Апталық дайджест 23-31 желтоқсан 2013 ж.

31.12.2013

  • Иордан Хошемидтік Корольдігі мен Қазақстан Республикасының арасындағы халықаралық қарым-қатынастардың 20-жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Иордания ЖОО-на, мәдени іс-шараларға қатысып қайтты
  • Абдул-Хамид Мархабаевтың 75 жылдық мерейтойы өтті
  • Жаңа жылда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2020 жылға дейін оқу орнының даму негізі болатын «Аl-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасы іске қосылады
  • Әзілхан Нұршайықовтың туғанына – 90 жыл (ҚазҰУ-дың 80 жылдығы қарсаңында)
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттердің жаңа жылдық құттықтаулары
  • Сессияның өту барысы туралы ақпарат
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Ғалым Мұтанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры: Серпінді жобаларымыз бен жоспарларымыз сәттілікпен жүзеге аса бергей!

31.12.2013

Құрметті әріптестер мен студенттер! Жаңа 2014 жыл құтты да табысты болсын!

Тарих қойнауына жылжып бара жатқан 2013 жыл ҚазҰУ ұжымы үшін табысқа толы болды. Ұжымдық мәдениеті қалыптасқан, кәсіби деңгейі жоғары ортаның бұл жылғы бағындырған белестері мен жетістіктері жоғары. Олардың ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың QS рейтингтік агенттігінің қорытындысы бойынша 299-орынға көтеріліп, «Топ-300» әлемнің ең үздік жоғары оқу орны қатарына ену арқылы халықаралық деңгейдегі өз мәртебесін арттыра түскенін ерекше атап өткім келеді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

25.12.2013

25 Желтоқсан 2013, 17:11
Жаңа жылда ҚазҰУ-да «Аl-Farabi university - smart city» ғылыми-инновациялық жобасы іске қосылады

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жылда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2020 жылға дейін оқу орнының даму негізі болатын «Аl-Farabi university - smart city» ғылыми-инновациялық жобасы іске қосылады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық каталогқа енді

24.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2013 жылы UNWTO.TedQual Certified: Higher Tourism Education Programmes каталогына енді. Каталогта білім беру бағдарламасы туристік білім беру сапасын сертификаттаудан өткен әлемнің 36 мемлекетінің 59 жоғарғы оқу орны туралы ақпараттар берілген.

Ары қарай оқу >>

«Ең үздік маман» конкурсы

24.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы жылдың соңында университеттің қосалқы қызметкерлері арасында «Ең үздік маман» конкурсын өткізді.Марапаттау бейресми түрде - 120 адамға арналған дастархан басында жиналып улкен іс шарамен өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 16-21 желтоқсан 2013 ж.

24.12.2013

  • «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013 байқауы өтті
  • Тақырып жалғасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалін өтті.
  • 2-7 желтоқсан 2013 жылы Нанси қаласында (Франция) өткен Қазақстан-Франция ғылыми симпозиумға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтановтың басшылығымен университет ғалымдары қатысып қайтты.
  • Иордан Хошемидтік Корольдігі мен Қазақстан Республикасының арасындағы халықаралық қарым-қатынастардың 20-жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Иордания ЖОО-на, мәдени іс-шараларға қатысып қайтты
  • Тақырып жалғасы «79» жылдықта 79 теңгеге түскі ас ұйымдастырылды
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 9-14 желтоқсан 2013 ж.

23.12.2013

  • 2-7 желтоқсан 2013 жылы Нанси қаласында (Франция) өткен Қазақстан-Франция ғылыми симпозиумға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтановтың басшылығымен университет ғалымдары қатысып қайтты.
  • ҚазҰУ-да ғылыми студенттік ұйымының отырысы өтті
  • 12-13 желтоқсанында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай «әбу насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді
  • «79» жылдықта 79 теңгеге түскі ас ұйымдастырылды
  • Тұңғыш Президент күніне орай өткен іс-шара
  • Тақырып жалғасы 6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар Орталығы республикалық ЖОО студенттерінің қатысуымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығы қарсаңында халқымыздың біртуар перзенті Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туылғанына 116 жыл толуына орай «Әлемнің Әуезові» атты республикалық шығармашылық сайыс өткізді.
  • «Қазақстандық білім қоғамы: даму жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жариялау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті
  • әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті
  • Жәкен Таймағамбетов – 60 жаста
  • Жалпы және этникалық психология кафедрасына – 25 жыл
  • Тәуелсіздік күніне орай шыққан жарияланымдар
  • Имиждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ студенттері туралы
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Оқытушылар мен жас ғалымдарға семинар өткізіледі

