Эйнштейн болжамы дәлелденді

31.03.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының ұйымдастыруымен Дархан Туенбаев «Гравитациялық толқындарды алғаш тікелей бақылау және advanced ligo детекторлары» атты дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

"Болашак" стипендиясы бойынша брифинг

31.03.2016

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» (Қазақстан «Болашақ» стипендиясы Халықаралық Президентінің әкімшілігі) халықаралық «Болашақ» стипендиясының шарттары мен ережелерін түсіндіру мақсатында брифинг өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Ары қарай оқу >>

2016 Бизнес-Инновациялар атты III Азия-Еуропалық Конгресс

31.03.2016

Қымбатты ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді Орталық Азияның қаржы-экономикалық орталығы Алматы қаласында 2016 жылдың 21-22 сәуір аралығында өтетін Бизнес-Инновациялар 2016 атты III Азия-Еуропалық конгрессіне шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Ардагерлер Кеңесі IX есеп беру-сайлау конференциясын өткізеді

31.03.2016

Құрамында 205 мың зейнеткері бар 8 аудандық Кеңес пен 663 бастауыш ұйымның басын біріктіріп отырған Алматы қалалық ардагерлер Кеңесі 2016 жылдың 1 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында 2011-2015 жылдарда атқарылған жұмыстарға есеп беру мақсатында IX есеп беру-сайлау конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Central Asia: Sustainable Development and Youth» атты халықаралық онлайн конференция өтеді

31.03.2016

“Фараби оқулары” атты дәстүрлі халықаралық ғылыми форум аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті «G-Global» интерактивті платформасында «Central Asia: Sustainable Development and Youth (Educational Context)» атты халықаралық онлайн конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Жаңа жібек жолы Еуразияның тұрақты дамуының факторы ретінде»

31.03.2016

“Фараби оқулары” атты дәстүрлі халықаралық ғылыми форум аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті «G-Global» интерактивті платформасында «Жаңа жібек жолы Еуразияның тұрақты дамуының факторы ретінде» халықаралық онлайн конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Үздік лингвист-2016» ІІІ Республикалық зияткерлік олимпиадасы өтеді

30.03.2016

2016 жылы 1 сәуір күні Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы Орыс тілі және мәдениеті орталығымен бірлесе отырып, «Үздік лингвист-2016» ІІІ Республикалық зияткерлік олимпиадасын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Гравитациялық толқындарды алғаш тікелей бақылау және advanced ligo детекторлары

29.03.2016

Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы 30 наурыз күні сағат 15:30 «Гравитациялық толқындарды алғаш тікелей бақылау және advanced ligo детекторлары» атты Дархан Туенбаевтың дәрісін тыңдауға шақырады

Ары қарай оқу >>

Аударматану және компаративистиканы оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері

29.03.2016

Құрметті әріптестер!

Филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін «Аударматану және компаративистиканы оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Жемісті ынтымақтастық

29.03.2016

Тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған Түркия – бүгінде еліміздің Еуразия құрлығындағы маңызды әрі сенімді әріптесі. Еңсемізді енді тіктей бастаған уақыттардан бері түбі бір түркіліктің негізінде қос ел ынтымақ пен берекенің керемет үлгісін көрсетіп келеді. 1990 жылдың желтоқсан айында екі ел арасында білім беру, ғылыми жобалар жасау, өзара тәжірибе алмасу, ортақ мәдени шаралар жүргізу жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл келісім ұзақ уақыт бойы үзіліп қалған мәдени байланысты қайта жандандырды.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің баскетболдан қыздар құрамасы "Наурыз" мейрамына арналған жарысқа қатысқан болатын

29.03.2016

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің баскетболдан қыздар құрамасы 20-22 наурыз күндері "Абылай хан" спорт кешенінде өткізілген 4х4 форматындағы баскетболдан жарысқа қатысқан болатын.

Ары қарай оқу >>

«Инновациялық идеялардан оны жүзеге асыруға»

28.03.2016

«Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент » және «Маркетинг» мамандықтары арасында «Инновациялық идеялардан оны жүзеге асыруға» атты тақырыпта VIII Республикалық студенттер арасындағы олимпиаданы жүргізу барысы

31 Наурыз, 2016 жыл

Ары қарай оқу >>

Ақтөбедегі инновациялық жобалар форумы көрмеге ұласты (ФОТО)// BAQ.KZ(имидж)

28.03.2016

Форум облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен өнеркәсіптік кәсіпорындар, бизнес және ғылым арасында тікелей диалогты жүзеге асыру үшін ұйымдастырылды. Университет ғалымдары металлургия, мұнай және көмір химиясы, химиялық технологиялар, биотехнология, экология, энерготиімділік және білім салаларына зерттеулер енгізуге арналған 20-дан астам жобаны көрсетті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 21.03.2016–26.03.2016

