауіпті ақпараттық технологиялар және жаңа қару түрлерін құқықтық реттеуі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Конференция мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік және әлеуеті аса қауіпті жаңа қару түрлерімен күресу құқықтық аспектілерін талқылау.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ VIII Азаматтық «Жасыл экономика – Алматының таңдауы» форумына қатысты

18.10.2013

16 қазанда «Almaty Towers» кешенінде VIII Азаматтық «Жасыл экономика – Алматының таңдауы» атты форумы өткізілді. «Жасыл экономика» мәселесіне арналған форумға Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов төрағалық етті. Форум барысында «жасыл экономика» бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмеге үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Кіші Фараби Академиясындағы» кездесу

18.10.2013

Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының «Кіші Фараби Академиясы» өзінің жаңа оқу жылындағы жұмысын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Асқар Жұмаділдаевпен кездесуден бастады.

Ары қарай оқу >>

Жансая Багитова Назарбаев стипендиаты атанды

18.10.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының 6M060600 - «Химия» мамандығы бойынша 2 курс магистранты Багитова Жансая Кәрімқызы оқудағы үздік көрсеткіштері, ғылыми-зерттеу жұмысындағы жоғары жетістіктері мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Назарбаев стипендиаты атанды.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

17.10.2013

17 Қазан 2013, 15:05
«Алатау» ИТП дамуының үшінші кезеңі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да іске асырылады

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев ресми сапармен келді. Күн тәртібіндегі басты сауал ҚазҰУ кампусындағы кезекті үшінші «Алатау» инновациялық технологиялар паркін (ИТП) орналастыру мүмкіндіктерін талқылау болды.

Ары қарай оқу >>

«Алатау» ИТП дамуының үшінші кезеңі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да іске асырылады

17.10.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ҚР премьер-министрінің орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.О. Исекешев ресми сапармен келді. Күн тәртібіндегі басты сауал ҚазҰУ кампусындағы кезекті үшінші «Алатау» инновациялық технологиялар паркін (ИТП) орналастыру мүмкіндіктерін талқылау болды.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары және студенттер – тау шаңғы туризмі бойынша I Еуразиялық форумда

16.10.2013

Рекреациялық география және туризм кафедрасы оқытушылары мен студенттері 8-9 қазан аралығында Бүкіләлемдік туристік ұйымы (UNWTO) ұйымдастырған тау-шаңғы курорты бойынша I Еуразиялық конференциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Еуропалық ұлттық инженерлік қауымдастық федерациясына ұсынылды

16.10.2013

Қазақстандағы инженерлік білім беру қоғамы (KazSEE) Еуропалық ұлттық инженерлік қауымдастық федерациясының (FEANI) үлестес мүшесі атанды. Бұл жөнінде шешім FEANI Бас Ассамблеясының Македониядағы Скопье қаласында өткен сессиясында белгілі болды. Бұл қазақ еліндегі білім беру ісінің әлемдік мойындалуына жасалған тағы бір қадам. FEANI инженерлік білім беру қоғамына Қазақстандық қоғамның енуі инженерлік білім беру бағдарламаларын және мамандардың біліктіліктерін сертификациялауға жол ашады.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 7 - 12 қазан 2013 ж.

14.10.2013

  • «Экологиялық мәдениет пен қоғамның қалыпты дамуының замануи мәселері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • Тақырып жалғасы Технопаркте байқау басталды
  • ҚазҰУ-дың спорткешенінде әлем чемпионы Серік Сәпиевпен кездесу өтті
  • 80-жылдық қарсаңында жыр мүшәйрасы өтеді
  • Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
  • Қазақстан Еуропалық ұлттық инженерлік қауымдастық федерациясына ұсынылды
  • Біздің сарапшылар
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Достар естелігіне» атты дәстүрлі туристік сайыс

14.10.2013

13 қазан күні Кіші Алматы орман шаруашылығының маңында Алматы қаласының Спорт туризмі мен Туристік көпсайыс федерациясы, Қазақстан Республикасының ТЖМ-нің Алматы қаласы өңірлік жедел-құтқару жасағының қолдауымен жылсайынғы «Достар естелігіне» атты ашық халықаралық туризм техникасы бойынша жарыс өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Кітапханаға бір күндік көмек

14.10.2013

Кітапхана ісі мәдениет саласында ақпараттық, білім беру және мәдени – ағарту қызметінің негізі. Университет кітапханасы – бұл тек ру­хани байлық сақтаушы ғана емес, соны­мен бірге студенттердің білім алуы үшін белсенді күш болып табылады, оларды тәрбиелеуде және даму жолында алға ба­суларына жағдай туғызады.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

11.10.2013

Ғалымдар ғылымның дамуына үлкен үлес қосып жатыр

Қабдырахман ДҮЙСЕМБИН, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Қазақстанда физиология мен биофизиканың, биомедицинаның іргетасы қашан қаланды? Отандық ғылымдар тарапынан бұл орайда қандай жұмыстар істелініп жатыр, ал аталған ғылымның келешегі қалай болмақ? Бұл саланың басында кімдер тұр, осы уақытқа дейін қандай жетістіктер мен қиыншылықтар болды? Отандық оқу, білімнің қара шаңырағы саналатын ҚазҰУ-дегі биофизика және биомедицина кафедрасына 75 жыл толып отырған шақта ауыз толтырып айтар жетістіктер бар ма? Бұл жөнінде биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Қабдырахман Дүйсембин газет тілшісімен ой бөліседі.

