«Студенттік көктем» атты дәстүрлі студенттік байқауының қорытындысы анықталды

30.03.2013

Білім мен қоса өнерді де қатар алып жүретін ҚазҰУ білімді, өнерлі жастар мекеніне айналған. Оған көктеммен бірге келетін, көктемнің жаршысындай болған «Студенттік көктем» атты дәстүрлі студенттік байқауын айтуға болады.

Ары қарай оқу >>

Экология мәселелері ҒЗИ-да су ресурстарын тиімді қолдану және қорғау білімдерін насихаттауға арналған дөңгелек стол өтті

29.03.2013

Экология мәселелері ҒЗИ-да су ресурстарын тиімді қолдану және қорғау білімдерін насихаттауға арналған дөңгелек стол ұйымдастырылды. Оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, БАҚ, экологиялық қоғам және ҚР қоршаған ортаны қорғау Министрлігі өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Студенттер арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша олимпиада өтті

28.03.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 28 наурыз күні еліміздегі жоғары оқу орындары арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің Start up компаниясы «YouthTravel» көктемгі экскурсияға шақырады

28.03.2013

Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларын көктемгі экскурсияларға шақырады. 31 наурыз – Шарын шатқалына экскурсия, 7 сәуір – Тамғалы (тасқа жазылған жазулар), Шарын шатқалы, Үлкен Алматы көлі, 14 сәуір – Әнші құмға экскурсия, Есік көлі, 21 сәуір – Түркістан қаласына тур.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан –Азия барысы» мәдени-танымдық саяхат сабағы өтті

28.03.2013

Қазақ халқының тарихы мен дәстүрлі мәдениетімен таныстыру мақсатында ауғанстандық тыңдаушыларды Орталық мұражайға барды. Мұражайда «Алтын адам» ескерткіші және тағы да басқа ұлттық тарихи құндылықтарымызбен терең танысты. Мұражай қызметкері көне жәдігердің еліміздің тарихында алатын орнына және оның ерекшелігі мен маңызына кеңінен тоқталып өтті. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдары мен қазіргі замандағы батырлары мен еңбек ерлерінің өмірінен және қайраткерлік жолынан мағлұмат алды.

Ары қарай оқу >>

Психологиядан Республикалық олимпиада

28.03.2013

28.03.2013 ж. кафедрада психологиядан Республикалық олимпиада өтті. Барлық конкурстың нәтижесі бойынша 1 және 2 орынға Қазақ Ұлттық университетінің жалпы және этникалық психология кафедрасының студенттері Фольмер Алина және Шадыманова Жәмиля ие болды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Студенттік көктем-2013» байқауының гала-концерті өтеді

28.03.2013

ҚазҰУ-дің Студенттер сарайында 2013 жылдың 29 наурыз күні сағат 17:00-де жыл сайын өнерлі жастарды қолдау мақсатында өтетін «Студенттік көктем-2013» көркемөнерпаздар байқауының марапаттау рәсімі мен гала-концерті өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Бәсекелестік туралы» біріңғай экономикалық кеңістіктегі заң жобасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияcы өз жұмысын бастады

28.03.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов пен Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен «Бәсекелестік туралы» біріңғай экономикалық кеңістіктегі заң жобасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияcы өтті.

Ары қарай оқу >>

Тәрбие жұмысын жақсартуға арналған семинар өтті

27.03.2013

2013 жылғы 20 наурызда Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы тәрбие жұмысы бойынша орталықтардың қызметін дамыту мен жетілдіру мәселелері» атты тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызмет орталықтарының басшыларына арналған семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Алматы технологиялық университетіне (профориентациялық) кәсіптік бейімделу жұмысы бойынша іс-шарасы өткізілді. Жауапты оқытушылар: Сүлейменова С.С. және Мажиқызы Нұрлыхан.

27.03.2013

Алматы технологиялық университетіне (профориентациялық) кәсіптік бейімделу жұмысы бойынша іс-шарасы өткізілді. Жауапты оқытушылар: Сүлейменова С.С. және Мажиқызы Нұрлыхан.

Ары қарай оқу >>

Студенттер интеллектуалды олимпиада бақ сынайды

27.03.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрама командасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры ұйымдастырған «Инттелектуалдық олимпиадалар IQ-games» тележобасының жартылай финалына шығып, ақтық ойынға жолдама алу үшін бақ сынасады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің құрама командасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры ұйымдастырған «Инттелектуалдық олимпиадалар IQ-games» тележобасының жартылай финалына шығып, ақтық ойынға шығу үшін жолдамаға таласады.

