Білімділер сайысы өтті

31.03.2014

Философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиада болып өтті. Халқының алды болатын білімділерді анықтаған сайыста кафедра студенттерімен қоса С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті және Қыздар Педагогикалық Университетінің жас дарындары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстелде білім мен тәрбиенің үйлесімділігі талқыланады

31.03.2014

7 сәуірде (сағ. 11:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті және «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80 жылдығы және Қазақстандағы философиялық білім берудің 65 жылдығына арналған, «Әл-Фараби – білім мен тәрбиенің үйлесімділігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері республикалық конференцияда үздік деп танылды

31.03.2014

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті корейтану және жапонтану кафедрасының 1, 2, 3-ші курс студенттері «Студенттік ізденістердің салаларын талдау және оның мәселелері» атты Республикалық жас ғалымдардың, магистранттар мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Современные тенденции в области топливных элементов с протонообменной мембраной»

31.03.2014

2014 жылдың 31-ші наурызынан 11-ші сәуірі аралығында химия және химиялық технология факультетінде «Современные тенденции в области топливных элементов с протонообменной мембраной» тақырыбында Лотарингия Университетінің (Нанси қаласы, Франция) профессоры Hinaje Melika лекциясы, семинары және консультациясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ сексенінші көктемін қарсы алды

31.03.2014

Биыл ҚазҰУ студенттерімен бірге 80-ші көктемін қарсы алды. Дәстүрлі «Студенттік көктем» байқауы биыл да барынша сән-салтанатымен өтті. Студенттік көктем- бұл студенттердің таңдаулы шығармашылық және бишілік, музыкалық, актерлық, ақындық және тағы басқа өнерлермен дараланатын байқау. Байқау үлкен бір мерекенің нышанындай. Жыл сайын ҚазҰУ студенттерінің осы мерекені ерекше қарсы алуын да баса айтқымыз келеді. Биылғы «Студенттік көктем-2014» байқауының өзіндік ерекшелігі ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай байқаудың шарттарына өзгерістер еніп, әр факультет ҚазҰУ-дың әр жылдардағы тарихын сахналап шықты.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 24-29 наурыз 2014 ж.

30.03.2014

  • 25-27наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының «SILKROUTE - SILKRoadUniversitiesTowardsEurope»консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өткізіледі.
  • Университетте геологиялық барлау компаниясы басшылығымен кездесу өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ-ға 80 жыл
  • Жолдау
  • ҚазҰУ ғалымдары жайлы
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың технопаркінде «IT-Resolutions» атты start-up компаниясы өз жұмысын бастады

28.03.2014

Бұл компания ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында келесідей қызметтер ұсынады: компьютерлерге, ноутбуктерге және техникалық it құрылымдағы барлық элементтерге (периферияларға, смартфондарға, планшеттерге, Smart TV және т.с.с.) қызмет көрсету, компьютерлік желілермен туындайтын мәселелерді шешу. Оқытушылардың тапсырыстары бойынша электрондық оқулықтар, видеолекциялар, тамаша презентациялар, компанияларға логотиптер жасауға көмектеседі.

Ары қарай оқу >>

II Бекхожин оқулары аясында қазақ журналистикасының тарихын зерттеуге арналған республикалык конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді

28.03.2014

25 сәуір 2014 жылы (сағ. 10.00) II Бекхожин оқулары аясында «Қазақ журналистикасының тарихын зерттеудің өзекті мәселелері: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді.


Ары қарай оқу >>

«Қазіргі заманғы ЖОО-ға дейінгі білім берудегі инновациялық бағыттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

28.03.2014

2014 жылдың 30 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы университеттің 80 жылдығы шеңберінде «Қазіргі заманғы ЖОО-ға дейінгі білім берудегі инновациялық бағыттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Физика-техникалық факультетінде республикалық пәндік олимпиада өтті

27.03.2014

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде 1-3 курс студенттерінің арасында «Физика», «Астрономия» және «Ядролық физика» секциялары бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті.