Ары қарай оқу >>

"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

11.10.2013

Экологтер бас қосты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТМД-дағы экономикалық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы аясында «Экологиялық мәдениет пен қоғамның қалыпты дамуының заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

"Алматы ақшамы" республикалық қоғамдық-саяси газет

11.10.2013

«Өзге тiлдiң бәрiн бiл, өз тiлiңдi құрметте»

Биылғы жылдың 4 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң заң факультетi 101, 103, 104-топ­тарының куратор-эдвайзерлерi, «Қыл­мыстық құқық, қылмыстық iс жүр­гiзу және криминалистика кафед­расының доценттерi, з.ғ.к Г.Атаханова, Н.Жетiбаев, М.Бисе­нова, елiмiзде кеңiнен өтiп жатқан тiлдер апталығының аясында өздерiнiң топтарында универси­теттiк деңгейде «Өзге тiлдiң бәрiн бiл, өз тiлiңдi құрметте» тақыры­бында пiкiрталас және мәдени iс-шара өткiздi.

Ары қарай оқу >>

Жарыс қос мерекеге арналды

11.10.2013

Университетте студенттерге мәдени, спорттық шаралар өткізуге жан-жақты жасалған жағдай өз нәтижесін беруде. Салауатты өмір салтын насихаттауды студенттер қызу қолдауда. Спорттың әр түрінен жылда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде оқытушылар мен студенттер арасында жарыстар ұйымдастырылып жүр.

Ары қарай оқу >>

1-курс студенттерінің назарына!

11.10.2013

Құрметті 1-курс студенті! Сіз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті атандыңыз! Егер Сіз өнер әлемінде еркін қанат қағып, шығармашылығыңызды шыңдағыңыз келсе, онда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «1-КУРС ТАЛАНТТАРЫ» көркемөнерпаздар байқауына қатыса аласыз. Байқаудың мақсаты: 1-курс студенттерінің шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасап, дарынды жастарды анықтау.

Ары қарай оқу >>

Студенттер Қазақстан Республикасы Президенті қорында ашылған «Зияткерлік павильон» көрмелік жиынына барды

11.10.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының стандарттау, сертификаттау және метрология 1-курс студенттері мен жылуэнергетика мамандығының 2-курс студенттері куратор-эдвайзерлер А.А.Құйқабаева, А.М.Мақсұтханова және А.Е.Тұрсынбаевамен бірге «Зияткерлік павильонға» барып мемлекеттің даму тарихына бағытталған, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат бағыттарымен, экономикалық және әлеуметтік салалардың реформаларымен, ғылым, білім және мәдениеттің жетістіктеріне негізделіп дайындалған құжаттық видео және фотоматериалдармен танысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Серік Сәпиевпен кездесті

11.10.2013

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт кешенінде халықты ұлты мен тіліне, дінімен түр-түсіне бөлмей өзіне ынтызар еткен спортшылардың бірі Серік Сәпиевпен кездесу өтті. Аталмыш кездесуді жастардың спортқа деген қызығушылығын оятып, танымын кеңейту мақсатымен Алматы қаласы жастар саясаты ұйымдастырған еді. Кездесуге жиналған студенттер Серік Сәпиевке көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жүрек жарды лебіздерін білдіріп жатты.

Ары қарай оқу >>

Методологический семинар с участием профессора А.К. Кусаинова.

10.10.2013

2013 жылдың 10 қазанында жалпы және этникалық педагогика кафедрасында Қазақстан педагогика ғылымдары Академиясының Президенті педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.К.Кусаиновтың қатысуымен әдіснамалық семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Студенттер «Тур Алматы 2013» веложарысқа қатысты

09.10.2013

2013 жыл 6 қазан күні география және табиғатты пайдалану факультеті, рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері Алматы қаласы әкімдігімен бірге елімізде тұңғыш рет өткізілген 16 әлем елдерінен 150 спортшы қатысқан "Tour Of Almaty 2013" халықаралық веложарысты ұйымдастыруға ерікті түрде қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Кіші Фараби Академиясындағы» кездесу

09.10.2013

Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының «Кіші Фараби Академиясы» өзінің жаңа оқу жылындағы жұмысын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевпен кездесуден бастады.

Ары қарай оқу >>

Дәстүрлі «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны – 2013» байқауы өтеді

08.10.2013

Қазан айының 9 (арулар) және 10 (жігіттер) күндері Студенттер Сенатының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін дәстүрлі «Ана тілі» аруы» және «Жігіт сұлтаны» байқауының І іріктеу кезеңі өткелі отыр.

Ары қарай оқу >>

Оқырмандар назарына!

