Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Түркияның Жүніс Әміре Институты арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

30.04.2014

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, профессор, академик Ғ. Мұтанов Анкара қаласындағы Жүніс Әміре Институтының төрағасы Хаяты Девели мырзамен кездесті.

Ары қарай оқу >>

«Кәсіби бағдар» жұмысы аясында Философия және саясаттану факультетінде «Ашық есік күндері» өткізілді

30.04.2014

30-сәуір күні философия және саясаттану факультетінің акт залында «кәсіби бағдар» жұмысы аясында Алматы қаласы мектептері мен колледж талапкерлеріне «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды. «Ашық есік күніне» арналған мерекелік іс-шарада талапкерлерге факултетіміздің философия, әлеуметтану, саясаттану, дінтану және мәдениеттану, жалпы және этникалық педагогика, жалпы және этникалық психология кафедраларының студенттері мен оқытушылары өз кафедраларының мамандықтары жайлы ақпараттар берді.

Ары қарай оқу >>

«Ашық есік» мерекелік іс шарасы

30.04.2014

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдық мерей тойы және Қазақстандағы философиялық білім берудің 65 жылдығы қарсаңында философия және саясаттану факультетінде 30.04. 2014 жылы бітіруші түлектерге арналған «Ашық есік» мерекелік іс шарасы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ музейі Қазақстандағы ИКОМ халықаралық мұражайлар одағының мүшелігіне қабылданды

30.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейі университеттік музейлер арасында алғаш болып Қазақстандағы ИКОМ халықаралық мұражайлар одағының мүшелігіне тіркеулік 62548 нөмірімен ресми түрде қабылданды.

Ары қарай оқу >>

«ҚР егеменді мемлекет ретінде конституциялық дамуы: өткен шақ, қазіргі заман, болашақ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

29.04.2014

Заң факультеті мемлекет және құқық тарихы және теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған «ҚР егеменді мемлекет ретінде конституциялық дамуы: өткен шақ, қазіргі заман, болашақ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Model UN – Жаңа Жібек Жолы» конференциясы өтеді

29.04.2014

1-3 мамыр 2014 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да (Ғылыми кітапхана ғимараты, 4-шi қабат, сағ. 9:00) Model UN бағдарламасы БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Model UN – Жаңа Жібек Жолы» конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Кезекті жас ғалымдар отырысы

29.04.2014

29.04.2014 ж. қытайтану кафедрасында кафедраның жас ғалымдарының кезекті отырысы болып өтті. Жас ғалымдардың кезекті семинары «Билеуші Коммунистік партияның Қытайды модернизациялаудағы рөлі» атты тақырыпта болды. Семинарда кафедраның 3 курс PhD доктранты Дәуен Д. сөз сөйледі.

Ары қарай оқу >>

ХХI ғасырдағы білім беру философиясы: қызметін жаңа бастаушы педагогтардың өзін-өзі жүзеге асыру мүнкіндіктері және тәукелдері

29.04.2014

2014 жылдың 29 сәуір күні Философия және саясаттану факультетінің Жалпы және этникалық педагогика кафедрасында философия ғылымдарының кандидаты, доцент М.В. Жуктың (Суми диплом кейінгі білім беру институты, Суми қаласы, Украина) қатысуымен «ХХI ғасырдағы білім беру философиясы: қызметін жаңа бастаушы педагогтардың өзін-өзі жүзеге асыру мүнкіндіктері және тәукелдері» атты вебинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Студенттер әдеби шығарманы талдауға шақырады

28.04.2014

2014 жылдың 29 сәуірінде (сағ. 16.00) заң факультетінің 410 аудиториясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті оқуға міндетті «100 кітап» жобасы аясында Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты кітабын талқылауға арналған мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының доценті А.Ж.Жарболова, доцент Мынбатырова Н.Қ, «Конституционалист», «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубтарының ұйымдастыруымен әдеби-шығармашылық кеш өтеді.

