Тәні саудың жаны сау» жобасы аясында

31.01.2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дінтанушы студенттері өздері педагогикалық тәжірибеден өткен № 40, 81, 30 мектептерде «Тәні саудың жаны сау» жобасы аясында мектеп ішілік спорт турнирлерін өткізді. Шараның мақсаты – мемлекет азаматтарын салауатты өмір салтына баулу. Жарысқа мектеп оқушылары, мұғалімдер және студенттер қатысты. Спорт турнирінің соңында жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«Айналаңды нұрландыр» және «Green campus»

30.01.2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану мамандығының 4 курс студенттері «Айналаңды нұрландыр» және «Green campus» жобалары аясында өздері педагогикалық тәжірибеден өткен мектептерде (№40, № 30, № 81 мектеп) бірнеше іс-шаралар өткізді. Мәселен ректорымыз Ғ.Мұтановтың бастамасымен қолға алынған адамзатқа жақсылық жасауға, ізгілікке шақыратын «Айналаңды нұрландыр» жобасы негізінде студенттер жетімдер үйінде болып, тағдыр тауқыметін көрген сәбилерге қамқорлық көрсетіп қайтты.

Ары қарай оқу >>

Философия ғылымдарының докторы, профессор, Ғалихан Ғаламғалиұлы Ақмамбетовтың 80 жылдығына орай «Этика ілімінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді

30.01.2015

Философия және саясаттану факультеті, «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен 31 қаңтар сағат 11:00-де (122 ауд) Қазақстанға және алыс жақын шетелдерге танымал белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы. профессор, Ғалихан Ғаламғалиұлы Ақмамбетовтың 80 жылдығына орай «Этика ілімінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Арт-терапия

27.01.2015

Кафедра оқытушылары (доц. З.М. Садвакасова, А.В. Вишневская, проф. А.А. Булатбаева және т.б.) оқу үдеріснде арт-терапия технологиясын белсенді қолданады. Мысалы, пластин терапиясы технологиясы, кардмэйкинг, декупаж, тасқа сурет салу, құм терапиясы және т.б.

Ары қарай оқу >>

арт-терапия

27.01.2015

Кафедра оқытушылары (доц. З.М. Садвакасова, А.В. Вишневская, проф. А.А. Булатбаева және т.б.) оқу үдеріснде арт-терапия технологиясын белсенді қолданады. Мысалы, пластин терапиясы технологиясы, кардмэйкинг, декупаж, тасқа сурет салу, құм терапиясы және т.б.

Ары қарай оқу >>

Студенттер балаларға көңілді кеш ұйымдастырды

27.01.2015

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында халықаралық құқық кафедрасының 3 курс студенттері, эдвайзер Б.А. Амандосұлы, Г.У. Ахметалиева, Ж.С. Жунисов «SOS Алматы Балалар ауылында» «Бала-өмір шуағы» атты тақырыпта іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да "Қазақстандағы еңбек көші-қоны мәселелерінің БАҚ-тағы көрінісі" тақырыбы талқыланады

27.01.2015

2015 жылғы 30 қаңтарда сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымымен (БҰҰ Әйелдер) бірлесе ұйымдастырылып отырған «Еңбек көші-қоны мәселелерін адам құқы мен гендерлік аспектілерді сақтай отырып БАҚ-та жариялау (Орта Азия елдері мысалында)» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 19-24 қаңтар 2015 жыл

26.01.2015

  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ Әлем университеттері консорциумына мүше болды
  • Қазақ хандығы – 550
  • ҚазҰУ ғалымдары мен профессорлары туралы
  • Жолдау
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да «Қазақ газеттері» медиахолдингінің 15 жылдық мерейтойына орай «Қазақстандағы ақпараттық үдерістер; замана талабы мен талғамы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • «Экономиканың инновациялық даму негіздері ретінде ғылым,білімберу және бизнес интеграциясы» атты 45-ші Ғылыми-әдiстемелiк конференциясы өтіп жатыр
  • Оқытушы-профессорлар құрамының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Сұңқарлықтар» өз жоспарларын Елбасы жолдауымен байланыстырады

23.01.2015

ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің алғашқы отырысында кәсіподақ төрайымы Айдана Сыдықованың төрағалығымен Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауына байланысты семинар-отырыс өтті. Семинарда жастар Елбасы жолдауындағы өзекті бағыттарға көңіл бөліп, ойларын ортаға салды.

Ары қарай оқу >>

Кіші топтардағы белсенді оқыту әдістер

21.01.2015

2015 жылдың 15 қаңтарында философия және саясаттану факультетінің 119 ауд. сағ. 16.00-де "Жас оқытушылар мектебі" жобасы аясында "Кіші топтардағы белсенді оқыту әдістері" атты семинар-тренинг жүргізілді. Семинар-тренингті психол.ғ.д., жалпы және этникалық психология кафедрасының профессоры Ким А.М. жүргізді.