27.03.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің құрама командасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры ұйымдастырған «Инттелектуалдық олимпиадалар IQ-games» тележобасының жартылай финалына шығып, ақтық ойынға шығу үшін жолдамаға таласады.

Биыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің намысын қорғайтын команданың мүшелері ересектер мен студенттер арасындағы қалалық және республикалық интеллектуалдық ойындарының жеңімпаздары Серікұлы Алмас (3 курс, заң факультеті), Шегір Ерден (3 курс, Механика-математика факультеті), Буханов Айдар (3 курс, Физика-техникалық факультеті) және Умаров Кадырбай (3 курс, Философия және саясаттану факультеті).

Биылғы жылы бұл тележобаға Қазақстанның 16 үздік университеттері қатысқан (Назарбаев Университет, ҚБТУ, КИМЭП, СДУ және т.б.). Ал IQ-games ҚазҰУ тобының ресми қолдаушысы - Мансап және бизнес орталығы.

Мансап және бизнес орталығы

Ары қарай оқу >>

"100 кітәп" байқауы

26.03.2013

Наурыздың 26 жұлдызында шығыстану факультетінің арабтану және ирантану кафедрасында «ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» ат­ты жобаның аясында қызықты кездесу өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Бір факультет – бір кітап» байқауы жарияланды

26.03.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті 26 наурыз және 25 сәуір аралығында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында жалпыуниверситеттік «Бір факультет – бір кітап» байқауын жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

26.03.2013

27 наурызда «Мәдениеттану» мамандығы бойынша «Қазақстан 2050. Мәдениет, дәстүр, даралық» атты республикалық студенттік олимпиада өтеді. Келемін деушілерге есік ашық!

Ары қарай оқу >>

Қазақ радиосы. Жаңалықтар

26.03.2013

Мереке
Студенттер Наурыз мейрамын тойлауды
Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жастар алаңында Ұлыстың ұлы мерекесі - Наурыз мейрамын тойлап жатыр. Университеттің әкімшілік департаменті, Студенттер қалашығы, Жоғарғы студенттер кеңесі, жатақханалар мен оқу корпустарының ұйымдастыруымен өткен мереке барша жиналған жұртты үлкен дайындығымен, тамаша концерттік қойылымдарымен қуантты.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

26.03.2013

21 Наурыз 2013, 16:49
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Наурыз мейрамын бір ай бойы тойламақ

АЛМАТЫ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жастар алаңында басталған Ұлыстың Ұлы мерекесі Наурыз мейрамын бір ай бойы тойламақ.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 18.03.2013-23.03.2013

26.03.2013

  • Тақырып жалғасы Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Білім және кәсіби бейімделу – бүгінгі оқу жүйесінің басты бағыты» тақырыбындағы кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Заң факультетінің студенттері Алматы қаласындағы Ғылыми-зерттеу институты жанындағы онкология мен радиология клиникасының кішкентай емделушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады
  • Жастар Жолдауды талқылауда
  • ҚазҰУ-дың Студентер қалашығы Жастар алаңында Наурыз тойланды
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнауына 20 жыл толуына байланысты «Өркениеттер тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

"Қытайтану апталығына" шақырамыз!

25.03.2013

2013 жылдың 26-29 наурыз аралығында шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен "Қытайтану апталығы" өтеді. Апталық аясында өтетін іс-шараларға қатысамын деушілерге есік ашық!

Ары қарай оқу >>

Құрметті оқытушылар, PhD-докторанттар, магистранттар, студенттер!

24.03.2013

2013 жылғы 25 наурыз – 16 мамыр аралығында сағат 9.25-тен – 13.20-ға дейін филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде (323 ауд.) Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры (Ресей) Сергей Акимович Кибальник «Интертекстуалдық компаративистика және әдеби мәтінге түсінік беру» тақырыбы бойынша дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

Университетте Наурыз мейрамы тойланды

21.03.2013

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жастар алаңында Ұлыстың Ұлы мерекесі Наурыз мейрамын тойлау басталды. Университеттің әкімшілік департаменті, Студенттер қалашығы, Жоғарғы студенттер кеңесі, жатақханалар мен оқу корпустарының ұйымдастыруымен өткен мереке барша жиналған жұртты үлкен дайындығымен, тамаша концерттік қойылымдарымен қуантты.

