G-Global «Ай тұлғасы» ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді

31.03.2015

«G-Global: тұрақты даму мәселелері мен келешегі» – осындай атаумен 2015 жылдың 1 сәуірінде сағат 12:00-де (ректорат 9 қабат, конференц-зал) G-Global «Ай тұлғасы», Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының вице-президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясы аясында G-Global жобасын іске асыруға бағытталған шаралар бастау алады, сонымен қатар, ҚазҰУ жанынан ашылған ЮНЕСКО UNITWIN тұрақты даму бағдарламасы бойынша Орта Азиялық хабының тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Студенттік көктем 2015» байқауы актерлік шеберлік бағыты бойынша өз маусымын аяқтады

31.03.2015

«Студенттік көктем 2015» байқауы актерлік шеберлік бағыты бойынша өз маусымын аяқтады. Биылғы шараның жылдағыдан ерекшелігі - қатысушы актерларымыздың бар қарым-қабілетін «Қазақ хандығының 550» жылдығына арнауы.

Ары қарай оқу >>

«Үнді және қазақ мерекелерінің сабақтастығы» атты мәдени-танымдық шарасы өтеді

30.03.2015

2015 жылдың 3 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Үнді және қазақ мерекелерінің сабақтастығы» атты мәдени-танымдық шарасы және үнді шайы фестивалі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Біз жанбасақ лапылдап» атты республикалық жас ақындар мүшайрасының қорытындысы өтеді

30.03.2015

31 наурыз 2015 жылы сағат 11:30-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің Т. Қожакеев акті залында (230 ауд.) Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Біз жанбасақ лапылдап» атты республикалық жас ақындар мүшайрасының қорытындысы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Кенжеғали Мыржықбайдың шығармашылық кеші өтеді

30.03.2015

2015 жыл 31 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Абайдың 170 жылдығына орай «Абай және Пушкин» атты ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Кенжеғали Мыржықбайдың Абай мен А.С. Пушкин сөздеріне жазылған қазақ-орыс композиторларының вокалдық шығармалар кеші өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті

29.03.2015

2015 жылы 27 наурызда халықаралық қатынастар факультетінде «Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Аналитик» және «Самұрық» командалары, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің «Астана» командасы, Е.Букетов атындағы ҚарМУ-дің «Достық» командасы, ҚазХҚӘТУ «G5» командасы, «Тұран» университетінен «Vetritas», «TRANSPARIENT», «Тұран дипломаттары» командалары және Алматы менеджмент университетінің «Reunion» командалары қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Мәдениеттану» бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті

28.03.2015

2015 жылдың 26-27 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасы Мәдениеттану пәні бойынша білім беретін, сонымен қатар мәдениет мәселелерін өзекті түрде қарастыратын ЖОО арасында іскерлік және кәсіби байланыс орнату мақсатында республикалық студенттік олимпиада өткізді.

Ары қарай оқу >>

VII «Жас тілшілер» форумы және II «Жас репортер» шоу-кейс фестивалі, ІІ «Медиалэнд» интеллектуалды белсенділік күндері өтеді

28.03.2015

2015 жылы 30 наурызда (сағат 10:00) Республикалық «Қазақ радиосы» және «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері ақпараттық демеушілігімен; әл-Фараби орталығы; әл-Фараби мұражайы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы; «Сұңқар» студенттік кәсіподақ комитеті қолдауымен журналистика факультетінде дәстүрлі VII «Жас тілшілер» форумы және II «Жас репортер» шоу-кейс фестивалі, ІІ «Медиалэнд» интеллектуалды белсенділік күндері өтеді.

Ары қарай оқу >>

"ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы" атты Халықаралық форум

27.03.2015

2015 жылы 27 наурызда қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы "ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы" атты Халықаралық ғылыми форум өткізеді. Форум сырртай түрде өтеді.

Ары қарай оқу >>

Болашақ географтар неміс театры актерлерінің жұмысымен танысып қайтты

26.03.2015

Рекреациялық география және туризм кафедрасы «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Отель» қойылымының премьерасын Гетте атындағы республикалық неміс театрында тамашалады.