23.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы мен Құқықтану және кәсіпкерлік Институтының азаматтық құқық және процесс кафедрасының (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.) ұйымдастыруымен және з.ғ.д.,профессор Асхат Құзбағаровтың қатысуымен «Жеке құқықтық сипаттағы дауларды шешудің баламалы тәсілдері мен тараптарды бітістіру» атты тақырыпта семинар-тренинг өтеді. Семинарға оқытушылар мен жас ғалымдар шақырылады.

Ары қарай оқу >>

Бірінші Халықаралық Журналистика және Коммуникация қысқы мектебі семинар-тренинг өткізеді

20.12.2013

2014 жыл 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Коммуникация – бәріне: шығармашылық идеялар мен технологияларды басқару өнері» Бірінші Халықаралық Журналистика және Коммуникация Қысқы мектебі Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде өтеді.

Ары қарай оқу >>

Әзілхан Нұршайықов шығармашылығына арналған іс-шара ұйымдастырылды

19.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінде «100 кітап» жобасы аясында ҚР Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың 90 жылдығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған шаралар өтті.

Ары қарай оқу >>

Алматы-тәуелсіздіктің алтын бесігі

19.12.2013

Қазақ елі тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының ұжымы 17 студенттер үйінде өткізген кештің тақырыбы «Алматы - тәуелсіздіктің алтын бесігі» деп аталды.

Ары қарай оқу >>

Исламханов Қайыржан ҚР Спорт шебері нормативін орындады

19.12.2013

2013 жылдың 25-29 қарашасында Астанада таэквондодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті. Заң факультетінің 3 курс студенті Исламханов Қайыржан өзінің салмақ дәрежесінде 2 орынды иеленіп, алғашқы рет ҚР Спорт шебері нормативін орындады.

Ары қарай оқу >>

Білім беру жүйесін жақсарту жолдары қарастырылды

19.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі, менеджмент және маркетинг кафедрасы шетел PhD докторы, профессор Алмаз Толымбектің (Delta International University/Management Institute of Canada) қатысуымен «Жоғары білім беру аясындағы бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Ары қарай оқу >>

«Орталық Азия аймағының бәсекелесу қабілеті мен халықаралық сауда» тақырыбында семинар өтті

19.12.2013

Халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ бағдарламасы бойынша «Орталық Азия аймағының бәсекелесу қабілеті мен халықаралық сауда» атты тақырыпқа халықаралық семинар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

18.12.2013

15 Желтоқсан 2013, 11:05
ҚазҰУ-да ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті
1/3

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік мереке - ҚР Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті.

Бұл туралы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ары қарай оқу >>

Қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері

17.12.2013

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы, Чеслав Милош атындағы Славистика орталығы (Каунас қ., Литва), Тюмень мемлекеттік мұнайгаз университететімен бірлестікте жоғары оқу орындары арасында шығарылатын «Қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» жинағының үшінші номеріне мақалаларыңызды жариялауға шақырады.

Ары қарай оқу >>

«Декан Кубогы» бойынша турнир өтті

16.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығына және 16 желтоқсан – ҚР тәуелсіздік мерекесіне орай филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ұстаздары мен студенттері арасында спорттың бильярд түрінен «Декан Кубогы» бойынша турнир өтті.

Ары қарай оқу >>

VI Қабдолов оқулары

15.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді 2013 жылы 24 желтоқсанда өтетін «VI Қабдолов оқулары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына арналған конференция тақырыбы: «З.Қабдолов және Қазақ ұлттық университеті».