Ары қарай оқу >>

Саясаттану бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының жыл сайынғы республикалық конкурсы

21.03.2013

Конкурстың II кезеңіне қатысу үшін саясаттану бойынша студенттердің ғылыми жұмысын ұсыну кезінде жоғарғы оқу мекемесі конкурстың бөліміне сәйкес келесі құжаттарды базалық ЖОО-ға жібереді:

1) ғылыми жұмыс;

2) ғылыми жұмыстың аннотациясы;

3) өз бетімен орындалған жұмыстың деңгейі туралы ғылыми жетекшінің пікірі;

4) автор және ғылыми жетекші туралы мәлімет;

5) конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хаты немесе жұмысты конкурсқа ұсыну туралы ЖОО Ғылыми кеңесінің хаттамасымен рәсімделген шешімі.

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхананы ең жақсы кітапхана жасаймыз!» деген университеттік акция 5 сәуірге дейін созылады

20.03.2013

Құрметті әріптестер, қымбатты достар және барлық ықлас білдірушілер!

«Әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхананы ең жақсы кітапхана жасаймыз!» деген университеттік акция 5 сәуірге дейін созылады.

Ары қарай оқу >>

Экономикалық мамандықтар бойынша олимпиада өтеді

20.03.2013

29 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен «Инновациялық идеядан жүзеге асыруға...» атты «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары арасында V Республикалық студенттік олимпиада өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

"Заң" республикалық күнделікті газет

20.03.2013

Біз оқуға тиіс 100 кітап

Соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы ақпарат алмасуды жеңіл көретін жастардың кітап оқуды міндет санамайтынын жиі байқаймыз. Содан болар, әлемдік классика, отандық ақын-жазушылар тудырған құнды дүниелері кітапхана сөрелерінде шаң басып тұр.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

20.03.2013

Шетелге жол ашық

«Ғылым-теңіз, білім-қайық» деп атадан қалған асыл сөзде айтылғандай, заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім және ғылыммен бағала­на­тына бәріміз куә боп отырмыз. Кісінің кісілігі білегімен емес, білімімен бағаланатын заманда инновацияға негізделген индустриализацияны адал еңбекпен және терең біліммен ұштастырған жан ғана табысқа жете алатыны аян.

Ары қарай оқу >>

Университет студенттері кішкентай емделушілерді Наурыз мерекесімен құттықтады

19.03.2013

Заң факультетінің студенттері Алматы қаласындағы Ғылыми Зерттеу Институты жанындағы онкология мен радиология клиникасының кішкентай емделушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Ары қарай оқу >>

Студенттер арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша олимпиада өтеді

19.03.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 28 наурыз күндері еліміздегі жоғары оқу орындары арасында «Шығыстану» мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 11.03.2013-16.03.2013

19.03.2013

  • «Өнегелі өмір» сериясымен К.Сағадиев кітабының тұсаукесері өтті
  • «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»
  • Хоккайдо ядерлы реакция университеті мәліметтер қорынынң жетекшісі М. Аикова ҚазҰУ-да қонақта болды
  • ЖОО түлектерінің жұмыспен қамту жұмысы
  • ҚазҰУ-да Еуроодақпен Орталық Азия елдері арасындағы қарым қатынас дөңгелек үстел барысында талқыланды
  • «Жалпы Еңбек Қоғамы: кәсіподақ қозғалысы және әлеуметтік заңнама модернизациясының тәжірибиесі және болашағы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция өтті
  • ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнауына 20 жыл толуына байланысты «Өркениеттер тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Білім және кәсіби бейімделу – бүгінгі оқу жүйесінің басты бағыты» тақырыбындағы кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді
  • Жолдауға пікір
  • Болашақ бағдарламасы бойынша жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары жайлы жарияланымдар
  • ҚазҰУ студенті жайлы
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері сенбілік өткізді

19.03.2013

2013 жылдың 16 наурыз күні халықаралық қатынастар факультетінде сенбілік өткізілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен құрылған «Айналаңды нұрландыр!» жобасы құрылып, жүзеге асуда. Университет басшысының айтуы бойынша, бұл жобаның негізгі мақсаты: «Әлеуметтік жаңғыру әр адамнан басталады. Әр адам қоғам үшін не істей алады... Ендеше жастардың адами қасиеттерінің деңгейін арттыру, қоғамның үлгісін қалыптастыру, ұлттық сананы дамыту сияқты міндеттерді жүзеге асыруда бұл жоба маңызды рөл атқарады».