Ары қарай оқу >>

Студенттер назарына! Сахналық қойылым номинациясы бойынша финал өтеді

26.03.2015

27 наурыз сағат 15:00-де жыл сайынғы «Студенттік көктем-2015» көркемөнерпаздар байқауының «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай шағын сахналық қойылым номинациясы бойынша байқаудың финалдық концертіне шақырамыз!

Ары қарай оқу >>

Студенттер жеңіспен оралды

25.03.2015

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы VII Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасынан 2-орынға ие болды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 16-21 наурыз 2015 жыл

23.03.2015

  • Имидждік жарияланымдар
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде (РФ, Барнауыл қ.) өткен «Қазақ хандығына 550 жыл: тарихи сабақтар мен қазіргі заман» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференцияға қатысты
  • Алматы қалалық соты және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
  • ҚазҰУ-да «Президенттік сайлау - жаһандық сын-қатерге жауап» атты дөңгелек үстел өтті
  • 7-8 сәуір күндері «әл-Фараби» ғылыми кітапханасында «әл-Фараби және қазіргі заман» атты ІI халықаралық Фараби форумы өтеді
  • Тақырып жалғасы Қазақстанның ядролық қаруға қарсы Халықаралық Невада-Семей қозғалысының 25 жылдығына арналған «Вспоминая, думай о будущем» атты кітаптың тұсаукесері өтті
  • Тақырып жалғасы Шығыстану факультетінде ТҮРІКСОЙ кафедрасы ашылды
  • «Студенттік көктем-2015»
  • Тақырып жалғасы Қазақстанның ядролық қаруға қарсы Халықаралық Невада-Семей қозғалысының 25 жылдығына арналған «Вспоминая, думай о будущем» атты кітаптың тұсаукесері өтті
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Үндістанда Наурыз мейрамын тойлады
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • НұрОтан партиясының ХVI съезіне пікірлер
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Қазақ хандығы – 550 жыл
  • «Ана тілі» газетіне – 25 жыл
  • Студенттік материалдар
  • Студенттік материалдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенті «Бірлік» атты әр ұлттың әндері арасындағы байқауда жеңімпаз атанды

23.03.2015

2015 жылғы 21 наурызда «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай «Бірлік» атты әр ұлттың әндері арасындағы байқауда ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті Хмелевская Валерия жеңімпаз атанды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Үндістанда Наурыз мерекесіне арналған концерт берді

22.03.2015

Наурызды мерекелеу Дели қаласындағы Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан Елшіліктерімен ұйымдастырылды. Іс-шараға Үндістан Сыртқы істер Министрінің орынбасары Навтедж С.Сарна қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Наурыз" мейрамы "Гунны" демалыс орнында тойланды

22.03.2015

География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасы Қазақстан туристтік агенттігі ассоциациясы бірігіп «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Гунны» демалыс орталығында «Наурыз» мерекелік іс-шарасын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру

20.03.2015

Наурыздың 27 жұлдызы 2015 ж. химиялық және химиялық технология факультетінде “Айналаңды нұрландыр бағдарламасы” негізінде “Кел ойнайық” атты студенттер арасында ойын ұйымдастырылады. Ойын мынадай кезеңдерден тұрады:

1) Мені түсін

2) Ойлан тап

3) Кім жүйрік

Ойынға қойылатын талап – жұп ретінде қатысуы керек.

Өтетін орны мен уақыты – химия және химиялық технология факультеті, 427 аудитория, сағат 16:00.

Ұйымдастырушылар – Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы


Ары қарай оқу >>

Ғалымдардан алар тағылым мол

20.03.2015

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен өткен белгілі ғалым-публицист, жазушы, дінтанушы Бейбіт Сапаралымен кездесу болды.

Ары қарай оқу >>

«Армысың, Әз-Наурыз! » атты студенттер қалашығының наурыз мейрамы өтеді

20.03.2015

21 наурыз 2015 жылы сағат 10.00-де Студенттердің жастар алаңында «Армысың, Әз-Наурыз!» атты студенттер қалашығының наурыз мейрамы өтеді. Мерекелік іс-шарада қазақ халқының салт-дәстүрінен (тұсаукесер, беташар т.б.) сахналандырылған қойылым көрсетіледі. Алтыбақан, қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс сынды спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылады.