08.10.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы Тәрбие жұмысы жөніндегі Департаменттіңқолдауымен «Алтын формуляр» сайысының басталғанын хабарлайды. Сайыс «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында университет студенттері мен оқытушылары, қызметкерлері арасында өтеді.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркінде «Smart GIS» атты start-up компаниясы өз жұмысын бастады

07.10.2013

«Smart GIS» – студенттік жобаcы іздестіру компаниясы көптеген инженерлік-геодезиялық қызметтерді ұсынады. Олардың ішінде топографтық-геодезиялық, картографиялық және жерге орналастыру жұмыстары бар.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 30 қыркүйек – 5 қазан 2013 ж.

07.10.2013

  • Журналистика факультетінде Қасымхан Бегмановпен кездесу өтті
  • Технопаркте байқау басталды
  • Тіл мерекесі тойланды
  • ҚазҰУ-да Студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті
  • «Халық тарих толқынында» бағдарламасы бойынша
  • «Көкжиек» клубында кездесу өтті
  • «Экологиялық мәдениеттің және қоғамның тұрақты дамуының қазіргі кездегі мәселелері» атты алықаралық конференция өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Экологиялық мәдениет пен қоғамның қалыпты дамуының заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

07.10.2013

4-5 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ТМД-дағы экономикалық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы аясында «Экологиялық мәдениет пен қоғамның қалыпты дамуының заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға ТМД, АҚШ, Қытай елдерінің эколог ғалымдары, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінде ХҚКО жұмысымен танысты

07.10.2013

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп «Халыққа қызмет көрсету орталығының нормативтік-құқықтық негіздері құрылымы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Студенттер ағаш отырғызды

07.10.2013

Тілдік және жалпы білім беру кафедрасының шетелдік студенттері «Green campus» бағдарламасының аясында ЖОО дейінгі білім беру факультеті ғимаратының аумағында ағаш отырғызды.

Ары қарай оқу >>

Екі мереке тоғысқан

06.10.2013

2013 жылдың 6 қазанында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде оқытушылар мен студенттер арасында № 17 Студенттер үйінде «Дода» спорт клубының ұйымдастыруыменүстел теннисінен жарыс өтті

Ары қарай оқу >>

Парасатқа тағзым

03.10.2013

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен қазақ прозасының көрнекті өкілдері М.Әуезов, Ш.Мұртаза, О.Бөкеевтің туған күніне орай «ПАРАСАТҚА ТАҒЗЫМ» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Ары қарай оқу >>

Студенттер арасында «Ақсүйек in the city» ойыны ойнатылады

03.10.2013

Құрметті ҚазҰУ студенттері! Сіздерді 5 қазан күні сағат 15:00-де «Жастар алаңында» өтетін «Kaznucityfest» атты 1-курс студенттерін қалашыққа қабылдау салтанатына шақырамыз! Кеш барысында «Ақсүйек in the city» ойыны ойнатылады. Ойынның басты мақсаты – 1 курс студенттерін қалашықпен таныстыру. Ойынға ҚазҰУ жатақханаларының 13 командасы қатысады.

Ары қарай оқу >>

Темекінің зияны туралы интерактивті дәріс өтеді

03.10.2013

9 қазанында сағат 14:15-те география факультетінің 1 залында энергоэкология кафедрасы және жастар ұйымдары комитеті Ұлттық Коалициямен бірігіп «Темекі түтінінен тәуелсіз Қазақстан үшін» атты тақырыпта жастарды темекінің зиянын кең ауқымды түрде түсіндіру мақсатында дәрігер-психологтардың қатысуымен интерактивті дәріс өтеді.

Ары қарай оқу >>

Экономист студенттер назарына!

03.10.2013

«Елдің үздік жас экономисі» атағы үшін бақ сынағыңыз немесе кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігімен ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «Экономикалық зерттеулер инстистуты» АҚ-да тағылымдамадан өткіңіз, «Болашақ» Қауымдастығының ұсынымдық хатын, сондай-ақ дипломдар, бағалы сыйлықтар мен кәдесыйлар алғыңыз келе ме?

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде ел қауіпсіздігі тақырыптары талқыланды

03.10.2013

Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аясында «Шығыс жұлдызы» үйірмесі «Мемлекеттің ішкі-сыртқы қауіпсіздіктері: Сирия дағдарысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Студенттер «Медеу» мұзайдынының ашылу салтанатының дайындық жұмыстарына атсалысты

03.10.2013

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының 115 топ 1 курс студенттері және куратор-эдвайзер Айжан Құйкабаева «Медеу» мұзайдынының ашылу салтанатының дайындық жұмыстарына атсалысып, көмектесті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да экологиялық мәдениет мәселелері қаралады

02.10.2013

4-5 қазанда cағат 10:00-де (ректораттың ғылыми кеңес залы, 15 қабат) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығы қарсаңында және ТМД елдерінің экологиялық мәдениет Жылы «Экологиялық мәдениеттің және қоғамның тұрақты дамуының қазіргі кездегі мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.

Ары қарай оқу >>

Pages