Ары қарай оқу >>

Жас ғалымдар кеңесі дөңгелек үстел өткізді

27.03.2014

27 -ші наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының Жас ғалымдар кеңесі дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел тақырыбы: «Шет тілін оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер».

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстар» атты дөңгелек үстел өткізілді

26.03.2014

20 наурыз күні сағ. 11.00-13.00-де шығыстану факультеті мен халықаралық қатынастар факультетінің бірлесіп ұйымдастырғын «Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстар» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Пәндік олимпиада

26.03.2014

2014 жылдың 26 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы және этникалық психология кафедрасында «5В050300 - Психология» мамандығы бойынша ҚР ЖОО студенттерінің арасында екінші кезеңіне өткен студенттердің психология бойынша пәндік олимпиадасы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді

26.03.2014

28 наурызда халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді.

Ары қарай оқу >>

"BAQ.KZ" ақпараттық порталы

25.03.2014

"ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН ҚОЛДАНУҒА ДАЙЫН"

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, профессор виталий Сальников «бейсенбідегі бетпе-беттің» бүгінгі қонағы.

– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы» және «Жасыл экономикаға» өту концепциясын жүзеге асыруда белсенді қосылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы сияқты бастамаларын әрқашанда қолдайтыны белгілі. Қандай оқиға оның алғышарты болды?

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

25.03.2014

25 Наурыз 2014, 12:05
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасы талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25-27наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының «SILKROUTE - SILKRoadUniversitiesTowardsEurope»консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өткізіледі. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасы аясында конференция өтуде

25.03.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «SILKROUTESILKRoad Universities Towards Europe» Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өтіп жатыр.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 17-22 наурыз 2014 жыл

24.03.2014

  • Жолдау
  • Имидждік материалдар
  • ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов Елбасы қабылдауында болды
  • Тақырып жалғасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы - «ЕССЕ MUNDUS» (Enhancing Cross-regional Cooperation in Erasmus Mundus) халықаралық семинары өтті
  • ҚазҰУ-дың – 80 жылдығына арналған имидждік жарияланымдар
  • Университет ғалымдары жайлы
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар

Ары қарай оқу >>

Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! - ҚазҰУ ректоры Ғалым МҰТАНОВ

21.03.2014

Құрметті ҚазҰУ ұжымы, әріптестер мен студенттер!

Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Күн мен түн теңеліп, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқан әз-Наурыз – халқымыздың асыға күтетін мейрамы. Бұл – күннің көзі жылынып, бар тіршілік қайта түлейтін, адамзаттың көңілін жадырататын жаймашуақ кезең, жақсылық пен ізгіліктің бастауы. Шығыс халықтарына ортақ мереке болып табылатын Наурызды халқымыз, сондықтан да Ұлыстың ұлы күні, ақ түйенің қарны жарылған күн деп айрықша дәріптейді. Хан мен қараша теңесіп, араздасқан ағайын татуласқан, бірлікті, ынтымақты ту еткен ырысты мереке халқымыздың ұлылығын аңғартып, асқақтатып тұрғаны анық.

Ары қарай оқу >>

Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының “SILKROUTE – SILKRoad Universities Towards Europe” консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өткізіледі

20.03.2014

25-27 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Эрасмус Мундус академиялық мобильділік жобасының SILKROUTESILKRoad Universities Towards Europe консорциумы мүшелерінің І Аймақтық конференциясы өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

«Инновациялық идеядан жүзеге асыруға...» атты VI Республикалық студенттік олимпиада өткізіледі

20.03.2014

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 28 наурызында «Инновациялық идеядан жүзеге асыруға...» атты «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары арасында VI Республикалық студенттік олимпиада өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттерінің халықаралық магистратураны оқуға мүмкіндіктері бар

20.03.2014

Лотарингия Университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бірігіп «Subterranean Reservoirs of Energies: Hydrodynamics, Geology, Modeling» француз және қазақстандық диплом алу мүмкіндігімен халықаралық магистратура оқуына студенттерді қабылдайды. Өтінішдерді қабылдаудың соңғы күні: 2014 жылдың 31 мамыры.