Ары қарай оқу >>

«Кел ойнайық» атты студенттер арасында ойын өтеді

20.03.2015

2015 жылдың 27 наурызында химиялық және химиялық технология факультетінде «Айналаңды нұрландыр» жобасы негізінде «Кел ойнайық» атты студенттер арасында ойын ұйымдастырылады. Ойын мынадай кезеңдерден тұрады: мені түсін, ойлан тап, кім жүйрік.

Ары қарай оқу >>

«Президент сайлауы жаһандық сын-қатерлерге берілген тиімді жауап ретінде» атты дөңгелек үстел өтті

20.03.2015

Қазақстан Республикасында кезектен тыс президенттік сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді. Осыған орай, ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінің мәжіліс залында «Президент сайлауы жаһандық сын-қатерлерге берілген тиімді жауап ретінде» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға университет басшылығы, саясаткерлер конгресінің мүшелері, әкімшілік құқық кафедрасының профессорлары мен қатысты.

Ары қарай оқу >>

Географтар «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Наурыз» мейрамын тойлайды

20.03.2015

21 - 23 наурыз күндері сағат 10:00-де рекреациялық география және туризм кафедрасы ««Айналаңды нұрландыр»» жобасы аясында «Наурыз» мерекесін «Гунны» демалыс орталағында тойлауға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Профессор Н.Т.Тормановтың 75 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ғылыми конференция өтеді

20.03.2015

2015 жыл 27 наурыз күні сағат 15:00-де биология және биотехнология факультетінде (№427 ауд.) биофизика және биомедицина кафедрасы ҚазҰУ профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Нұртай Торманұлы Тормановтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи биология ғылымының өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттік баспасөз орталығы студенттер белсенділігін арттырды

20.03.2015

18 наурыз күні Студенттік баспасөз орталығының кезекті мәжілісі өтті. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Студенттік баспасөз орталығының мақсаты — университеттің және оның факультеттері мен өзге де құрылымдарының қызметін, онда өткізіліп жатқан түрлі шараларды ішкі және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, студенттердің белсенділігін арттыру арқылы келешекте олардың да білікті маман болып кемелденуін қамтамасыз ету болып табылады.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі" газеті

20.03.2015

Арқалаған ар жүгін

Аркалаган

Әдетте қара жерге түскен сәби табанының табынан басталатын пенденің ғұмырын тіршілік кеңістігіндегі мөлшерлі жолға тели келе «бәленшекең тыңға түрен түсірді, өз соқпағын салды» деп жатамыз ғой. Ал, шынтуайтында, «адамзат сапарының мейманымыз» деп Қасым ақын айтқандай, инсанияттың ілгері озған көшінде қай-қай тірлік иесі де жарық дүние қолына ұстатқан эстафета таяқшасындай аманат-парызды келер ұрпаққа табыстайды, әйтпесе, кәсіп пен нәсіп атаулыға сүйенетін сабақтастық деген атымен болмас еді. Ал сабақтастықтан дәстүр туындайды.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

20.03.2015

19 Наурыз 2015, 15:38
Ресейдің Барнауыл қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына қатысты халықаралық конференция өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде (РФ, Барнауыл қ.) өткен «Қазақ хандығына 550 жыл: тарихи сабақтар мен қазіргі заман» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференцияға қатысты. Бұл туралы бүгін Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ары қарай оқу >>

ІI Халықаралық Фараби форумы өтеді

19.03.2015

2015 жылдың 7-8 сәуірінде «әл-Фараби» Ғылыми кітапханасында сағат 9:00-де «әл-Фараби және қазіргі заман» атты ІI Халықаралық Фараби форумы өтеді. Форум Әбу Насыр әлФарабидің 1145 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына, «Алматы ислам әлемінің астанасы –2015» жылына арналып отыр.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ғалымдары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конферецияға қатысты

19.03.2015

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Алтай мемлекеттік университетінде (РФ, Барнауыл қ.) өткен «Қазақ хандығына – 550 жыл: тарихи сабақтар мен қазіргі заман» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференцияға қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі

19.03.2015

16 Наурыз 2015, 20:26
Алматы қалалық соты мен ҚазҰУ сот жүйесінің мамандарын әзірлеуде өзара меморандумға қол қойды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қалалық соты және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ары қарай оқу >>

