ҚазҰУ спортшыларын күтіп алды

31.05.2017

ҚазҰУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының ұстаздары мен студенттері Алматының әуежайында Гонконгта дзюдодан өткен Азия Чемпионатына қатысып жеңімпаз атанған Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы Максим Раков және ҚазҰУ түлегі әрі қола жүлдегері Гүлжан Ихсанованы қарсы алды. 

Ары қарай оқу >>

«Медиа және РR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» жазғы мектебі

30.05.2017

Журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен «Медиа және РR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» атты II Халықаралық РR Жазғы мектебі өткізіледі.


Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері жүлделі орын иегерлері

30.05.2017

«Олимпийский» спорт кешенінде өткен бильярд спорты  бойынша  «Мәскеу Мері Кубогі»  атты IV халықаралық жарыс өз мәресіне жетті. Жарыста әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, медицина факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Ернар Чимбаев күміс жүлдегері атанды.

Ары қарай оқу >>

Үндістан кадеттері ҚазҰУ-да

29.05.2017

Үндістан кадеттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасына келіп кетті.2017 жылдың 20 мамыры мен 24 мамыр аралығында Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына Үндістан Республикасының Ұлттық Кадеттер Корпусының кадеттер делегациясы келіп кетті.

Ары қарай оқу >>

Экономика және бизнес Жоғары мектебі қаржы нарығы туралы білім алуға шақырады

29.05.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Қаржылық талдау және консалтинг» орталығы қаржы нарығы және қаржы институттары туралы әртүрлі бағытта білім мен практикалық қабілет игеруге ұмтылысы бар барлық үміткерлерді шақырады.

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасы жанындағы білім беру орталығы

27.05.2017

Механика кафедрасы жанындағы білім беру орталығы 

Орталық келесі бағыттарда ғылыми-білім беру жұмыстарын және қызметтерін жасайды:

  • ·         Теориялық және аспан механикасы;
  • ·         Сұйықтар және газдар механикасы;
  • ·         Машиналар механикасы және робототехника;
  • ·         Ғарыштық техника және технологиялар.

Ары қарай оқу >>

Еуразиялық интеграция

26.05.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы мен Еуразиялық зерттеу Орталығы I Халықаралық Ибрашев оқулары «Еуразиялық интеграция XXI ғасырдың бастамаларына жауап ретінде» ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізді

Ары қарай оқу >>

«ІЗГІЛІК НҰРЫ. СВЕТ ГУМАНИЗМА»

24.05.2017

Құрметті  ҚазҰУ студенттері! ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ІЗГІЛІК НҰРЫ. СВЕТ ГУМАНИЗМА» атты Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы ізгілік мәселесіне арналған гуманитарлық-қайырымдылық кеш өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың жас ғалымдары ЭКСПО көрмесіне жобаларын ұсынды

24.05.2017

«Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін шара алматылық жас ғалымдарды да қанаттандырып отыр. Қарапайым электр шамын енді сымсыз-ақ жағуға болады. Бұны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің студенттері Руслан Исаев пен Мағжан Тәшенбай дәлелдеп отыр.

Ары қарай оқу >>

Консорциума Сетевого университета СНГ

24.05.2017

24 мамырда Мәскеу қаласында ТМД-дан 9 мемлекеттің 28 ТМД УЖ   жоо - ның мүшелері, РФ билік органдары және ведомстволарымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Консорциумның қатысушы-жоо ретінде – Үйлестіру кеңесінің отырысы халықаралық семинарына қатысты. 

Ары қарай оқу >>

Салауатты өмір салты

23.05.2017

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы салауатты өмір салты Орталығымен бірлесе отырып «Еуропалық саламатты өмір және физикалық белсенділік стандарттары» Халықаралық конференция жұмысына қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Инновациялық кәсіпкерлік" оқу-білім беру орталығы"

22.05.2017

"Инновациялық кәсіпкерлік" оқу-білім беру орталығы (директоры - Экономика ғ. магистрі - Абылай А.Б.) келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу/ғылыми-білім беру жұмыстарымен, кеңес беру және басқа да қызметтермен айналысады:

Ары қарай оқу >>

Сенатор Н. Абықаев ҚазҰУ-ға келді

20.05.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Нұртай Абықаевтың төрағалығымен Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы Президиумының отырысы өтті.

Ары қарай оқу >>

Баспасөз хабарламасы

19.05.2017

2017 жылдың 20-шы мамырында ҚР Парламентінің Сенат депутаты, Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Нұртай Абықаевтың төрағалығымен Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы (ҚазҰЖҒА) Президиумының отырысы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Қысқа қашықтыққа жүгірудің қола иегері

18.05.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі медицина факультетінің студенті Светлана Голендова Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика Чемпионатында 100 метр қысқа қашықтыққа жүгіруден қола иегері болды. 

Ары қарай оқу >>

Грек-рим күресінің алғашқы жеңімпазы

18.05.2017

ҚазҰУ-дың қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі медицина факультетінің 1 курс студенті, грек-рим күресі бойынша әл-Фараби атындағы университетінің құрама командасының қоржынына алғашқы медаль әкелді.

