ҚазҰУ Баспасөз қызметінің ресми ақпараты

30.06.2015

Бірқатар БАҚ-та шыққан ҚазҰУ-дың бұрынғы бухгалтерларының заңсыз әрекеттері туралы ақпаратқа орай мынаны хабарлаймыз. 2014 жылдың соңында ҚазҰУ-дың қауіпсіздік қызметі мен аудиторлық тексеріс нәтижесінде алаяқтық және студенттердің бухгалтерия мамандары – С.Т.Жекенова, Д.Р.Тұрсынбекова, Б.Нұрланмен келісу арқылы оқу ақысын төлеуден жалтару фактісі анықталды. Бұл факті бойынша материалдар толығымен тез арада құқық қорғау органдарына жолданды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері Халықаралық йога күнін атап өтті

29.06.2015

ҚазҰУ йога өнері арқылы адамның рухани дамуына, интеллектуалды және эмоциялық өсуіне, физикалық дамуына жол ашады деген пікірді алға тартып, халықаралық «Шанти» йога орталығын ашты. Өз жұмысын бастап кеткен орталық халықаралық «Мирас» мектебінде өткен «Халықаралық йога күні» мерекесінің ұйымдастырылуына ат салысты.

Ары қарай оқу >>

Егемен Қазақстан

27.06.2015

Талантты ұштайтын талап

Қазір қазақтың әні берекесі шамалы дуылға, жас¬тарды шуылдатқан шоуға, сөзі тілі кемістеу тіршілікке ұқсап тұрған тұста, осыған жандары күйіп, шыр-пыры шығып жүргендер руханият өкілдері. Олардың мұндай жанайқайына кейбір күнкөрісін күйттегендер «айта береді» деп жалт беріп жақтырмаса да, олар аларына қарамай, айтарын іркіп қалмай талқыға салып жүрген журналистер қауымы екені де белгілі.

Ары қарай оқу >>

ІII халықаралық Журналистика және коммуникация Жазғы мектебі өтеді.

26.06.2015

2015 жылдың 9 -12 шілде аралығында БҰҰ-ның 70 жылдығына, ЮНЕСКО медиа және ақпараттық сауаттылықтың жаһандық апталығы, БҰҰ 2015 жылдан кейінгі даму мақсатында жаһандық кеңес беру үдерісі аясында «ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МЕДИА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ: МАҚСАТ НЕМЕСЕ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ ҚҰРАЛЫ» атты III Журналистика және коммуникация Жазғы мектебі өтеді.


Ары қарай оқу >>

Айқын

20.06.2015

Қабілетті жас – мемлекет тірегі

Қазіргі Қазақстан қоғамының дамуына тетік ретінде Президент ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам бағдарламасын айтуға болады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ және «OPTEK» компаниясы (РФ) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

18.06.2015

ҚазҰУ-да «Carl Zeiss» концернін және Қазақстандағы жоғары технологиялар саласындағы басқа да әлемдік көшбасшыларын таныстыратын «OPTEK» компаниясы мен университет ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Келісім-шартқа ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және «OPTEK» компаниясының басқарушы директоры Максим Игельник қол қойды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенті үздіктер қатарында

16.06.2015

Шығыстану факультеті Таяу және Орта Шығыс кафедрасының 3-курс студенті Мұхамбетқалиева Ақтотының эссесі «Tackling climate change: reasons for global involvement and importance of my role» тақырыбында өткен эсселер байқауында үздік ондыққа кірді.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми-технологиялық паркінде «көшбасшылық теориясы» тақырыбында шеберлік сабағы болып өтті

16.06.2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркінде» «Көшбасшылық теориясы» атты мотивациялық шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінің бизнес-инкубатор жетекшісі, «WAKE UP technology» старт-ап компаниясының директоры, «Тарлан» Жастар Одағының бұрынғы президенті және қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Жаңа ұрпақ» жобасының негізін салушы, Қазақстандық жас кәсіпкерлер ассоциациясының директорлар кеңесінің мүшесі және асоциацияның бас бизнес-кеңесшісі Абжанов Асхат Мұратбекұлы. Бұл іс-шараның басты мақсаты өзіңізде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

Ары қарай оқу >>

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құрметті докторы атағы берілді

11.06.2015

Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» атты V съезі және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесуі аясында білім беру, ғылым, мәдениет пен тұрақты даму салаларындағы бастамаларды қолдауға бағытталған бірқатар маңызды шаралар өтті.