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Өнегелі Өмір» атты сериясынан «Ольга Альфредовна Сонгинаның» кітабының презентация өтеді

19.03.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультеті 20 наурызда 1100-де О.А. Сонгина атындағы 415 аудиторияда «Өнегелі Өмір» атты сериясынан «Ольга Альфредовна Сонгинаның» кітабының презентация өтеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттер ҚазҰУ жастардың экосанасын дамыту жолдарын ұсынды

19.03.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЕҰУ-дың Болон үдерісі бойынша студенттік бюросы, КазЭУФМТ және Алматы қаласы университеттерінің Жастар ұйымдарымен жұмыс комитетінің өкілдері бас қосқан «Жастардың экосанасын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетінің кураторлары жаңа жоспарлармен таныстырды

19.03.2013

Механика-математика факультетінде куратор-эдвайзерлердің есеп беру жиыны өтті. Жиналысқа факультет деканы Д.Ж.Ахмед-Заки, оның орынбасарлары Ғ.Сералин мен А.Хикметов, университеттің тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы Т.Б.Әбішев, факультеттің аға-кураторы С.Ө.Даулетова қатысты.

Ары қарай оқу >>

Студенттік «YouthTravel» start-up компаниясы «Шарын шатқалына» саяхат ұйымдастырды

18.03.2013

Көктемнің алғашқы мерекесі Наурыз мейрамына орай көктемгі табиғат аясын тамашалау мақсатымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бірінші студенттік «YouthTravel» start-up компаниясы қызылт аңғарлар әлемі саналатын «Шарын шатқалына» үлкен тур өткізді. Оған университетімізден студенттер мен оқытушылар және де өзге де Алматы қаласындағы ЖОО-ның студенттері келіп, Шарында уақыттарын көңілді өткізді.

Ары қарай оқу >>

География және табиғатты пайдалану факультетінде кәсіби стандарт бойынша ЖОО аралық семинар-мәжілісі өтеді

18.03.2013

2013 жылы 19 наурыз күні кәсіби білім сапасын жоғарлату және оқу үрдісіндегі тәжірибе үлесін көбейту жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасын іске асыруда, туризм бойынша білім бағдарламасын іске асыратын Алматы қаласы жетекші университеттер мен колледждер декандары және кафедра меңгерушілері үшін география және табиғатты пайдалану факультетінде семинар-мәжіліс өтеді. Ісшара Казақстан туристік ассоциациясы, Экотуризмнің ақпарттар ресурс орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Ары қарай оқу >>

Студенттер ана мен бала құқығын кеңінен талқылады

16.03.2013

2013 жылдың 14 наурызында халықаралық қатынастар факультетінде халықаралық құқық 32 тобының студенттері мен топ эдвайзері Г. Тілеужанованың ұйымдастыруымен «Ана мен бала құқығы» атты ашық эдвайзер сағаты өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тілін оқытуда тиімді әдістерді қолдануға арналған семинар өтті

16.03.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Біліктілікті арттыру институты мен мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен жақында «Мемлекеттік тілді оқытудағы инновация: жаңа үрдістер және модульдік технология» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға Республиканың барлық ЖОО-ның оқытушылары мен ғалымдары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Айман Бекетова «Жас куратор-эдвайзерлер» байқауының жеңімпазы

16.03.2013

Механика-математика факультетінде информатика кафедрасы мен мехматтың студенттер маслихатының ұйымдастыруымен жас куратор-эдвайзерлер байқауы өтті. Сайыс «Таныстыру», «Өнер (көрініс)», «Сұрақ-жауап», «Шешендік өнер» атты қадамдармен өрбіді.

Ары қарай оқу >>

Әріптестік байланыстар артуда

15.03.2013

15 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнауына 20 жыл толуына орай «Өркениеттер тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіздік таңындағы жаңа тұлғалар» атты жобаның алғашқы қонақтарымен кездесу өтті

15.03.2013

Университетімізде студент жастарды жігерлілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелейтін «Тәуелсіздік таңындағы жаңа тұлғалар » атты жаңа жоба бастау алды. Жас та болса халқымыздың бүгіні мен ертеңіне елеулі үлес қосып, қоғамда айырықша орын алып үлгерген аға буынмен пікір алмасу барысында студенттердің санасы өмірлік ұстаным мен зор рухани қазынаға толықпақ. Игі шараның алғашқы қонақтары – көпшілікке танымал ақын, жүргізуші Ринат Зайытов пен тындарман қауымға ерекше жақын Ғаділбек Жанай.

