«Miss KаzNU – 2016» атағы берілді

30.04.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін  «Miss KаzNU – 2016» байқауы өз мәресіне жетті. Екі айға созылған байқау нәтижесі бойынша 200 үміткердің арасынан 16 ару іріктеліп, ақтық финалда өз өнерлерін қалың көрерменге паш етті.

 

 

 

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 23.04.2016-30.04.2016

30.04.2016

  • Ғ.Мутанов  «Al-Farabi university smart city» жобасын БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жаһандық форумында көрсетті

  • ҚазҰУ-да  Шығыс пен Батыс арасындағы өзара әрекеттестік»  атты ІІІ Азия-Еуропа Бизнес Инновациялар Конгресі өтті

  • ҚазҰУ-да "Табысқа бастар жол" атты бос орындар жәрмеңкесі өтті

  • ҚазҰУ жаңа Жібек жолында

  • ҚазҰУ-да АСЕАН елдерінің өңірлік хабы құрылады

  • «Жасыл көпір»ұрпақтан-ұрпаққа
  • Имидждік жариялымдар
  • Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлының туғанына 70 жыл және ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдық мерейтойы
  • Біздің сарапшылар
  • Оқытушы-профессорлық құрам материалдары
  • Студенттік жариялымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

24.KZ

30.04.2016

Алматыда Т.Қожамқұловтың 70 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті

Ары қарай оқу >>

БҰҰ Моделі – Жаңа Жібек Жолы

29.04.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2016) атты ірі халықаралық студенттік конференциясы өтті.

 

Ары қарай оқу >>

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

29.04.2016

Алматыда 2016 жылдың 22 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ары қарай оқу >>

Студенттік «Біз» театрының ұйымдастыруымен «Ғашықтар хикаясы» атты қойылымы қойылды

29.04.2016

Студенттік «Біз» театрының ұйымдастыруымен драмматург, әнші, актер Қанат Жүнісовтың «Ғашықтар хикаясы» атты қойылымы қойылды. Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының іші жастар мен үлкенді-кішілі қонақтарға толысып, бәрі дерлік күлікіге қарық болды.

Ары қарай оқу >>

Алдиярова Әлия Бразильдік Джиу-джитсу бойынша Жылдық Кәсіпқой Әлем Чемпионатының жеңімпазы

29.04.2016

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ассистенті Алдиярова Әлия Несіпбекқызы халықаралық жарыста екінші жүлделі орынға ие болып, Біріккен Араб Әмірлігіне өз жүйріктігін паш етті.

Ары қарай оқу >>

"Жаңа Жібек Жолы экономикалық белдеуі " атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

29.04.2016

Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас Консулдығының қолдауымен "ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІ ": ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.                                      

Ары қарай оқу >>

Күн шығыс еліне саяхат

28.04.2016

Жапондықтардың мәдениеті мен өркениетіне қызыға қарайтын жандар жетерлік. Сондай адамдардың басын қосатын шараларға толы апталық, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Ары қарай оқу >>

Ғ.Мұтанов «Al-Farabi university smart city» жобасын ұсынды

27.04.2016

Ғ.Мұтанов БҰҰ Өркениет альянсының жаһандық форумында «Al-Farabi university smart city» жобасын ұсынды. 

Бүгін Бакуде БҰҰ Өркениет Альянсы VII жаһандық форумы алаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов сөз сөйледі.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы «Ашық есік күнін» өткізді.

27.04.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарулы Күштердің 24 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген іс-шараның мақсаты, ата-бабаларымыздың жауынгерлік ерліктерін, еңбектерін насихаттау, ҚР Қарулы Күштерінің беделін арттыру.

Ары қарай оқу >>

«Тіл-құрал – қуатты күш»

27.04.2016

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тіл-құрал – қуатты күш» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Жыл сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы тарапынан ұйымдастырылатын бұл шара «Аханов тағылымы» дәстүрлі конференциясы аясында өткізді. Биыл аталмыш конференция 19 мәрте жүргізіліп отыр.

