«Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы университет ғалым-философтарының рөлі» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

31.01.2014

Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы университет ғалым-философтарының рөлі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Экономика және бизнес жоғары мектебінде Жолдау талқыланды

29.01.2014

2014 жылдың 24 қаңтарында Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде дөңгелек үстел өтті. Талқыланған тақырып ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына Жолдауы. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғарғы мектебінің деканы, э.ғ.к., доцент Б.Ж. Ермекбаева өзінің кіріспе сөзінде еліміздің Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауының еліміздің ғылыми ұйымының және Президент жолдауын студенттерге таныстыру, сонымен қатар Президент өз жолдауында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдарына үйретуге тоқталды.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

29.01.2014

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

Сіздерге Silkroute Erasmus Mundus Action 2 бағдарламасы аясында Silkroute атты академиялық мобильділікті арттыруға бағытталған жоба бойынша құжаттар қабылдау мерзімі 7 ақпанға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру

29.01.2014

2014 жылдың 1-ші ақпанында сағат 13.00-де жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша «Мамандықтың бәрі жақсы» атты ауған мен оралман және ақылы бөлім тыңдаушыларына арналған шара өтеді.

Келем деушілерді шақырамыз.

Шараны ұйымдастырушылар: факультет оқытушылары:

Наралиева Р.Т.

Бисенбаев А.М.

Сулейменова С.С.

Смағұл М.Ж.

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтеді

28.01.2014

31 қаңтарда 2014 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және қылмыстылықпен күрес ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп, «Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлықпен қарсылықтану мәселелері» тақырыбында сырттай студенттердің және жас ғалымдардың халықаралық конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Киносүйер қауым назарына!

28.01.2014

2014 жылғы 29 қаңтарда сағат 12.30-13.30 аралығында журналистика факультетінің 230 аудиториясында JamesonEmpire Awards 2014 аясында минуттық қысқа метражды фильмдердің «60 секундта түсіру» атты конкурсының презентациясы өтеді. Бұл барлық қатысамын деушілер үшін ашық конкурс.

Ары қарай оқу >>

Химия және химиялық технология факультетінің студенттері үздік деп танылды

27.01.2014

2014 жылдың 24-25 қаңтар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Химия-технологиялық және кәсіптік білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтарының Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі өтті.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз, Құралбек!

27.01.2014

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубының ұйымдастырумен аталмыш университеттің 75 жылдығына орай АПФ және ЛД форматтары бойынша өткізілген VIII ректор кубогына арналған турнирде қазақ лигасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, физика-техникалық факультетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының 4 курс студенті Алдоңғаров Құралбек АПФ форматы бойынша бірінші орынға және ЛД форматы бойынша «Үздік спикер» номинациясына ие болды.

Ары қарай оқу >>

Жас журналистер жолдауды талқылады

27.01.2014

Журналистика факультетінде қаңтардың 24-і күні Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға куратор-эдвайзерлер А.Әсел, Б.Әсембаева, М.Абдрайымов, Ә. Әлімжанова т.б қатысты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 20-25 қаңтар 2014 жыл

27.01.2014

  • «Білімді бағалаудың құзыретті-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының отырысы өтті
  • Жолдау
  • Философия және саясаттану факультетінде Жолдауды талқылады
  • Үздік оқытушылар анықталды
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ профессорлары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Жұмыс берушілер мен студенттер кездесуі өтті

24.01.2014

Бүгін география және табиғатты пайдалану факультетінде, рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен туристік кәсіпорын өкілдері мен туризм мамандығының студенттері арасында кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Инновациялық кәсіпкерлік жобалар жарысы өтеді

24.01.2014

Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары!

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінің бизнес инкубаторы Инновациялық кәсіпкерлік жоба жарысының өтетінін жариялайды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенті Асхат Уәлиханов жеңімпаз атанды

23.01.2014

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті денешынықтыру және спорт мамандығының студенті, университеттің кәсіби боксшыларының бірі – Уәлиханов Асхат 64 кг. салмақ дәрежесінде Poland Hussars және Astana Arlans клубтары арасындағы үшінші жекпе-жегінде Дамиан Кивириді (Польша) жеңіп шықты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессоры Г.Н. Ким "Бірлік" медалімен марапатталды

22.01.2014

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық Корейтану орталығының директоры т.ғ.д., профессор Г.Н.Ким ұлтаралық бірлік пен өзара түсіністік ісіне қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 13-18 қаңтар 2014 ж.