Ары қарай оқу >>

"Өркениет тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет" атты Халықаралық Қазақстан-Жапон мемлекеттерінің ғылыми конференциясы өз бастауын алды.

15.03.2013

15 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-даШығыстану факультетінде Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнауына 20 жыл толуына орай «Өркениеттер тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚР БжҒМ-нің Республикалық Пәндік Олимпиадасы - 2013

14.03.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР БҒМ жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі Департаменттің бұйрығына сәйкес "Философия", "Әлеуметтану", "Психология", "Саясаттану", "Мәдениеттану" мамандығы бойынша жоғары оқу орындарындағы студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиадасы өтетіні туралы хабарлайды.

Ары қарай оқу >>

Наурыз – жыл басы

14.03.2013

13 наурыз күні заң факультетінің ұйымдастыруымен №18 жатақханада қазақы дастархан әзірленді. Заң факультетінің ұжымы толығымен атсалысқан дастархан басында алдымен университетіміздің «Парасат» кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Мекебаев ақ батасын берді, сондай-ақ әкімшілік департаментінің басшылары және барлық факультеттерден шақырылған қонақтар осы дастарханда бас қосты.

Ары қарай оқу >>

Ән фестивалі шет тілінде өтті

14.03.2013

12 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың № 14 жатақханасында халықаралық қатынастар факультетінің Дипломатиялық аударма кафедрасы ағылшын, француз, испан тілдерінде «A New American Star», «Les chansons de la France», «Nueva estrella Espanola» – атты әндер фестиваль-байқауын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Экология мәселері ҒЗИ өкілдері Алматы қалалық экологиялық жағдайды талдау бойынша өткен семинарына қатысты

14.03.2013

Әл-Фараби атындағы Экология мәселелері Ғылыми зерттеу институты (ҒЗИ) қаланың қатты қалдықтарын сараптау және қайта өңдеу жүйесінің жоқтығына байланысты экологиялық жағдайды талдау бойынша семинарға қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Қазақстан" телеарнасында өткен "Айтуға оңай..." түсіріліміне студенттермен бардық.

14.03.2013

"Қазақстан" телеарнасында өткен "Айтуға оңай..." түсіріліміне бір топ студенттермен бірге бардық.Жауапты оқытушылар: Абишева Р.Р.,Нұржігітова Г.А., Дауытова Ж.К., Ембергенова К.Р.,Ибраимова Ж.Т., Бейсекенова А.А.

Ары қарай оқу >>

Студенттік ғылыми жұмыстарға байқау жарияланды

13.03.2013

Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі қазақстандық саясаттанушы, саясаттану ғылымының кандидаты Ерлан Қарин студенттермен кездесуде саясаттану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында ғылыми жұмысқа байқау жарияланатыны туралы айтты.

Ары қарай оқу >>

"Мейірхан Әбділдин" кітабының тұсаукесері өтеді

13.03.2013

15-16 наурыз аралығында Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде «Заманауи физиканың өзекті проблемалары» атты ҚР ҰҒА академигі Әбділдин Мейірхан Мүбаракұлының 75-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттік ғылыми жұмыстарға байқау жарияланды

13.03.2013

Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі қазақстандық саясаттанушы, саясаттану ғылымының кандидаты Ерлан Қарин студенттермен кездесуде саясаттану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында ғылыми жұмысқа байқау жарияланатыны туралы айтты.

Ары қарай оқу >>

Оқытушылар мен студенттер назарына!

12.03.2013

2013 жылғы 18 наурыз - 4 мамыр аралығында (сағ. 10:20-14:15, студенттердің баспасөз клубы, № 201 Б ауд.) Вайоминг университетінің профессоры (АҚШ) Джордж Гладней «БАҚ және қоғам», «БАҚ-тағы ғылыми зерттеулер» тақырыбы бойынша дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

«Жалпы Еңбек Қоғамы: кәсіподақ қозғалысы және әлеуметтік заңнама модернизациясының тәжірибиесі және болашағы» атты тақырыпта конференция өтеді