Ары қарай оқу >>

Семинарда оқу үрдісі талқыланды

19.03.2014

Халықаралық қатынастар факультетінде «Университеттің академиялық саясаты контекстіндегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу үрдісінің әдістемесі» атты тақырыпта әдістемелік семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

19.03.2014

19 Наурыз 2014, 17:41
ҚР Президенті: ҚазҰУ өзінің бәсекеге қабілеттілігін ұдайы арттыра түсуі тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің студенті Гүлнәз Жоланова "Қазақ аруы-2014" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

19.03.2014

"Қазақ аруы - 2014" байқауының жеңімпазы болып география және табиғатты пайдалану факультетінің 3 курс студенті Гүлнәз Жоланова атанды. "Қазақ аруы" байқауы биыл республикалық деңгейде төртінші рет ұйымдастырылып, елордамыз Астана қаласында алғаш рет өтті. Бұған дейін Алматыда өткізілетін.

Ары қарай оқу >>

Студенттердің ғылыми қызығушылығын арттыру басты назарда

19.03.2014

18 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай жалпы тіл білімі және шетел тілі кафедрасы «Professionals» ғылыми клубының ұйымдастыруымен «Инновация – білім жүйесінде» атты тақырыпта ғылыми дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

Аударматану мәселелері қозғалды

18.03.2014

2014 жыл 14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аударматану және әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Brain Ring атты ойыны басталды

18.03.2014

Қазақ ұлттық университетінің Интеллектуалды клубы көктемгі шақыру жариялап, ақылды және тапқыр студенттерді адамның ойын жетілдіретін Brain Ring атты ойынына қатысып, интеллектуалды клубтың мүшесі болуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

«Дене тәрбиесі және спорт» пәнінің тиімділігін арттырудағы денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік республикалық семинар өткізіледі

17.03.2014

2014 жылдың 19-20 наурыз аралығында (сағ: 11.00) дене шынықтыру және спорт кафедрасы «ЖОО «Дене тәрбиесі және спорт» пәнінің тиімділігін арттырудағы денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік республикалық семинар өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 10-15 наурыз 2014 жыл

17.03.2014

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақтылық бойынша ғаламдық хабы ашылды
  • «Үш бәйтерек» атты әдеби-танымдық кеш өтті
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы - «ЕССЕ MUNDUS» (Enhancing Cross-regional Cooperation in Erasmus Mundus) халықаралық семинары өтеді
  • Тақырып жалғасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы - «ЕССЕ MUNDUS» (Enhancing Cross-regional Cooperation in Erasmus Mundus) халықаралық семинары өтті
  • ҚазҰУ-дың 80 жылдыған орай Герман зерттеу орталығы «Мировая политика в условиях новых вызовов» атты интерактивті семинар өткізді
  • Тарих, археология және этнология факультетінде «Көрісу» күні тойланды
  • ҚазҰУ-ға – 80-жыл
  • Имидждік жарияланымдар
  • Байқау!
  • Барманқұлов оқулары өтті
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Біз әл-Фараби бабамыз жайлы не білеміз?» атты тарихи-танымдық жүздесулер циклының бірінші отырысы өтеді

17.03.2014

20 наурыз (сағат 15.00, механика-математика факультетінің Қызыл залы) университеттің 80-жылдық мерейтойына арналған «Біз әл-Фараби бабамыз жайлы не білеміз?» атты тарихи-танымдық жүздесулер циклының бірінші отырысы өтеді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

17.03.2014

16 Наурыз 2014, 14:48
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «ЕССЕ MUNDUS» халықаралық семинары өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы - «ЕССЕ MUNDUS» (Enhancing Cross-regional Cooperation in Erasmus Mundus) халықаралық семинары өтті.

Ары қарай оқу >>

Дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы өтеді

14.03.2014

2014 жылы 3-5 сәуір күндері сағат (10.00, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті, 3 зал) Респбуликалық «Ұлан» және «Дружные ребята» газеттерінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының «Мобильді репортер» серпінді жобасы аясында дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы, «Жас репортер» шоу-кейс фестивалі, «Медиалэнд» интелелктуалды белсенділік күні өтеді.