Ары қарай оқу >>

Қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері

15.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы, Чеслав Милош атындағы Славистика орталығы (Каунас қ., Литва), Тюмень мемлекеттік мұнайгаз университететімен бірлестікте жоғары оқу орындары арасында шығарылатын «Қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» жинағының үшінші номеріне мақалаларыңызды жариялауға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Роман Ромашов баяндамасы тыңдалды

14.12.2013

2013 жылдың 13 желтоқсанында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Конституциялық құқық теориясының өзекті мәселелері: конституционализм жүйесінің қалыптасуы – посткеңестіктен либертариалдыққа» тақырыбында Ғылыми семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Поэтикалық тәржіма кеші

12.12.2013

«Tarzhiman» жас аудармашылар ұйымында 4 курс, орыс тобы студенттерінің ұйымдастыруымен поэтикалық тәржіма кеші өтті. Кеш клубтың ғылыми жетекшісі, доцент Л.Ж.Мұсалының поэзияның сұлулығы мен тәржіма өнері жөніндегі әсерлі сөздерімен басталды.

Ары қарай оқу >>

Фемида клубы «Тәуелсіздік - тірегім» атты ашық сабаққа шақырады

12.12.2013

Құрметті оқытушылар мен студенттер!!! Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының "Фемида" клубы мен заң факультеті 302-топ студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тірегім» атты ашық сабаққа шақырады. Ашық сабақ 13 желтоқсан 2013 жылы заң факультетінің 410 аудиториясында, сағат 14.00- де өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығында республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

12.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы «Қазақстан мен Қытай қатынастарындағы Шыңжаңның рөлі» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркінде семинар-кеңес өткізілді

12.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркінде әлеуметтік даму жөніндегі проректор Ш.Е. Жаманбалаева мен барлық әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы факультет декандарының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарлары мен кафедра меңгерушілері қатысуымен ғылыми әзірлемелерді коммерциялау үрдісімен таныстыру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Дәрістер «Эволюциялық теңдеулер»

11.12.2013

Енгізу теоремалары мен функционалдық кеңістіктер, дифференциалдық және айырымдық теңдеулер бойынша белігілі ғалым профессор Демиденко Геннадий Владимирұлымеханика-математика факультетінде«Эволюциялық теңдеулер»атты арнайы курс бойынша дәрістер оқиды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Иордания ЖОО-лары арасында әріптестік меморандумына қол қойылды

11.12.2013

Ректор, академик Ғ. Мұтанов бастаған ҚазҰУ делегациясы Қазақстан мен Иордания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20-жылдық мерейтойына орайластырылған шаралар аясында Иордан Хашимит Корольдігіне сапар шекті.

Ары қарай оқу >>

Доңгук университетінің профессоры Ik Ki Kim дәріс оқыды

10.12.2013

Шығыстану факультетінде «Жаңа ұрпақ» деген Син сиде үйірмесінің жұмыс барысында (үйірменің ғылыми жетекшісі т.ғ.к. Ем Н.Б.) «The rise and fall of the Korean wave» (Корей толқының самғауы мен құлау) атты арнайы дәріс өтті.

Ары қарай оқу >>

«Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

10.12.2013

12-13 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде Ашық есік күні өтті

10.12.2013

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының білім беруші ұстаздар талапкерлерді тартуда белсенді жұмыс жасап жатыр. 2013-2014 оқу жылындағы маңызды міндеттердің бірі – кафедра студенттерінің контингентін қалыптастыру.

Ары қарай оқу >>

Экономикалық сұрақтарды реттеу мәселелері қарастырылды

10.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Кедендік Одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі экономикалық сұрақтарды реттеу: тәжірибелер және мәселелер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру

10.12.2013

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

11.12.13 ж. Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде сағат 15:00-де 312-аудиторияда

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шараға шақырамыз.

Ұйымдастырушылар: Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Ж.Ж. Күзембекова, А.М. Досанова, Г. А. Борибаева және ҚФ 2 курс студенттері

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркі CRDFGlobal «Технологияларды коммерцияландыру орталығынан» келген қонақтарды қарсы алды

10.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркіне CRDFGlobal «Технологияларды коммерцияландыру орталығының» бас директоры Дамир Алтынбекович Егизбаев, Техас университетінің басты сарапшысы Эрик Азулэй және М.В.Ломоносов атындағы ММУ коммерциализация кеңсесінің жетекшісі, жекеменшік жөніндегі сарапшы Олег Дьяченко, сонымен қатар Орта Азиялық аймақтың CRDFGlobal коммерцилизация кеңсесінің жетекшісі Евгений Красовский және Алматы қаласының коммерцилизация кеңсесінің бас менеджері Роза Бульдекбаева іс-қызметімен келді.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде Қарағанды облысының бітіруші сынып оқушыларына арналған виртуалды сабақ өткізілді

10.12.2013

Журналистика факультетінде Қарағанды облысының бітіруші сынып оқушыларына арналған виртуалды сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – журналистика факультеті және «Қоғаммен байланыс» (PR) мамандығымен таныстыру болды. Онлайн кездесуге sabak.kz жүйесі бойынша № 61 мектептің оқушылары қосылды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 2-7 желтоқсан 2013 ж.