Ары қарай оқу >>

"Орыс тілі және мәдениеті" орталығы ашылды

10.06.2015

2015 жылдың 10 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, филология және әлем тілдері факультетінде "Орыс тілі және мәдениеті" орталығы салтанатты түрде ашылды. "Орыс тілі мен мәдениеті" орталығы Ресейлік "Русский мир" қорының бастамасымен және қолдауымен ашылды.

Ары қарай оқу >>

Саясаттанушы-студенттерге шәкіртақы тапсырылды

10.06.2015

Саясаттану ғылымына үлес қосқан белгілі тұлғалар атындағы шәкіртақылар тағайындаудың игі дәстүрі саясаттану кафедрасында қалыптасып келеді. Осыған орай 2015 жылдың 6 маусымында саясаттану кафедрасында, белгілі тұлғалар Тілеміс Мұстафин, Нұрболат Масанов, Сәбит Жусупов, Мейіржан Машан атындағы шәкіртақылар берілді.


Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Жібек Жолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтерді зерттеу» атты ІV халықаралық ISOCARD конференциясы өтіп жатыр

09.06.2015

ҚазҰУ-да «Жібек жолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтерді зерттеу» атты ІV халықаралық ISOCARD конференциясы өтіп жатыр. Университет пен «ISOCARD-Kazakhstan» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған шараға 35 елден келген қонақтардың қатысуда.


Ары қарай оқу >>

Қазақ хандығының тарихы ҚазҰУ-да талқыланды

06.06.2015

ҚазҰУ-да Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталған іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А. Тұртаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжолова, Ш. Уәлиханов атындағы институт директорының орынбасары Н. Атығаев және өзге де құрметті қонақтар мен университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Болашағы Біртұтас Ұлт - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен рәміздері

05.06.2015

2015 жылдың 3-ші маусымында философия және саясаттану факультетінде «Болашағы Біртұтас Ұлт - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен нышандары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға барлық тілек білдірушілер шақырылды. Конференцияға жетекші ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сарапшылары қатысты.


Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Жібек Жолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтерді зерттеу» атты ІV халықаралық ISOCARD конференциясы өтеді

05.06.2015

8маусым2015 жылыcағ. 9:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да (Ғылыми кітапхана) «ЖібекЖолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтерді зерттеу» атты ІV халықаралықISOCARDконференциясыөтеді.Шара «ISOCARD-Kazakhstan» қоғамдық қорымен бірге ұйымдастырылуда.


Ары қарай оқу >>

ЭЖБМ-да 5 институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел өтеді.

04.06.2015

2015 жылдың 5 маусымында сағат 15-00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің 201 аудиториясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты«Индустриалды-инновациялық саясатты іске асыру – Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының негізі»тақырыбында Елбасының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша ҚазҰУ шаралар жоспары аясындағы дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың«Ұлт жоспары – бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» атты өзекті мәселелері қарастырылады.

Ары қарай оқу >>

Дүниежүзілік қоршаған орта күні аясында дөңгелек үстел өтеді

03.06.2015

2015 жылдың 5 маусымында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасының ақ залында Дүниежүзілік қоршаған орта күні аясында "Жаһандық және аймақтық өзгерістер мысалында қоршаған ортаның заманауи мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.


Ары қарай оқу >>

Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясында реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы талқыланды

03.06.2015

Ел президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан көтерілген бес институционалдық реформалардың жүзеге асырылуы және оның аясындағы отандық ғылым мен білім беру саласының міндеттері Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген президиум отырысында талқыланды(ҚЖМ ҰҒА).