Бейбіт Сапарәлімен кездесу өтеді

18.03.2015

2015 жылғы 19 наурыз күні сағат 11.00-де Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен факультет түлегі, белгілі журналист, тарихшы, дінтанушы ғалым Бейбіт Сапарәлімен кездесу өтеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру! Патриоттық әндер байқауының финалдық концерті өтеді

18.03.2015

Барлық студенттерді 20 наурыз сағат 15:00-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚазҰУ-дың жыл сайынғы «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2015» көркемөнерпаздар байқауының «Жеңістің 70 жылдығына арналған » патриоттық әндер байқауының финалдық концертіне шақырамыз!

Ары қарай оқу >>

1-2 курс студенттері арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді

17.03.2015

2015 жылдың 26-27 наурыз аралығында (сағат 10:00, 301 ауд.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының 1-2 курс студенттері арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Тәні саудың-жаны сау» атты флэш-моб өтті

17.03.2015

ҚазҰУ-да дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары мен магистранттарының ұйымдастыруымен Гиннестің рекордтар кітабына жазылған қазақтың дәстүрлі «Қара жорға» биіне арналған «Тәні саудың-жаны сау» атты жоба аясындаауқымды флэш-моб өтті.

Ары қарай оқу >>

«Студенттік көктем-2015» көркемөнерпаздар фестивалінің «Халықтар достастығы» атты би байқауының финалдық концерті өтті

17.03.2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Студенттік көктем-2015» көркемөнерпаздар байқауының би номинациясы бойынша қорытынды гала-концерті Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналды.

Ары қарай оқу >>

Ашық есік күні мен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

16.03.2015

Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы №72 мен №116 орта мектебінде және №13 мектеп-гимназиясында оқушылардың және ұстаздардың қатысуымен ашық есік күні мен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Ары қарай оқу >>

«Al-Farabi university smart city» жобасының таныстыру рәсімі өтті

16.03.2015

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен магистранттарының қатысуымен «Al-Farabi university smart city» жобасының таныстыру рәсімін өткізді.

Ары қарай оқу >>

Рекреациялық география және туризм кафедрасы «Жапон мәдениеті» көрмесіне қатысты

16.03.2015

География және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Жапон мәдениеті» көрмесін ҚР Ұлттық мұражайында тамашалады.

Ары қарай оқу >>

География және табиғатты пайдалану факультеті «Көктемдік тау ляззаты» атты іс-шарасын ұйымдастырды

16.03.2015

География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасының «PeopleSay» клубы «Салауатты – өмір» жобасы аясында «Шымбұлақ» тау шаңғы шипажайында «Көктемдік тау ляззаты» атты іс-шарасын ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетінде жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтті

16.03.2015

17-ші Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтті. Сайыс Жапон тілі оқытушыларының қазақстандық қауымдастығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың ұйымдастыруымен, ҚР-ғы Жапония Елшілігі, ҚР-ғы жапондықтар қауымдастығы, ҚР-ғы жапондық бизнесмендердің қауымдастығының қолдауымен өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Жас тілшілер» байқауы өтеді

16.03.2015

2015 жылы 17 сәуірде журналистика факультетінде әл-Фараби орталығының қолдауымен студенттер мен жас ғалымдардың ІІ «әл-Фараби әлемі» халықаралық конференциясы күндері және ІІI Қожакеев оқулары аясында «Қазіргі заман көсемсөзі және әл-Фараби мұрасы» атты ғылыми форум өтеді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 9-14 наурыз 2015 жыл

16.03.2015

  • Тақырып жалғасы Шығыстану факультетінде ТҮРІКСОЙ кафедрасы ашылды
  • Тақырып жалғасы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Қазақстандық масс-медиа нарығындағы білім - ғылым - өндіріс үдерісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
  • Шығыс мәдениеті мерекесі өтті
  • Жапонтану апталығы тойланды
  • ҚазҰУ мен Цукуба университеттері арасында меморандумға қол қойылды
  • ҚазҰУ-да Израиль делегациясы қонақта болды
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Конституцияға – 20 жыл
  • НұрОтан партиясының ХVI съезіне пікірлер
  • Имидждік жарияланымдар
  • Қазақ хандығы – 550 жыл
  • Жолдау
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • Студенттік материалдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ Далянь университетімен (ҚХР) келісім-шартқа қол қойды

14.03.2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Далянь университет делегация келді. Күн тәртібі бойынша, университет басшылығы мен Қытайдан келген қонақтардың кездесуі екі университеттің мүмкіндіктері мен болашаққа жоспарлары жайында әріптестік орнату туралы болды.