09.12.2013

  • Тақырып жалғасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалін өткізді.
  • Тұңғыш Президент күніне орай жарияланған материалдар
  • 6 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар Орталығы республикалық ЖОО студенттерінің қатысуымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығы қарсаңында халқымыздың біртуар перзенті Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туылғанына 116 жыл толуына орай «Әлемнің Әуезові» атты республикалық шығармашылық сайыс өткізеді.
  • ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбековтың лидерлік дәрісі өтті
  • Тұңғыш Президент күніне арналған заң факультетінде халықаралық конференция өтті
  • Тақырып жалғасы «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013 байқауы өтті
  • Тарих факультетінде Хасан Қожа-Ахметтің кітабының тұсаукесері өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдарының жарияланымдар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да тұрақты даму бойынша Ортаазиялық аймақтық хаб құрылатын болады

09.12.2013

2013 жылдың 2-7 желтоқсаны Нанси қаласында (Франция) өткен Қазақстан-француздық ғылыми симпозиумға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары қатысып қайтты. Симпозиум аясында ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтановтың ЮНЕСКО-ның білім беру саласы бойынша бас директорының орынбасары Цянь Танмен және ЮНЕСКО-ның тұрақты даму білім беру бөлімінің бастығы Александр Ляйхтпен кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Францияда өткен Қазақстан-Франция ғылыми симпозиумына ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановтың басшылығымен университет ғалымдары қатысты

09.12.2013

2-7 желтоқсан 2013 жылы Нанси қаласында (Франция) өткен Қазақстан-Франция ғылыми симпозиумға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтановтың басшылығымен университет ғалымдары қатысып қайтты.

Ары қарай оқу >>

“Қазіргі мемлекет пен құқықтың даму тенденциялары (теория және тәжірибе мәселелері): ұлттық және шетелдік тәжірибе” атты конференция өтеді

09.12.2013

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы 11 желтоқсан күні сағат 10.00-де 410 аудиторияда магистранттар мен докторанттар үшін “Қазіргі мемлекет пен құқықтың даму тенденциялары (теория және тәжірибе мәселелері): ұлттық және шетелдік тәжірибе” тақырыбында халықаралық ғылыми-теоретикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік мерекесіне орай «Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» атты мерекелік іс-шара өткізілді

09.12.2013

Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2 курс мәдениеттану мамандығының магистранттары мен «Мәдениет KZ» клубының ұйымдастырумен 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған дзюдодан кездесу өтті

09.12.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80- жылдығына арналған дзюдодан кездесу өтті. Матчтық кездесудің мақсаты дзюдо күресін жастарға дәріптеу, спорттық колледждерде оқитын жастарды кәсіптік бейімдеу мақсатында ұйымдастырылды ДЮСШ, жарысқа 6 құрама ұжымнан 48 спортшылар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «16 желтоқсан 1991 жылғы ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуындағы орны мен рөлі» тақырыбында Қазақстанның ЖОО профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен дөңгел үстел өтеді

09.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы 2013 жылдың 13 желтоқсанында сағат 11.00-де 410 аудиториясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «16 желтоқсан 1991 жылғы ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуындағы орны мен рөлі» тақырыбында Қазақстанның Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен дөңгел үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Құрметті ұстаздар, бакалавр, магистратура және PhD докторантура студенттері!