Ары қарай оқу >>

Бүкіләлемдік «Қытай тілі көпірі» сайысының жеңімпаздары анықталды

28.04.2014

Сәуірдің 26 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтында әлемде қытай тілін таратуды басқаратын топтың Бүкілқытайлық мемлекеттік Канцеляриясының бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылатын Бүкіләлемдік “Қытай тілі көпірі” сайысының Алматы қалалық байқауында және Республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Ары қарай оқу >>

«Діни экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекеттеріндегі жастардың рөлі» атты форум өтеді

28.04.2014

2014 жылы сәуірдің 29-30-да Алматы қаласында, Бас прокуратура Институтымен Қазақстан Республикасының дін жұмыстарының Агенттігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған «Діни экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекеттеріндегі жастардың рөлі» атты халықаралық форум өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың студенттік командасы Enactus Kazakhstan National EXPO 2014 студенттік жастардың әлеуметтік және Бизнес-жобалардың ұлттық сайысында 3-орынға ие болды

28.04.2014

2014 жылдың 21-22 сәуір күндері ҚазҰУ-дың студенттік командасы Enactus Kazakhstan National EXPO 2014 студенттік жастардың әлеуметтік және Бизнес-жобалардың ұлттық сайыстарына қатысты.

Ары қарай оқу >>

Жастар экология мәселелерін шешуде

28.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Әлия Назарбаеваның қолдауымен Қазақстан Республикасының І Ұлттық Экологиялық жастар форумы шеңберінде «Жастар. Экология. Мәдениет» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылыми-теориялық мүмкіндіктерін көрсеткені және ұсынған зерттеу жұмысының тәжірибелік мақсаттылығы мен өзектілігі үшін жылуфизика және техникалық физика кафедрасының 2-курс магистранты Айжан Нұғыманованы ҚР білім және Ғылым министрлігінің вице-министрі Такир Балықпаев марапаттады.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет республика дәрежесінде мастер-класс өткізді

28.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет «Аудармаға баулудың инновациалық технологиялары мен әдістері» пәні бойынша «Аударма-тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы» тақырыбында республикалық дәрежедегі шеберлік сағатын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 21-26 сәуір 2014 ж.

28.04.2014

  • Тақырып жалғасы «Фараби форумы» өтті
  • Тақырып жалғасы «Жасыл көпір: ұрпақтан ұрпаққа» студенттік форум өтті
  • ҚазҰУ-ға – 80 жыл
  • ҚазҰУ 80-інші Наурызын тойлады
  • 17-мамырда республикалық «Болашақ баспагер-редактор» байқауы өтеді
  • ҚазҰУ-да Қазақ Жазушылар одағы, «Қазақ әдебиеті» газеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойлары аталып өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • Оқытушылар-профессорлар құрамының мақалалары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

27.04.2014

Құрметті студенттер!

Сіздерді жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында университеттің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастыратын «Al-Farabi Smart City – Healthy City» атты акция-марафонына қатысуға шақырамыз!

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРГЕ БІРГЕ ҚАРСЫ ТҰРАЙЫҚ!

Өтетін жері: №17 студенттер үйі

Уақыты: 30.04.2014 ж. сағ. 18.00

Жауаптылар: С.А. Сулейманова, П.Т. Медетбекова, Г.А. Борибаева

Ары қарай оқу >>

ФАКУЛЬТЕТ ДЕҢГЕЙІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН «ТӘНІ САУДЫҢ ЖАНЫ САУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ІС-ШАРА

27.04.2014

2014 жылдың 27 сәуір күні сағат 10:00-де жалпы және этникалық психология кафедрасы «Тәні саудың жаны сау» жобасының аясында студенттер мен оқытушыларды, әртүрлі спорт түрлерінің жеңімпаздары мен бапкерлерін шақыра отырып, «Спорт – денсаулық кепілі: студенттердің спорттағы жетістіктері» атты іс-шара өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты тәрбие сағаты

26.04.2014

26.04.2014 ж. № 9 жатақханада кезекшілік күні Тоқсанбаева Н.Қ., Жұбаназарова Н.С. «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты тәрбие сағат өткізді. Тәрбие сағатқа №9 жатақханадағы 1,2,3 курс студенттері белсене ат салысты.