Ары қарай оқу >>

Тоғызқұмалақтан жарыс өтеді

14.03.2014

18 – 19 наурыз (сағ: 17.00) 2014 жылы ҚазҰУ спорт кешені, шахмат клубы нда жатақханада тұратын студенттері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтеді. Команда құрамы 3 адам. Бас төреші: Айнұр Молдахметова.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

13.03.2014

2014 жылдың 14 наурызында (сағат 15:00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің № 2 лекция залында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі ҚазҰУ студенттерімен биология және биотехнология факультетінің деканымен, дене тәрбиесі және спорт, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамымен кездесу өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Францияның Қазақстандағы елшісі сапармен келді

13.03.2014

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фрэнсис Этьен және «Geo-energy» франко-қазақ зерттеу орталығының директоры Пегги Скремин келді.

Ары қарай оқу >>

Ең үздік 13 студенттік топ анықталды

13.03.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен және ректордың қолдауымен бастау алған дәстүрлі «Ең үздік студенттік топ – 2014» байқауының алғашқы додасы аяқталды.

Ары қарай оқу >>

"Қош келдің әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті.

13.03.2014

13 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен №14 жатақханада "Қош келдің әз Наурыз" атты халықаралық мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: ДӘУІР СҰХБАТТАСТЫҒЫ» атты І Халықаралық Фараби Форумы өтеді

12.03.2014

2014 жылдың 2 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Философия кафедрасы, Әл-Фараби Орталығы және Қазақстандық Философия Конгресінің Алматы бөлімі «ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: ДӘУІР СҰХБАТТАСТЫҒЫ» атты І Халықаралық Фараби Форумын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы / ЕССЕ MUNDUS» халықаралық семинары өтеді

12.03.2014

Наурыз айының 13-14 күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары білім бойынша Орталық Азия және Орталық Еуропа форумы / ЕССЕ MUNDUS (Enhancing Cross-regional Cooperation in Erasmus Mundus)» халықаралық семинары өтеді.

Ары қарай оқу >>

Университет аралық деңгейдегі мастер –класс

12.03.2014

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы 12 наурыз сағ.12.30 –да 503 дәрісханада университет аралық деңгейде мастер –класс өткізді. Мастер-класс тақырыбы «Мәдениетаралық коммуникация теориясы» пәнін оқыту үдерісіндегі құзіретті-бағытталған әдіс. Өткізген – қытайтану кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Дәулет Ф.Н.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 3-8 наурыз 2014 жыл

11.03.2014

  • Имидждік жарияланымдар
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақтылық бойынша ғаламдық хабы ашылды
  • 8 наурыз мерекесі тойланды
  • ҚазҰУ оқытушы-профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • Студенттер туралы жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстанның британдық кеңесі «Ауа-райының өзгеруі, энергетика және технологиялар» атты тақырыпқа семинар өткізді

11.03.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстанның британдық кеңесі «Ауа-райының өзгеруі, энергетика және технологиялар» атты тақырыпқа семинар өткізді. Семинардың мақсаты ауа-райының өзгеруі мен даму, энергия тиімділігі мен жаңартылған энергия көздері салаларындағы нақты жобаларды орындау тәжірибесімен алмасу болды.

Ары қарай оқу >>

«Ел ардақтаған асыл ана» атты тақырыпта халықаралық дәрежедегі дөңгелек үстел өтті

11.03.2014

Шығыстану факультетінде Қытай Халық Жазушылар одағының мүшесі, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі, ағартушы-ақын, Қытай әдебиетінің зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, ардақты ана Шәмшабану Қамзақызының қатысуымен «Ел ардақтаған асыл ана» атты тақырыпта халықаралық дәрежедегі дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! ҚазҰУ ректоры Ғалым МҰТАНОВ