12.03.2013

15-16 наурыз аралығында (сағат 10:00, №410 ауд.) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті оқу кеңесі залында қазақстандық салалық кәсіподақтар және бірқатар ТМД елдерінің өкілдерінің қатысуымен «Жалпы Еңбек Қоғамы: кәсіподақ қозғалысы және әлеуметтік заңнама модернизациясының тәжірибиесі және болашағы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Тереза Джейкобстың (Ұлыбритания) дәрісі өтеді

12.03.2013

15 наурыз сағат 15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің Қызыл Залында Ұлыбританиядан LSBF (Лондондық Бизнес және Қаржы Мектебі) командасы менеджментінің жетекшісі Тереза Джейкобспен кездесу өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен халықаралық конференциясы өтеді

12.03.2013

15 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Цукуба (Жапония) университетімен бірлескен Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастың орнауына 20 жыл толуына байланысты «Өркениеттер тоғысындағы тіл, қоғам, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

"Парасат" жас әдебиетшілер клубының кезекті отырысы болып өтті.

12.03.2013

ЖОО- ға дейінгі дайындық кафедрасындағы "Парасат" жас әдебиетшілер клубының аясында Б.Майлиннің "Шұғаның белгісі" шығармасын талдады. Факультеттегі клуб ұйымдастырушылары мен клуб мүшелері шығарманы жан- жақты талқылап, өз ойларын айтты. Ұйымдастырушылар: "Парасат" клубының жетекшілері: Ж.Т.Ибраимова, С.А.Нусупбаева және оқытушы Г.Е.Сапаева.

Ары қарай оқу >>

Балалар үйіне қолдау көрсетіледі

12.03.2013

Ағымдағы жылдың 13 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті мемлекет пен құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының ұжымы Алматы облысы Қарақастек ауылында орналасқан Балалар үйіне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да білім беру саласындағы сұрақтарға арналған дөңгелек үстел өтеді

11.03.2013

14 наурызда (сағат 16:00-де, №201 ауд.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі межелерін студенттерге түсіндіру, Жолдауда көрсетілген межелерді орындауға, мазмұндалған жоспарларды іске асыру аясында білікті мамандар даярлау мақсатында ұйымдастырылған «Білім және кәсіби бейімделу – бүгінгі оқу жүйесінің басты бағыты» тақырыбындағы кеңейтілген дөңгелек үстел өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 04.03.2013-09.03.2013

11.03.2013

  • Философия және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 18 жылдығына орай, «Ғасырлармен нығайған достық» атты дөңгелек үстел өтті
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздары Орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЙЕЛ» атты республика ЖОО студенттерінің шығармашылық өнер фестивалі өтті.
  • Заң факультетінде «Сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары: республикалық және халықаралық-құқықтық тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Бургаск тәуелсіз университеті басшылары кездесті
  • ҚазҰУ жанынан құрылған Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы Қытай және Қазақстанмен қатынасы» тақырыбында онференция өтті
  • ҚазҰУ-да ІІД бастығы Қ. Тыныбековпен кездесу өтті
  • ҚазҰУ-да «Бәрі сіздер үшін» атты аруларға арналған кеш өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

УЧАЩИЕСЯ СТАРШИХ КЛАССОВ

11.03.2013

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ !!!

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Химия және химиялық технология факультеті

2013 жылдың 15 наурыз күні сағат 1500-де өтетін

АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ШАҚЫРАДЫ !

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 25.02.2013-02.03.2013

11.03.2013

  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» сериясымен мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик К. Сағадиевтің 75 жылдығына орай «Кенжеғали Сағадиев» кітабының тұсаукесері өтті
  • Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы ұйымдастыруымен дәстүрлі «Аударматану мен әдеби компаративистикасының өзекті мәселері» атты ғылыми-теориялық конференция өтті
  • Азиялық сессия ҚазҰУ-да өтеді
  • Өмірбек Жолдасбековтың туылған күні
  • Заң факультетінде «Сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары: республикалық және халықаралық-құқықтық тәжірибе» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
  • «Он жетідегі кездесу» атты студенттердің қаламгерлермен кездесуі өтті
  • Журналистика факультетінде Польшаның Алматыдағы Бас Консулы Веслав Осуховскидің қатысуымен поляк ақыны, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының Лауреаты Вислава Шимборскаяның «Иссактың қателігі неде?» атты кітабының тұсау кесері өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 18.02.2013-23.02.2013