Ары қарай оқу >>

«Жастар және қазіргі заманғы ғылым» атты халықаралық студенттік ғылыми конференция өтеді

21.01.2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы 2015 жылдың 27 ақпанында «Жастар және қазіргі заманғы ғылым» атты халықаралық студенттік ғылыми конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Экономиканың инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты 45-ші Ғылыми-әдiстемелiк конференциясы өтеді

20.01.2015

2015 жылдың 23-24 қаңтарында сағ. 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономиканың инновациялық даму негіздері ретінде ғылым,білімберу және бизнес интеграциясы» атты 45-ші Ғылыми-әдiстемелiк конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 1-17 қаңтар 2015 жыл

19.01.2015

  • Имидждік жарияланымдар
  • Қазақ хандығы – 550
  • Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай "Қыр гүліндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары" атты фотожинағының тұсаукесері өтті
  • ҚазҰУ Әлем университеттері консорциумына мүше болды
  • ХІ халықаралық Жәукітов олимпиадасы өтуде
  • Оқытушы-профессорлық құрамның жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да қазіргі әдебиеттанудың мәселелері бойынша конференция мен дөңгелек үстел өтеді

17.01.2015

Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді 2015 жылы 20 ақпан, сағат 11.00-де, 320-дәрісханада «Қазіргі әдебиеттанудың жаңа бағыттары» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы мен «Қазіргі сынтану мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Жас оқытушылар мектебі

16.01.2015

2015 жылдың қаңтар айының 16 жұлдызында Жас оқытушылар мектебі аясында ЭжБЖМ 1 залында жалпы және этникалық педагогика кафедрасы оқытушыларыны университеттің барлық оқытушыларына арналған сабақтары өтті:

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ Әлем университеттері консорциумына (WUC) мүше болды

16.01.2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әлем университеттері консорциумының (WUC) толыққанды мүшесіне айналды. Еліміздің білім беру саласының мойындалған көшбасшысы өзінің жоғары беделі мен халықаралық талаптарға сай дәрежесін тағы бір дәлелдеді.

Ары қарай оқу >>

Жас оқытушылар мектебі

16.01.2015

2015 жылдың қаңтар айының 16 жұлдызында Жас оқытушылар мектебі аясында ЭжБЖМ 1 залында жалпы және этникалық педагогика кафедрасы оқытушыларыны университеттің барлық оқытушыларына арналған сабақтары өтті:

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студентінің алғашқы жыр-жинағы

15.01.2015

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Асыл кітап» баспасынан филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы - «Жас ақындар» үйірмесінің жетекшісі, жас ақын Марғұлан Ақанның «Көктоғайдан көшкен бұлт» атты алғашқы студенттік өлеңдер жинағы жарық көрді.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!

15.01.2015

ҚазҰУ-дың профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымының докторы, Қостанай қаласының құрметті азаматы Сағындық Сатыбалдин «Қостанай таңы» газетінің 2014 жылғы қорытындысы бойынша лауреаты атанды.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

15.01.2015

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

2015-жылдың 29-30-мамырда

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде

«XVІІІ АХАНОВ ОҚУЛАРЫ» аясында өтетін

«ТІЛ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ: УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға

қатысуға шақырамыз

Ары қарай оқу >>

Құрметті жоғары сыныптың оқушылары, колледж, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылар!

14.01.2015

Тюмень мемлекеттік мұнайгаз университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді «Озық ой!» - 2015 инновациялық жобалар сайысына қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

«Дінтану негіздері» атты біліктілікті арттыру курсы өтті

13.01.2015

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Дінтанулық зерттеулер және экспертиза орталығы және Біліктілікті арттыру институты Алматы орта мектептері оқытушыларына «Дінтану негіздері» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Т.Тәжібаев оқулары өтеді

12.01.2015

2015 жылдың 24 ақпанда жыл сайын өтетін Т.Тәжібаев оқулары аясында және жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 75 жылдығына орай «Төлеген Тәжібаев және заманауи педагогикалық ғылым» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

ІІ Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі

08.01.2015

2015 жыл 6-8 ақпан аралығында БҰҰ 70-жылдығына арналған «Болашақтың Медиасы: Ньюсономика. Үрдістер. Жаңалықтар» ІІ Халықаралық Журналистика және Коммуникация Қысқы мектебі Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағындағы «Тау-Тұран» Білім беру-сауықтыру кешенінде өтеді.

Ары қарай оқу >>

Михаил Қасымұлы Наурызбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының «Құрметті Академигі» болып сайланды

06.01.2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Физика-химиялық талдау және зерттеу әдістерінің орталығы» (ФХТЗӘО) директоры, т.ғ.д., профессор Михаил Қасымұлы Наурызбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының «Құрметті Академигі» болып сайланды.

Ары қарай оқу >>

Жырлайды жүрек

05.01.2015

5 қаңтар 2015 жылы жалпы және этникалық педагогика кафедрасы «100 кітап» жобасы аясында, Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 22-31 желтоқсан 2014 жыл

05.01.2015

  • Имидждік жарияланымдар
  • Б.Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтеді
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да журналистика факультетін 1984 жылы тәмамдаған түлектердің кездесуі өтті
  • Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай "Қыр гүліндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары" атты фотожинағының тұсаукесері өтті
  • Тақырып жалғасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS жаңа рейтингісінде 14-ші орынға ие болды
  • Журналистика факультеті, ЮНЕСКО және халықаралық байланыс кафедрасының оқытушылары Балалар үйіне барып қайтты
  • Фазылхан Бәйімбетовтің туғанына 75 жыл толуына орай «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесері өтті
  • Жолдау
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Pages