08.03.2014

Құрметті ҚазҰУ арулары мен аяулы аналар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Көгілдір көктемнің шуақты күндерімен ілесе келетін осынау күн елімізде ананы құрметтеу, ұлықтау мейрамы ретінде игі дәстүрге айналды. Ана – дүниедегі ең қымбат, ең қасиетті ұғым. Батыр да, ақын да, ең кемеңгер дана да анадан туады. Қыздарымызды инабатты әрі кішіпейіл етіп тәрбиелеуде, ұлдарымыздың бойына қайсарлық, өрлік, өжеттілік пен ерлікті сіңіруде ана тәрбиесінің рөлі ерекше. Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық білім мен ғылымның киелі ордасы университетіміздің сіңірген еңбегі ерен. Ұлағатты ұстаздарымыз ұл-қыздарымызға жан-жақты сапалы білім беріп қана қоймай, саналы тәрбие беру жолында да аянбай еңбек сіңіріп келеді. Олар жастардың бойындағы патриоттық сезімді, өз ұлтына, салт-дәстүрге, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті, намыс, қажырлылық пен қайраттылықты шыңдауда. Бұл ретте университетіміздегі әйелдер қауымының қызметі аса жауапты да қастерлі.

Ары қарай оқу >>

«Ел ардақтаған асыл ана »

07.03.2014

Шығыстану факультетінде Қытай Халық Жазушылар одағының мүшесі, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі, ағартушы-ақын, Қытай әдебиетінің зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, ардақты ана Шәмшабану Қамзақызының қатысуымен «Ел ардақтаған асыл ана » атты тақырыпта халықаралық дәрежедегі дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Қайыржан Исламханов қола жүлдегер атанды

07.03.2014

20-22 ақпан 2014ж. Біріккен Араб Әмірлігінде «Фуджейра Оупен» таэквондадан II Халықаралық турнир аяқталды. Ерлер арасында жалғыз марапатты Қазақстанның құрамасының қоржынына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің 3 курс студенті - Қайыржан Исламханов салды. 63 к. салмақпен «Фуджейра Оупен» қола жүлдегері атанды. 27 ақпан – 1 наурыз 2014 ж. аралығында Манамеда таеквондодан "Bahrain Open" VI халықаралық турнир аяқталды. Қайыржан Исламханов қола медальға ие болды.

Ары қарай оқу >>

«Әйел және философия» атты концерт өтеді

07.03.2014

Бүгін (сағ. 15:00-де) Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚазҰУ-нің 80-жылдық және философия және саясаттану факультетінің 65-жылдық мерейтойы аясында өткізілетін «Әйел және философия» атты халықаралық 8 наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама ұсынады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ аруларына арналған мерекелік кеш өтті

07.03.2014

Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың нәзік жанды аруларына арналған 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш өтті. ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған 80-ші көктем мерекесі, арулар мерекесі көтеріңкі көңіл-күймен өтті.

Ары қарай оқу >>

«Баспа ісі мамандарын даярлаудың ғылыми-инновациялық бағыттары мен оларды жұмыспен қамту жолдары» атты тақырыпта алқасөз және жұмыс берушілерге ашық есік күнін өткізді

06.03.2014

2014 жылы 4 наурызда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті бизнес және мансап орталығы журналистика факультетінде баспа ісі және дизайн кафедрасымен бірлесіп «Баспа ісі мамандарын даярлаудың ғылыми-инновациялық бағыттары мен оларды жұмыспен қамту жолдары» атты тақырыпта алқасөз және жұмыс берушілерге ашық есік күнін өткізді.

Ары қарай оқу >>

Кәрімжан Шәкіров, Ғалия Мовкебаеваға «Үздік оқытушысы 2013» атанды

06.03.2014

Халықаралық қатынастар факультетінің профессорлар мен оқытушылар құрамы және студенттері декан, з.ғ.д., профессор Кәрімжан Шәкіровті және т.ғ.д., халықаралық қатынастар мен әлемдік экономика кафедрасының профессоры Ғалия Мовкебаеваны ЖОО-ның Үздік оқытушысы 2013 атағы берілуімен шын жүректен құттықтайды.

