Қоғамдық қабылдау ашылды

30.06.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Керемет” жастар ресурстық орталығының «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық қабылдау ашылды. 

Ары қарай оқу >>

Ресейлік Кеңеспен (ХІРК) телекөпір

30.06.2017

2017 жылдың 13 маусымында білім беру технологиялары мен әдістемелік жұмыс Басқармасы ЕЭК (Еуразиялық экономикалық кеңес) эксперт мемлекет-мүшелері қауымдастығының өзара моделін құру және іске асыру жұмыстарын жүргізетін Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірге халықаралық істер бойынша Ресейлік Кеңеспен (ХІРК) телекөпір ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Құрметті азаматтар!

30.06.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Керемет” жастар ресурстық орталығының «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық қабылдау ашылды. 

Ары қарай оқу >>

Тау тұлға

29.06.2017

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дің "Қазақ университеті" баспа үйінен жарық көріп келе жатқан "Өнегелі өмір" жобасы университет ректоры академик Ғ. Мұтановтың бастамасымен қолға алынған жобалардың бірі. Дәстүрлі шығарылымның бұл жолғы 113 саны белгілі мемлекет және қоғам қайраткері ақын, драматург Нұрлан Оразалинге арналады.

Ары қарай оқу >>

Ғалым әрі қайраткер

29.06.2017

ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» сериясымен академик, мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымының докторы, профессор Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың өмірі мен қызметі, ғылыми шығармашылық жолына арналған кітаптың тұсаукесері өтті. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Өнегелі өмір» сериясымен академик, мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымының докторы, профессор Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың өмірі мен қызметі, ғылыми шығармашылық жолына арналған кітаптың тұсаукесері өтті. 

Салтанатты шараны университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов құттықтау сөзімен ашып, мерейтой иесіне зор денсаулық, жемісті еңбек тілей отырып, аталған жинақтың тұсауын кесті.
– Бүгін біз өмірі өнегеге толы көрнекті ғалыммен кездесу кешін өткізіп отырмыз. Құрметті Асқар Алтынбекұлы! Сіздің ел үшін атқарған әрбір игілікті ісіңіз көпке үлгі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми Кеңесі сіздің еліміздің жоғары білім, ғылым саласына сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, мерейлі 80 жасқа толуыңызға орай «әл-Фарабидің үлкен Алтын медалімен» марапаттап, «Құрметті докторы» мәртебелі атағын беру туралы шешім шығарды. Сонымен қатар «Өнегелі өмір» сериясымен сіз жайында кітап шығаруды жөн санадық. Еңбегіңіз еленіп, халықтың ыстық ықыласына бөлене бергейсіз, — деді университет ректоры Ғ.Мұтанұлы.
Салтанатты шара аясында уни­верситеттің Бас ғылыми хатшысы Ләззат Шайкенова тәуелсіз еліміздің игілігін арттыру жолында ғылым, білім беру, қоғамдық және халықаралық мәндеттерді атқарып келе жатқан еңбегі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін техника ғылымының докторы, ҚР Ұлттық инженер акадмиясының академигі және Халықаралық инженерлік академиясының академиясының академигі Асқар Құлыбаевты алтын медальмен марапаттады. Сонымен қатар Асқар Алтынбекұлына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті докторы атағы берілді.
Шараға қатысқан мемлекет және қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев, «КазГор» жобалау академиясының президенті, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұлов, «Алматы­құрылыс» Ұлттық холдинг компания­сының директоры Амангелді Ермегияев, Қазақ сәулет құрылыс академиясының президенті Әмірлан Құсайынов, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, педагогика ғылымының докторы, профессор Дина Жүсіпалиева және т.б. мерейтой иесін мерейлі 80 жасымен құттықтап, көрнекті ғалымға сый-құрмет көрсетті.
Кеш соңында мерейтой иесі жиналған жұртшылыққа рақметін айтып, университет жастарына ақ батасын берді.
Айта кетейік, аталған жинақ 3 бөлімнен және арнайы мұрағат құжатта­ры­нан жинақталған. Жинақта Асқар Алтынбекұлының «Сотвори себе имя» кітабынан ықшамдалып алынған өмірінің қызықты сәттерінен үзінділер, балалық, жастық шағы, ата-анасы, туып-өскен жері, отбасы, балалары мен немерелері туралы жүрекжарды естеліктері және өз қаламынан туған «Шүкір өлең» атты жүрекжарды жыры берілген. Сондай-ақ, бұл кітаптағы «Тау баласы тауға қарап өседі…» бөлімінде Асқар Құлыбаевпен кезінде бірге қызметтес болған, елге танымал тұлғалардың, қоғам қайраткерлерінің жылы лебіздері топтастырылған.
Ал, «Жыр-шашу» бөліміне балалық шағынан бірге өскен досы Ошақбай Рысбекұлының «Асыл досым – Асқарым», Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің «Сен нағыз азаматсың, биік туың», ақын Абдрахман Асылбектің «Алатаудың Асқары» және Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің «Қарсы бұтақ тәрізді қайсар аға» атты өлеңдері енген.