Ары қарай оқу >>

Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловтың 70 жылдығына арналған Ғылыми Кеңесі өтеді

26.04.2016

ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері», әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазҰУ аясындағы ЭТФ ҒЗИ ғылыми жетекшісі Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловтың 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдығына арналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми Кеңесінің, ҚР Жоғарғы мектеп Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының 2016 жылдың 30-сәуірінде сағат 12.00-де әл-Фараби кітапханасында өтетін салтанатты жиналысы өтеді.

Ары қарай оқу >>

QAZAQUNI.KZ

26.04.2016

«Тәуелсіздік тағылымы» атты республикалық студент ақындар айтысы өз мәресіне жетті

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының доценті А.Ә.Кенжебаеваның кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

25.04.2016

2016 жылдың сәуір айының 22 жұлдызында әл-Фараби кітапханасының «Ғалымдар клубында» шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Аида Әбдіғаниқызы Кенжебаеваның жаңадан шыққан үш бірдей кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 17.04.2016–23.04.2016

23.04.2016

  • Әлихан және Алаш мұрасы
  • Наурыз-нұрлы жол
  • Имидждік жариялымдар
  • Біздің сарапшылар
  • Білім беру көкжиегінде: ACCELS пен ҚазҰУ
  • Жүсіп Баласағұн
  • Тәжірибе алмасудың маңызы ерекше
  • Студенттік жарияланымдар
  • III Азия-Еуропалық Конгресс
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да өткен «Табысқа апарар жол»

22.04.2016

 Бүгін, яғни 2016 жылдың 22 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде,  «Бизнес пен ынтымақтастықтың жаңа нысандары – Шығыс пен Батыс арасындағы өзара әрекеттестік»  атты ІІІ Азия-Еуропа Бизнес Инновациялар Конгресінің аясында жыл сайынғы «Path to Succes» KazNU Job/Intership Fair - «Табысқа апарар жол» - бос қызмет орындарының және тәжірибе өтетін орындардың  жәрмеңкесі өтті.

Ары қарай оқу >>

Директор Французско-Казахстанского образовательного и научно-исследовательского центра Гийемен Марселен

22.04.2016

"Для меня это было начало богатого опыта в новой стране, также, начало красивой дружбы. Я был очень тепло принят господином ректором Галимкаиром Мутановичем".

Ары қарай оқу >>

Меморандумға қол қойылды

22.04.2016

Алматыда 2016 жылдың 22 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ары қарай оқу >>

М. Елеуовтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

21.04.2016

Құрметті әріптестер!

Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы М. Елеуовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ӨТКЕНІ, БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты тақырыппен өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Белгілі қытайтанушы А. Кенжебаеваның кітаптарының тұсаукесері өтеді

21.04.2016

Қытайтану кафедрасы сіздерді кафедра доценті Аида Кенжебаеваның       22 сәуір күні сағат 11:30-де әл-Фараби даңғылы, 71-ші үйде орналасқан әл-Фараби Ғылыми кітапханасында өтетін "Қысқаша қытайша-орысша-қазақша орысша-қазақша-қытайша ғылыми-техникалық терминдер сөздігі", "Қытай – қазақ әдебиеттеріндегі әйелдер шығармашылығының алатын орны". Салыстырмалы талдау» атты монография және «ХХ- ХХІ ғасырлар тоғысындағы қытай әдебиеті» атты оқу-әдістемелік құралының тұсаукесеріне шақырады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ Жаңа Жібек жолында

20.04.2016

Бүгінде Ұлы Жібек жолының қайта жандануы Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық серіктесі Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер көкжиегі.«Нұрлы жол» және «Жаңа Жібек жолы» бағдарламалары халықаралық нарыққа шығуға жол ашады және ол елге инвестициялар мен өзге де қорларды тартуға арналған қуатты құрал болмақ.  Аталмыш халықаралық бастаманы жүзеге асыруда және екі ел арасындағы білім, ғылым, инновация саласындағы әріптестікті тереңдету мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірқатар жаңа жобаларды ұсынды.

 

Ары қарай оқу >>

«Табысқа жету жолы!»