Ары қарай оқу >>

Елші сағаты өтті

13.03.2015

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Масаёси Камохараның «Елші сағаты» өтті.

Ары қарай оқу >>

Педагогика және психология пәндері бойынша республикалық студенттер олимпиадасының ІІ кезеңі өтеді

13.03.2015

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 75- жылдығына орай Философия және саясаттану факультетінде 2015 жылдың 26-27 наурызында педагогика және психология пәндері бойынша республикалық студенттер олимпиадасының ІІ кезеңі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ геолокациясы» атты фото-байқау өтеді

13.03.2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы 6 наурыз – 3 сәуір аралығында 11 сынып оқушылары арасында «ҚазҰУ геолокациясы» тақырыбында фото-байқау өткізеді.

Ары қарай оқу >>

География және табиғатты пайдалану факультеті «Көктемдік тау ляззаты» шарасын өткізеді

13.03.2015

2015 жылдың 13-14 наурыз күндері География және табиғатты пайдалану факультетінде (сағат 09:30-да, 225 ауд.) «PeopleSay» клубы «Шымбұлақ» тау шаңғы шипажайына «Көктемдік тау ляззаты» белсенді шарасына қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі" газеті

12.03.2015

«ТҮРКСОЙ» кафедрасы ашылды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен «Алматы – ислам мәденитінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында ТҮРКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты оқулықтың тұсаукесері өтеді

12.03.2015

2015 жылдың 16 наурыз күні сағ. 11:00-де әл-Фараби кітапханасында Қазақ әдебиетінің теориясы және тарихы кафедрасының профессоры Қанипаш Қайсақызы Мәдібайдың «ХІХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» атты оқулығының тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

12.03.2015

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТ ДОСТАР!

Сіздерді ҚазҰУ-дың жыл сайынғы «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2015» көркемөнерпаздар байқауының «Халықтар достастығы» тақырыбына арналған би байқауының финалдық концертіне шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ профессоры Герман Ким KBS сыйлығымен марапатталды

12.03.2015

2015 жылдың 5 наурызы, Сеул қаласындағы KBS телерадиокомпаниясының бас кеңсесінде шет елдерде тұратын көрнекті бес корейлік азаматты KBS сыйлығымен марапаттау салтанаты өтті. Олардың ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық корейтану орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Герман Ким де болды.

Ары қарай оқу >>

Құрметті студентер мен магистрантар!

12.03.2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар Орталығы «Ғылымға жол» жас зерттеушілер үйірмесі «ҚазҰУ студенті оқитын 100 кітап» аясында 2015 жылдың 12 наурыз күні «Абай жолы» роман-эпопеясы. Шығармашылық зертхана» тақырыбында «Әуезов әлемі» атты дәстүрлі білім сайысын өткізеді.

Білім жарысына республика ЖОО студенттері қатысады.

  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  2. Қазақ мемлекеттік ҚызПУ
  3. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
  4. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
  5. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
  6. Қайнар университеті

Ары қарай оқу >>

"Жастар Үйіндегі" семинар

11.03.2015

Философия кафедрасының оқытушысы А.Б.Абилкаламова Алматы қаласы әлеуметтік мекемелері түлектерін бейімдеу және қолдау орталығында білім беру-тәрбие жұмысын өткізді. Сабақ философиялық тренинг түрінде өтті және аудиторияның қызығушылығын тудырды.

Ары қарай оқу >>

"Қазақ әдебиеті" газеті

11.03.2015

«АЙНАЛАҢДЫ НҰРЛАНДЫР!»