Ары қарай оқу >>

ІІ Халықаралық жазғы мектебі

18.05.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы, Қоғаммен байланыс және PR баспасөз орталықтары кадрларының біліктіліктерін арттыру және сертификаттау орталығы Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен 2017 жылдың 2-4 маусым аралығында «Медиа және PR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» атты ІІ Халықаралық жазғы мектебін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Болашақ ғалымдары»

18.05.2017

«География» мамандығының 4-курс студенті Алтынай Каримова ең үздік ғылыми жұмысы үшін «Болашақ ғалымдары» байқауының дипломымен және медальімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың спортшы қыздарының жеңісі

17.05.2017

ҚазҰУ-дың дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері Ольга Ездакова мен Алина Маткова Қазақстанның синхронды жүзу командасының құрамында Әлем Кубогының кезекті этапында қола медальдеріне ие болды. 

Ары қарай оқу >>

Есеп, аудит және талдаудағы инновациялық құзыреттілігі орталығының қызметі

17.05.2017

Есеп, аудит және талдаудағы инновациялық құзыреттілігі орталығы (басқарушы – э.ғ.д. А.М.Байдильдина) білім беру саласында инновациялык қызметін орындау: ғылыми зерттеулер мен қатар есеп пен аудитті жүргізуге заманауи талаптарға сәйкес есеп, талдау және аудит салалары бойынша арнайы курстар оқыту арқылы білімді қалыптастыру және тарату; білікті, шығармашылық жеке тұлғаларды қалыптастыруға жәрдем ету; оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.

Ары қарай оқу >>

«Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар» орталығы кеңес беру қызметтерін ұсынады

15.05.2017

«Дінтанулық зерттеулер және экспертизалар» орталығы мектеп, орта арнаулы, жоғары оқу орындарының ұстаздарына оқыту семинарлары, біліктілікті жоғарылату курстарын ұйымдастыруды және діни ұйымдарға қатысты сараптама өткізуді, сонымен бірге, мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік-шіркеулік, дінаралық пен конфессияаралық қарым-қатынастары мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынады. 

Ары қарай оқу >>

БҰҰ Өркениеттер альянсі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп жаңа жобаны жүзеге асыруда

12.05.2017

БҰҰ Өркениеттер альянсі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлесіп жаңа жобаны жүзеге асыруда. «Ізгілікті қоғам азаматтарын қалыптастыру» жобасы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында жүзеге асырылатын болады. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ БҰҰ жүктеген міндетті нәтижелі орындауда – Насир Абдулазиз әл-Насер

12.05.2017

ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» Жаһандық Хабын бас­қара отырып, Біріккен ұлттар ұйы­мының өзіне жүктеген міндеттерін нәтижелі орындауда деп санайды БҰҰ Өркениеттер альянсінің  Жоғары өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер.

Ары қарай оқу >>

«Астанадағы келіссөздер Сириядағы жағдайды саяси тұрғыдан реттеуде маңызды»

11.05.2017

Астанадағы келіссөздер Сириядағы жағдайды саяси тұрғыдан реттеуде маңызды рөл атқарады және БҰҰ аясында женевалық процеске жол ашатын болады – БҰҰ Өркениеттер альянсінің жоғары өкілі

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ және БҰҰ Өркениеттер альянсі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

11.05.2017

Алматыда БҰҰ Өркениеттер альянсінің Жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер мен ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ынтымақтастық және бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге қол қойды

Ары қарай оқу >>

«Қоршаған орта мониторингінің жаңа әдістері»

11.05.2017

2017 жылы мамыр айының 12 жұлдызында сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде ЖШС «Геостройизыскания» компаниясымен біріккен «Қоршаған орта мониторингінің жаңа әдістері» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Іс-шара барысында «География, жерге орналастыру және кадастр» және «Картография және геоинформатика» кафедраларына 99 млн. теңге көлемінде 66 компьютерлік орынға лицензиялық арнайы «Topocad» бағдарламасы материалдық дотация түрінде беріледі.

Ары қарай оқу >>

Патриоттарды тәрбиелейміз!

10.05.2017

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығы мерекесіне байланысты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы "Қазақстандық жастарды әскери-патриоттық тәрбие ұйымдастыру жөніндегі тәрбие және идеологиялық жұмыстың бағыттары" тақырыбына Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Өркениеттер альянсы ынтымақтастық келісіміне қол қойды

08.05.2017

ҚазҰУ және БҰҰ Өркениеттер альянсы (UNAOC) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Алматыда БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Насир Абдулазиз Аль-Насер мен ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов бірлесіп жұмыс істеу және ынтымақтастық жөнінде келісім орнатты.

Ары қарай оқу >>

Zertis жобасы

06.05.2017

ҚазҰУ Технопаркі тарапынан дайындалған "Zertis"резидент-жобасы "Startup Bolashak" (2-ші маусым) республикалық сайысқа қатысып 2-ші орынға ие болды.

Ары қарай оқу >>

«Психологияның теориялық және қолданбалы мәселелері: бастаудан қазіргі таңға дейін»

04.05.2017

Философия және саясаттану факультетінде атақты қазақстандық психолог және педагог С. Жақыповтың құрметіне арналған «Психологияның теориялық және қолданбалы мәселелері: бастаудан қазіргі таңға дейін» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

«Алаш қозғалысы және Қазақстандағы саяси репрессиялар»

02.05.2017

2017 жылы Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл, 100 мыңнан астам әрұлтты отандастарымыздың өмірі мен тағдырына әсер еткен саяси қуғын-сүргіннің, жалпы репрессияның болғандығына 80 жыл толып отыр.

Ары қарай оқу >>

Айналаңды нұрландыр!

02.05.2017

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының идеясынан бастау алған, сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін «Айналаңды нұрландыр!» жобасының 6-жылдығы салтанатты түрде аталып өтті.

Ары қарай оқу >>

Pages