Ары қарай оқу >>

Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романына дискуссия өткізді

26.04.2014

26.04.2014 ж. № 9 жатақханада кезекшілік күні Тоқсанбаева Н.Қ 100 кітап бағдарламасы бойынша Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романына дискуссия өткізді. Дискуссияға № 9 жатақханадағы 1,2,3 курс студенттері ерекше түрде қатысты. Дискуссиямыз романдағы өлеңмен басталды.

Ары қарай оқу >>

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасы ұжымының концерті

26.04.2014

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

Құрылымдық бөлімше, факультет және кафедра басшылары!

30 сәуір күні сағат 17.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 80 жылдық мерейтойына орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасы ұжымының концерті болады. Университетіміздің ұстаздары мен шәкірттеріне және қызметкерлеріне арналған концерттік бағдарлама «Бабалар аманаты» аталады. Өнерпаздар репертуарында бабалардан жеткен толғау жырлар, әсем ән мен күмбірлеген күйлер қамтылған. Әншілер – халықтың бай мұрасын елімізде ғана емес, шет елдерде де насихаттап жүрген танымал өнер қайраткерлері.

Ары қарай оқу >>

"Үздік лингвист-2014"

26.04.2014

Білімділер додасы - "Үздік лингвист - 2014"

2014 жылдың 3 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Үздік лингвист-2014" Республикалық университетаралық зияткерлік сайысы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Философия» мамандығын таныстыруға арналған кездесу

25.04.2014

2014 жылдың 25 сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлжиһан Нұрышева, кафедра доценті Әсет Құранбек және 1 курс магистранты Тайыржан Оразханның ұйымдастыруымен Алматы облыстық академик Шалтай Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатында ақын Өтежан Нұрғалиев шығармашылығына және «Философия» мамандығын таныстыруға арналған кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет республика дәрежесінде мастер-класс өткізді

25.04.2014

2014 жылдың 25 сәуірі күні Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ шығыстану факультетінде сағат 12:30-16:05 аралығында қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет «Аудармаға баулудың инновациалық технологиялары мен әдістері» пәні бойынша «Аударма-тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы» тақырыбында республикалық дәрежедегі мастер-класс өткізді.

Ары қарай оқу >>

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және сараптама орталығының директоры Г.Е. Шлымовамен кездесу

24.04.2014

2014 жылдың 24 сәуір күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен жұмыс берушілер мен түлектер байланысын жетілдіру, түлектердің жұмыспен қамтылуы мақсатында Қазақстан Республикасы Дін істері Агенттігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және сараптама орталығының» директоры Шлымова Гүлнара Екпіновнамен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

«Педагогика ғылымы мен білім беру саласындағы өзекті мәселелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

23.04.2014

2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80-жылдық мерей тойы аталып өтілуде. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 2014 жылдың 23-24 сәуір күндері өткізген «Педагогика ғылымы мен білім беру саласындағы өзекті мәселелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция осы мерейтойға арналған болатын.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Францияның Бас Консулы Патрик Ренардың көшбасшылық дәрісі өтті

23.04.2014

ҚазҰУ Мансап және бизнес орталығы Алматы қаласындағы Францияның Бас Консулы Патрик Ренар мырзаның «Францияның әлемдік саясатындағы рөлі және Франция мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастығы» атты тақырыпта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары үшін көшбасшылық дәрісін ұйымдастырып, университеттің Ғылыми кеңес залында өткізді.