Ары қарай оқу >>

«Халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және әлемдік экономиканың өзекті мәселелері және олардың «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында шешімін табу жолдары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

06.03.2014

2014 жылдың 4-сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультеті ҚазҰУ 80-жылдық мерейтойы мен ғалым және педагог, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіровтің 60-жылдық мерейтойына арналған «Халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және әлемдік экономиканың өзекті мәселелері және олардың «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында шешімін табу жолдары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

"Үздік лингвист-2014" іріктеу турының нәтижесі

05.03.2014

"Үздік лингвист-2014" Іріктеу турының нәтижесі

ҚазҰУ

Аты-жөні

Көрсеткіші

1

Үкібаева Маржан

90

2

Төлегенова Меруерт

80

3

Өрісбаев Жолдас

77

4

Түбекбаева Айнұр

34

5

Нүсіпбек Маржан

76

6

Бақытбек Гүлнұр

56

7

Құмашева Мөлдір

64

8

Ұлтанбекова Алмагүл

35

9

Өтегенова Перизат

44

10

Қожахмет Айжан

57

11

Сансызбай Салтанат

43

12

Берішбай Фатима

55

13

Ерсін Оспанбек

38

14

Ебелекова Айгерім

51

ҚазҰПУ

Аты-жөні

Көрсеткіші

1

Ділдәбекова Фариза

76

2

Бақытқызы Мөлдір

62

3

Алибаев Сұңғат

60

4

Торғанбетов Асан

45

5

Әлімұса Таңшолпан

52

6

Бекжан Мөлдір

44

7

Адлет Қамбар

32

8

Берікова Жанерке

44

9

Нұрекешова Әсемхан

56

10

Байболова Жансая

28

11

Сәдуақасова Салтанат

44

12

Сапарбек Балым

53

13

Асанова Гүлнара

46

14

Сұлтанова Назира

43

СДУ

Аты-жөні

Көрсеткіші

1

Серікова Таңшолпан

73

2

Қуанышбай Ай-Керім

66

3

Ақан Әйгерім

56

Ин.яз.

Аты-жөні

Көрсеткіші

1

Бекшалова Асылайым

65

2

Абубакир Меруерт

53

3

Шлібай Мөлдір

48

4

Зұлпұнарова Жанар

43

5

Опабекова Балғын

42

6

Кульбатырова Ақмарал

24

7

Құрманбек Динара

23

ҚызПУ

Аты-жөні

Көрсеткіші

1

Абдуматова Жұлдызай

53

2

Әбішева Райхан

51

3

Жақсылық Меруерт

47

4

Асылханова Айдана

45

5

Сағынай Ақтоты

39

Ары қарай оқу >>

«Өркениеттер диалогы: Орта Азия және Шығыс Азия» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті

05.03.2014

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастырумен« Өркениеттер диалогы: Орта Азия және Шығыс Азия» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Семинарға белгілі қытайтанушы, т.ғ.д., проф. Хафизова Клара Шайсұлтанқызы қатысып баяндама жасады. Семинарға шығыстану факультеті деканының ҒЗЖ және ХЫ жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к, доцент Алжанбаева Ұ.Т., Қытайтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Батпенова З.С., қытайтану кафедрасының ҒЗЖ және ХЫ жөніндегі орынбасары Кенжебаева А.Ә., қытайтану кафедрасы меңгерушісінің ОӘТ жөніндегі орынбасары Омарова М.А. және қытайтану кафедрасының оқытушылары, магистранттары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Ұлыны ұлықтаған ұлағатты кеш

05.03.2014

Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайындағы Жастардың «Руханият» орталығында «Абайтану әлемі» атты танымдық-шығармашылық кеш өтті. Кештің мақсаты: әр қазақ баласының бойына Абай шығармаларының құндылығын дәріптеу.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ-дың жеңіске жету жолы» тақырыбында факультет түлектерімен кездесу өтеді

05.03.2014

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің, қылмыстық құқық, қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен (411 аудиторияда сағат 13.00-16.00) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойы қарсаңында «ҚазҰУ-дың жеңіске жету жолы» тақырыбында факультет түлектерімен кездесу өтеді.