3 наурыз да Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында белгілі публицист, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жанарбек Әшімжанмен кездесу болды.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық газеті

11.03.2015

Ұлағатты ұстаз, білікті ғалым
10.03.2015 17:50 Сұлтан ТӨЛЕУХАНОВ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор
0 61

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 1965 жылы бітіріп, осы оқу орнында қол үзбей 50 жыл еңбек еткен Нұртай Торманұлын ұлағатты ұстаз, білікті ғалым деп баға беруге толық құқығымыз бар.

Ары қарай оқу >>

"Қазақ әдебиеті" газеті

11.03.2015

БІЛІМНІҢ БИІГІ

Қанипаш МӘДІБАЙ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, ф.ғ.д.


– Жоғары мектептің жастар тәрбиесіне ай­рықша ден қойып отырғаны қуантады. Ширек ғасырдан бері өзіңіз еңбек етіп келе жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бұл ба­ғыт­та да көшбасшылық орында. Кейінгі ке­зең­де білім беру мен ғылыми жұмыстар жүр­гізуде ҚазҰУ-де орнығып отырған жаңа­шыл үдерістер туралы да айтып өтсеңіз.
– Біздің университет осы жүйелер бойынша әлемдік стандарттарға сай жұмыс жүргізуде шын мәнінде көшбасшы болып отыр деп ойлаймын. Тәуелсіздік тарихымызда тағдыр нәсіп ет­кен игіліктерді білім мен ғылым көріп отыр. Соңғы ширек ғасырда қилы дағдарыс атаулыға ден бермей, дағдылы қалпын бұзбай, дамымаса – дағ­дармаған жақсы мағынасындағы жанкештілік те осы салада ғана сияқты. Қазақ әдебиетінің тарихы қазір жалтақтамай еркін оқытылады, көненің көзі, арғы бабалардың ой сәулесі сақталған құндылықтарымызды зерттеу де көш ілгері озды. Кейінгі кезеңде жоғары мектеп оқытушыларына талап күшейген. Шет тілін білу керек. Дүниедегі білім бағыттарына сай біліктілік қажет.

Ары қарай оқу >>

«Қазіргі қазақ тележурналистикасының өзекті мәселелері мен даму тенденциялары: ұлттық мүдде, ақпараттық қауіпсіздік, кәсіби ұшқырлық» атты дөңгелек үстел өтеді.

10.03.2015

2015 жылдың 3 сәуір күні сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, проф. Қ.Бекхожин атындағы «Жас зерттеушілер», проф. М. Барманқұлов атындағы «Телезертхана» үйірмелерінің ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ тележурналистикасының өзекті мәселелері мен даму тенденциялары: ұлттық мүдде, ақпараттық қауіпсіздік, кәсіби ұшқырлық» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінде халықаралық форум өтті

10.03.2015

6 наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы аталмыш кафедраның жапонтану бөлімінің студенттері мен Жапонияның Цукуба университеті студенттерінің арасында «Сен тілді қалай үйреніп жүрсің?» атты халықаралық студенттік форум өткізді.

Ары қарай оқу >>

Сәби күлкісі – аналар бақыты

10.03.2015

2015 жылдың 10 наурыз күні cағат 9.00-10.20 аралығында «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Сәби күлкісі – аналар бақыты» атты көмек көрсету іс шарасы аясында

Ары қарай оқу >>

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде ғылыми конференция өтеді

10.03.2015

12 наурызда сағат 10:00 филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде (310 аудитория) «Аударматану және компаративистиканы оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция жұмыс істейді.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 2-7 наурыз 2015 жыл

09.03.2015

  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да IGIP аккредиттелген орталық ашылды
  • ҚазҰУ-да әйел ардагерлерге арналған «Жақсылық жаса» атты акция өтті
  • Тақырып жалғасы Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс бабымен ҚазҰУ-да болды
  • Қазақ хандығы – 550 жыл
  • Кезектен тыс президенттік сайлау бойынша пікірлер
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай «Әлеуеті мықты ұйымда әлем жақсара түседі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
  • Шығыстану факультетінде ТҮРІКСОЙ кафедрасы ашылды
  • Тақырып жалғасы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Қазақстандық масс-медиа нарығындағы білім - ғылым - өндіріс үдерісі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
  • «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Ғалым Мұтановпен кездесу өтті
  • Кеңес Аухадиев кітабы жарық көрді
  • Қазақстанның ядролық қаруға қарсы Халықаралық Невада-Семей қозғалысының 25 жылдығына арналған «Вспоминая, думай о будущем» атты кітаптың тұсаукесері өтті
  • Журналистика факультетінде ақын Адалбек Ахмәдидің «Құс ұйқы» кітабының тұсаукесері өтті
  • Журналистика факультетінде ақын Жанарбек Әшімжанмен кездесу өтті
  • «Кітап оқу лидері-2014» атты оқырмандар сайысы өтті
  • ҚазҰУ-да 8 наурыз мерекесіне орай концерт өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы
  • Біздің сарапшылар
  • Студенттік мақалалар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Вспоминая, думай о будущем» атты кітаптың тұсаукесері өтті