Ары қарай оқу >>

Профессор Х. Суербаевтың дербес шығармашылық көрмесі өтеді

23.04.2014

28 сәуір, 2014 ж. сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректорат ғимаратының фойесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған химия ғылымының докторы, профессор Суербаев Хаким Абдрахимұлының 75 жылдығына орай дербес шығармашылық көрмесі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы

23.04.2014

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының «Биофизика және биомедицина проблемалары» студенттер үйірмесі мен куратор-эдвайзерлерінің және «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруларымен «Ұстаздық ұлы қызмет» тақырыбында ардагер-ұстаз б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Х.Д.Дүйсембинмен кездесу кеші өтті.

Ары қарай оқу >>

«Блог марафон» ҚазҰУ-дан бастау алды

23.04.2014

Журналистика факультетінде «Қазіргі замандағы Қазақстан ақпарат кеңістігіне бизнестік көзқарас» атты шеберлік сағаты өтті. «Baikadam Holding» президенті, кәсіпкер Арман Байқадам, «Baikadam Media Group» компаниясының атқарушы директоры, танымал блогер IT маманы Нұрлан Жанай, «Жаңа-Ой» Орталығының директоры Данияр Жаныс қатысты.

Ары қарай оқу >>

Өңірлік ЖОО оқытушыларына арналған семинар-тренинг өтті

22.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өңірлік ЖОО профессор-оқытушыларына арналған халықаралық деңгейдегі семинар-тренинг өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінде бірнеше семинарлар өткізілді

22.04.2014

ҚазҰУ заң факультетінде «Жоғары білім саласындағы тәлімгерлік» және «MOOCs (massive open online courses) – альтернативті білім» атты оқу-әдістемелік семинарлар өткізілді. Іс-шаралар азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доцент қызметін атқарушы, «Болашак» бағдарламысының түлегі А.С. Дощановамен жүргізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Еуропа мен Азияда аймақтық қауіпсіздікті құрудың шектеріне арналған конференция өтуде

22.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті 2014 жылдың 23 сәуірінде «Еуропа мен Азияда аймақтық қауіпсіздікті құрудың шектері» атты IV Еуро-азиялық конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ғалымдары Бішкек қаласында өткен халықаралық семинарға қатысты

22.04.2014

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми зерттеу институты Халықаралық Айтматов академиясымен және Қырғызстан Республикасы ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтымен бірлесе отырып, 2014 жылы 18-19 сәуірде Бишкек қаласында «Мәдениетаралық коммуникация және компаративистика» атты халықаралық ғылыми семинар өткізді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері атаулы шәкіртақы иегерлері атанды

21.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ректорат мәжілісінде шәкіртақылар табыстау жағымды дәстүрге айналған. Оқу жылы басталғаннан бері университетте 11 млн. теңгені құрайтын атаулы 158 шәкіртақы тағайындалды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 14-19 сәуір 2014 ж.

21.04.2014

  • І «Фараби оқулары» өтті
  • «Жас тілшілер» ғылыми форумы өтті
  • «Әл-Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті
  • Студенттер арасында айтыс өтті
  • «Жасыл көпір: ұрпақтан ұрпаққа» студенттік форум өтті
  • ҚазҰУ-да өткен дөңгелек үстел
  • Филолоия, әдебиеттану және әлем тіледрі факультетінде С. Садырбаев атында аудитория ашылады
  • ҚазҰУ 80 наурызын тойлады
  • ҚазҰУ-ға – 80 жыл
  • ҚазҰУ профессорлары мен оқытушыларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • Имидждік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Патриоттық акция «Кім, егер біз болмасақ!»

18.04.2014

18 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына арнап Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің «Логос» СҒҚ діни экстремизмнің алдын алу шарасы бойынша«Кім, егер біз болмасақ»тақырыбында патриоттық акцияжүргізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессорлары халықаралық конференцияға қатысты

18.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалым-профессорлары Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткізілген «Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы мен ерекшенің «Мәңгілік ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» аталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қатысты.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру

18.04.2014

Хабарландыру

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастырумен 18.04.2014ж. сағат 17:00 №17 жатақханада «Салауатты өмір салты» жобасы аясында Қазақстан Республикасы денсаулык сактау министрлігі медициналык қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы қалалық департаменті бойынша бастығы нарколог-дәрігер Сапар Рахменшиевпен «Денсаулық –зор байлық» тақырыбында сұхбат өтеді.

