«Мr&MS KazNU – 2017»

29.04.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ең қызықты әрі ауқымды шаралардың бірі «Мr&MS KazNU – 2017» байқауы өтті. Бұл жолғы сайыс «Мистер ҚазҰУ» байқауының алғаш рет ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. 

Ары қарай оқу >>

IX Бағызбаева оқулары

29.04.2017

ҚазҰУ-да IX Бағызбаева оқулары өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шет елдің және еліміздің әр өңіріндегі ЖОО мен ғылыми институттарының белгілі ғалымдары қатысты.

Ары қарай оқу >>

«Ғылым-білім-өндіріс»

28.04.2017

ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановтың бастамасымен ҚазҰУ ғалымдарының Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдерімен кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

«Болашақ Отан қорғаушысы»

25.04.2017

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығы мерекесіне және Ұлы Жеңістің 72-ші жылдығына орай, жастардың патриоттық тәрбиелеуді күшейту  мақсатында ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы "Болашақ Отан қорғаушысы" патриоттық ойынын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ерлік сабағы

25.04.2017

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығы мерекесіне орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында ӘШҚҚ әскерлері Күніне арналған Ерлік сабағы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

25.04.2017

2017 жылдың 27 сәуірінде Философия және саясаттану факультетінде атақты қазақстандық психолог және педагог С.М. Жақыповтың құрметіне арналған «Психологияның теориялық және қолданбалы мәселелері: бастаудан қазіргі таңға дейін» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дағы неміс тілі апталығы

25.04.2017

Халықаралық қатынастар факультетінде ҚР мен ГФР арасындағы екі жақты қатынастардың  25-жылдығы, Неміс зеттеу орталығының 5-жылдығына орай «Германия - Неміс тілі» («Deutschland – Deutsch») атты  апталық ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

"Қош келдің әз-Наурыз"

24.04.2017

ҚазҰУ-да "Қош келдің әз-Наурыз" атты мерекелік іс шарасы өтті. Оған қатысқан ҚР СІМ өкілдері мен шетелдік дипломаттары Алматы қаласы жасыл технологиялар орталығының тұсаукесеріне қатысып, ЭКСПО 2017 жаңа Аллеясына  ағаштар екті. Салтанатты мереке музыкалық -театрландырылған қойылыммен жалғасты.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан – Германия: 25 жылдық ынтымақтастық

24.04.2017

Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына және Әл-Фараби атындағы германдық зерттеу орталығының 5 жылдығына орай "Қазақстан – Германия: 25 жылдық ынтымақтастығы: сыртқы саясаты, дипломатиясы мен екі жақты қарым-қатынастардың келешегі" атты іс-шара өтті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест: 17.04.2017-22.04.2017

22.04.2017

  • Huawei – ҚазҰУ-да
  • Жастар жемқорлыққа қарсы
  • Ғылым-білім-өндіріс
  • Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау
  • Имидждік жариялымдар
  • Оқытушы-профессорлық құрамның мақалалары
  • Студенттік жариялымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз
  • Сұхбат
  • Сарапшылар

Ары қарай оқу >>

Жәрмеңке!

21.04.2017

Құрметті Жас түлек/Студент! Сіздерді «Табысқа жеткізер жол» атты Бос орындар жәрмеңкесіне шақырамыз. Болашақ жұмыс берушіңді осында кездестір.

Ары қарай оқу >>

«Ағаш-күндіз саяң, түнде панаң»

21.04.2017

«Мың шыбық шаншып өсірсең, халқыңа орман салғаның, өзіңе қорған салғаның» дейді халық даналығы. Ағаш айналамызды көгалдандырып қана қоймай, жаздың ыстығында салқын саямыз, жауын шашыннан панамыз.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінде онлайн-конференция өтті

21.04.2017

Шығыстану факультетінің ирантану бөлімі мен Иран Ислам Республикасының Тәрбиәт-э модәррес университеті гуманитарлық факультеті 12-сәуірде «Қазақстан мен Иран қатынасының жаһандануы: мәдени және рухани байланыстар» тақырыбында бірлескен онлайн-конференция өткізді

Ары қарай оқу >>

HUAWEI – ҚАЗҰУ-да

19.04.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Huawei ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. 