26.03.2016

  • ҚазҰУ мен Ақтөбе облыстық әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды
  • ҚазҰУ-да наурыз мейрамы тойланды
  • ҚазҰУ-да «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбында дәстүрлі пәндік олимпиада өтті
  • Имидждік жариялымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Тұрақты дамудың әлемдік аспектілері

25.03.2016

Тұрақты дамудың әлемдік аспектілері

Президент және халық: 25.03.2016

Бүгінгі күні адамзат баласын сонау өткен ғасырдан бері ойландырып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі экономиканың тұрақты және ұзақ мерзімді даму жолдарын іздестіріп оны енгізу болып табылады. Осы негізде экологиялық және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамсыз ету мәселелері бүгінгі күні ғаламдық және дүние жүзі проблемаларының біріне айналып отыр.

Ары қарай оқу >>

massaget.kz

25.03.2016

2016 жылдың 25 наурызы күні «Дружные ребята» республикалық газетінің қолдауымен және «Мобильді рептортер» жобасының аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінде «Жас корреспондет» VIII форумы, «Жас репортер» ІІІ шоу-кейс фестивалі және «Медилэнд» ІІІ интеллектуалды күндері өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Ғылым-білім-өндіріс – 2016

24.03.2016

Жақында Ақтөбе қаласындағы «Нұр Отан» партиясының филиалында «Ғылым-білім-өндіріс – 2016» инновациялық жобалар форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының Ақтөбе аймақтық өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдерімен бірлескен тәжірибелік-конструкторлық және инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Наурыз – мерекем, наурыз – берекем! - QAMSHY.KZ

24.03.2016

Наурыз мейрамы – барлық қазақстандықтар үшін тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналған. Көктемнің осы бір шуақты күні қарашаңырақ ҚазҰУ алаңында “Керемет” студенттерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы өтті. Мерекелік іс-шара Қыдыр атаның ақ батасымен ашылды. Шара барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы: “Елімізге береке-бірлік, әрбір жанұяға бақыт, жақсылықтар тілейміз. Бүгін мереке қарсаңында алаңның ашылуы барлығы да сіздер үшін. Алдағы уақытта алаңға ат беріледі. Бүгінгі мереке тек қана басы.

Ары қарай оқу >>

Білімді ел – Образованная страна

24.03.2016

В КазНУ им. аль-Фараби в рамках Государственной программы форсированного индустриально-инновационного развития (ГПФИИР) ведется подготовка специалистов для инновационной экономики страны. Кафедрой аналитической, коллоидной химии и технологии редких элементов заключено 49 договоров с промышленными предприятиями РК, входящими в республиканскую карту индустриализации.

Ары қарай оқу >>

Түркістан

24.03.2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әлеуметтік дүкеннің ашылуы өтті. Бұл шара Алматы қаласының 1000 жылдығына орай және «1000 қайырымды іс» жобасы аясында жүзеге асты.

Ары қарай оқу >>

baq.kz

24.03.2016

Көктемнің осы бір шуақты күні қарашаңырақ ҚазҰУ алаңында “Керемет” студенттерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы өтті.

Ары қарай оқу >>

Ақтөбе

19.03.2016

Облыстық әкімдік пен ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды

aktobegazeti.kz: 19.03.2016

Ғылым, білім, өндіріс — осы үш саланың басын біріктіру, ғылымдағы жаңалықтарды өндіріске енгізу — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген тапсырма. Елбасы міндеттеген шаруаны жүзеге асыруда елімізде бірінші болып біздің облыстың әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа бастама көтерді.

Ары қарай оқу >>

i-news

19.03.2016

В Актюбинской области усилена связь науки и бизнеса

expo-2017.i-news.kz: 19.03.2016

Акимат Актюбинской области и Казахский национальный университет имени аль-Фараби заключили меморандум о сотрудничестве в сфере внедрения перспективных научных разработок в производство и координациии усилий по подготовке специалистов высокой квалификации.

Ары қарай оқу >>

Спорттық туризм

18.03.2016

Қазақстандағы туризмді және спортты дамыту «ЖасТур» клубы спорттық туризм және туристік көпсайыс секциясының ашық жаттығуы шеңберінде «Құзға өрмелеп шығумен көтерілу – дюльфермен түсу» қашықтықта ұлдар мен қыздар арасында ашық жарыс өткізді.