Ұйымдастырушылар: ф.ғ.д., проф. Б.Р. Құлжанова

Д.Т. Шакирова

Ары қарай оқу >>

Қазіргі көркем аударма мәселесіне арналған семинар өтеді

17.04.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Жақсылықов Аслан Жәмілұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Қазіргі көркем аударманың және әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Дөңгелек үстелде әл-Фараби мұрасының ислам мәдениетінің қалыптасуындағы рөлі талқыланды

16.04.2014

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасындағы «Нұр» және «Мәдениет.kz» клубтарының ұйымдастырумен университетіміздің 80 жылдық мерейтойына арналған «әл-Фараби мұрасының ислам мәдениетінің қалыптасуындағы орны» атты республикалық денгейде дөңгелек үстел отрысы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Айналаңды Нұрландыр»-2014ж. 16-сәуірі сағат 14:00-де

16.04.2014

Құрметті студенттер, магистранттар және оқытушылар!!!

әл- Фараби атындағы ҚазҰУ- дың «Айналаңды Нұрландыр» атты әлеуметтік жоба барысында Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы Химия және химиялық технология факультетінің студенттік «Маслихат» ұйымымен бірлесе отырып 2014ж. 16-сәуірі сағат 14:00-де әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасындағы балаларға арналған №10 мектеп-интернатында (акт залы) қайырымдылық шарасын өткізеді

Тілек білдірушілерге есігіміз ашық!!!

Іс-шараға жауапты: Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының х.ғ.к., аға оқытушысы М.А. Дюсебаева, студенттік «Маслихат» ұйымы

Ары қарай оқу >>

Конференцияда діни білім беру мәселесі қаралады

15.04.2014

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 18 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған, «Қазіргі Қазақстандағы діни білім-беру жүйесі: жағдайы және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

II Бекхожин оқулары аясында қазақ журналистикасының тарихын зерттеуге арналған республикалык конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді

15.04.2014

25 сәуір 2014 жылы (сағ. 10.00) II Бекхожин оқулары аясында «Қазақ журналистикасының тарихын зерттеудің өзекті мәселелері: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында факультет студенттеріне өткізілген «Арт-терапия»!!!

14.04.2014

14-сәуір күні философия және саясаттану факультетінің №9 жатақханасында университеттік «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында факультет студенттері үшін «Ертегілер әлемінде» тақырыбында арт-терапия өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Мүмкіндігі шектеулі студенттер өміріндегі спорттың рөліне арналған конференция өтеді

14.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Жоғары оқу орындарында кәсіптік білім алу барысында мүмкіндіктері шектеулі және мүгедек студенттердің интелектуалды және жеке бастарының дене қабілеттерін жетілдірудегі бейімдеу, дене тәрбиесі мен спорттың рөлі мен орны» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ университеті» баспасы - ҚР Кітап палатасының рейтингісінде көшбасшы

14.04.2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасы ҚР Кітап палатасының 2013 жылғы рейтингісінде «Шығарылған атаулар саны бойынша үздік ондық» номинациясында көшбасшы атанды.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру

13.04.2014

Құрметті, түлектер!

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті факультет түлектерін 2014 жылдың 31 мамырда сағат 10:00 312 аудиторияда болатын "Түлектер күніне" шақырады.

Ары қарай оқу >>

Студенттерге арналған халықаралық ғылыми конференцияда үздіктер айқындалды

12.04.2014

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арнап, Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде 2014 жылдың 8-11 сәуір аралығында «әл-Фараби әлемі» атты студенттердің Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Pages