09.12.2013

Сіздерді 2013 жылдың 9 – 21 желтоқсан аралығында өтетін «17-18 ғғ. философия тарихы» атты Огайо Университетінің (АҚШ) PhD докторы, профессоры Джеймс Петриктің лекцияларына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

06.12.2013

Өнер және мәдениет қайраткері, профессор Пернебек Момынұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «әл-Фараби мұрасы – сарқылмайтын қазына» атты қатысуымен өтетін кездесуімізге шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ-ым –темірқазығым» атты жыр мүшайрасының жеңімпаздары анықталды

06.12.2013

5 желтоқсанда ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «ҚазҰУ-ым –темірқазығым» атты жыр мүшайрасы өтті. Байқауға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студент, магистрант ақындары қатысып, бақ сынасты.

Ары қарай оқу >>

«Кітап әлеміне саяхат» атты танымдық кешке келіңіздер

06.12.2013

Ертең ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған Философия және саясаттану факультетінің 1 курс студенттері үшін өтетін «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Кітап әлеміне саяхат» атты танымдық кешке шақырамыз. Келемін деушілерге есігіміз ашық!

Ары қарай оқу >>

«Мағжан және рухани экология» атты студенттер арасындағы ғылыми конференция өтеді

06.12.2013

2013 жылдың 7 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ филологиясы кафедрасында құрылған «Лингвистикалық болжау орталығы» атты тіл үйірмесі М.Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай арнайы ұйымдастырылған «Мағжан және рухани экология» атты Алматы қаласындағы ЖОО-ның студенттер арасындағы ғылыми конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да профессор Шәрбан Нұрғожинаның 60 жылдық мерейтойына арналған ғылыми семинар өткізіледі

06.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде 2013 жылы 13 желтоқсан күні филология ғылымдарының докторы, профессор Шәрбан Ысқаққызы Нұрғожинаның 60 жылдық мерейтойына арналған «Бизнес, экономика, журналистика және коммуникация өнерін игеру технологиялары» атты жас ғалымдарға арналған ғылыми семинар өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Республикалық «Дружные ребята» газетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

06.12.2013

5 желтоқсанда баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен қалалық №2 Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын орта мектеп интернаты, №166 қазақ-түрік лицейі, №176, №123, №141, №32, №116, №166, №91, №140, №105, №109, №130, №86, №112, №119, №62, №140, №86, №12 мектеп-гимназяиларынан 160-қа жуық жоғары сынып оқушылары қатысуымен «Журфак – дарындыларды даралайтын мекен» атауымен ашық есік күні өтті.

Ары қарай оқу >>

Шетелдік студентер арасында "Денсаулық" атты шахматтан турнир өтті

05.12.2013

2013 жылдың 30 қараша күні ЖОО дейінгі дайындық факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Денсаулық" спорт-сауықтыру клубының жетекшілері доцент Г.Ә. Машинбаева мен аға оқытушы С.Р. Нұртілеуованың ұйымдастыруымен №14 жатақханада шетелдік студенттер арасында шахмат турнирі болып өтті. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күні құрметіне ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 20 студент қатысты. Студенттер жатақханасында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты студенттердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрі студенттердің бір-бірімен достық, таныстық қарым-қатынастарын нығайту.

Ары қарай оқу >>

"Түркі жазуы мейрамы"

05.12.2013

Университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған дәстүрлі жыл сайынғы "Түркі жазуы мейрамына" биыл 21 жыл болыпты. Қос қуанышты бірге атаған аталмыш мейрам өз деңгейінде өтті.

"Түркі жазуы мейрамы" "Түркі әлемі" клубының аясында өткізілді. Факультетіміздің 1 курс студенттері бұл мейрамды жандандыра түсті деуге болады. Қазылар алқасы құрамына өзге де университеттерден қонақтар келді.

Клуб жетекшілері: Бектемірова С.Б., Досанова А.М.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ докторанты Сағи Оразбаев жеңімпаз атанды

05.12.2013

3-4 желтоқсанда Алматы қаласында I Инвестициялық Форум негізінде өткен IV Инновациялық Конвентте жас ғалымдардың ең үздік инновациялық жобалары алты номинация бойынша тартысқа түсті: «Ең үздік әлеуметтік жоба», «Ең үздік мультимедиялық жоба», «Инновациялық Start Up», «Қоғам қызметіндегі инновация», «Қаланың инновациялық дамуы», «Альтернативті қуат көздері саласындағы инновациялар».