11.03.2013

  • ҚазҰУ студенттері Медеуде болып қайтты
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих, археология және этнология факультеті «Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы» атты кітаптың 3-ші басылымының тұсаукесері өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ студенттері қымыздан биосабын жасады
  • Webometrics Ranking of World Universities халықаралық рейтингтік агенттіктің бағалауынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия аумағындағы ЖОО-лар арасында көшбасшы болып табылады
  • «ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс 10 кітап» ҚазҰУ мен «Жас қазақ» газетінің бірлескен жобасы
  • Журналистика факультетінің студенттері ақын Маралтай Райымбекұлымен кездесті
  • Имидждік жарияланымдар
  • Елбасы Жолдауына пікірлер
  • ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғарифолла Есім ҚазҰУ-да Елбасы жолдауын талқылады
  • Тақырып жалғасы Гуманитарлы және жаратылыстану ғылыми мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтеді. «Қазақстан-2050» стратегиясындағы кейінгі ұрпаққа білім беру бағдарламалары» тақырыбы төңірегінде кеңес өтті
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Жігерлік жастарды жеңіске жетелеуде

07.03.2013

Студенттердің ең сүйікті жобасына айналған «Ең үздік студенттік топ-2013» байқауының 2 кезеңінің I туры өтті. Бірінші факультетішілік кезеңнің қорытындысы (әр топ студентінің үлгерімі, ғылыми жаңалық, қоғамдық жұмыс, спорт саласы бойынша жетістіктерін куәландыратын сертификаттар мен дипломдар), топтың өз-өзін таныстырудағы креативтілігі, бірлігі, формасы және т.б. ескеріліп, екінші кезеңге 10 студенттік топ жолдама алды.

Ары қарай оқу >>

Шетелдік студенттер тіл меңгеруді шыңдай түсті

07.03.2013

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында ауған тыңдаушылары мен оралман тыңдаушылары топтарында «Біздің университет» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Алматы қалалық ІІД бастығы Қанат Тыныбеков ҚазҰУ студенттерімен кездесті

06.03.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Қанат Тыныбеков университет ұжымымен және студенттермен кездесті. Бұл кездесудің басты мақсаты «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» аясында Елбасы атап айтқан істерді орындау.

Ары қарай оқу >>

Ахмет Байтұрсынұлының 140-жылдығына орай семинар өткізілді

06.03.2013

Халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасы «Инабат» рухани-мәдени орталығы мен «Шығыс әлемі» ғылыми-танымдық клубының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тіл білімінің негізін қалаушы» атты ғылыми семинар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтеді

06.03.2013

2013 жылдың 9 наурызында сағат 12:30-да жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде (мәжіліс залы) 15-ші Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтеді. Сайыста университеттің 18 студент өз шеберліктерін көрсетеді.

Ары қарай оқу >>

Жастар салауатты өмір салтын таңдайды

05.03.2013

«Қош бол қыс, Қош келдің көктем» атты мерекелік іс-шара Алматы қаласы, Іле-Алатау «Аю-сай» тау шат­қалында өтті. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында мерекелік іс-шара Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалы директорының орынбасары Шалқар Дауренбаев, Туризм инженері Бағлан Абдрахманов эколог-ағартушысы Нұрбике Қараубаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы доценттері Н.З.Ахтаева, Г.К.Ерубаева, А.Б. Ахметова, жетекші маман Г.Билялова, аға оқытушы б.ғ.к., А.Т. Мамурованың кураторлық топтарының ұйымдастыруымен қалалық деңгейде өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ақын Баян Бекетова студенттермен кездеседі

05.03.2013

5 наурыз сағат 16:00-де (201 мәжіліс залы) ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Есеп және аудит» кафедрасының ұйымдастыруымен Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, халықаралық ІІ Түркі поэзиясы мүшәйрасының, халықаралық «Сорос-Қазақстан» қорының «Қазақстандағы жаңа поэзия» бәйгесінің жеңімпазы, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Баян Бекетованың Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттерімен халықаралық әйелдер мейрамына арналған «Аруларды жырлаймыз» атты жыр кеші өтеді.

Ары қарай оқу >>

Шығармашылық бастау байқауы

05.03.2013

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті және «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздары Орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЙЕЛ» атты республика ЖОО студенттерінің шығармашылық өнер фестивалі өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да саясаткер Ерлан Карин көшбасшылық дәріс оқиды

04.03.2013

2013 жылдың 5 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің 19 аудиториясында «Политолог» студенттік дискуссиялық клубының кезекті отырысы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Pages