Ары қарай оқу >>

Тойво Клаармен өткен кездесу

18.03.2016

ҚазҰУ жанындағы Еуропалық Ақпараттық Орталық Еуропалық Одақ Өкілдігінің сыртқы байланыстар жөніндегі еуропалық қызметінің Орталық Азия Басқармасының басшысы Тойво Клаар мырзамен халықаралық қатынастар факультетінің және Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған кездесу ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Түлектерді жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

18.03.2016

Жыл сайын ҚазҰУ-да «мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған жастарды жұмыспен қамту мақсатында игі істер қолға алынады. Осыған орай, тарих, археология және этнология факультеті жуырда ҚР Президенті архивінің қызметкерлері қатысуымен ғылыми семинар өткізді. Оған кафедра меңгерушілері мен оқытушылары, магистранттар және студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

2 курс студенті самбо бойынша күрестен 1 орын алды

18.03.2016

Медициналық факультеті – қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебінің 2 курс студенті Жумабаева Динара 5-9 наурыз 2016 жылы Атырау қаласында өткен Самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 64 келі салмақ дәрежесінде 1 орынды иеленуімен құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

«Қазіргі заман кейіпкері. Герольд Бельгер»

17.03.2016

30 наурыз 2016 ж. сағат 11.00 G-Global Коммуникативтік алаңының шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы, «Литературная Алма-Ата» альманахы «Қазіргі заман кейіпкері. Герольд Бельгер» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Ары қарай оқу >>

Мәдени мәселелер бойынша атташе Халықаралық қатынастар факультетінде қонақта

17.03.2016

ҚазаҰУ халықаралық қатынастар факультетінде Германия Бас елшілігінің мәдени атташесі Рабан Рихтер мырзаның неміс тілін меңгеріп жүрген факультет студенттерімен бейресми кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Онлайн конференция

17.03.2016

Иран Ислам Республикасының Шахид Бехешти университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірігіп өткізетін «Екі университет арасындағы қос дипломдық бағдарламаны іске асыру жолдары» тақырыбы бойынша on-line конференция.

Ары қарай оқу >>

«Қазіргі биотехнологиялар мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты конференция өтеді

17.03.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ІІІ Халықаралық Фараби оқулары шеңберінде, ірі ғалым - микробиолог, Қазақстан ұлттық жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, ЖОО-2007 Үздік оқытушысы, биология ғылымдарының докторы Жұбанова Ажар Аметқызының 75 жылдық мерейтойына арналған, «Қазіргі биотехнологиялар мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Өнерпаздар бәйгесі

16.03.2016

14-15 наурыз күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Студенттік көктем-2016» байқауының ақтық сыны болып өтті.

Ары қарай оқу >>

"ҚазҰУ Smart эдвайзері"

16.03.2016

ҚазҰУ Студенттер Сенатының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін "ҚазҰУ Smart эдвайзері" жобасының алғашқы кезеңі өткен айда барлық факультеттерде болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Алматы марафон

15.03.2016

Құрметті қазұулықтар!

Медициналық факультет - Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебі V алматылық қайрымдылық марафонына қатысуға шақырады!

Ары қарай оқу >>

Ғалымдардың біліктілігін көтеру бойынша Қазақстан-Британ қарым-қатынасы

14.03.2016

ҚазҰУ базасында құрылған Алматы қ. Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы университет пен British Council арасындағы әріптестік жоба ретінде «Ньютон – әл-Фараби» үкімет аралық Қазақстан – Британ бағдарламасы аясында «Зерттеу жұмыстары үшін қаржыландыру көздерін іздеу мен ұсыныстарды дайындау» тақырыбында трененинг өткізді.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінде Халықаралық құқықтық олимпиада өтеді

14.03.2016

Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілетті ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеп алу мен оларға қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік потенциалының қалыптасуына жәрдемдесу; студенттер мен жас ғалымдарды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге шақыру; ғылыми қызметке деген қызығушылықты дамыту.

Ары қарай оқу >>

Шарындағы демалыс

12.03.2016

Наурыздың 12сіне Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері Алматы облысында орналасқан Шарын каньонына барып қайтты.

Ары қарай оқу >>

Зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көздерін іздеу және ұсыныстарды дайындау

12.03.2016

«Ньютон – әл-Фараби» үкімет аралық Қазақстан – Британ бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында құрылған Алматы қ. Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы тренинг өткізеді. Тренингтің мақсаты зерттеу жұмыстары үшін қаржыландыру көздерін іздеу мен ұсыныстарды дайындау бойынша зерттеушілердің дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар жергілікті және халықаралық серіктестермен қарым-қатынасты жақсарту. Бір күндік тренинг 2016 жылы 14 наурызда сағат 09.00 - 17.00. аралығында кітапхананың 314 конференц-залында өтеді.