Ары қарай оқу >>

Жаңа мүмкіндіктер көкжиегі

28.06.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Халықаралық бағдарламалар орталығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен «International Education Fair 2017» атты екі күндік халықаралық білім беру көрмесі өтті. Оған АҚШ, Еуропа, ТМД елдерінің  шетелдік 100 жоғары оқу орны мен Қазақстан және Орталық Азияның 50-ден астам жоғары оқу орындары мен білім беру агенттіктері атсалысты.   

Ары қарай оқу >>

Ресейлік оқу орындар қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін үйренбек

28.06.2017

Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары − Томск политехникалық университеті, Мәскеу физико-техникалық институты мен Мәскеу политехникалық университетінің делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы іс-сапармен келді. 

Ары қарай оқу >>

"Бір белдеу – бір жол"

27.06.2017

"Бір белдеу – бір жол" бойындағы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы мен инновациясы» атты Халықаралық форумды ұйымдастырушы комитет Сізді 2017 жылдың 29-30 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін форумға қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ тағы да көш басында

27.06.2017

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру (БСҚА) тәуелсіз қазақстандық агенттігінің рейтингі бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғашқы орынды еншіледі. 

Ары қарай оқу >>

Асқар Құлыбаевтың «Өнегелі өмірі»

26.06.2017

«Қазақ университеті» баспасы мемлекет және қоғам қайраткері, профессор, ҚР ҰҒА, ХИА және ҰИА академигі Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевтың өмірі мен қызметі, ғылыми шығармашылық жолына арналған кітапты жарыққа шығарды.

Ары қарай оқу >>

Международная летняя лингвистическая школа «Русский язык и культура: традиции, новации и перспективы»

26.06.2017

   С 26 июня по 01 июля 2017 г. проводилось Международная летняя лингвистическая школа «Русский язык и культура: традиции, новации и перспективы» на базе КазНУ им. аль-Фараби и Центра «Русский язык и культура» (грант Фонда «Русский мир», Москва, Россия).

Ары қарай оқу >>

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы түсіндіру семинары

26.06.2017

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілу шарттары бойынша түсіндіру семинары өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Жаңа мүмкіндіктер

24.06.2017

Ғылыми-білім беру байланысын орнату мақсатында ҚазҰУ-ға Томск политехникалық университеті (ТПУ) ректоры Петр Чубиктің басшылығымен арнайы келді.

Ары қарай оқу >>

АҚ «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» студенттік жобалар байқауы

23.06.2017

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ бірлесе отырып номинациялардың бірі «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба» болып табылатын инновациялардың Ұлттық байқауын жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Шығармашылық және арнайы емтихандардың нәтижелерін жинақтау үшін арнайы интерфейсті қолдану

22.06.2017

Шығармашылық немесе арнайы емтихандарды тапсыруды талап ететін мамандықтар тізімі

Шығармашылық және арнайы емтихандардың өту формасы

Шығармашылық және арнайы емтихандардың нәтижелерін жинақтау

Ары қарай оқу >>

“Conflicts and Challenges in Central Asia from a Regional and Transregional Perspective” Жазғы лагері