20.01.2014

  • Жәутіков атындағы олимпиада өтеді
  • Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті «Жезқоңырау» жинағын шығарды
  • ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО орталығы оқушылар шығармаларына байқау жариялады
  • «Денсаулық» спартакиадасы өтіп жатыр
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға – 80 жыл
  • Жолдау
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы жарияланымдар
  • Студенттік жарияланымдар

Ары қарай оқу >>

Конькимен сырғанаудың жанкүйерлері әлемдік рекорд орнатты

20.01.2014

2014 жылдың 18 қаңтар күні «Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанаудан жаңа рекорд орнатылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері аталған шарадан тыс қалған жоқ. Университеттің жүзге жуық белсенді студенттері мен қызметкерлері бұл шараға қатысып, тарихта қалатын рекордтың орнатылуына септігін тигізді. Мерекелік шараға қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркіне Алматы қаласының Жоғарғы оқу орындарынан кәсіпкер-студенттер келді

17.01.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінде Бiрiккен ұйымдастыру комитетi «Қазақстанның 2-ші Ұлттық кәсіпкер-студенттер жарысы» және «1-ші Қазақстандық инженерлі STEM (STEAM)-технологиясы және кәсіпкерлік оқыту форумы» атты жобаларының жарыс шеңберiнде мәжiлiс өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да "Білімді бағалаудың құзыретті-бағдарлы жүйесі" 44-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы өз жұмысын бастады

17.01.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университі Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Білімді бағалаудың құзыретті-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының отырысы басталды.

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзерлерге арналған семинар өтті

16.01.2014

2014 жылдың 15 қаңтарында биология және биотехнология факультетінде Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастыруымен куратор-эдвайзерлерге арналған семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

16.01.2014

15 Қаңтар 2014, 19:03
Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

1934 жылдың 15 қаңтарында оқытушы-профессорлар құрамы туралы және алғашқы 54 студентті физика-математикалық және биологиялық факультеттерге қабылдау туралы бұйрық қабылданды.

Ары қарай оқу >>

Жастар университеттің туған күнін атап өтті

15.01.2014

Оқу семестрінің басталуына әлі уақыт болса да, университет алды студенттерге толы. Оның себебі, бүгін білім мен ғылымның қарашаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ашылғанына 80 жыл толып отыр. Оқу орнының мерейтойлы күнін белсенді студенттер ұмыт қалдырған жоқ.

Ары қарай оқу >>

«Білімді бағалаудың құзыреттік-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші Ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді

14.01.2014

2014 жыл 17-18 қаңтар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университеттің 80 жылдығына арналған «Білімді бағалаудың құзыреттік-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші Ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 3-11 қаңтар 2014 ж.

13.01.2014

  • ҚазҰУ технопаркінің жобалары жайында
  • Жаңа жылда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2020 жылға дейін оқу орнының даму негізі болатын «Аl-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасы іске қосылады
  • Әзілхан Нұршайықовтың туғанына – 90 жыл (ҚазҰУ-дың 80 жылдығы қарсаңында)
  • Жәутіков атындағы олимпиада өтеді
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы жарияланымдар
  • ҚазҰУ студенттері туралы
  • Студенттік материалдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Түлектер сабақтастығы» дәстүрлі спорттық мерекесі өткізіледі

10.01.2014

2014 жылдың 18 қаңтарында ҚазҰУ спорткешенінің №1 спорт залында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Түлектер сабақтастығы» ұранымен дәстүрлі спорттық мерекесі өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері балаларға Жаңа жылдық мереке сыйлады

09.01.2014

«Балаларға Жаңа жыл сыйлаймыз!» мерекелік акциясы жыл сайын жақсы дәстүрге айналып келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері «Альтернативті білім беру орталығы» қоғамдық қорының «Жастар жетістіктері» және «Шеврон» компаниясымен бірлесіп ҚР ДМ қарасты балалар хирургиясы мен педиатрия Ғылыми орталығының онкологиялық бөлімдерінде емделіп жатқан балалар үшін Жаңа жылдық мерекелік шараларды ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Доцент м.а. С. Иманқұлованың ұйымдастыруымен «Кәсіби бағыттағы оқу құралының құрылымы мен мазмұны» деген тақырыпта семинар сабағы өткізілді

08.01.2014

24.12.2013 ж. Кафедра оқытушысы, ф.ғ.к., доцент м.а. С. Иманқұлованың ұйымдастыруымен «Кәсіби бағыттағы оқу құралының құрылымы мен мазмұны» деген тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Доцент м.а. С. Нұрахметовтің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі сабағында студенттердің белсенділігін арттыру» деген тақырыпта семинар өткізілді.