Ары қарай оқу >>

Шалқар радиосы

11.03.2016

Шалқар радиосы: 11.03.2016, сағат 12:00–13:00 аралығында

Алматыдан сөйлеп тұрмыз: Мәдени жаңалықтыр

Алматыда «1000 қайырымды іс» жобасы аясында студенттерге арналған әлеуметтік дүкен ашылды

Ары қарай оқу >>

Қазақстан ҰТРК

11.03.2016

Алматыда «1000 қайырымды іс» жобасы аясында студенттерге арналған әлеуметтік дүкен ашылды – Қазақстан ұлттық арнасы, Жаңалықтар, 17:30

Ары қарай оқу >>

«Кереметте» керемет дүкен ашылды

11.03.2016

Алматы қаласының 1000 жылдығына орай және «1000 қайырымды іс» жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әлеуметтік (СҚКО) дүкеннің ашылу салтанаты өтті. ҚазҰУ-дағы «Керемет» СҚКО – әлем кеңістігінде теңдесі жоқ университет көлемінде қызмет ететін сервистік орталық. Бұндай орталықтың ашылуына ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыздың бақытқа жету жолында бір-біріне қол ұшын беретін «Қайырымды қала тұрғындары» атты тұжырымдамасы себепкер болған. Тұжырымдама елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдағы берекені сақтау идеясына негіз болып, университетіміздің әрекет етудегі басты ұстанымына айналып отыр.

Ары қарай оқу >>

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әлеуметтік дүкеннің ашылу салтанаты өтеді

10.03.2016

Алматы қаласының 1000 жылдығына орай және «1000 қайырымды іс» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында әлеуметтік дүкеннің ашылуы өтеді. ҚазҰУ-дағы «Керемет» СҚКО – әлем кеңістігінде теңдесі жоқ университет көлемінде қызмет ететін сервистік орталық. Бұндай орталықтың ашылуына ұлы ойшыл Әл-Фараби бабамыздың бақытқа жету жолында бір-біріне қол ұшын беретін «Қайырымды қала тұрғындары» атты тұжырымдамасы себепкер болған. Тұжырымдама елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдағы берекені сақтау идеясына негіз болып, университетіміздің әрекет етудегі басты ұстанымына айналып отыр.

Ары қарай оқу >>

Cтуденттік конференция “БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы”

10.03.2016

Cтуденттік конференция “БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы”.

Бұл Орталық Азиядағы БҰҰ-ның жұмысының ірі имитацисы болып табылады, сондай-ақ ол Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан, Италия, Франция, Нидерланды және басқа да елдердің қатысушыларын қамтиды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың Hub ретіндегі мәртебесі (UNAI кеңейтілген мәртебесі) тағы екі жылға ұзартылды

09.03.2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – БҰҰ Академиялық бағдарламасының тұрақты дамуы үшін жұмыс жасайтын Hub ретіндегі мәртебесі (UNAI кеңейтілген мәртебесі) тағы екі жылға ұзартылды.

Ары қарай оқу >>

Біздің ауыл жігіттері – жігіттердің төресі

05.03.2016

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ҚазҰУ-да ерекше тойланып өтті. Университет ер-азаматтары дайындаған мерекелік жиын биыл да жоғары деңгейімен есте қалды. Ардақты әже, аяулы ана, сүйікті қыз-келіншектер мерекесіне арнап тек ер-азаматтарымыздың өнер көрсетуі ҚазҰУ тарихында тұңғыш рет ректор Ғалым Мұтанұлының бастамасымен жүзеге асқан болатын. Дәстүрге айналған игі бастама биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Ары қарай оқу >>

Жібек жолының дамуы және Түрік әлемі

03.03.2016

2016 жылдың 3-5 наурызы аралығында Түркияның Анкара қаласында «Жібек жолының дамуы және Түрік әлемі» атты халқаралық симпозиум өтті. Осы симпозиумға тарих, археология және этнология факултеті, «археология, этнология және музеология» кафедрасының профессоры т.ғ.д., М. Елеуовпен доцент, т.ғ.к. Д.А. Талеев қатысып, баяндама жасады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері университеттеріне алғыс айтты

03.03.2016

ҚазҰУстуденттері университеттеріне алғыс айтты. Асқақ армандары орындалып, еліміздегі үздік университетке оқуға түскен студенттер флешмоб арқылы өздеріне сапалы білім мен тәлімді тәрбие беріп жатқан білім ордасына, оның басшылығы мен барша оқытушы профессорлар қауымына шексіз алғыстарын жеткізуді мақсат етті.