21.06.2017

Сізді 20 мен 30 маусым аралығында, «Аймақтық және трансаймақтық перспективасындағы Орталық Азиядағы қауіптер мен қақтығыстар» тақырыбына өтетін халықаралық қатынастар факультетінің Жазғы лагерінің ашылу салтанатына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ – «G-Global-дың үздік штабы»

21.06.2017

«G-Global» жаһандық ақпараттық-коммуникативтік платформасында ҚазҰУ жастар штабы бірінші орын иеленіп, Қазақстанның 51 жоғары оқу орнының штабтары арасында үздік деп танылды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ІТ-технология енгізу тәжірибесімен бөлісті

20.06.2017

ҚазҰУ ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен жоғары оқу орындарының қызметін цифрландыруға арналған «Жоғары оқу орнында онлайн-порталдарының және студенттерге қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастырудың әдіснамалық және практикалық негіздері» атты семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Әлеуметтанулық зерттеу және әлеуметтік инжиринг орталығы

20.06.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтанулық зерттеу және әлеуметтік инжиринг орталығы 2010 ж. әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының базасында жұмыс атқарылуда. Зерттеу Орталығында жоғары білікті мамандар – профессор, докторлар, жетекші доценттер мен жас талантты зерттеушілер қызмет атқарады. Орталық әлеуметтік маркетинг, медиа-зерттеулер жүргізу үшін кең ауқымды қызметтер ұсынады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ БҰҰ жүктеген міндетті нәтижелі орындауда

19.06.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» Жаһандық Хабын бас­қара отырып, Біріккен ұлттар ұйы­мының өзіне жүктеген міндеттерін нәтижелі орындауда деп санайды БҰҰ Өркениеттер альянсінің Жоғары өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер.

Ары қарай оқу >>

Бірлескен келісім

19.06.2017

Алматыда БҰҰ Өркениеттер альянсінің Жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер мен ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ынтымақтастық және бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Субөңірлік семинар-тренингі өтеді

19.06.2017

Алматы қаласында 2017 жылдың 19 және 23 маусым аралығында «HolidayInn» қонақүйінде Орталық Азия мемлекеттерінің педагогикалық сала мамандарына арналған ЮНЕСКО-ның «Тұрақтылық мұғалімнен басталады» атты Субөңірлік семинар-тренингі өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да ЖОО басшылары бас қосты

15.06.2017

ҚазҰУ-да «Жоғары оқу орнында онлайн-порталдарының және студенттерге қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастырудың әдіснамалық және практикалық негіздері» атты ЖОО өкілдеріне арналған семинар өтуде. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қояды

14.06.2017

2017 жылдың 16 маусымында Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығында (ТЖжТАҚТО) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ТЖжТАҚТО арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

Ары қарай оқу >>

Әлеуметтанулық зерттеу және әлеуметтік инжиринг орталығы

14.06.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтанулық зерттеу және әлеуметтік инжиринг орталығы 2010 ж. әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының базасында жұмыс атқарылуда. Зерттеу Орталығында жоғары білікті мамандар – профессор, докторлар, жетекші доценттер мен жас талантты зерттеушілер қызмет атқарады. Орталық әлеуметтік маркетинг, медиа-зерттеулер жүргізу үшін кең ауқымды қызметтер ұсынады.

Ары қарай оқу >>

Манчестер университеті делегациясының сапары

12.06.2017

Ұлыбританияның Манчестер университеті өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келген  іс-сапары аясында бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаевпен және химия және химиялық технология, география және табиғатты пайдалану, физика-техникалық факультеттерінің декандарымен кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Мехматтың жазғы мектебі

12.06.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпараттық жүйелері кафедрасы мен «Ақпараттық қауіпсіздік» ЛК Орталығының шықыруымен Атырау және Павлодардың мемлекеттік университеттерінің оқытушылары «Қауіпсіздіктің индустриалды жүйелері» атты курсына қатысып, оқуларын бастады.