Ары қарай оқу >>

Республикалық олимпиаданың қорытындысы

19.04.2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, заманауи қашықтан ақпараттық технологияларды пайдалана өткізіліп келе жатқан "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасының 3-ші шешуші  кезеңінің ресми жабылуы 2017 жылдың 6-7 сәуір айында өтті.

Ары қарай оқу >>

Транс-аймақтық ақпараттық сауаттылықты дамыту (DIREKT)

19.04.2017

2016 жылдың 15-қазанынан 2019 жылдың 14-қазанына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және 14 шетелдік жоғары оқу орындары, мекемелерімен бірлесе отырып, Эразмус + қаржыландырылатын Халықаралық жобаны ұтып алды. Жоба білім беру бағдарламасындағы кітапхана ісін жақсартуға, ақпараттық саясатты, кітапхана және студенттер, жас ғалымдар мен оқытушылардың ағылшын тілінің жазбаша сауаттылығын дамытуға бағытталған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жұмыс топтары және жергілікті комитет құрамының қатысуымен, ҚазҰУ-да және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарында, қоғамның түрлі салаларында жоба нәтижелерін көрсетуді және жоба бастамасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.   

Ары қарай оқу >>

«Жастар ­жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!»

18.04.2017

Алматыда «Жастар ­жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы студенттер форумы өтті. Шараға қаладағы 38 жоғары оқу орнының студенттері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.  

Ары қарай оқу >>

Оқыту және білім беру "Зерде" орталығы шақырады!

18.04.2017

Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі оқу орнында оқып, сапалы біліміңізбен табысты мансапқа ие болғыңыз келсе, онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің «Зерде» орталығының дайындық курсына келіңіз.

Ары қарай оқу >>

«ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ: БОЛАШАҒЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ»

18.04.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

"М-КАТ GREEN" компаниясымен бірігіп,Алматы қаласында 2017 жылдың 21 сәуір күні

«ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ:

БОЛАШАҒЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ»

Халықаралық Форумы өткізетіндігін хабарлайды 

Ары қарай оқу >>

«Жаңа Жібек Жолы: сыртқы және ішкі факторлары»

18.04.2017

 Австрия Республикасымен дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына және Германдық зерттеу орталығының 5 жылдығына орай «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдар конференциясы шеңберінде 2017 жылдың 12 сәуірінде «Жаңа Жібек Жолы: сыртқы және ішкі факторлары» тақырыбына секция отырысы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Huawei» ҚазҰУ-да

17.04.2017

ҚазҰУ-да «Huawei» ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. 

Ары қарай оқу >>

« “Бір белдеу – бір жол ” бойындағы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы»

17.04.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2017 жылы маусым айының 28-30 күндері Алматы қаласында «Жаңа жібек жолы форумы (АЛМАТЫ 2017) “Бір жол – бір белдеу ” бойындағы елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы» атты Халықаралық Форум өткізеді.

Форумның негізгі мақсаты: “Бір белдеу – бір жол ” бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында жаңа технологиялар ынтымақтастығы мен инновациясын дамыту; Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында жаңа технологиялық жабдықтардың қолданылу жағдайы, инновациялық кеңістігі мен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талдау; халықаралық ғылыми алмасуларды ілгерілету; достық пен ынтымақтастықты нығайту; зерттеу нәтижелерін өзара бөлісу.

Форум барысында Қытайдан келген мамандар өздерінің білім беру саласындағы соңғы технологиялық жабдықтарын таныстырады. Конференцияға Қазақстан, Қытай, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. елдерден келген мамандар мен ғалымдар қатысады.

Форумда талқыланатын тақырыптар:

  1. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру саласында технологиялық жабдықтарды қолдану жағдайы мен инновациялық ынтымақтастық мәселелері;
  2. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастығының бүгінгі жағдайы мен даму болашағы;
  3. Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің білім беру және білім беру экономикасының тұрақты даму мәселелері.