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» жобасы аясында ҚР жазушысы Ә.Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай шаралар өткізіледі

05.12.2013

ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығы қарсаңында «100 кітап» жобасы аясында ҚР халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай келесі шараларды өткізеді:

Ары қарай оқу >>

Астанада өткен «Жасыл экономика арқылы тұрақты дамуға көшу» конференциясына ҚазҰУ ғалымдары қатысты

04.12.2013

Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің энергоэкология кафедрасы 2013 ж. желтоқсан айының 3-жұлдызында, Астана қаласында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен ұйымдастырылған «Жасыл экономика арқылы тұрақты дамуға көшу» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың географ студенттері панфиловшылардың ерлігі туралы жарық көрген кітаппен танысты

04.12.2013

Ұлы Отан соғысына 70- жыл толуына байланысты профессор, тарих ғылымының докторы Ахметова Ляйля Сейсенбекқызымен университеттің география және табиғатты пайдалану факультетінің «Геодезия және картография» мамандығының 1 курс студенттерімен «Панфиловшылардың Ұлы ерлігі» атты кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

"Роман-герман тілдері" клубының университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Роман-герман тілдеі" атты дәстүрлі мерекесі өтті.

04.12.2013

04.12.2013 ж. сағат 16-00-де 302-аудиторияда "Роман-герман тілдері" клубының университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Роман-герман тілдеі" атты дәстүрлі мерекесі өтті.

Клуб жетекшілері: Қарағойшиева Д.А., Күзембекова Ж.Ж.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың №16 Студенттер үйінде мәдени-тәрбиелік кездесу өткізілді

04.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебіндегі «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ұйымдастыруымен №16 Студенттер үйінде «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт мақтанышы» атты мәдени-тәрбиелік кездесу өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

04.12.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы және Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен 2013 жылы 11 желтоқсанда «Қазақстандық білім қоғамы дамуы жолындағы материалдық емес құндылықтарды зерттеу, сақтау және жарияланымдау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

"Біз" студенттер театры "Әпке" қойылымын сахналайды

04.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті Студенттер клубының «БІЗ» студенттер театры 2013 жылдың 6 желтоқсанында сағат 18.00-де Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Әпке» қойылымын сахналайды. Қоюшы режиссері – «БІЗ» студенттер театрының режиссері Нұрхан Кәдірбаев, композиторы Лұқпан Жолдасов.

Ары қарай оқу >>

Дәрістер «Спектр и формулы следов возмущений модельных двумерных операторов квантовой механики»

03.12.2013

Функционалдық талдау бойынша белгілі ғалым Башқұрстан Республикасының ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Фазуллин З.Ю.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ҚР Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбековпен кездесу өткізіледі

03.12.2013

2013 жылы 4 желтоқсан сағат 15:00 заң факультетінің 410 аудиториясында ҚазҰУ азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы, «Студент-кәсіпкерлердің бизнес ұйымы» РҚҰ, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер Ассоциациясы қолдауымен ҚР Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбековпен «Көшбасшылық дәрістер» аясында «Студент жастардың кәсіпкерлік ынтасын және дағдыларын жетілдіру мәселелері мен дамуының алғышарттары» атты тақырыпта пікірталас өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде Ашық есік күні өтеді

03.12.2013

2013 жылдың 5 желтоқсанында c. 14.00-де журналистика факульетінде (№230 Т. Қожакеев атындағы акт залы) баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен университеттік «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында ғылыми-танымдық мультимедиялық www.youngreporter.kz порталының, сондай-ақ осы платформада жүзеге асатын «Вируталды мектептің» таныстырылымы өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Президент және жастар» атты танымдық-тәрбиелік кеш өтті

03.12.2013

Егеменді Қазақстанның қалыптасуы жолындағы ізгі істердің барлығы елбасы есімімен байланысты екені даусыз. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Міне, осы мереке қарсаңында Экономика және бизнес жоғары мектебінде э.ғ.д., профессор, академик Ө.Қ.Шеденовтың ұйымдастыруымен «Президент және жастар» атты танымдық-тәрбиелік кеш өтті.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

03.12.2013

Философия және саясаттану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылар!

