45-ші "Денсаулық" спорт жарысы бастау алды

05.01.2017

Көрулер: 807

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде 2017 жылдың 5-13 қаңтар күндері аралығында университет оқытушылары, қызметкерлері  мен докторанттары арасында «Денсаулық» атты 45-ші салтанатты спорт жарысы өткізілуде.

Спорт жарысы университеттің оқытушы-профессорлық құрамы және докторанттар мен қызметкерлердің денсаулығын нығайту, дұрыс өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ, жарыс «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы, спорт клуб және ДӨС орталығы басшылығымен жүзеге асып отырғандығын айта кету керек.

Бүгін қатысушылар

- Волейбол (ерлер арасында);
- Бадминтон;
- Тоғызқұмалақ сынды спорт түрлері бойынша жарысқа түсті.

Сайыстың бастамасы жаман емес, аталмыш шараның алғашқы күні қызу тартыста өтті.

Қаңтардың 13-іне дейін жалғасын табатын шарада шахмат, кіші футбол, үстел теннисі сияқты басқа да спорт түрлерінен жарыс өтпек. Ал 13 қаңтар күні жеңімпаздарды анықтап, салтанатты түрде марапаттау рәсімі орын алады. Көріп, тамашалаймын деушілерге есік ашық!