Уақыты: 29-30 маусым 2017 жыл

Форумның өтетін орны:   Қазақстан Республикасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби Ғылыми кітапханасы

Демеуші: «ҚХР Шығыс халықтары» (Бейжиң) Білім беру технологиясы компаниясы ЖШС

Назарларыңызға:

2017 жылдың 30- сәуірге дейін форумға қатысу өтініш кестесі мен мақала түйіндемесінің электрондық нұсқасын жіберу;

2017 жылдың 10 мамырына дейін мақаланың толық нұсқасы мен баяндама мәтінінің электрондық нұсқасын жіберу;

Тіркеу: 29 маусым 2017 жыл, сағат 9.00.

 

2017 жылы 28 маусым Қонақ үйге орналасу;

Форум материалдары форумға дейін басып шығарылады;

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, қытай, орыс және ағылшын.

Байланысушы: Ainur Turgenbay (Түргенбай Айнұр)

Байланыс телефоны: + 747 372 75 83

Электрондық адресі: altyn-alka@mail.ru , Ainur.Turgenbai@kaznu.kz

Форум 2017 Ақпараттық хат.docx

Ары қарай оқу >>

«әл-Фараби» атты әлеуметтік ғылымдардың I Халықаралық Конгресі

17.04.2017

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ДОКТОРАНТТАР, МАГИСТРАНТТАР, СТУДЕНТТЕР!

 

Түркия ғылым және ғылыми-зерттеу орталығының ресми орталығы İKSAD - экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институты

 Сіздерді Түркияның ең әсем де, танымал қалаларының бірі Газиантепте 2017 жылдың 11-14 мамыр аралығында өтетін  «әл-Фараби» атты әлеуметтік ғылымдардың I Халықаралық Конгресіне шақырады.

Конференцияны ұйымдастырушылар:

İKSAD - Экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институты (www.iksad.org)

Конференция әлеуметтік ғылымдар    саласындағы    ғылыми - зерттеулермен бірге барлық ғылыми салалар бойынша   жұмыс істеуге бағытталған.

Конгрессті өткізу мерзімі: 11-14 мамыр 2017 жыл.

Өтетін орны: Газентеп қаласы, 5 жұлдызды Gaziantep Tugcan Hotel қонақ үйі http://www.tugcanhotel.com.tr/

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі:

Мақаланың толық мәтіні – 25 сәуір, 2017 жыл.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, т.б.түркі тілдері, ағылшын, орыс, қытай, араб, парсы тілдері. Конференцияның ғылыми мақалалары Халықаралық Конгресс материалдарының жинағында жарияланатын болады.

Толық мәлімет

Ары қарай оқу >>

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!

17.04.2017

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ДОКТОРАНТТАР, МАГИСТРАНТТАР, СТУДЕНТТЕР!

Түркия ғылым және ғылыми-зерттеу орталығының ресми орталығы 2017 жылдың 11-14 мамыр аралығында өтетін әлеуметтік ғылымдардың «Әл-Фараби» атты I Халықаралық  Конгресіне шақырады.

Ары қарай оқу >>

«Мен әйелдер әлемін қалай көремін?»

17.04.2017

ҚазҰУ шығыстану факультетінің Жас ғалымдар кеңесі Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» көп елдік бөлімшесімен берлесе отырып, «HeForShe» қозғалысын қолдау мақсатында және «Фараби әлемі» Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы аясында «Мен әйелдер әлемін қалай көремін?» тақырыбында жұрт алдында сөз сөйлеуден жарыс өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Ғылым мен білім берудегі жаңа трендтер»

15.04.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінде 2017 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымына үлкен үлес қосқан, әйгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, профессор Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменоваға арналған «Ғылым мен білім берудегі жаңа трендтер» атты ІІ ғылыми-әдістемелік симпозиум өтті. корреляция языковой трансмиссии» атты монографияның салтанатты тұсаукесері болды. Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Б.Ө. Жолдасбекова жыл сайын Сүлейменова оқуларын өткізуді ұсынды.