06.03.2015

5 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ядролық қаруға қарсы Халықаралық Невада-Семей қозғалысының 25 жылдығына арналған «Вспоминая, думай о будущем» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Ары қарай оқу >>

Үш бәйтерекке тағзым

06.03.2015

Жуырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Айналаңды нұрландыр» әлеуметтік жобасы аясында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасындағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубы «Үш бәйтерекке тағзым» атты әдеби-танымдық кеш өткізді.

Ары қарай оқу >>

Жанарбек Әшімжанмен кездесу өтті

06.03.2015

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйытқы болуымен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Гран-При» иегері, қаламгер, публицист, ақын Жанарбек Садыханұлы Әшімжанмен кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» жобасы

05.03.2015

2015 жылы 05 Наурыз күні Философия және саясаттану факультетінің 314 аудиториясында 100 кітап жобасы аясында Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» повесін талдау мақсатында «Қайсар мінезді әйел» атты шығармашылық кеш өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «ТҮРКСОЙ» кафедрасы ашылды

05.03.2015

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен «Алматы – ислам мәденитінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында ТҮРКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Тұрмыстық қалдықтардан жасалған ең үздік бұйым» атты жарыс

04.03.2015

2015 жылы 3 наурыз күні Таяу және Орта Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен шығыстану факультетінің 1-4 курс студенттері арасында университеттің «Гринкампус» инновациялық-әлеуметтік жобасы аясында «Тұрмыстық қалдықтардан жасалған ең үздік бұйым» атты жарыс өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақстанның ядролық қаруға қарсы Халықаралық Невада-Семей қозғалысының 25 жылдығына арналған «Вспоминая, думай о будущем» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

04.03.2015

2015 жылдың 5 наурызында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (15-қабат, ректорат) тәуелсіз Қазақстанның ядролық қаруға қарсы Халықаралық Невада-Семей қозғалысының 25 жылдығына арналған «Вспоминая, думай о будущем» («Өткеніңді есіңе алып, ертеңіңді ойла!») атты кітаптың тұсаукесері өтеді. ЮНЕСКО-ның шешімімен бұл кітап халық алдындағы еңбегі үшін «Әлем естеліктері» атты Әлемдік реестрге еніп отыр.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінде ТҮРІКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өтеді

04.03.2015

2015 жылдың 4 наурызында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде (Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95) «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының қолдауымен «Алматы – ислам мәденитінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында ТҮРІКСОЙ кафедрасының ашылу салтанаты өтеді. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізіліп отыр.

Ары қарай оқу >>

Орталық Азияның Аймақтық экологиялық жобасы нәтижелері бойынша мониторинг өтеді

03.03.2015

4 наурызында Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығында Темпус I-WEB «Integrating Water cycle management: building capability, capacity and impact in Education and Business» жобасының нәтижелері бойынша Мониторинг өтеді.

Ары қарай оқу >>

Студенттер сарайында КӨКТЕМ мен СҰЛУЛЫҚ мерекесі өтеді

03.03.2015

6 наурыз күні сағат 16.00-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында КӨКТЕМ мен СҰЛУЛЫҚ мерекесі – 8 НАУРЫЗҒА арналған теңдесі жоқ ғаламат кеш өтеді. ҚазҰУ-да бұрын-соңды болмаған мұндай кешті жіберіп алмаңыздар. Сіздерге сыйға тартылатын көтеріңкі қөңіл-күй, естен кетпес әдемі кештің әсері жүректеріңізде мәңгілікке сақталып қалары сөзсіз.

Ары қарай оқу >>

Pages