08.01.2014

10.12.2013 ж. Кафедра оқытушысы, ф.ғ.к., доцент м.а. С. Нұрахметовтің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі сабағында студенттердің белсенділігін арттыру» деген тақырыпта семинар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Доцент м.а. Ж.Абдрахманованың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды

08.01.2014

06.12.2013ж.Кафедра оқытушысы, ф.ғ.к., доцент м.а. Ж.Абдрахманованың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Кафедраның жатақхана күні өтті. А.Нуртазина, Б.Омарова

08.01.2014

04.12.2013 ж. Кафедраның жатақхана күні өтті. Кафедра оқытушылары А. Нұртазина мен ф.ғ.к., доцент Омарованың ұйымдастыруымен № 17 студенттер үйінде университеттің 80 жылдық мерейтойына арналған «Іргелі шаңырақ алауы – ҚазҰУ-ыма 80 жыл» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Доцент м.а. Б. Рысбайдың ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

08.01.2014

12.11.2013 ж. Кафедра оқытушысы, ф.ғ.к., доцент м.а. Б. Рысбайдың ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Ф.ғ.к., доцент м.а. Егізбаева Назыкеннің ұйымдастыруымен «Кәсіби бағдарлы қазақ тілі пәнінен тест тапсырмаларын құрастырудың жолдары» деген тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

08.01.2014

22.10.2013 ж. Кафедра оқытушысы, ф.ғ.к., доцент м.а. Егізбаева Назыкеннің ұйымдастыруымен «Кәсіби бағдарлы қазақ тілі пәнінен тест тапсырмаларын құрастырудың жолдары» деген тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Х. Қарабаеваның ұйымдастыруымен «Оқу құралдарының құрылымы және оның жазылуына қойылатын талаптар» деген тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

08.01.2014

10.09.2013 ж. кафедра меңгерушісі, доцент Х. Қарабаеваның ұйымдастыруымен «Оқу құралдарының құрылымы және оның жазылуына қойылатын талаптар» деген тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Триада» филологиялық ғылыми-зерттеу орталығы жұмысын жандандыруға арналған дөңгелек үстел өтті

08.01.2014

18.12.2013 ж. «Триада» филологиялық ғылыми-зерттеу орталығы жұмысын жандандыруға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге секция мүшелері қатысты Ұйымдастырушылар: Х. Қарабаева, Р.Өмірбекова, А.Жұмағұлова.

Ары қарай оқу >>

Медисон университетінің профессоры Фунда Дэринг Гувен «Түркі тілдерін шет тілі ретінде оқытудың әдістемесі» атты семинар өткізді.

08.01.2014

АҚШ-тың Висконсе штатындағы Медисон университетінің профессоры Фунда Дэринг Гувен ханым «Түркі тілдерін шет тілі ретінде оқытудың әдістемесі» атты тақырыпта 27.12.2013 ж. Әдістемелік семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Гази университетінің профессоры (Түркия) Наджие Йылдыз «Ғылыми мақаланы жазу және жариялау шарттары» деген тақырыпты ғылыми семинар өткізді

08.01.2014

«МЕВЛАНА» халықаралық білім беру бағдарламасының аясында 26.11. 2013 ж. Анкараның (Турция) Гази университетінің профессоры Наджие Йылдыз ханым «Ғылыми мақаланы жазу және жариялау шарттары» деген тақырыпта ғылыми семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Назар аударыңыз! 42-ші «Денсаулық» спартакиадасы өткізіледі

06.01.2014

ҚазҰУ-да 8-17 қаңтар аралығында университеттің 80-жылдығына және Парасат кәсіподағының 20 жылдығына орай оқытушы-профессолар құрамы, докторанттар арасында 42-ші дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Pages