Сіздерді университеттің 80 жылдығы және Тәуелсіздік күніне арналған 6 қарашада болатын «Мен елімнің патриоттымын» атты кафедрааралық байқауға шақырамыз. Байқау төмендегідей бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

Бостандық ауданы ІІБ ТБ аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Еділхан Байғараевпен кездесу өтті

03.12.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің Дипломатия аударма кафедрасы аға оқытушылардың Хурмет Арай және Дуйсеева Ләйланың ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы алматы қаласы, Бостандық ауданы ІІБ ТБ аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Еділхан Байғараевпен кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 25-30 қараша 2013 ж.

03.12.2013

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалін өткізеді.
  • 29 ноября т.г. пройдет «круглый стол» на тему «Учебная и гражданская (социальная) адаптация представителей казахской диаспоры на подготовительных отделениях вузов РК». Инициаторы - Всемирная ассоциация казахов и КазНУ им.аль-Фараби
  • «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013 байқауы өтті
  • Францияда оқып, тәжірибеден өткен ҚР ЖОО түлектеріне арналған бос орын жәрмеңкесі өтті
  • ҚазҰУ-да Жүніс Ерлан Тосбайұлының кітабының тұсаукесері өтті
  • Тақырып жалғасы Бауыржан Жақыппен кездесу өтті
  • Журналистиканың өзекті мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті
  • Тақырып жалғасы Журналистика факультетінде профессорлар В.К. Григорьев пен Л.С. Ахметованың «Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні» атты кітабының тұсаукесері болды.
  • Химия және химиялық технология факультетінде «Махаббаттың жеті кереметі» атты әдеби кеш өтті
  • ЖОО дейінгі білім беру факультетінде ашық есік күні өтті
  • «Ай-ару» рухани-танымдық студент қыздары Орталығының ұйымдастыруымен «Әуезов әлемі» атты республикалық шығармашылық сайысқа шақырады
  • Имидждік жарияланымдар
  • «Болашақ» бағдарламсы бойынша білім алған ұстаздар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Жастар «Айналаңды нұрландыр» жобасын жалғастыруда

03.12.2013

Жаратылыстану факультеттеріне арналған шет тілдер кафедрасының оқытушылары физика-техникалық факультетінің стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенттеріне «Айналаңды нұрландыр!» жобасының жалғасуы үшін өз үлесіңді қос» - деген ұранмен дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

Студенттік Ғылыми Қоғам мүшелері балалар үйінде болды

03.12.2013

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының Студенттік Ғылыми Қоғамының кезекті сапар мәжілісінде з.ғ.к. доцент Усеинова К.Р. з.ғ.д, профессор Баймаханова Д.М., з.ғ.д, профессор Усеинова Г.Р., з.ғ.к. Оспанова Д.А. оқытушыларының қолдауымен №2 балалар үйінде “Менің құқығым және міндеттерім” атты іс-шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ЖОО студенттері арасында жарыс өтті

03.12.2013

2013 жылдың 28 қарашаcында физика-техникалық факультетінде жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековке арналған жоғары оқу орындарының 1-ші курс студенттері арасында физика пәні бойынша қалалық олимпиада және спорт кешенінің шахмат клубында шахматтан турнир өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

03.12.2013

4 желтоқсанда (сағат 16:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай өтетін «Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» атты мерекелік іс-шараға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Студенттер Жапониядан келген Toyota бірлестігінің жетекшілерімен кездесті

03.12.2013

Жапонтану және корейтану кафедрасының студенттері Toyota бірлестігінің Жапониядан келген және осындағы топ жетекшілерімен кездесті. Кездесу кешінің мақсаты жастардың Жапонияға деген көзқарастарын білу, жапон технологиясына қызығушылығын тану мен жаңа технологияны дамытудағы жастардың идеяларын тыңдауға бағытталды.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

03.12.2013

ОБЪЯВЛЕНИЕ

Уважаемые студенты, магистранты, докторанты, преподаватели!

Кафедра общего языкознания и иностранной филологии факультета филологии, литературоведения и мировых языков проводит учебно-методический семинар «Методическое обеспечение реализации кредитной системы обучения в вузе».

бь

Дата:3 декабря 2013 г. в 11.00. сразу после заседании кафедры

Место:аудитория 322 им. д.ф.н., проф. А.С. Аманжолова

Модераторы: проф. кафедры Ибраева Ж.К., старший преп. PhD, Досанова А.М., старший преп. Рыскелдиева Д.Б.

Для тех кто участвовал будет вручен сертификат.

Ары қарай оқу >>

Pages