Ары қарай оқу >>

Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтықтан барлау орталығы

12.06.2017

Орталық бүгінде Жерді қашықтықтан барлау мәліметтерін жан-жақты зерттеуді. Олардың бірі сараптық мониторинг. Бұл жұмыс барысында  жер бетінің, ғимараттардың және құрылыстардың вертикалды ығысулары; тау мұздықтарының динамикасы; морена көлдері мен қар жамылғысы; қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары; жайылым жағдайлары, шөлдену үдерістері, қалалар құрылысы, су нысандарының жағалу сызықтары аудандарының өзгерістері анықталады.

Ары қарай оқу >>

«International Education Fair 2017» Халықаралық білім беру көрмесі

12.06.2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2017 жылғы 23-24 маусымда Астана қаласында (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52) және 2017 жылғы 26-27 маусымда Алматы қаласында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кітапханасы, әл-Фараби даңғылы, 71) «International Education Fair 2017» халықаралық білім беру көрмесін өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Ұлы Алтай жолымен»

12.06.2017

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеніне 25 жыл толуына орай ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Елдің зияткерлік әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Халықаралық тұрақты туризм жылы аясында «ҰЛЫ АЛТАЙ ЖОЛЫМЕН» археологиялық медиакеруені өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да II Халықаралық РR жазғы мектебі өтті

10.06.2017

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен «Медиа және PR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» атты ІІ Халықаралық PR Жазғы мектебін өткізді.

Ары қарай оқу >>

Әйелдер волейболының жеңімпазы

10.06.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Дене шынықтыру және спорт кафедрасы» мамандығының 4 курс студенті Мадина Өтеулина Қазақстан Республикасының ХХI Чемпионатының 1-ші турында әйелдер командасының жағажай волейболынан жеңімпаз атанды.

Ары қарай оқу >>

Біртұтас ұлт болу қадамы

10.06.2017

ҚазҰУ профессоры, филология ғылымының докторы Анар Салқынбайдың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына пікірі 

Ары қарай оқу >>

Рухани жаңғыру және әл-Фараби

09.06.2017

Қыркүйек айындағы БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысының қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ Өркениеттер Альянсімен бірлесіп «Әл-Фараби – өркениет философы» атты арнайы секциясын дайындауда.

Ары қарай оқу >>

Жанғыштығы төмендетілген полимерлі материалдар

07.06.2017

2017 жылдың 6-8 маусымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі Болат Ахметұлы Жұбановқа арналған VIII Халықаралық «Жанғыштығы төмендетілген полимерлі материалдар» атты конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Елбасы қойған міндеттер зор жауапкершілік жүктейді

07.06.2017

ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Назгүл Шыңғысованың Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына пікірі

Ары қарай оқу >>

Қала әкімі ҚазҰУ-да

05.06.2017

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бастаған біртоп қоғам қайраткелері ҚазҰУ-дың Жағдаяттық басқару орталығы жұмысымен танысты.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік 250 университетінің қатарына енді

05.06.2017

World university Rankings QS (Ұлыбритания) халықаралық беделді рейтинг агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 250 үздік университетінің қатарына еніп, 236 орнын сақтап қалды.

Ары қарай оқу >>

V Журналистика және коммуникация Халықаралық Жазғы мектебі - ISSJC 2017

02.06.2017

Жаһандық Медиа және Ақпараттық сауаттылық апталығы аясында ЮНЕСКО әлеуметтік желілеріндегі #MILCLICKS қозғалысы қолдауымен V Журналистика және коммуникация Халықаралық Жазғы мектебі - ISSJC 2017

Ары қарай оқу >>

Баршаңызды қатысуға шақырамыз!

02.06.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркі 2017 жылдың 5-маусымында үкіметтік емес Аналитикалық экологиялық агенттігі “Greenwomen” (Алматы) ұйымымен бірге Бүкіләлемдік Қоршаған Ортаны Қорғау Күніне арнайы дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Quantum білім беру Орталығы

02.06.2017

Quantum білім беру орталығы әл-Фараби атындағы университететі физика-техникалық факультетінің жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасында ашылған. Quantum білім беру орталығы бірқатар қызмет түрлерін көрсетеді.

Ары қарай оқу >>

Pages