«Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация және тарату»

13.09.2016

Көрулер: 2136

Конференцияның мақсаты - мұғалімдер, зерттеушілер, әлеумет пен Қазақстанның білім беру саласына позитивті тәжірибені бейімдеу мен тарату саясатын әзірлеушілер арасында ұтымды диалог құру. Зияткерлік мектептердегі оқыту жүйесі әрдайым даму үрдісінде және Конференцияның бұл үрдісте атқаратын рөлі ерекше. 2016 жылдың мамыр айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) «Білім беру-2030» жобасын жүзеге асыру бойынша ұлттық координатор болып таңдалды. Сондықтан білім беруді реформалауда тың идеялар мен сәтті тәжірибелері бар ғалымдар мен практиктерді басын қосатын Конференцияны өткізудің Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі дамытудағы үлесі зор.

Білім беру инновацияларының дамуына өз үлестерін қосқан өткен Конференциялардың қатысушылары арасында келесі сарапшылар болды:

-Кембридж университетінің Дэвид Бриджес, Колин Маклафлин, Роз МакЛеллан, Элейн Уилсон, Лиз Уинтер секілді профессорлары Қазақстанның орта білім беру саласында зерттеулер өткізіп, нәтижесінде Кембридж Университетінің баспасынан алғаш рет еліміздің мектептеріндегі реформалар туралы кітап басылып шықты;

-Питер Мехисто (Эстония), Фред Геннеси (Канада) және Хьюго Бетенс-Бедсмур (Бельгия) секілді көп тілді білім беруді енгізу бойынша білікті мамандар Зияткерлік мектептерде үш тілді білім беру жүйесін енгізу үдерісіне ат салысты;

-«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ғылыми-Консультациялық кеңесінің мүшелері Джон Эллиотт (Ұлыбритания), Мэрит Ховейд (Норвегия) және Ивета Силова (АҚШ) ғылыми әлеуетті қалыптастыруда көмек көрсетуде;

-Алан Руби, Пенсильвания университетінің халықаралық білім беру саласы бойынша аға ғылыми қызметкері, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің негізін қалауға және Зияткерлік мектептердің білім беру саясатын дамытуға өз үлесін қосты; 

-«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ әлемге әйгілі CTY International (АҚШ), CiTO (Нидерланды), CIE (Ұлыбритания), CIS (Нидерланды), HAMK және JAMK (Финляндия) атты және т.б. серіктестерінің халықаралық сарапшылары; 

-сонымен қатар, аты әлемге әйгілі Патрик Грифин (Австралия), Гордон Стобарт (Ұлыбритания), Дэвид Ламберт (Ұлыбритания), Тошия Чичибу (Жапония), Хироюка Куно (Жапония) және т.б. халықаралық сарапшылар.

Конференцияны өткізу Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қалыптасқан дәстүріне айналып, тәжірибе, пікір мен әлемдік жаһандану жағдайында білім беру дамуының жаңа мүмкіндіктерімен алмасуына себепші болуда. Бұл жылы Конференция жұмысына Массачусетс технологиялық институты, Кембридж университеті, Лондонның университеттік колледжі, Пенсильвания университеті, Мичиган университеті, Аризона штаты университетінің профессорлары мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ), Жапонияның инновациялық мектептер жүйесі, СКОЛКОВО инновациялық орталығы, «PASCO scientific», «Educational Solutions», CiTO, CTY International өкілдері және басқалары қатысады.

Пленарлық отырыстар мен дискуссиялық сессиялар барысында Конференция қатысушылары білім берудің, әлемдік білім беру саясатының, жазғы білім берудің, сандық білім беру ресурстарының, бағалау жүйелерінің заманауи даму тенденцияларымен танысып қана қоймай, сонымен қатар қызықтырған сұрақтарына жауап таба алады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына байланысты Конференция аясында қазақстандық білім беру жүйесінің дамуына қатысты сұрақтар турасында білім беру саласының халықаралық және отандық мамандары ретроспективті талқылаулар жүргізетін болады. Конференцияның секциялық отырыстарында келесі тақырыптар бойынша қазіргі білім беру жүйесінің әртүрлі аспектілері қамтылып талқыланады:

1.Білім беру саясаты мен жетілдіру;

2. Білім берудегі көшбасшылық;

3. Куррикулум и пәндер;

4. Көптілді білім беру;

5. Ерте дамыту мен бастауыш білім беру;

6. Оқыту мен оқу;

7. Педагогикалық білім беру және кәсіби даму;

8. Мұғалімдердің зерттеулері;

9. Білім беру сапасын бағалау;

10.Бағалау, тестілеу және өлшемдер;

11. Балалар амандығы және тәрбиелеу;

12. Білім беру ресурстары;

13. Отбасы, қауымдастықтар және қоғам;

14. Зерттеу жүргізу тәжірибесі мен этикасы.

Конференция жұмысы нәтижелері бойынша үздік болып танылған қатысушылар баяндамалары электрондық мақалалар жинағына шығарылады. Конференцияға тіркелу сомасы ҚР азаматы болып табылмайтын білім беру саласының мамандарына 50 000 теңге, ҚР азаматтарына 10 000 тенге, студенттер үшін 5 000 теңге. Конференцияға қатысуға тіркелу, тіркелу сомасын төлеу мен баяндама оқуға өтініш беру Конференция сайты http://conferences.nis.edu.kz онлайн жүйесі арқылы жүргізіледі.
Білім беру жүйесін жетілдіру мен Қазақстанды халықаралық деңгейде танытудағы Конференцияның маңыздылығын айта отырып, өз идеялары мен зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісуге ықтияры бар Сіздің ұйымыңыздың қызметкерлерін Конференцияның жоғары аталған секциялық отырыстарының бірінде баяндама жасауға шақырамыз.

Білім беру ұйымдарының қызметін қолдау мақсатында Конференция аясында білім беру ресурстарының көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге қатысу сомасы 150 мың теңгені құрайды. Сұрақтарыңыз болса, conference@nis.edu.kz электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз. Конференцияның өту орны: Астана қаласының Халықаралық мектебі, Түркістан көшесі, 32/1.
Конференция, бағдарлама және конференция кестесі туралы толық ақпаратпен http://conferences.nis.edu.kz конференция сайтына өту арқылы немесе conference@nis.edu.kz электрондық поштасына хат жіберу арқылы таныса аласыздар.