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дің өкілдері «Шексіз білім» іс-шараға қатысты

03.06.2015

2015 жылдың 27-30 мамыр аралығында Белгород қаласында «Шексіз білім» тақырыбындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 9-шы білім аптасы өтті. Осы іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім басқармасы ұйымдарының жетекшілері, ШЫҰ секретариатының эксперті Пруцких А.А., ШЫҰ Университетінің басты (базалық) ЖОО өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі Н.К. Ахметжанов «Ғылыми-технологиялық паркінде» ұйымдастырылған көрмеге қатысты

03.06.2015

2015 жыл 29 мамырда Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Үкімет басшысының орынбасары Б.М. Сапарбаевтың, ЖОО, кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, ҚР Парламентінің, халықаралық аккредитациялық орталықтар мен рейтингтік агенттіктер өкілдерінің қатысуымен «Елдің инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Құрметті студенттер!

03.06.2015

АҚ «Қазақстан Халық Банкi» Алматы облыстық филиалы Алматы қаласындағы ЖОО-лардың қаржы-экономикалық жүргiзу мамандықтары бойынша үздік оқитын 3-4 курс студенттеріне атаулы стипендия тағайындауына байланысты байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

03.06.2015

5 маусымда 2015 ж. сағ. 11:00-де (Ректорат 15 қабат) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Экономика

03.06.2015

Тұрақты дамуға – академиялық ықпал

Сеулде (Оңтүстік Корея) БҰҰ-ның академиялық ықпал бойын­ша екінші форумы өтті, онда өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, стратегиялық даму бойынша 2015 жылдан кейінгі күн тәртібіндегі мәселелер белгіленді. Бұл шараның ма­ңыздылығы – БҰҰ Бас ассамблеясы бекітетін мыңжылдық тұ­рақты дамудың жаһандық стратегиясын қабылдауына дайын­дық жылы өтіп отырғандығында.

Ары қарай оқу >>

Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегіне 40 жыл толуына орай конференция өтті

02.06.2015

ҚазҰУ-да университет жанындағы Олжас Сүлейменов ғылыми-зерттеу орталығы мен «Олжас кітапханасы» баспа үйінің ұйымдастыруымен әйгілі ақын, көрнекті қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің «Аз и Я» еңбегінің жарыққа шыққанына 40 жыл толуына орай конференция өтті.


Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 25.05.2015-30.05.2015

01.06.2015

  • География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері Алматыда акция ұйымдастырды
  • ҚазҰУ-да Страсбург Университетінің франциялық жас зерттеушілірінің қатысуымен Жаздық мектеп өтіп жатыр
  • ҚазҰУ-да жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті
  • ҚазҰУ-да публицист Сағат Әшімбаев атындағы дәрісхана ашылып, өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті
  • ҚазҰУ «COMSATS» ұйымына кірді
  • Журналистика факультетінде «ҚР президентінің 5 институционалдық реформасы» атты дөңгелек үстел өтті
  • БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун ҚазҰУ-дың жұмысын жоғары бағалады
  • ҚазҰУ мен Тун Абдул Разак Университеті (Малайзия) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қой қойылды
  • ҚазҰУ-дың студенттері мен оқытушылары БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары Кристина Гайякпен кездесу ұйымдастырды
  • ҚазҰУ-да ҚР-ның Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың қатысуымен «Елдің инновациялық дамуы білім беру, ғылым мен бизнестің интеграциясы» атты конференция өткізілді
  • Имидждік материалдар
  • ҚазҰУ профессор-оқытушы құрамының жарияланымдары
  • Студенттік материалдар
  • Реформа жолымен
  • Жолдауға қолдау
  • ҚазҰУ профессор-оқытушы құрамы бос орындар туралы конкурс жариялады
  • Қазақ хандығына – 550 жыл
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бір сөз

Ары қарай оқу >>

О.Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының жарыққа шығуына 40 жыл толғанына арналған конференция өткізеді

01.06.2015

2015 жылы 2 маусымда сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Олжас Сүлейменовтің ғылыми-зерттеу орталығы және «Олжас Кітапханасы» баспа үйі көрнекті қазақ ақыны, жазушы, «XXI ғасыр Адамы» атағының иегері, Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысының президенті О.Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабының жарыққа шығуына 40 жыл толғанына арналған конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Бірыңғай Болашақ Ұлты - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен нышандары» конференция өтеді

01.06.2015

2015 жылы 3 маусымда сағат 11.00-де философия және саясаттану факультеті «Бірыңғай Болашақ Ұлты - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен нышандары» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияға жетекші ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сарапшылары қатысады.

Ары қарай оқу >>

Pages