19.04.2016

Бос орындар/тағылымдамалар жәрмеңкесі

 22 сәуір 2016 ж. (9.00-13.00)  әл-Фараби Ғылыми кітапхананасында жыл сайынғы «Табысқа жету жолы!» Бос орындар/тағылымдамалар жәрмеңкесі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық Наурыз

18.04.2016

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық және Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойлары қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ежелгі түркітектес халықтардың мерекесі әз-Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді. Университеттегі профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастардың атсалысуымен өткен мерекеге Қытай, АҚШ, Түркия, Иран, Испания, Франция, ГФР, Корея, Индия және т.б. мемлекеттер елшіліктерінің бас консулдары және БҰҰ, ЭСКАТО, АӨЫСШК  ұйымдарының Қазақстандағы өкілдері қатысты.  

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің студенттері Ташкент қаласында 16-17 сәуір 2016 жылы өткен дзюдо күресінен Азия Чемпионатында

18.04.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің  студенттері Ташкент қаласында 16-17 сәуір 2016 жылы өткен дзюдо күресінен Азия Чемпионатында сәтті өнер көрсетіп

Ары қарай оқу >>

Агробиостанция - келеші мол оқу-өндірістік кешен

17.04.2016

  Биология және биотехнология факультетінің деканы Заядан Болатхан Қазыханұлының бастамасымен  кафедра меңгерушілері   және оқытушы-профессорлар құрамы ҚазҰУ-ның ғылыми-өндірістік орталығы болып саналатын Агробиостацияға барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Бұл келудің мақсаты 2016 жылға жоспарланған жұмыстарды жан-жақты талқылап, өңдіріс тұрғысында жүргізілетін негізгі мәселелерін шешу болып табылды. Факультет деканының бастамасымен «Альгобиотехнология» лабораториясының негізі қаланды.  Бұл лабораторияда болашақта жасалатын жұмыстардың бірі – әлем ғалымдары үшін өзекті болып саналатын микробалдырлардан биодизель алу және фотобиореакторда фототрофты микроорганизмдерді көптеп өсіріп, құрғақ биомассасын еліміздегі алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік орталықтарға биотыңайтқыш ретінде беру керектігін факультет деканы баса айта кетті.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі Канаев Ашимхан Токтасынович Агробиостанцияның ғылымға қосар үлесі өте жоғары екенін және болашақта өзінің ғылыми жұмыстарының бір бөлігін осында жүргізуді ойлап жүргенін айта кетті. Биотехнология кафедрасының меңгерушісі Кистаубаева Аида Сериковна және деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Баубекова Алмагуль Сериковна екеуі өз сөздерінде студенттердің өңдірістік практикасын Агробиостанцияда өткізудің маңызы өте зор екенін және осы тұрғыда жұмыс істеуді қолға алатындарын айтып өтті. Биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі Тулеуханов Султан Тулеуханович бұл орталықтың тек ғылым үшін ғана емес, сонымен қатар ҚазҰУ-не қосар үлесі де өте жоғары екендігін айтты. Қазіргі таңда Агробиостанцияда Молекулалық биология және генетика кафедрасының жетекшісі Айташева Зауре Гайнетдиновна бастамасымен көктемгі егу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Биылдың өзінде кафедраның атынан қарбыздың, розаның, асқабақтың, қиярдың ұрықтары беріліп, алманың 20 дана көшеті отырғызылды.

Биология және биотехнология факультетінің деканы Заядан Болатхан Қазыханұлы Агробиостанцияда ғылым мен қатар өндіріс саласына да баса назар аудару керектігін және өнімнің көлемін арттырып, ҚазҰУ-не беретін пайда жағын да қарастыру керектігін баса айта кетті.  Үздіксіз өнім алу үшін жылыжай соғу мәселесін қарастырып жатқанын және қазіргі уақытта алдын ала дайындық жұмыстарының басталып кеткенін де айтты. Оқытушы-профессорлар құрамының жұмыстарының орындалатынына сенім білдіріп, Агробиостанцияның болашағы өте зор екенін айта кетті. 