Ары қарай оқу >>

Ө.Жолдасбеков атындағы дәрісхана ашылды.

03.03.2016

Әл-атындағы Қазақ ұлттық университетіндеФарабибелгілі ғалым, академик, мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Өмірбек Жолдасбековтің 85 жылдығына арналған іс-шара ғалымның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен бастау алды. Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген әл-атындағыҚазақұлттықуниверситетінің ректорыҒ.Мұтановосы жоғары оқу орнында 1970-1986 жылдары аралығында 16 жыл ректор болған Өмірбек Жолдасбековтің өткен жолына үңіліп, бүгінгі таңда уни­верситеттегі атқарылып жатқан әртүрлі жобалардың негізі сол кезде қалан­ғандығын жеткізді.

Ары қарай оқу >>

Өмірбек Жолдасбековтің 85 жылдығы

03.03.2016

Білім мен ғылымның қасиетті қара шаңырағы әл-ФарабиатындағыҚазҰУ-да академик, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Aрысланұлы Жолдасбековтің 85 жасқа толуына орай алқалы жиын өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Ары қарай оқу >>

Рақмет

03.03.2016

Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетініңҚазҰУстуденттері биыл елімізде алғаш рет тойланып отырған 1 наурыз – «Алғыс айту» күнін ерекше атап өтті. Олар киелі қара шаңырақ әл-ФарабиатындағыҚазҰУ-ға өз алғыстарын білдіруді жөн көріп,

Ары қарай оқу >>

Біз үшін үлкен қуаныш.

03.03.2016

Мен Халықаралық құқық кафедрасында жұмыс істеймін. Күн сайын ұжымымды көріп, бір қуанып қаламын. Себебі мен біраз жылдардан бері білімді, мейірімді, адал ұжыммен қызметтес болып келемін. Біздің, яғни әл-Фарабиатындағы Қазақ Ұлттық университеті халық­аралық қатынастар факультеті заман талаптарына сай мамандар дайындап, қазақ халықаралық құ­қық ғылымын дамытуда орасан зор қызмет атқаруда.

Ары қарай оқу >>

Нанотехнологиялардың нақты уақыты келген кез

03.03.2016

Нанотехнологиялардың нақты уақыты келген кез. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында «смарт-технологиялар саласындағы біліктілікті, жасанды ақыл-парасаттылықты, киберфизикалық жүйелердің бірігуін, болашақтың энергетикасын жобалауды және инжинирингті дамыту туралы» ой-пікірін айтты.

Ары қарай оқу >>

«Көкжиектегі» кезекті оқырмандар конференциясы

03.03.2016

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс жүз кітап» жобасы аясында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клуб №17 студенттер үйінде белгілі қаламгер Таласбек Әсемқұловтың «ТАЛТҮС» романы бойынша оқырмандар конференциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Менің сүйікті – қалам

03.03.2016

«Айналанды нұрландыр» жобасы аясында «Менің сүйікті – қалам» айдарында музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығы МІ-31К тобы студенттерімен сүйікті қаламыздың тарихи –мәдени орындарымен танысып,саяхат жасадық.

Ары қарай оқу >>

"Дінтанушылар кубогы" атты футзал бойынша турнир өз мәресіне жетті

02.03.2016

«Тәні саудың жаны сау» жобасының аясында, ҚазҰУ стадионының спорт кешенінде дене тәрбиесі және спорт кафедрасының көмегімен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1,2 және 3-курс студенттері арасында футзал бойынша жарыс өтті.

Ары қарай оқу >>

Алғыс айту

02.03.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері биыл елімізде алғаш рет тойланып отырған 1 наурыз – «Алғыс айту» күнін ерекше атап өтті. Олар киелі қара шаңырақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға өз алғыстарын білдіруді жөн көріп, «Рақмет» сөзі бейнеленген флешмоб ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Айналаңды нұрландыр

02.03.2016

Армия үйінде 2 наурыз күні Айналаңды нұрландыр жобасы аясында Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Мейрманова жәнге МІ ІІІ курс студенттері музейге экпонат жинауға көмек акциясын ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Есімі мен ерлігі ел есінде

01.03.2016

Білім мен ғылымның қасиетті қара шаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академик, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Aрысланұлы Жолдасбековтің 85 жасқа толуына орай алқалы жиын өтті.

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фарабидің қайырымды қаласы және болашақ ұрпақ тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтеді

01.03.2016

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауының аясында Алматы қалалық және аудандық «Жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру комиссиясы» мүшелерінің қатысуымен «Әл-Фарабидің қайырымды қаласы және болашақ ұрпақ тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

Pages