Ары қарай оқу >>

«ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтті

05.03.2014

«КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына және С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің 120 жылдық мерейтойына арналған «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Ары қарай оқу >>

Трансформациялық көшбасшылық

04.03.2014

2014 жылдың 4-7 наурызында «Кроссмәдени көшбасшылық» жобасының екінші кезеңі өтті. Философия кафедрасы мен Халықаралық Көшбасшылық Орталығының меморандумы аясында ұйымдастырылған дәрістер мен тренингтерді Сиэтл университетінің профессоры Том Листер өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Евразиялық алуандылық және тұрақты даму жолындағы университеттер рөлі»VII Астана экономикалық форумы және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойы аясында Азия университеттерінің III форумы

04.03.2014

2014 ж. мамыр айының 21-23 аралығында Алматы және Астана қалаларында еуразиялық аймақтың алдыңғы қатарлы университеттерінің басын қосатын «Евразиялық алуандылық және тұрақты даму жолындағы университеттер ролі» III Азия университеттерінің форумы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде Сағат Батырханның онлайн-дәрісі өтеді

04.03.2014

5 наурыз (сағат 15.00-де) журналистика факультетінің 230 аудиториясында халықаралық журналист, Қарағанды облыстық телевизиясының Бас редакторы Сағат Батырхан «Ақпарат таратудың бүгінгі мәселелері» деген тақырыпта онлайн-лекция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасы ұйымдастыруымен« Өркениеттер диалогы: Орта Азия және Шығыс Азия»атты тақырыпта ғылыми семинар өтті.

04.03.2014

4.03.2014 Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастырумен« Өркениеттер диалогы: Орта Азия және Шығыс Азия» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Семинарға белгілі қытайтанушы, т.ғ.д., проф. Хафизова Клара Шайсұлтанқызы қатысып баяндама жасады. Семинарға шығыстану факультеті деканының ҒЗЖ және ХЫ жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к, доцент Алжанбаева Ұ.Т., Қытайтану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Батпенова З.С., қытайтану кафедрасының ҒЗЖ және ХЫ жөніндегі орынбасары Кенжебаева А.Ә., қытайтану кафедрасы меңгерушісінің ОӘТ жөніндегі орынбасары Омарова М.А. және қытайтану кафедрасының оқытушылары, магистранттары қатысты.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ ғаламдық хабы ашылды

03.03.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасы бойынша ғаламдық хабының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұңғыш тұрақты өкілі, ҚР сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар бойынша елшісі – А. Арыстанбекова, ҚР-дағы БҰҰ Хатшылығының Қоғамды ақпараттандыру Департаментінің өкілі В.Самек, Алматыдағы ҚР шетелдердің дипөкілдерінің басшылары арнайы қонақ ретінде қатысты. Бұл салтанатты тұсаукесерд рәсімін ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов ашты. Оған университет ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара еліміздің тарихындағы ең елеулі күндердің бірі – Қазақстан Республикасының БҰҰ-на мүшелікке қабылданған күніне 22 жыл толуына орайластырылды.

Ары қарай оқу >>

Дағыстан Республикасының құрметті ғылым қызметкері, профессор Магомедсаид Исмаиловтың қатысуымен семинар өтеді

03.03.2014

4 наурыз 2014 жылы (сағ. 11.00) өтетін «Кавказ халықтары мен дәстүрлі қазақ қоғамындағы барымтаның орны мен рөлі» атты халықаралық ғылыми семинар өтеді. Семинардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 24 ақпан – 1 наурыз 2014 жыл

03.03.2014

  • Тақырып жалғасы Студенттері ақын Берязевпен кездесті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ-дың – 80 жылдығына арналған имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы мақалалар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми форум

01.03.2014

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді университетін 80 жылдық мерейтойына арналған 2014 жылы 26-28 наурызда өтетін «ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми форумға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Pages