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 11.04.2016-16.04.2016

16.04.2016

  • Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланды
  • Жасыл көпір – ұрпақтан ұрпаққа
  • Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығы
  • Кембридж университетінде Түркітану ғылыми орталығы ашылады
  • ІІІ Фараби оқулары өз жұмысын бастады
  • Имидждік жариялымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

"Славян жазуы мейрамы" болып өтті

16.04.2016

2016 жылы 16 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де "Орыс тілі және мәдениеті" орталығының ұйымдастыруымен "Славян жазуы мейрамы" болып өтті. Мейрамға филология және әлем тілдері, тарих, археология және этнология факультеттерінің студенттері мен "Флагман" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда

15.04.2016

15 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара қазақтың және бүкіл түркі халықтарының көрнекті қоғам және саясат қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова, Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбек, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Н.М. Оразалин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов және ғылым, білім, мәдениет қайраткерлері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ ЖӘНЕ АЛАШ МҰРАСЫ

15.04.2016

  • 15 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бас ғимаратының 15 қабатында орналасқан мәжіліс залында аталмыш университеттің 4-15 сәуір аралығына өткізілген ІІІ халықаралық Фараби оқуларының қорытынды жиналысы болып өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Ары қарай оқу >>

Қытай сапары

14.04.2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясы Сиань көлік университетінің 120 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты

Ары қарай оқу >>

Жүсіп Баласағұн еңбектері – түркі елдеріне ортақ мирас

14.04.2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ІІІ Халықаралық Фараби оқулары аясында ұлы ойшыл, ғалым және ақын Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдық мерейтойына орай «Жүсіп Баласағұн шығармашылығының түркі әлемі мәдениетіне қосқан үлесі» атты ғылыми-теориялық конференци

Ары қарай оқу >>

«Шымкент – тұрақты қала даму жолында: медиа-ақпараттық сауатты тұрғындар» атты Мобильдік медиа мектебі

14.04.2016

2016 жыл 3-5 мамыр аралығында Шымкент қаласы әкімі қолдауымен БҰҰ Тұрақты даму саласындағы мақсаттар аясында Бүкіләлемдік баспасөз күніне арналған «Шымкент – тұрақты қала даму жолында: медиа-ақпараттық сауатты тұрғындар» атты Республикалық мобильдік медиа мектебі өтеді.
Медиа мектеп жұмыс бағыты: Шымкент – Шәуілдір – Арыстанбаб – Түркістан – Кентау – Шаян - Ақмешіт - Домалақ-Ана - Шымкент.

Ары қарай оқу >>

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

14.04.2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15 сәуірде еліміздің және түркі әлемінің тарихындағы ұлы қайраткерлердің бірі, "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы әрі көсемі, саяси қайраткер Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған "Әлихан Бөкейханов және "Алаш мұрасы" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» жобасы алға басуда

14.04.2016

ҚазҰУ-да мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы» мен «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруды қолдауға арналған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты V Халықаралық студенттік форумы өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» конференциясы өтті

13.04.2016

2016 жылдың 11-12 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция жұмысына шығыстану факультетінің студенттері мен жас ғалымдары да белсене қатысты. Олар өздерінің шығыстану ғылымы саласындағы жұмыстарын конференция жұмысына ұсынды. Конференция жұмысы 5 секция бойынша жүргізілді.

Ары қарай оқу >>

М.Әуезовтің «Көксерек» повесі бойынша оқырмандар конференциясы өтеді

12.04.2016

Филология және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар ұйымы «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс жүз кітап» жобасы аясында М.Әуезовтің «Көксерек» повесі бойынша оқырмандар конференциясын өткізеді. Конференция қонағы – белгілі аудармашы, профессор Аслан Жақсылықов.

Өтетін уақыты, орны: 12 сәуір, сағ.13.00-14.00, 313 аудитория

Жауаптылар: Доценттер Л.Мұсалы, С.Сейденова, аға оқытушы Э.Бектурова

Ары қарай оқу >>

Орталық және Оңтүстік Азия көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту

12.04.2016

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде «Орталық және Оңтүстік Азия көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту» атты  тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің, Мичиган мемлекеттік университетінің және Жаһандық өзара қарым-қатынас институты (АҚШ) Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Pages